Бердібек Соқпақбаев | Жалғыз қолды биллиардшы


Төркіні жақын қыз дамыл таппайды. Өзің тұратын қаланың тап іргесіндегі демалыс үйіне тынығу соған ұқсайды екен. Қаншама алаңсыз боламын дегенімен бола алмайсың, екі күннің бірінде сары портфельді салақтатын, қала қайдасың деп, тартып бара жатқаның.

Сенбінің кешінде үйге кетіп, мұнда бүгін оралсам, биллиардшы достарым ұясын аю талқандан кеткен арадай гу-гу етеді.

— Ойбай, осында тынығуға жалғыз қолды біреу келіпті, биллиардты ғажап ойнайды! Ұтпаған адамы қалған жоқ...

Жай ғана мықты биллиардшы келіпті десе, мен әрине, таңырқамас едім. Ал мынау өзі жалғыз қолды, өзі мықты биллиардшы. Жалғыз аяқты керемет жүйрік біреу келіпті деген секілді құлаққа сөкеттілеу естіледі. Кім екен деп, көріп - білгенше ынтық болдым.

Сөйтсем, жұрттың өрепкіп, әңгіме етіп жүргендері өзім жақсы танитын, ағарту мекемесінің бірінде үп - үлкен қызмет атқаратын биязы әсем жігіт Халел болып шықты. Meн, бірақ, оның биллиардшы екенін білмейтін ем.

Амандасып болысымен:

— Ау Халел, сені жұрт керемет биллиардшы дейді ғой? Сондай да өнерің бар ма? Мұндағы ойыншыларды жайпап салған көрінесің? — дедім.

Өзінен шашы бұрын қартайған буырыл бас Халел сыпайы ғана күлімсіреп:

— Е, біздікі деген жай ермек қой, — дейді.

— Ермегің мынадай болғанда, ермек емесің қандай? Мүмкін екеуміз ойнап та жіберерміз?

— Еркің білсін.

Міне, біз биллиард ойнайтын бөлмедеміз. Осында тәуір екі ойыншы болса, біріміз деп жүргеннің өзімін. Халелмен күш сынасып көруге ынталы - ақпын. Бірақ жалғыз қолды адам биллиардты соншалық ғажап ойнайды дегенге іштей сене де қоймайтын тәріздімін.

Халелдің оң қолы иық түптен жоқ, бары тек сол қол. Екінші дүние жүзілік соғыспен ол есепті солай айырысқан. Соғысқа бір қолын садақа етіп берген де, шыбын жанын аман алып қалған.

.....
Әңгімелер
Толық

Биология | Аяқ-қолдан қан кетуді оны буындарды бүгу арқылы тоқтату

Аяқ-қолдан қан кетуді оны буындарды бүгу арқылы тоқтату

108. Егер аяқ-қол сынбаған болса, аяқ-қолдағы қан кетуді буындарды бүгу арқылы тоқтатуға болады.

109. Зардап шеккеннің жеңін немесе шалбарын түріп, және қандайда бір материалды түйіп, оны буынды бүккен кезде пайда болатын жарақаттан жоғары орналасқан ойық жерге қойып, сосын түйін үстіндегі буынды қатты күшпен басады. Мұндай кезде жарақатқа қан беретін бүгілген жердегі артерия басылады. Осы аяқ немесе қол бүгілген қалыпта зардап шегушінің денесіне байлайды немесе таңады......
Рефераттар
Толық

Қола қабан

Болған оқиға Флоренциядағы Грандук алаңының төңірегінде, ұмытпасам, Порта-Росса – деп аталатын шағын көше бар. Сол жерде жеміс дүкенінің алдында қоладан тамаша қылып құйған қабанның ескерткіші тұр. Қабанның аузынан мөп-мөлдір салқын су атқылайды. Ескерткіш әбден ескіріп қошқыл тартқан, тек тұмсығы ғана сырлап қойғандай жып-жылтыр. Өйткені қаптаған бала-шаға, үлкен кісі еңкейіп, аузын тосып, су ішкен сайын, әлгі тұмсықтан қолдарымен ұстайтын. Жартылай жалаңаш сүп-сүйкімді балалардың......
Ертегілер
Толық

Тарих | Қола дәуірі Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады. .....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығымен қоғамдық қатыныстары

1.Қоланы меңгеру. Ерте металургия. Қола дәуiрiнде (б.з.б. 2 — 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ. Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола — еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи .....
Рефераттар
Толық

Денсаулықты сақтау – өз қолымызды екенін ұмытпайық

«Денсаулық - зор байлық» - демекші орынды айтылған сөзді жадымызда ұстаймыз. Әрбір адамның денсаулығы – қоғамның байлығы деуге болады. Осы ретте халқымыз «Дені саудың жаны сау» - деген сөзі де тектен-тек айтылмағаны соның дәлелі. Деніміз сауда біздің де күніміз жарық.......
Шығармалар
Толық

Қолғабыс

Менің кішкентай жеті жасар інім бар. Оның аты – Арман. Ол өзі еңбекқор, белсенді, әрқашан көмектесуге дайын тұрады. Арман үлкенге ......
Шығармалар
Толық

Қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқуда жаңа технологияларды қолдану әдістері

Ж.Аймауытов пен А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектерін саралағанда,
олардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдар бір-бірімен ұштасып жататынын байқаймыз.
Мәселен, Ж.Аймауытов балаға тілді үйрету үшін төмендегі шарттарды белгілейді:
1)Басқа пәндерден тіл оқуында айырым болмасын, қайта өзге пәндер тіл үйренуге көмек
етсін; 2) Жан дүниесінде (психологияда) тіл үйрену.......
Баяндамалар
Толық