Ұстаздар (мұғалімдер, оқытушы) күні

 Ұстаздар (мұғалімдер, оқытушы) күні

Зауытта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің -
шипалы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзің арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам - елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір - сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жаныл, жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!

Ұстазым менің — Ә. Еспаев

Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде, әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!

Зердемді сен ашпасаң не етер едім,
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайын,
Қияға қызықтырып жетеледің.

Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым,
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!

Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім.


Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым,
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!

Ұстазым — Ерлан Ахмет

Адамдықтың шегінен аспайтұғын – ұстазым.
Адалдықтың жолына бастайтұғын – ұстазым.
Қылығына шаланың саспайтұғын – ұстазым.
Құпиясын баланың ашпайтұғын – ұстазым.
Қиындықты жеңуден қашпайтұғын – ұстазым.
Әзіл-қалжың айтып та тастайтұғын – ұстазым.

Көңіл-күйін әркімнің көре білген – ұстазым.
Бойында бар білімін бере білген – ұстазым.
Ізгілікті нұрларын төге білген – ұстазым.
Әр жүрекке гүл-сезім еге білген – ұстазым.
Шапағатын балаға себе білген – ұстазым.
Баянына бақыттың сене білген – ұстазым.

Игі ниет арнасы тола берсін, ұстазым!
Жүрегіңіз елім деп соға берсін, ұстазым!
Жадыңызда жақсылық қала берсін, ұстазым!
Ұрпағыңыз ұлылық ала келсін, ұстазым!
Әр уақытта денсаулық бола берсін, ұстазым!
Басыңызға бақ құсы қона берсін, ұстазым!

Ұстазым — Фариза Оңғарсынова

Заводта болсаң, күнбе-күн көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің – сырқаулы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің өзгеше тіпті басқадан:
ол — өзін арнап ел үшін осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам – елдің тірегі, байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі көгінде тұрған жарық күн.
Сан жастың қамын шертесің, тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін үйреттің өзің қолға алып.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің, әр сәтің тұрған бір ерлік!

ҰCТAЗҒA — Төлеген Айбергенов

I

Мектепке алғашында ерке келдім,
Төбелес, сотқарлықты ерте келдім.
Қай жерде ұрыс-қағыс шу-шу болса,
Бір нәрсе беретіндей ентеледім.
Сол жерден іздегендер тапты мені,
Қонбады ақыл сөздің ешбір емі.
Көрсем де талайлардан қатты соққы,
Дедім мен: «Батырлықтың» осы жөні.
Мұнымды көп өтпей-ақ біліп қалып,
Қыстың көп тергеудің астына алып.
Кішкентай төбелескіш тентек қолым,
Сол күннен қалды амалсыз құлыпталып.
Ермегім болды енді кітап қана,
Қызығып оқи бердім құмарлана.
Ертеңгі болашақтың зор күмбезі,
Көріне берді маған мұнарлана.
Тоқтамай солай қарай жүре бердім,
Батпақты жол қиынын жүре көрдім.
Ақыры жеттім сол бір мұнараға,
Өрмелеп биігіне міне бердім.
Маршалым бүл жорықта өзің болдың,
Мендегі сотқарлыққа төзім бердің.
Кешегі со л бір тентек шәкіртіңнің,
Мінеки, адам болған кезін көрдің.
Шәкіртің көрмек болып келді бүгін,
Баяғы есіне алды тентек күнін,
Айтпақшы білім берген ұстазына,
Борышты өмір бақи екендігін.

II

Ойыныңның ойпатында өрледі өлең,
Білімнің сүтін ішіп көгеріп ем.
Қош-сау бол, ақпейілді ұстаз әке,
Аралдай асып жатқан кемерінен.
Түлеттің, жас қырандай қалықтаған!
Қияға қанатымды қағып барам.
Өлкеме өнегеңді алып барам,
Жанына жас ұрпақтың жағып бағам.
Ықылас Атырауынан маған деген,
Өзіңнен таптым әр кез табам деп ем.
Ақ өркеш Алатаудай асқар ұстаз,
Махаббат Сырдария саған деген.

ІІІ

Онжылдық сыбағасын асағасын,
Аттап ем институт босағасын.
Келеді әлі шырқап ұша басым,
Туған ел мәпелеуде жас ағашын.
Томынан ленинизм-қалың бақтың,
Жаныма мәңгі өшпейтін жалын таптым.
Өттім сан күрес-жылдар үтірінен,
Кеп қалды нүкте қояр жақындап күн.
Кеп қалды жолдама алар күн өмірге,
Ойнайды қуаныш от іреңімде,
Жыры бар зор сенімнің жүрегімде,
Қайраттың тасқыны бар білегімде.
Өзгертіп, гүлге бөлеп, дала тынды,
Аламын болашақтан алатынды.
Старты бітірудің берілген сәт,
Қағуға тұрмын дайын қанатымды.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: Қазақша өлең: 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні, Қазақша өлең, 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні қазақша өлең, ұстаз туралы өлең, ұстаз туралы өлең жолдары, ұстаздар туралы өлең шумақтары, мұғалім туралы өлең шумақтар, ұстаз туралы өлең шумақтары, устаз туралы олен жолдары, устаз туралы олен шумактары, устаз туралы олен, мугалим туралы олен, стихи на казахском языке учителю, стихи на казахском языке на день учителя, Қazaқsha өleң: 5 Қazan - Ұstazdar (Mұғalimder) kүni, Қazaқsha өleң, 5 Қazan - Ұstazdar (Mұғalimder) kүni қazaқsha өleң, ұstaz turaly өleң, ұstaz turaly өleң zholdary, ұstazdar turaly өleң shumaқtary, mұғalim turaly өleң shumaқtar, ұstaz turaly өleң shumaқtary, ustaz turaly olen zholdary, ustaz turaly olen shumaktary, ustaz turaly olen, mugalim turaly olen, stihi na kazahskom yazyke uchitelyu, stihi na kazahskom yazyke na den uchitelya, ұстаздар устаздар туралы өлең шумақтары, мұғалім мугалим туралы өлең шумақтар, Ұстаздар туралы өлеңдер