Қоңырбайұлы Ағыбай (1802-1885) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Туып өскен жері Қарағанды облысындағы Балқаш, Бетпақдала алабымен жапсарласып жатқан Арқаның Қызылтау, Ортау, Ақтау, Ұлытау деп аталатын сілемді таулары. Топырақ бұйырған жері - Ағадыр елді мекенінің оңтүстігінде 80-90 шақырымдай жерде ағып жатқан Қаратал өзенінің бойы, Тайатқан, Шұнақ тауларының алқабы. Ағыбай батырдың шыққан тегі Орта жүз Арғын, оның ішінде Шұбыртпалы руынан өрбиді. Нағашы жұрты Орта жүздің ноқтағасы Тарақты елі. Абылай ханның сенімді серігі, әрі ту ұстаушы батыры Наймантайұлы Байғозының Қойсана есімді қызы Ағыбай батырдың анасы. Тарихтан белгілі Абылайханнан тараған ұрпақтың ішінде Қарақалпақ қызы Сайман ханымнан туған Уәлихан бастаған балалары амалсыздан Ресей отаршылдығына мойын ұсынды да қалмақ қызы Топыш ханымнан туған Қасым бастаған балалары Ресей отаршылдарына қарсы бітіспес күрес жүргізіп өтті. Қасым сұлтан өз тұсында Көкшетау өңірінде орыс әскерінен қысым көріп, Арқаның бетпақ даламен жапсарлас өңірін қоныс ететін Қаракесек, Шұбыртпалы, Тарақты руларының жеріне ығысуға мәжбүр болған. Ағыбай батырдың да азаттық күресіне ертерек араласуы осы Қасым сұлтанмен, оның баласы Кенесары ханмен етене аралас, мүдделес болуынан басталады. ....
Ағыбай батыр Қоңырбайұлы, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885) – Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы.
Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы қаракесек-шұбыртпалы – арғын руынан шыққан. Әкесінен ерте айрылған. Шешесі Абылай ханның сенімді батырларының бірі Наймантайұлы Байғозының қызы. Жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында Ағыбай батыр алып денелі деп сипатталады.
Жорықта үнемі жолы болатындықтан ол «Ақжолтай батыр» атанды. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырды. 13 жасынан қолына қару алып, 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. Қасым сұлтан қаза тапқаннан кейін Ағыбай батыр бастаған қазақ әскері Шу өзенінің бойында өзбектердің Түркістан өлкесіндегі билігін әлсіретті. Ағыбай батыр бастаған қол 1826-1846 жылдары аралығында Ресей әскерлерімен бетпе-бет шайқасып, бірнеше рет күйрете соққы берді. Ресей империясының Қазақстандағы тірек-орталықтары – Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында тас-талқан етіп жеңді. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсетті. 1847 жылы Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен айқасында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып өтті. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізді. Кейінірек, 1849 жылға дейін Ресей өкіметінің қамалдарына өз бетінше шабуылдар жасады. Өмірінің соңғы кезеңінде егіншілікпен, балық аулаумен айналысты ....
Сабақтың мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Ғарыш айлағы – Байқоңыр туралы білім беру. Ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Көрнекілігі: Байқоңырдың, ғарышкерлердің, зымыранның суреттері, слайд.
Сабақтың жүрісі:
Тәрбиеші: - Балалар, біздің тұратын жеріміз – Жер планетасы деп аталады. Төбемізде әдемі аспан әлемі бар. Бұл – аспан әлемі - ғарыш. Біз өзіміздің Жер планетасында тату - тәтті өмір сүреміз. Қане, бәріміз Жермен, Күнмен, достарымызбен амандасайықшы. .....
Бұдан 40 жыл бұрын қазақтың Бақыты болған Байқоңыр, қазір – Соры. Бұдан 5 жыл бұрын Байқоңыр Ресейге 99 жылға берілетін бопты деген сыбыс шығысымен Байқоңырдың Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті екенін жақсы білетін. Бүкіл үндеуді жазып отырған Байқоңыр аймағында тұратын, Байқоңырдың қасіретінен көз ашпай келе жатқан, соры бес елі, бақытсыз қазақтар. Біз Байқоңырдан бір емес, екі бірдей қасірет шегіп келеміз. Бірі - жан қасіреті, бірі - тән қасіреті. Жан қасіреті сол - ата-бабаларымыз қасық қанды да, шыбын жанын да аямай қорғап, бізге мұра етіп қалдырған жерімізге қазір кім ие? Орыстар ие. О жер қазір қазақтың жері емес, орыстың жері. О жерге бірде бір қазақ аттап кіре алмайды. О жерде Қазақтсанның бір де бір заңы, тіпті Ата заңы да жүрмейді. Ал енді, айналайын ағайындар-оу, өз жеріңе өзің ие болмаудан асқан не қасірет бар? Біздің қазір шегіп отырған жан қасіретіміз - міне, осы. Ал, тән қасіретіне келер болсақ, біздің қазір суымыз да у, тамағымыз да у, ауамыз да у. Бүкіл аймақта дені сау адам жоқ. Бәрі ауру, бәрі мүгедек. Еңкейген шалдан, еңбектеген балаға дейін ауру. Тіпті құрсақтағы баланың өзі туғанда ауру боп туады. Ал жеріміз ше? Жеріміздің халі бұдан да жаман. Жеріміз күннен күнге қу медиен далаға, Сахараға айналып барады. Бұ қалпымен бүгінгі Байқоңырдың айналасы қу медиен далаға айналса, ертең Қазақстанның бүкіл оңтүстігі қу медиен далаға айналатын болады. Одан бүкіл Қазақстан қу медиен далаға айналатын болады. Содан не істеуіміз керек? Байқоңырды жабуымыз керек. Бұған Президентіміз келісе ме? Келіседі. Келісетіні, оның ойы да біздің ойымыз сияқты. «Байқоңыр Ресейге берілетін болыпты» деген қауесет тарасымен, Президенттің бұған не дегенін бүкіл қазақ біледі. «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенді Президент нық айтқан. Және бір айтпай, бірнеше рет айтқан. «Олай болса, Президент Байқоңырды Ресейге неге беріп қойды?» деген сұрақ туады. Беріп қойғаны оны со кезде ешкім қолданған жоқ. Президент: «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенде, «Иә, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» деген бір қазақ болды ма? Болған жоқ. Бізді қойшы, біз малдың ізіне қараған қазақпыз. Ал, астанадағы халықтың қамын ойлайтын, көзі ашық, көкірегі ояу қазақтар қайда қарады? Олар да жұмған ауыздарын ашқан жоқ. Ал енді халқы қолдамаған Президент не істесін? Ешнәрсе істей алмайды. Ал осындай, іштен тынып, көніп жүрген кезінде бүкіл халық болып: «Байқоңырды өзімізге қаратып алайық!» десек ше? Ол бұған қуана-қуана келіседі. Келісетіні, оның күні-түні ойлайтыны – халықтың қамы. Бізге не керек? Не қымбат? Ғарышты зерттеу қымбат па? Жоқ, қазақтың жері қымбат па? Жалпы, біз не үшін өмір сүреміз? ....
ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылы қаңтардың 12–де қағылды. Байқоңыр – ғарыш аймағы – Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтіп оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы тағы басқа факторлар ескеріледі. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: тех тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар тағы басқа көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия тағы басқа жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың әрбір түріне сәйкес бір немесе бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына орналасқан бірнеше спорттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жұзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырға одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық өрнегіне айналды. ....
Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ . Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр . Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздеді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептеледі. Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран-тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар ....
Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қадетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда. Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді. Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді. Адамзат баласы қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды пайдалануда, осы көрсеткішке жылына 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар қосылып отырады. Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсір ететіні белгілі. Табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі – ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы. Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады. Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр». «Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр. ....
Байқоңыр — Қазақстан Республикалық маңызы бар қаласы. Байқоңыр қаласы «Байқоңыр космодромы» мен бірге 2050 жылға дейін Ресейге жалға беруліде. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр ғарыш айлағында жүзеге асырылып жатқан ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды күшейту қажет. Бұл туралы Астанада 13-14 қарашада өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" ғарыш кешені жөніндегі кіші комиссиясының 11-отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Кіші комиссия Байқоңыр ғарыш айлағында жүзеге асырылып жатқан ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды күшейту қажет деген тұжырым жасады. Тиісті мемлекеттік органдарға қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын бұлтарыссыз орындауды құқықтық жағынан қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдетуге тапсырма берілді. Бұл - бүгінгі күнгі ең өзекті мәселе", - деді Т. Мұсабаев. Тараптар сонымен бірге Байқоңыр қаласындағы мектептерде білім беру процессіне қатысты мәселелерді талқылады. "Бұл да маңызды мәселелердің бірі және азаматтардың өз мемлекетінің мемлекеттік стандарттарына сай білім алу жөніндегі конституциялық құқықтарының сақталуына байланысты", -деді Т. Мұсабаев. "Сондай-ақ, Қазақстан азаматтары Байқоңыр ғарыш кешенінің аумағынан көшкен немесе Ресей Федерациясының кешенді жалға алу мерзімі аяқталған жағдайда олардың зейнетақы алу құқықтарына кепілдік беру мәселелеірн одан әрі дәйектеу жөнінде тапсырма берілді", - деді ол. Сондай-ақ, Т. Мұсабаевтың атап өткеніндей, "Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін коммуналдық қызметтердің тарифтерін реттеу жұмыстарын бірлесе жүргізуді одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Өйткені, ол Қазақстандағы орташа тарифтерден жоғары екені белгілі . Сөйтіп, әлеуметтік мәселелер блогына баса назар аударылды". ....