Жаңа қазақ, шала қазақ — жас інім, Алшысынан тұрды бүгін асығың. Саған қарап ойландым да, жасыдым. Айырмаған азғыны мен асылын Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың. Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр, Жүрегінде сезім емес, қорғасын, Шетке қақты тұлпары мен жорғасын. Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға.....
Шаттықта да бірміз, Қайғыда да бірміз, Бір тамырдан қуат алған егіз, туыс гүлміз. Бірімізді екіншіміз қолдап, сүйеп жүрміз Алатауды алып құсқа балар болсақ Сол құстың Бір канаты қазақ та, бір қанаты қырғыз. .....
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата Заң күні мерекесін атап өту. Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.
Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды ұшырып жібереді. Ортада жүргізуші 5 - 6 бала қалады: 1 - бала: Қандай керемет! Бүгін көңіл - күйім шарықтап тұр! 2 - бала: Себебі бүгін мереке ғой!.... 3 - бала: Иә, иә! Бүгін - 1 қыркүйек, білім күні! 4 - бала: Бәсе, бүгін оң көзім қайта - қайта тартқан еді......... 5 - бала: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе? Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба?
Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы, Алтынсарин орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Жүргізуші: Алтын шапақ шашыратып көгінен, Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен. Балапандай ұясына асыққан, Шәкіріттерін шаттандырып сеніммен.
1 қыркүйек - Білім күнімерекесіне арналған «Қазақстан-2050: бір халық- бір ел- бір тағдыр» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер! Құрметті ұстаздар , ата-аналар ,оқушылар ! Барлықтарыңызды бүгінгі 1 қыркүйек- Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз ! Құттықтай отырып зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан , бейбітшілік пен ынтымақтастық тілейміз . Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын. Бүгінгі алғашқы қоңыраумерекесіне арналған «Қазақстан-2050: бір халық - бір ел- бір тағдыр» атты салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Қазақстан Республикасының Туы.....
Төзіміңді берсе сенің темірге, Темірдің де түгі кетпес көмірге. Қазақ қызы, Қайран қазақ әйелі, Не көрмедің, Не кермедің өмірде?! Қызды қатар қоймаса да ұлменен, Азамат па қадіріңді білмеген! Ақ жаулықпен орап алтын басыңды. Отпен кіріп, Шығып жүрдің күлменен. Жұмсағанмен заман сені күң санап, Жаманнан да ала білдің мың сабақ. Жүн иіріп,.....
Елу жаста елім бар деп айта алмай, Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай. Елім бар деп айтатын бір туды күн, Елім бар деп шырқатайын мен бүгін, Қойсын енді Қорқыт күйін сарнамай. Атам Абай, арманыңа бер тыным, Сен таппасаң, біздер таптық жер тыңын. «Гүлжазира», «Жерұйықтан» кем бе екен......