Тарих | Назарбаевтың еңбектерінің Қазақстан тарихнамасындағы орны
Болашақта Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында адамзат тарихындағы ең алпауыт империялардың бірі – Кеңестік социалистік республикалар одағының күйреуі нәтижесінде әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандыңы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мың жылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихтың басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады.
Қазақстан секілді жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, дәлірек айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді болса да қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол ұлт тағдыры шешуші роль атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешек ұрпағы үшін қымбат. Уақыт өткен сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылыұтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихының терең зерттеліп, шынайы түрде объективті жазылу ісіне дайындық осы бастап жүйелі де ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Бұл біз секілді болашақ тарихшылардың үлесіне тиетін міндет.
Тағдырдың жазуымен тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде ел басшылығына ие болған Н.Ә.Назарбаев ел басқару ісімен қатар, бірнеше еңбектер жазып, тәуелсіз Қазақстан тарихының деректік негізін қалауға да өз үлесін қосып келеді.
Әдетте мемлекеттiң стратегиялық даму мәселелерi туралы еңбектер мейлiнше жалпы мәселелердi қамтып, ежелден қалыптасқан қағидаларды басқаша негiздеумен ерекшеленетiн. Нұрсұлтан Әбiшұлының еңбектерiнiң ғылыми және практикалық маңызы мүлде басқа ендiк пен басқа бойлықтан анықталып жатады. Онда отандық, өңiрлiк және әлемдiк ауқымдағы құбылыстар түгел қамтылады. Республика өмiрi үшiн маңызды бiр шешiм қабылдау үшiн, Елбасының әлемнiң iрi мемлекеттерiнiң даму тарихындағы осы тектес мәселенiң оң шешiмiн табуы жолындағы тәжiрибелердi түгел сараптап шығатыны және соның негiзiнде өзiнiң стратегиялық болжамдары мен тұжырымдарын мейлiнше айқын, дәлелдi, негiздi қасиеттермен даралай түсетiнi аңғарылады. Тәуелсіз елдің тұңғыш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының қаламынан туындаған еңбектерінің тарихи маңызы өте зор. Елбасы кітаптарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы ең алғашқы күндерінен бастап, барлық қырынан дерлік бейнеленген, мемлекеттігімізді қалпына келтіру барысындағы алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, ел өміріндегі елеулі оқиғалар жан-жақты баяндалған.
Елбасының әр еңбегiнiң өзi арнайы зерттеудi қажет ететiн жаңалықтарға, жаңашыл, шынайы байқаулар мен байымдауларға, ғылыми және практикалық маңызы жоғары тұжырымдар мен шешiмдерге бай. Осы орайда менің зерттеу жұмысымның негізі болып отырған Нұрсұлтан Әбiшұлының қаламынан туындаған еңбектерін атап өтер болсам: “Әдiлеттiң ақ жолы” (1991), “Тәуелсiздiгiмiздiң бес жылы” (1996), “Ғасырлар тоғысында” (1996), “Тарих тағылымдары және қазiргi Қазақстан” (1997), “Қалың елiм, қазағым” (1998), “Тарих толқынында” (1999), “Қазақстан-Ресей қатынастары” (1999), “Бейбiтшiлiк кiндiгi” (2001), “Сындарлы он жыл” (2003), “Евразия жүрегiнде” (2005), «Қазақстан жолы» (2007). Көрсетiлген еңбектерде елбасының тәуелсiз Қазақстанның тағдыры, келешегi туралы асыл мұраттары мен биiк ойлары, терең толғаныстары суреттелген.
Мәселен, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабында қазақ халқының өткені мен кеткенін ой елегінен өткізіп, өз болжамдарын, қазақтардың арғы төркіні мен шығу тегін, даму жолдарын әлемдік тарихи құбылыстар шеңберінде, солармен тығыз байланыстыра қарастырған. Кітаптың «Ұлттық келбетті ұлықтайық» деген алғашқы тарауында автор ұлтымыздың қасиетті сипаттары мен қастерлеуге тұрарлық құндылықтарын сараптап, жан-жақты талдайды. Аталған еңбегінде Н.Назарбаев ұлттық рухты қайта түлетудегі және дамытудағы қазақ зиялыларының ролін ерекше атап көрсетеді. Қазақ этносы - мыңдаған ғасырлардың жемісі, өз аумағының ежелгі тұрғыны. Н.Назарбаев осы кітабында қазақ ұлтының қазіргі мекені, ол ежелден ата-бабамыздың бізге қалдырған мол мұрасы екенін атап көрсеткен. Ұлттыұ тарихқа заңды мақтаныш сезімін туғызу үшін оны білу керек. Кітаптың «Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы» деген тарауы осыған қызмет етеді. Яғни, автор қазақтың түркі тілдес халық ретінде оның ежелгі тарихын Евразия құрлығындағы көшпелі ұлы мемлекет - Түркі қағанатының тарихымен байланыстырады. Сондай-ақ аталған кітаптың үшінші «Мәдениет келешегі» деген тарауында Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте мәдениет қандай болу керек деген мәселе ерекше сөз болады. Бұл мәселе жөнінде автор: « Қазақстандағы диаспоралардың өз мәдениетінен қол үзбеуімен қатар қазақ елінің жалпы ұлттық мәдениетін игеруге, оны өзі атсалысып, дамытып отырған ортақ мәдениет деп қарауға дағдылануы қажет. Сонда ғана ұлттық мәдени жүйелердің үндесіп, жақсы ансамбль құрайтыны сөзсіз». Сонымен қатар Елбасы қазіргі жағдайда әлемде болып жатқан ақпараттық үлкен үрдіс кезінде, ағылшын тілінің экспансиясы шапшаң белең алып,тұрмыста күшті сұранысқа ие болып отырғанында, ертеңгі келер ғасырда қазақ мәдениетінің күні не болатынына, нарық дәуірінің мінез-құлқы мәдениет жасаушылардың жаңа буынына нендей ықпал ететініне де алаңдауын жасырмайды. Н.Назарбаев осы кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» тарауын қоғамдағы интеллигенцияның тарихи ролін пайымдауға арнаған. Бүгінгі қазақ зиялыларының бойында сонау бағзы заманнан келе жатқан парасаттылық дәстүрлері барлығын айрықша атап көрсетеді. Кітапта теориялық жағынан кең қарастырылған мәселе –ұлттық бірегейлік жайы. Елбасы баршаны бір тілге, бір идеологияға, бір мәдениетке көшіруге тырысудың өзіміз бастан кешірген сабағы бұл саясаттың зиянды болғанын алға тартады. Сондықтан да ол бірегейлендірудің бұл күштеу әдісін біржола теріске шығарады. Н.Назарбаев қазақтың өзіндік ұлттық өрлеуін қамтамасыз ете отырып, бірегей этникалық санасын қайта жаңғырта, түлете түсуді басты міндет ретінде алға қояды. Сонымен кітапта бірегейлендірудің бірінші деңгейі – біздің азаматтық әрі саяси бірлігіміз деген тұжырым жасалған. Бұл деңгейдің мәнін Н.Назарбаев «өзіміз азаматтық саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдырымен бірдей дәрежеде қорғайтын Қазақстан мемлекетімен ұштастыруда жатыр» деп түсіндіреді. Бірегейліктің екінші деңгейін ол қазақтардың өздерінің ұлттық бірегейлігімен байланыстыра қарастырады. Халқымызлың менталитетінде тоталитарлық жүйе қалыптастырған ерекшеліктер әлі де болса бой көрсетіп, адамдар психологиясында әлі де көрініс беруде. Мұның себебі неде? Осы жайларға кітаптың «Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар» деген тарауында нақты жауап табуға болады. Ал ұлттық идеяға келетін болсақ, оны елбасы өзінше пайымдайды. Ұлттық идея сырттан танылмай, қоғамның өз ішінде пісіп жетіліп, ұлттың тұтастығының мәнін түсінуге қызмететеді. Бір сөзбен Н.Назарбаевша айтқанда, ұлттық идея миллиондаған адамдардың өздерінің ұлттық міндеттерінің түсінуінің жемісі болып табылады (237 б). Империялық құлдықтан азат болып, өздерінің тәуелсіздігін алған тек бұрынғы Кеңес Одағының елдері ғанаемес, өз еркіндіктерін алған басқа да елдерді тарихбіледі. Әлемдегі тарих сабақтарына көз жүгірте отырып, Елбасы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарына зор сенім танытады, әрі оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін нақты қимылдардың қажеттігін еске салады. Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат,бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет, сол тиімді, деп жазады Елбасы. Бұл аймақта интеграциялау үшін негізгі алғышарттардың бәрі бар. Соларды жете пайдалану – басты міндет. Бұл ойларын Н.Назарбаев кітаптың «Орталық Азияның мемлекеттері және тарих тағылымдары» деген тарауында кеңінен сөз етеді. Кітаптың қорытынды тарауы «Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде» деп аталады. Мұнда Н.Назарбаев Қазақстан тарихын он екі кезеңге бөліп қарастырады. Мұндай кезеңдерге тарихымызда бірінші рет ұсынылып отыр. Н:Назарбаев тарихтан тағылым алмайтын саясаттың күні қараң екенін жақсы біледі, сондықтан да ол «тарих ештеңеге үйретпейді» деген қағиданы мүлдем теріске шығарады. Керісінше, тарих-ұстаз, тәлімгер, әділ төреші, ертеңге бағыт сілтейтін өсиет айтушы абыз.Тарих қазынасына терең көз шалғанда әрбір адам, әсіресе, оның ішінде ұлт көсемдері мен саясаткерлер үлкен тәлім алады. Өз ақыл-парасатына, саяси талғамына, іс-әрекетіне қосымша нәр, азық алады. Сондықтан да бұл кітап қазақты тануға қосылған теориялық әрі практикалық тәлімдік мәні күшті тарихи еңбек болып табылады.
Мәселен, президент Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде өзін ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығын мазалап отырған оқығаларды –жер шарында, аймақта, қз елінде қауіпсіздікті сақтау, жаһандану жағдайындағы мемлекеттердің, адамдардың тіршілігі, дүние жүзін дүрліктірген терроризмнің кесірі, руханияттың қоғамдағы ролі, имандылыққа тәрбиелеудегі қызметі, ланкестік пен экономикалық бүліктің алғышарты болып отырған нашақорлық пен есірткі бизнесінің адам ұрпағына залалы, Каспий қайраңындағы мұнайдың мол байлығын игеру, бұл аймақтың жанжал көзіне емес, жасампаз істер аймағына айналуын өз кітабыны арқау еткен. Н.Назарбаев көтерген әр мәселе – жеке елдің, жеке топтың мүддесінен жоғары тұрады. Бұларда жеке адам мен бүкіл әлем тағдыры өзектес, іштей астасып жатады. Кез-келген ұлттық мүдделерді сөз еткенде, оларды әлемдік құбылыстармен тығыз байланыста, жалпы адамзаттық өркениет деңгейінде қарастырады. Снымен қатар Н.Назарбаевты бүкіл қоғаммен бірге жеке адамның өсіп-жетілуі, толысуы көп қызықтырады. Бұл құбылысты заманмен, бүкіл ғаламмен тұтас алып қарастырады. «Біздің тәуелсіздігіміздің, керек десеңіз, кез-келген мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы дегеніміз, - делінген кітапта, - бұл тек қана қоғамдық-саяси қайта құрудың тарихы емес. Бұл елеулі деңгейде, біздің әрқайсысымыздың толысу тарихымыз. Бұл – өмірлік құндылықтарды, тіпті өмірдің өз мәнін психологиялық қайта парақтаудың тарихы. Бұл – әлемдік өркениеттің құшағына халықтардың және біздің әрқайсысымыздың қайта оралуымыздың тарихы» (221 б).
Н.Назарбаевтың тың үрдіспен жазылған туындыларының бірі – «Еуразия жүрегінде» атты кітабы. «Астана аңсары», «Қала шежіресі», «Елордаэстетикасы» таруларынан, жиырма тартымды тақырыптардан тұратын туындының мән-мәнділігі – өте жүйелі жинақталған тарихи шежірелігінде. Елбасы Н.Назарбаев астананы көшіру туралы өзінің іштей зерделеп, ой елегінен мұқият өтізген ұсынысын отандастары алдында паш еткен сәттен бастап, сәулеттеніп, кемелденген шаққа дейін тиянақты мысалдармен, күнделікті тыныс-тіршілікпен шебер ұштастыра баяндаған. Бұл еңбек - Евразияның жүрегі–Елорданың еңселі ескерткіші болып табылады.
Елбасы Н.Назарбаевтың тарихи тұрғыда құнды еңбектерінің ең үздігі - «Қазақстан жолы » атты кітабы. Еңбекте тәуелсіздіктің тарихи орны, заңдық-құқықтық іргетастың қалыптасуы, экономикалық жетістіктердің жүйелілігі, әлемдік бәсекедегі Қазақстан жолы жан-жақты байыпталып, соңғы жылдардағы қол жеткізген табыстарымыздың негізі мен мән-мағынасы орнықты түсіндірілген. Кітаптың «Тәуелсіздік стратегиясы» деген алғашқы тарауында тәуелсіздігіміздің тарихи тағылымдары жан-жақты суреттелген. Кітапты құрайтын «1995 жылғы конституция», «Каспий үшін күрес және мұнайлы сілкініс», «Мемлекеттік меншіктен жеке меншікке», «Ұлттық қаржы жүйесі», «Жер мәселесінің эволюциясы», «Жұлдыздарға жол салған Қазақстан», «Жаңа дәуірдің – жаңа астанасы» деген тараулардың қай-қайсысында да ел тарихының ең бір елеулі кезеңдеріндегі саяси, экономикалық, мәдени дамуымыздың қилы-қилы жолдары тартымды, әрі тағылымды түрде баяндалады. Қазқақстанның өткен жолын тоғыз тарауға бөліп қарастырған еңбегінде Н.Назарбаев осыдан 18 жыл бұрын бастау алған сол ұлы жолдың тармақтарын алыстағы болашақпен үзіліссіз байланыста қарастырады. Еңбектің құндылығы да сонда. Елбасның аталған кітабы әлемнің бірнеше тілдеріне аударылып үлгерді. Өткен жылы Ұлыбритания астанасында Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабының ағылшынша нұсқасының тұсаукесері болып өтті, бұл шара ағылшын зиялы қауымы өкілдерінің зор қызығушылығын туғызды. Ағылшындық баспагер Том Стэйси Қазақстан басшысының кітабына бүкіл ел өмірінің айнасы, сындарлы саясаткердің терең мазмұнды толғауы деген баға берді. Тарихқа «Темір леди» деген атпен енген Маргарет Тэтчер: «Бұл кітапта Президент Н.Назарбаев өтпелі кезең проблемаларын шешуге қалай қарағаны, сөйтіп бүгінгі күні қандай прогреске қол жеткізілгені жөнінде жан-жақты баяндалады. Бұл кітап сондай-ақ оның өзі және Қазақстан болашақта жүре алатын бағытқа қатысты зор үміт ұялатады» деген пікірі Елбасы еңбегінің құнды деңгейін көрсетеді.
Жалпы, Н.Ә.Назарбаевтың кез-келген кітабынан, ел тарихына қатысты маңызды, шынайы дерек көздерін кездестіруге болады. Н.Ә.Назарбаев еңбектері, деректану ғылымы тұрғысынан қарағанда, өзінің пайда болуы жағынан жазба дереккөздерінің жеке адамдық тобына жатады. Ал, жеке адамдық дерек көздерінің басты ерекшелігі, оларда субъективті фактордың айрықша орын алуында.Егер осы тұрғыдан алсақ, Н.Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерешелігі ең алдымен, оның тәуелсіздік қарсаңындаңы және тәуелсіздік жылдарындағы ресми лауазымдарына сай атқарған қызметтерімен тығыз байланысты. Ол туралы Н.Назарбаевтың өзі «Әділеттің ақ жолы» атты кітабында: «Өзімнің қызмет жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да, әрдайым оқиғалрдың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға және салыстыруға, қорытындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен дн, өзімнің жеке пікірімді айтуға барып отырмын», - деп жазады. Олай болса, Н.Назарбаев қаламынан туындаған кітаптарының тарихи маңыздылығы – ондағы тарихи деректердің шынайылығымен ерекшеленеді. Сондықтан Н.Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде пайдала білмей, ең жаңа тарихымызды ашып көрсету мүмкін емес.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Назарбаевтың еңбектерінің Қазақстан тарихнамасындағы орны туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, Назарбаевтың еңбектерінің Қазақстан тарихнамасындағы орны