Абай - дана, Абай - дара қазақта!

Абай - дана, Абай - дара қазақта!
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
4. Дамытпалы поэзия сабағы.
Тәрбие сағаттар
Толық

Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер 2-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кері тригонометриялық функциялар
Сабақ тақырыбы: Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3.7 - кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулерді шеше алу;
Сабақ мақсаттары: кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулерді шеше алады;.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кері тригонометриялық функциялар
Сабақ тақырыбы: Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3.7 - кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулерді шеше алу;
Сабақ мақсаттары: • кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулерді шешу;.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Пияз - табиғи дәрі

Дәстүрлі емшілер ауыз қуысындағы барлық патогенді микробтардан арылу үшін күніне бір рет пияз шайнау жеткілікті дейді. Оны үнемі жеу асқазан - ішек моторикасын түзеуге, дисбактериозды, диарея мен асқазан ауырсынуын жеңілдетеді.
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Қашықтықтан оқытуда онлайн конференцияны ұйымдастыруды пайдалану.

            Алматы облыстық
№15 мектеп-интернатының 
6-сынып оқушысы
Көбейсін Мейрамбектың
«Қашықтықтан оқытуда онлайн 
конференцияны ұйымдастыруды пайдалану»
атты зерттеу жұмысына 
                              
Пікір
 
Оқушы-Ізденуші Көбейсін Мейрамбек « Қашықтықтан оқытуда онлайн конференцияны ұйымдастыруды пайдалану» атты зерттеу жұмысында ең алдымен қашықтықтан оқыту терминдерін зерттеп одан кейін соған


kz
Толық

Сатиралық ертегі: Екі қарақшының бас қосуы

Өткен алып қашты, жұлып кетті заманда екі қарақшы болыпты. Бұл екеуінің істейтін «кәсібі» момын шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай болса, бұларға өздерінше жазаның ауырын беріп, тырнақтап жинағанды етектеп төгетін болды. Дереу сезсе болғаны, қырдағы малын талап алады, қойшы, алғанда атап-атап алатын болды. «Айып» дейді, «шығуым» дейді, «сойысымызға» дейді, осы сияқты етіп, барлық мал да жүдә болды.
Бір күні бұл екеуі кеңесіп:
– Бұдан бұлай мұндай ауыл арасын ұрламайық. Қууды көбейтпейік, кесіп алып қалған соң қосу да қиын ғой. Мұның орнына алыстан ұрлайық. Көз көрмес, құлақ естімес жерден, – деді екі қарақшы.
– Оған ағайындар да қарсы болмас, өздері аман болған соң олар басқаны ұрлап жатса да, үндемейді, – деп, осы ақылды қорытып, қолдағы бар қалған бір-екі қараны оншақты ешкіге сатты. Ұзақ сапарға шықты. Ауыл бұл екеуінен құтылдық деп, қуанысып, олар қалыпты.
Оншақты ешкі бұл екеуінің жол азығы еді, ауылдан бір күндік жерге шыққан соң бір ешкі сойды, біразын жеп, қалған ешкілердің үстіне таңып қояды, өздері бес ешкінің маңымен жүріп отырады. Өздері елсізбен жүріп отырып, бір жарым ай жол жүреді. Ешкі де таусылды. Әйтеуір, ел шетіне келіп қалды. Жапан далада қалмай, осы елді көргеніне өздері де қуанысты. Бұл екеуі аздап кеңеседі, осы елден түсіп, мал-дүние алып қайталық, солай болған соң бірімізге біріміз дыбыстау үшін бұрынғы атымызды атамайық, жаңадан ат қойып алайық, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Момынбай менен Жеті қарақшылардың хикаясы

Ертеде бір Момынбай деген кісі бар екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қаріп-қасыр, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол себепті Құдай тағала бұл Момынбайға аямай үлкен дәулет беріп, мұның төрт түлік малының, алтын-күміс қазынасының қисабы жоқ үлкен бай екен. Ол заманда бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алып, дүнияны құртқан һәм ұрлық-қарлық, залымдықпенен жеті қарақшы атанған бір жеті қу бар екен.
Күндерде бір күн бұ қарақшылар өзді-өзі сөйлеседі. Момынбай һешбір кәсіп қылмайды, құр малын баққаннан басқа. Сөйтсе де, оның дәулеті күннен күнге арта береді. Біз қанша азаптанып, тырыссақ та, Құдайым біздің дәулетімізді арттырмайды.
– Қой, не қылсақ та, амалдап, осы Момынбайды құртып, дәулетін олжа қылайық, – деседі.
Осылайша уағда қылысып, жөні келсе, алдап, жөні келмесе, ұрлап, екі-үш жылдың ішінде-ақ қарақшылар Момынбайдың қисапсыз дәулетін қор қып, тәмам қылады.
Момынбай дәулеттен айрылған соң бұрынғы дос-жарлары, ағайындары һәм мұның малын бағып, қызметін қылып, күнін көріп отырған көршілері мұның қылған жақсылығын ұмытып, алды-алдына бытырап кетеді. Сөйтіп, Момынбай мырза деп дүнияға даңқы шыққан, дүнияға малы сыймаған бай жеті қарақшының арқасында қисапсыз дәулеттен айрылып, ағайын-туғаннан, дос-жардан айрылып, қара лашық тігіп, жалғыз үй қалады. Лашықтың іші толған жас бала, кемпірі болса, ауру, төрт түлік малдан қалған жалғыз-ақ – көк есек. Күндерде бір күн Момынбай бұрынғы дәулетін ойлап, жұрттың қылған қошеметін ойлап, һәм өзінің бұ күндегі халін ойлап:......
Ертегілер
Толық

Нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.5 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
Сабақ мақсаттары: • Нәруыздердің құрылысын білу
• Химиялық қасиеттерін анықтау
• Нәруыздердің тірі ағзалардағы қызметтерін зерттеу
• Нәруыздерді жіктеу ......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық