70 жасқа толған мерейтойыңыз қайырлы-құтты болсын. Сіз елу жылға жуық отасқан жұбайыңыз Клара Уәхитқызымен өнегелі өмір сүріп, бақыттың бағында ұл-қыздарыңыздың қызығы мен қуанышына, немере, жиендеріңіздің сүйіспеншілігіне бөленіп, ағайын-туыс ортасындағы алтын көпірдей қадірлі қалыптарыңызды сақтап келесіз. Еңбекте де қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып-ақ жүрсіз. Жүрегіңізге Алланың нұры құйылып, зор денсаулықпен жасай беріңіз.
Сізді бүгінгі есте қаларлық ереулі мерекеңізбен – өте әдемі әрі мәнді 55 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Осындай қиын әрі қызық қызмет-міндетіңізде Сізге қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын, сондай-ақ ............ жұмысын ең жоғары дәрежеге.....
Болашақта Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында адамзат тарихындағы ең алпауыт империялардың бірі – Кеңестік социалистік республикалар одағының күйреуі нәтижесінде әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандыңы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мың жылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихтың басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады. Қазақстан секілді жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, дәлірек айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді болса да қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол ұлт тағдыры шешуші роль атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешек ұрпағы үшін қымбат. Уақыт өткен сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылыұтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихының терең зерттеліп, шынайы түрде объективті жазылу ісіне дайындық осы бастап жүйелі де ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Бұл біз секілді болашақ тарихшылардың үлесіне тиетін міндет.....
Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды . « Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді ....
ХІV-XV ғасырларда Қазақстан территориясын мекендеген халықтарға байланысты «Қазақ» атауымен қатар кейбір деректерде «өзбек», «өзбек-қазақ», «моғол», «ноғай» сөздері қолданыста болды. Бұл терминдер сол кезде Қазақстан территориясында өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекет-терінің халықтарына, олардың этносаяси қоғамдастығына байланыс-ты айтылып жүрді. Көшпелі қоғам жағдайында мемлекеттердің шекаралары сол рудың, тайпаның этникалық топтардың шекаралары-мен сәйкес келе бермеді. Этникалық топтардың бірігуіне бірлесіп шаруашылық жүргізуіне, мәдениетінің дамуына бірде құрылып, бірде жойылып жатқан мемлекеттердің шекараларының өзгеруі әсіресе, қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңінде әсерін тигізбей қоймады. Қазақстан территориясындағы этносаяси бірлестіктер бүкіл қазақ халқының қалыптасуына тұтастай әсер ете алмады. Тек оның бір бөлігіне әсері болған. ....
МЕНІҢ Қазақстаным! Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес десе де болады. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жалқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің. Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңа оралады. Одан өміршеңдік пен өрлікке, опти¬мистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі. Менің Қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығың, табиғи біртұтастығың еске түседі. Оны айтқанда өзіңді арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарыарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят суымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің. Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпар-лар¬дың тұяғының дүбі¬рін, қыран қанаты¬ның ғаламат суы¬лын естігендей бо¬ласың. Қарлы шың¬нан қияға көз сал¬ған қанатты барыс¬тың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді. Менің Қазақ¬станым! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сыйлайтын, “көрші хақы – тәңірі хақы” деп есептейтін, аузын ашса, жүрегі көрінетін аңқылдаған ақадал ұлттың жан тебіренісі. “Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” деген ізгі де асқақ даналықты өмірлік кредосына айналдырған, “Еңкейгенге еңкей – ол атаңның құлы емес, шалқайғанға шал¬қай – ол құдайдың ұлы емес” дейтін тәкаппар да текті елдің серті бар онда. ....
«Менің Қазақстаным — менің болашағым». Бүгін «Атамекен— «Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешенінде Конституция күніне арнап өткізілген республикалық бейне-конференция осылай аталды. Интерактивті сабақ түрінде болған шарада құқықтық және демократиялық мемлекет құрудағы Ата Заңның рөлі төңірегінде ғибратты әңгіме өрбіді. Интернет арқылы Маңғыстау, Алматы және Қарағанды облысы мен Астана қаласының сондай-ақ, өзге де өңірлердің студент, оқушылары тікелей байланысқа шықты. Олар заң саласының білгір мамандары мен «Нұр Отан» партиясы өкілдеріне өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, бейне-конференцияға Әділет, сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі мен Ресей, Белоруссь елшіліктері интернет арқылы қатысты. Ұйымдастырушылар, «интерактивті сабақ жас буынның құқықтық санасын қалыптастыруға таптырмайтын шара» деп бағалап отыр. Ал Заң ғылымдарының докторы Марат Башимовтың сөзінше, көптеген елдер Конституция күнін патриоттар мейрамы ретінде атап өтеді. 1995 жылы референдумда қабылданған Ата заңымыз бүгінде еліміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Республика аумағында жыл сайын атап өтіп келе жатқан мереке қарсаңында биыл да түрлі мекемелер тарапынан іс-шаралар ұйымдастырылуда. Төтенше жағдайлар департаментінде де бірқатар іс-шаралар осы бағытта өрбуде. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен 2009 жылдың 7 тамызында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы ғимаратындағы саптық алаңда департаменттің және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінің балалары арасында «Менің Отаным ....
Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылдағы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшылығының Ашгарад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтас айқындама тұжырымдардың және Орталық Азия мен Славян Республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті. 1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжат болған Алматы декларациясына қол қойды. Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдериен өзара тиімдіжәне ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті. Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды. Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады7 Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді. ....
Валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнының ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат. Шарушылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін күшейту халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркенделген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды. Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы. Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан ....