Экономика | Байқоңыр Кеше Бүгін Ертең

Экономика | Байқоңыр Кеше Бүгін Ертең

Байқоңыр: Кеше. Бүгін. Ертең.
1957 жылы 15 мамырда Байқоңыр ғарыш аймағынан тұңғыш континентаралық баллистикалық зымыран ұшырылды. Ал, 4 қазанда жасанды жер серігі орбитаға шығып, дүниежүзін дүр сілкіндірді. Америка Құрама Штаттарының әскери ғалым мамандары қаншама тырысса да кеңестік ғалымдардан 5 ай кешігіп қалды.
Ғарышқа адам ұшыру мақсатында ондаған иттер, басқа да жәндіктер орбитаға шығарылады. 1961 жылдың бас кезінде қуыршақ манекен (Иван Иваныч) ұшырылды. Ол белгіленген ауданға дәл қонып, ғарышқа адам ұшу кезеңін жақындатты.
1961 жылы сәуірдің 12–сі адамзат баласының тарихындағы ең бір ұмытылмас өрелі күн. Осы күні адам алғаш рет ғарыш кеңістігіне ұшып шықты. 1961 жылы сәуірдің 12 – ші жұлдызында Мәскеу уақытымен таңертеңгі 9.03 – те әйгілі конструктор, екі дүркін Социалистік Еңбек Ері, академик Сергей Павлович Коралвтің командасы бойынша КСРО – да бірінші болып Ю.А. Гагарин ғарышқа самғады. Бұл таңғажайып оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.
Ғарыш аймағынан зымырындар ғарыш кеңістігіне қарай басты – басты 5 түрлі мақсатпен ұшырылатынын білеміз.
Біріншісі: зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш кемелері. Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді.
Екіншісі: тасымал кемелері. Онымен құрал – жабдықтар мен аппаратуралар, адамдардың өмір сүруіне қажетті азық – түлік, су, киім – кешек, ең аржағы оттегіне дейін осы зымырандармен жерден тасымалданады.
Үшіншісі: әскери мақсаттағы зымырандар. Олардың не зерттеп, не тындырып жатқаны, әрине, бізге құпия. «Зымыран құралдарымен жерде жатқан «Правда» газетінің тақырыптарын оқуға болады» дегенді талай – талай естідік. Демек, ол жердегі қыбырлап жүрген адамдар, әсіресе әскери адамдар не істеп, не тындырып жатыр деген сұраққа жауар алу үшін таптырмайтын құрал. Оның сыртында ғарыш кеңістігінен шапқын салатын лазерь қаруы дегеннің пайда болғанын, отты басы ғарышқа шығып алған соң онға, отызға бөлініп, әрқайсысын өз алдына дербес қаруға айналатын зымырандарды тағы білеміз. Міне, соның бәрінің бабын тауып, аясына келтіретін осы әскери зымырандар.
Төртіншісі: байланыс – жер серіктері. Біздің түрлі – түрлі құрлықтармен телефон байланысымызды былай қойғанда, үйіміздегі телефондар арналарына дейін осы жер серіктері арқылы жұмыс істейді. Мұны дәлелдеп жату бүгінде көзіқарақты адамға артық.
Бесіншісі: Планетааралық ғарыш кемелері. Осы жерден жеті айлық ғарыш жолы бар Марсқа әлденеше зымырандардың ұшырылғанын білеміз. Айға да алғаш зымырандар осы Байқоңырдан қонып, зымыранның айдан ұшып шығып, жерге қайтып оралуы дер едік. Бұл өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жүзеге асырылған шаруа. Сондай – ақ, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей ғарыш кеңістігіне еркін самғауға қоя берген және текте бір мәлімет алып тұратын зымырандар да болды. Олардың ғылым үшін не бергенін Ресейдің ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы біледі, біздің білетініміз – жылма – жыл жүздеп ұшырылып жатын, зымырандардың әрқайсысы Сыр бойының экологиясына белгілі дәрежеде кері әсерін тигізетіндігі.
Косманавтиканың табыстарын, жетістіктерін айтқан кезде, оның жолындағы қиындықтарды да, тіпті құрбандықтарды да айтпай кетуге болмайды. Сонау Байқоңырдың ортасында генерал Неделин бас болған бір топ ғарыш қызметкерлерінің бейіті жатыр. Олар космодрамда ұшқалы тұрған ракетаның жарылуынан қаза тапқандар. Тамаша азамат – қабілетті инженер Владимир Камаров орбитадағы бар жұмысын атқарып, жерге қона берген кезде парашюттің бауы оралып қалып, келесі жерге қатты соғылып, жарылып кеткен. Сол сияқты Ақтөбелік жерлесіміз Владимир Пауаев өзінің екі серігімен бірге ғарыш сапарының қайтып келгенде, кеменің ішкі қабырғасы сөгіліп кетіп, үшеуі бірден қаза тапты. Мұндай құрбандықтар шежіресі, өкінішке орай, азаяр емес.
Ендігі бір басы айқындалмаған мәселе – Байқоңырдан ұшып шыққан ракеталар солтүстік – шығысқа қарай бағытталғанда жолда Жезді, Ұлытау, Қарсақбай, Жаңарқа елді мекендері жатады. Осы жерлерден тұратын 30 мыңнан астам адам, міне, 50 жыл бойы осы қауіптің құшағында отыр. Ракеталардың бірінші сатылары осы елді мекендерге құлап түсіп жатады. Соншама жыл, соншама ракеталардың алғашқы сатылары түсіп жатса да, бір ғана ғажабы адамдар одан тікелей қаза болмаған, оның себебі ракеталар Байқоңырдан шыққаннан кейін ылғи иесіз, немесе елді мекендері сирек бағытпен ұшатын және ол бағыттар қатаң сақталатын.
Міне, соның әсерінен де адамдар аман қалып келеді.
Бірақ оларға жәрдем – көмек көрсету қажет. Бір кезде осы аймақтың адамдарына жәрдемақы беру жөніндегі қабылданған қаулы болатын, кейін оны тоқтатып тастады. Ал шынында жыл сайын осы аймақтарда тұратын адамдарға белгілі бір мөлшерде нақтылы жәрдем көрсетіп тұруға болады ғой. Сол жәрдемді аламын деп қызығып, байырғы тұрғындарынан басқа ешкім басқа жақтан келе қоймас. Жалпы есептегенде, бұл жерде 30 мыңдай адам тұрады екен. Қайткенде де соларға Ресейден алатын қаржының есебінен нақтылап ақша бөлу қажет. Енді бұдан былай космосқа өз еркімен ұшып барып қайтатын бай туристердің саны көбейе беретін болар. Бір адам ұшқаны үшін 20 млн $ - ға дейін ақша төлейді. Сол қаржыдан да Қазақстан өз үлесін алып отыратын болады деп мәлімдеді Ресей жағы.
Байқоңыр – біздің космодром. Сонау 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағанда әрбір одақтас республика өзінің жерінде тұрған техникалық құрал – жабдықтарға ие болып қалғанда Байқоңыр түгелдей (бүкіл одақ болып салған біздің меншігімізге көшкен. Сонда оның бары дүние – мүлкінің бағасы 51 миллиард $ болатын. Ресей мен екі арада шарт жасасып, оны жиырма жылға жалға берген едік. Жылына ол үшін Қазақстан 115 миллион $ алып тұрады.
Сондай – ақ, Байқоңырдың болашағы туралы айтатын болсақ. Байқоңыр космодром айналаны қоршаған ортаға зиян келтірумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.
Байқоңыр космодромын Ресейге жалға бергенде, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына жылына 115 миллион АҚШ $ береді. Космодромды жөндеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей Федерациясы жылына 25-40 млн $ жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 млн $ кіріс кіреді. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтылған. Белгіленген мерзімде жалақыларын ай сайын алып тұрады. Қалада осы кезде 13 жалпы білім беретін мектпе, оның 5 –еуі қазақ балаларына арналған, біреуі ғана аралас мектпе. Халықаралық космостық мектеп, Мәскеу авиация институтының бөлімшесі бар. Онда 83 қазақстандықтар оқып білім алды. Денсаулық сақтау орындарын, білім беретін мекемелерді, қарттарға зейнет ақыны Ресей Федерациясы қаржыландырып отырды.
Ал егер Байқоңыр космодромын жауып тастаған күнде Қазақстан Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтын сөзсіз. Соның мысалы (жай ғана) жергілікті халықтың жұмыспен қамтамасыздандыруы.
Сондықтан да, Байқоңырдың Қазақстанға берері мен берешегі мол, Ғарыштық державалар қатарына қосуға мүмкіндік беретін желдегі ең ірі алаң осы – Байқоңыр алаңы. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру