Қазақ қызы! Көрмедім мен осындай қайраткерді, басқар десе, басқарды аймақты, елді. Бесігін де тербетіп, үйін де ұстап, айда десе, комбайн айдап берді.......
Құттықтаймын өлеңмен, Шыққанда бес мың нөмірің! Күнде оқимын өзіңді, Қадап кәрі көзімді. Балаларым оқыса, Не жазған деп тыңдаймын, Әрбір сөзін тыңдасам, Өсе түсед көңілім!.....
О жолдастар, жолдастар! Асыл тастан шығады, Ақыл жастан шығады. Әділдіктің түрлері, Әдемі заман гүлдеді, Сталин соққан бесіктен Өрбіп өскен кіл жастар. .....
Біздің халық, біле-білсең, бір ғажап! Сүйе тұра, Бірін-бірі жүр қажап. Қанша жақсы көрсе-дағы әйелін Білдірмеуге тырысады бұл қазақ. Ақ матаға қай бояу да жұғады, Жұққаны үшін кінәлі боп шығады. Кейде қазақ әйеліне "Әй!" дейді, Әйелі оны "Ай!" деді деп ұғады......
Диплом жұмысының көкейкестігі Бастауышта қазақ тілі пәнінен берілетін грамматикалық сауаттылықтың негізін қалайды. Сондықтан да әр сабақтың мазмұнды, теориялық жағынан ұстамды, әдістемелік жағынан түрлендіріліп жүргізгені дұрыс. Сонымен оқушылардың сауатты жазуы, орфографиялық қағидаларды меңгеруі, грамматикалық ережелерді үнемі нзарда болуы керк. Тақырыптық теориялық қолданылымы Бастауыш мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің басты бөлімінің бірі-грамматика мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды. Сын есім туралы толық теориялық білім беру үшін - ғылыми әдебиеттердің негізінде сын есімнің семантикалық топтары, шырайлары мен синтаксистік қызметін ашу. - бастауыш сыныптарда сын есімді оқытуға қойылатын талаптарды қалай іске асыруға болатынын табу. - бастауыш сыныптарда сын есімді оқытудың қазіргі әдістері мен тәсілдерін көрсету. - оқушылар сын есімді сапалы түсіну үшін мұғалім қандай талап қою қажеттілігін меңгерту. - грамматика сабақтарының бастауыш мектептегі мақсаты мен міндетін көрсету. ....
Бүкіләлемдік көрме немесе Экспо(Expo) –техникалық және технологиялық табыстарды көрсететін ашық алаң және индустриаландыру символы болып келетін халықаралық көрме. Халықаралық көрме 3-жылда бір рет болады. Бірінші дүниежүзілік көрме 1851 жылы принц Альберттің бастамасымен Лондндегі Гайд-саябағында өткізілді .Көрменің негізгі ғажайыбы Хрусталь сарайы болды ,оның авторы Джозоф Пакстон сарайды әйнек пен темірден жасады.....
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие. Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер. Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін. Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бір бөлігі - шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы. Шетелдік несиелер бойынша шешім қабылдауда, министрліктер мен ведомстваларды, кәсіпорындар мен ұйымдарды жауапкершілікке тарту бойынша механизмді құру, облыстық әкімшіліктермен бұл жауапкершілікті бөлу шаралар жиынтығының маңызды құрамдас бөліктері болуы тиіс. Жергілікті билік органдары жобаны қолдап, несиелік келісім жасауға итермелейді. Сонымен қатар, оның әр түрлі нысанда жүзеге асырылуына қатысуы тиіс: дайын өнімнің өткізу нарығында болуына көмек көрсету, заңдық және экономикалық түрде ақыл - кеңес беру, нақты қалыптасқан жағдайға байланысты консалтингтік және басқа да қызмет көрсету. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тартудың тиімді формаларының бірі - әлемдік нарықта қазақстандық кәсіпорындар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде біріккен кәсіпорындарды құру. Бұл мәселені толығымен қарастыру үшін, қазақстандық инвестициялық ақуалын ғана талдап қоймай, сонымен қатар серіктестердің іс-қимылдарын да қарау керек.....
Бұқтырма—көне обалар тобы. Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданы Бұқтырма ауылынан солтүстікке қарай 2км жерде. 1953 жылы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттелген. Олар тас дуалмен дөңгелене қоршалған. Мүдделері сопақша қабірлерге жерленген. Обалардың ішінен б.з.б. 3-4 ғасырларға жататын қола шанышқы, қорамсақ ілетін темір ілмешек, мата қалтаға салынған қола айна, қола түйреуіш, моншақтар, ағаш қайықтың қалдықтары табылған. Бұқтырма--өзен,Ертістің оң саласы. Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай, Зырян аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 405км, су жиналатын алабы 15,5мың км . Сағасындағы жылдық орташа су ағыны 243 м/с. Оңтүстік Алтай жоталарындағы мұздықтардан бастау алып, Ертістегі Бұқтырма бөгеніне құяды. Басты салалары: Ақбұлақ, Сарымсақты,т.б. Өзен аңғарының беткейлері тік жарлы, терең шатқалды, аңғарының ені 5-6км, тар жері 0,3-0,4км. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Көктемде; жазда тасиді. Мұзқұрсау қарашаның 2-жартысында қалыптасып, әдетте 80-200 күнге созылады. Мұздың қалыңдығы 50-80см болады. Суы өте жұмсақ әрі тұщы. Өзен арнасымен ағаш тасымалданады, салалары егін суаруға пайдаланылады. Ағысының күштілігіне байланысты Бұқтырма аталған. Бұқтырма бөгені, Ертіс өзенінде, Шығыс Қазақстан облыс аумағында, Қалба, Нарым, Күршім жоталары аралығында орналасқан. 1960-1967 жылдары салынған. Қазақстандағы ең ірі бөген. Су айдыны 5940км , ұзындығы 600км, ені 40км, ең терең жері 80м. Суының көлемі 49,6км .Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ Ертіс өзенінің бір бөлігі, Бұқтырма, Нарын өзендерінің төмен ағысы кіреді. Бұқтырма бөгенін толтыру 1960 жылдың сәуір айынан басталып, 1962 жылы Ертіс өзенінің суы Зайсан көлімен қосылған соң бір тұтас су айдынына айналды.Бұқтырма бөгенін су түбінің морфометриялық ерекшеліктеріне бойланысты шартты түрде үшке бөлуге болады:жоғар, орта және төменгі бөліктер. Су деңгейі мамыр айының бас кезінде көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биітігіне жетеді....