Байқоңыр - ғарыш айлағы

 Байқоңыр - ғарыш айлағы

Сабақтың мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Ғарыш айлағы
– Байқоңыр туралы білім беру. Ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Байқоңырдың, ғарышкерлердің, зымыранның суреттері, слайд.

Сабақтың жүрісі:

Тәрбиеші:
- Балалар, біздің тұратын жеріміз – Жер планетасы деп аталады. Төбемізде әдемі аспан әлемі бар. Бұл – аспан әлемі - ғарыш. Біз өзіміздің Жер планетасында тату - тәтті өмір сүреміз. Қане, бәріміз Жермен, Күнмен, достарымызбен амандасайықшы.
Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
- Көліктердің қандай түрлерін білесіңдер?
- Жер көлігі (машиналар, велосипед, мотоцикл), су көлігі (кеме, қайық), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ, зымыран).
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ерте заманнан адамдар әуеде құс сияқты ұшуды армандаған, сондықтан аспанға көтерілудің түрлі жолдарын ойластырған. Ең алдымен, әуе шарлары пайда болды. Келе - келе ұшақ, тікұшақ пайда болды. Ұшақтар адам тасымалдауға арналған. Ал тікұшақтармен ауыр жүктерді тасиды.
- Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Дұрыс шешуге тырысайық:
Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң ғажайып,
Соңында із қалады.
(Зымыран)
- Аспанда нелер болады, балалар?
- Күн, ай, бұлттар болады.
- Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет? Зымыранмен кімдер ұшады? Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
- Зымыранмен ғарышкерлер ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан. Байқоңыр ғарыш айлағы - Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады. Ең алғаш 1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа ұшқан Ресей азаматы Ю. А. Гагарин болды. Ю. А. Гагариннен бұрын екі ит – Белка және Стрелка ұшырылған.
- Ал, Қазақстаннан ең алғаш ғарышқа ұшқан кімдерді білесіңдер?
Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев. Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар - ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ғарышкерлер ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады. Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жақта қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады. Сондықтан осылардан сақтану үшін ғарышкерлер «скафандр» деп аталатын арнайы киім киеді. Скафандрдың арқасында ауа толтырылған баллоны, жермен және өзара байланысқа арналған байланыс құралдары болады (бейнефильм көрсету).
Сөздік жұмысы:
Айлақ – ғарышқа ұшуға арналған қолайлы алаң.
Ғарыш – аспан әлемі.
Сергіту сәті: Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
Әліппе - дәптермен жұмыс
- Балалар, сендер ғарыш, аспан әлемі туралы білдіңдер. Қалай ойлайсыңдар, ғарышқа қандай көлікпен барамыз екен? Ұшақпен бе, тікұшақпен бе әлде зымыранмен бе?
- Ғарышқа зымыранмен барамыз.
- Ендеше, ойланып, қиялдарыңдағы зымыранның суретін дәптер бетіне салып көріңдер. Ол үшін алдымен аспан әлемі, ғарыш жайлы бір сәт көз алдымызға елестетіп көрейік (жағымды әуен ойналып тұрады).
Сабақты қорытындылау.
Дидактикалық ойын: «Ғарышқа ұшу». Ойынның шарты: Балалар зымыранмен ғарышқа ұшып, жұлдыздың тапсырмасын орындап, сұрақтарға жауап береді:
- Аспан денелеріне нелер жатады?
- Ғарышқа ұшқан ғарышкерлерді ата.
- Скафандр деген не?
- Ғарышқа қандай көлікпен ұшады?
- Ғарышкер, ғарыш, Байқоңыр туралы туралы қандай тақпақ білесің?
- Міне көрдіңдер ме, балалар, сендер білімді, ақылды екендеріңді көрсетіп, сұрақтарға өте жақсы жауап беріп, жұмбақ шешіп, суретті жақсы салып, сабаққа жақсы қатыстыңдар! Жарайсыңдар!.....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру