Қашықтықтан оқытуда онлайн конференцияны ұйымдастыруды пайдалану.
Алматы облыстық
№15 мектеп-интернатының
6-сынып оқушысы
Көбейсін Мейрамбектың
«Қашықтықтан оқытуда онлайн
конференцияны ұйымдастыруды пайдалану»
атты зерттеу жұмысына
Пікір
Оқушы-Ізденуші Көбейсін Мейрамбек « Қашықтықтан оқытуда онлайн конференцияны ұйымдастыруды пайдалану» атты зерттеу жұмысында ең алдымен қашықтықтан оқыту терминдерін зерттеп одан кейін соған байланысты онлайн ресурстарды зерттеген. Зерттеу материалдарын кітаптардан, энциклопедиядан және интернат желісін пайдалана отырып, білімін толықтырған. Оқушы-ізденуші Ашық онлайн ресурстар және MOOC сонымен қатар түрлі онлайн оқытуларын сараптап олардың тиімділігін тексерген.
Жоғарғы көрсетілген жұмыс нәтижелеріне оқушы өз ізденістері арқылы келіп, жұмысын жатық тілде баяндап шыққан. Сондай-ақ оқушы жұмысында өз бетінше дұрыс қорытынды жасай білген.
Осыларды ескере отырып, Алматы облыстық №15 мектеп-интернатының 6-оқушысы Көбейсін Мейрамбек «қашықтықтан оқытуда онлайн конференцияны ұйымдастыруды пайдалану» атты зерттеу жұмысын мектеп оқушыларының ғылыми жоба жарысына ұсынуға әбден болады деп санаймыз.
Абай атындағы
Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің
Математика және ақпараттық жүйелер
Кофедрасының профессоры Искакова Кулпаш Аманогвна
к.Ф.-м.н., профессор
Алматы облыстық
№15 мектеп-интернатының
6-сынып оқушысы
Көбейсін Мейрамбектың
«Қашықтықтан оқытуда онлайн
конференцияны ұйымдастыруды пайдалану»
атты ізденіс жұмысына
Пікір
Көбейсін Мейрамбек қашықтықтан оқытуда онлайн конференциялар мен сабақтардың қалай өтілетіндігін зерттеген. Іздену кезінде оқушы әр түрлі онлайн ресурстармен танысып олардың бір-бірімен айырмашылығын білді, сонымен қатар тегін онлайн ресурстармен тең.
Ізденуші онлайн сабақтарды ұйымдастырудағы ең қарапайым әрі тегін ресур Skip көмегімен онлайн конференцияларды ұйымдастырып көрді.
Көбейсін Мейрамбек іздену жұмысының мазмұны толық, логикалық тұрғыдан жүйелі, сауатты орындалған жұмыс деп есептеймін. Ізденіс барысында оқушы өзінің ізденіу жұмысына бейімділігін көрсетті. Аталған ғылыми-ізденіс жұмысы өзінің тақырыбын толықтай ашып көрсетіледі.
Информатика пәні мұғалімі: Байғазы Арай
Аннотация
Зерттеу мақсат: қашықтықтан оқытудың қазіргі жүйелерінде вертуалды конференцияны қолдаудағы ерешеліктерін айқындау және талдау.
Зерттеу негіздері: зерттеу нәтижелері білім беруді ақпараттандыруды жетілдіруге, оның ғылыми-теориялық негіздерін дамытуға, орта мектепте оқу үдерісін модельдеуге, вертуалды білім беру ортасын құруға мүмкіндік жасайды. Ақпараттық және коммуникациялық қолданысқа негізделген пәндер бойынша оқушылардың ақпараттық білімін қалыптастыруды ұйымдастыру ерешеліктері, сонымен қатар инновациялық педагогикалық технология әдістері сараланды.
Зерттеу әдістері: жинақталған материалдар бойынша графиканы салыстыру, дәлелдеу.
Зерттеу жаңалығы:
- Қашықтықталған білім берудегі вертуалды оқытуды ұйымдастьру
мәселелерін зерттеуге талдау жасалынды.
- қашықтықтан білім беру жүйесіндегі вертуалды конференцияны жүзеге асыру ерешеліктері айқындалды.
Жұмыс нәтижесі: Виртуалдық конференцияны ұйымдастыру; конференцияны әзірлену бір-бірімен байланысты элементтерді ұйымдастыру; мақсат мазмұнын принцип құрылымы әдіс тәсілдері нәтижені жалпыға бірдей оқыту бағдарламаның бірлестігі Қазақстандық және шетелдік тәжірбиені ескеру қашықтықта оқытудың технологиялық негізін әзірлеу.
Қорытынды: қашықтықтан оқытуда онлайн конференциялар мен сабақтардың өткізілі талданады.
Секция информатика
Көбейсін Мейрамбек
Алматы облыстық №15 мектеп интернатының
6-сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Байғазы Арай, Информатика пәнінің мұғалімі
Қашықтықтан оқытуда онлайн конференцияны ұйымдастыруды пайдалану
Өткен ХХ ғасырдағы ақпараттық төңкеріс, ақпараттық әрі сандық жағынан, әрі сапалық жағынан артуы ерекше назар аударуды талап етті. Көтерілген мәселе еліміздегі ғылым мен білім саласындағы дамытудағы басылымдылықтар ретінде білім беруде оқушылардың жеке тұлғалығын қалыптастыруда жаңа талаптар мен міндеттерді қою қажеттілігін көрсетеді.
Қашықтықтан оқытуға сұраныс 80 жылдары Интернет желісінің пайда болуынан бастап көбейе түсті. Виртуалды өмірде біз қатынасамыз, ақпарат қабылдаймыз және сатып алауларды жасаймыз.
Жалпы айтқанда қашықтықтан оқыту – коммуникатифтік технологияның базасы негізінде оқыту, бұл жеке жоспар бойынша және бекітілген жеке оқытушының бақылауымен жүзеге асырылады.
Жалпы аудиторияға арналған бағдарламаларды үйреніп, белгеілі бір салада өзінің қызығушылық ортасын кеңейтуге болады. Сонымен қатар, оқушыларға курсты аяқтап жоғары оқу орнының тиісті дипломын, академиялық дәрежесін немесе сертификат алуға жағдай жасайтын бағдарламалар таратылуда. Интернет арқылы өтетін конференциялар виртуалды бөлмелермен, кітапханалар, факсималды байланыс және ішкі байланыстың белгіленген уақыты: бұның бәрі – қашықтықтан оқыту элементтері болып табылады.
Қашықтықтан оқыту – қашықтықтан білім беру технологиялары — ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы белгілі бір қашықтықта немесе үйренушілер мен педагог қызметкерлерінің арасындағы қашықтықтан байланысты толығымен қамтамасыз етуге негізделген оқыту.
Виртуалды кабинет – жұмыс орнының қызметін балама ретінде атқаратын ақпараттық ортада орналасқан автоматтандырылған бағдарламалық кешен.
Виртуалды білім беру қашықтан білім берумен тығыз байланысты, бірақ, оның шеңберінде ғана қалып қоймайды. Ол күндізгі оқуда оқытушылар, оқушылар және барлық білім алушы объектілер арасында өзара орындалуы мүмкін. Қашықтан оқу технологиясы күндізгі оқу мүмкіндіктерін кеңейтті, бір бірінен қашықтағы оқушыларға, мұғалімдерге, мамандарға сондай-ақ, ақпараттық талаптарға ақпараттық қолжетімділікті жасады.
Виртуалды білім берудің негізгі мақсаты – бұл әр адам баласы үшін өзінің жеке және кәсіби тиімділігін арттыру құралы, ол адамның өзін өзі дамытуына бағытталады.
«Виртуалды оқыту» порталы құрамына электронды кітапхана кіретін, онлайн режимінде бейнеконференцияға қатысуға мүмкіндік беретін виртуалды инфрақұрылым болып табылады. Бұл портал «қашықтықтан оқыту» жүйесімен білім алушыларға білім ресурстарын, виртуалды ортада көрсетілген оқу құралдары мен материалдар ұсынады, оқу орнының білім бағдарламасындағы пәндерді оқуға қосымша мүмкіндіктер ашады.
e-learning технологиясы – бұл оқыту ортасы, оның көмегімен оқу үрдісін жекелеуге болады, оқытудың жылдамдығын таңдауға болады (ақпаратты қабылдаған кезде). Оқушы өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемін көбейту оқу үрдісін ақпараттық технологиялардың арқасында нығайтуға мүмкіндік береді.
«MOODLE» қашықтан оқыту жүйесін енгізу
Қашықтан оқыту білім беру саласында Мемлекеттік саясаттың негізгі қағидасын практикада жүзеге асыруға, арақашықтыққа қарамастан кез келген бұқара топтардың білім алуына мүмкіндік береді.
Қашықтан оқытуды (ҚО) дамыту оқытудың жаңа педагогикаклық әдістері мен формаларының әзірленуін, оқу үрдісінде компьютердің рөлі мен орнын анықтау және оқытушы мен студенттің ролін қарастыру қажеттілігі туғандықтан, оқу іс-әрекетін басқаша ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстандағы қашықтан оқытудың көкейтестілігі «ТМД елдеріндегі қашықтан оқыту: білім беру қажеттілігі мен мүмкіндіктері сараптамасы» жобасы шеңберінде жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша құпталады. Жоба Білім берудегі ақпараттық технологиялар бойынша ЮНЕСКО институты (БАТИ ЮНЕСКО), 34 мемлекеттер-қатысушылардың ішінде БАТИ ЮНЕСКО-ның «focal point» болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігі РБАО-мен бірлесіп Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану саласында ынтымақтастықты басқару туралы ТМД мемлекеттері-қатысушылардың (28–29 мамыр 2002 ж., Алматы қаласы) Білім беру Министрлік Конференциясының шешімін жүзеге асыру ретімен жасалды.
2006 жылдың басынан РБАО жанынан «Modular Object Oriented Digital Learning Environment (MOODLE)» Қашықтан оқыту порталы ашылды. Бұл жоба ЮНЕСКО-ның «Алыс аймақтардың орта мектепетрі үшін ақпаратты-қатынастық технологияларды (АҚТ-ны) пайдаланып қашықтан оқыту» жобасының ауқымында жүзеге асырылады және білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған. MOODLE – қашықтан тиімді оқыту үшін әзірленген бағдарламалардың ашық пакеті. Бұл жүйе осы материалды еркін көбейтуге, көшірмелеуге және таратуға мүмкіндік беретін GPL (General Public Licence) халықаралық рұқсатқа ие.
Тіркелуден өткеннен кейін пайдаланушылар http://moodle.nci.kz порталында мектептің білім беру пәндері бойынша білімдік материалдарға тегін қатынайды, тапсырмаларды орындайды, сынамалық тестілеуден өтеді, әдістемелік көмек алады.
Moodle оқу тапсырмаларын бірлесе отырып шешу үрдісінде оқуды ұйымдастыруға, білім алмастыруға мүмкіндік береді. Moodle-дің бір өзгешелігі қатынас жасауға барынша мүмкіндік береді. Жүйеде мұғалімдер мен оқұшылар арасында жүретін кез келген пішімдегі файлдармен алмасуға болады.
Moodle жүйесі қашықтан оқыту курсының материалы мен осы материалмен жұмыс жасауды ұйымдастыруды көрсетуге арналған аспаптар жиынтығымен жабдықталған. Moodle жүйесіндегі курс бірнеше тақырыпқа бөлінеді. Әр тақырып қысқаша сипаттаудан және тақырыптың кейбір объектілерінен тұрады. Бұл объектілер Moodle жүйесінде курстың ресурстарына және элементтеріне бөлінеді. Ресурсты ақпарат беру тәсілі деп түсінуге болады. Курстың элементі – берілген материалды меңгеруді жеңілдететін механизм.
Moodle жүйесінде келесі ресурстар түрлері көрсетілген:
- Мәтін беті және веб-бет
- Файлға немесе веб-бетке сілтеме
- Түсініктеме және т.б.
Ресурс ретінде өздік меңгеруге, зерттеу жүргізіуге, талқылауға арналған кез келген материал: сурет, аудио және видео файл және т.б. болуы мүмкін.
Moodle жүйесінде сабақ даярлау және өткізуде оқытушы курстың элементтер жиынтығын қолданады: глоссарий, тапсырма, практикум, жұмыс дәптері, сұрақ, форум, чат, wiki, сабақ, тест.
Курстың түрлі элементтерінің үйлестірілуін түрлендіре отырып, оқытушы жаңа материалды меңгерту кезінде оқыту формасын нақты сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкестіріп ұйымдастырады.
Moodle-де мәтінді ұжымдық өңдегіш қызметі бар («Wiki»курс элементі).
«Тестілер» курс элементі оқытушыға сұрақтарды түрлендіре отыра тест құрастыруға мүмкіндік береді:
- Жабық формадағы сұрақтар (көпше таңдау);
- Иә/Жоқ;
- Қысқа жауап;
- Санмен көрсетілген;
- Сәйкестік;
- Кездейсоқ сұрақ
- Енгізілген сұрақ және т.б.
Тестілеу сұрақтары деректер қорында сақталады және қайталанып бір немесе түрлі курстарда қолданылуы мүмкін. Тестілеуден өтуге бірнеше мүмкіндік беріледі. Тест жұмысына уақыт шегі болуы мүмкін. Тест жұмысының нәтижесін мұғалім бағалауы мүмкін және тест сұрақтарының жауаптарын көрсете алады.
Қатынас мүмкіндігі – Moodle-дің жақсы жағының бірі. Жүйеде мұғалімдер мен оқұшылар арасында жүретін кез келген пішімдегі файлдармен алмасуға болады. Қарым-қатынастың үлкен мүмкіншілігі – бұл ақпараттық-білім беру ортада Moodle жүйесіндегі қашықтан оқытуда қатысушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыруда маңызды қатынастық объект болып табылады.
Moodle-нің тағы бір ерекшелігі бұл жүйе әр оқушының портфолиосын жасап сақтай алады. Оқытушы курс шеңберінде кез келген бағалау жүйесін жасап қолдана алады. Moodle студенттердің белсенділігін, олардың желідегі жумысын бақылауға мүмкіндік береді.
Қазіргі мезетте порталда биология, Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарихы, физика, алгебра және т.б. бойынша материалдар бар. Бұл жұмысқа тәжірибелі педагогтар қатыстырылды. Барлық пәндердің мазмұны бағдарламалық материалдың мәні қысқа да нақты етіліп модульдерге бөлінген. Әр модульді меңгергеннен кейін оқушыда өзін-өзі тестілеу мүмкіндігі болады, ал бұл оның материалды қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтауға көмектеседі. Оқу бағдарламасында ұсынылған әдебиетке сілтемелер бар. Сайтқа қатысушылардың сұрауы бойынша «ҰБТ-ға дайындық» айдары ашылған, берілген айдарда тестілеу жүргізілетін пән бойынша қысқаша мәлімет беріледі. Сайтта қазақ тілінде бөлім ашылған. Бұл сайтта оқушылар, ата-аналалар және мұғалімдер үшін ақпарат енгізілген.
Әріптестер арасындағы виртуалды қарым-қатынастың қажеттілігін ескере отырып, сонымен қатар озық тәжірибелерді тарату мақсатымен «Озық тәжірибелер фестивалі», «Фестиваль педагогических идей» жаңа айдары енгізілген. Бұл айдарда Қазақстанның әр жерінен мұғалімдер өздерінің әдістемелік жоспарларын қойып, оқу үрдісінде АКТ-ны пайдалану тәжірибесімен бөлісе алады – бұны мұғалімдердің кәсіби өзін өзі жетілдіру шарты деп қарастыруға болады.
МООС. Қашықтықтан оқытудың түрлерінің бірі – интернетке қосылу мен электронды оқыту технологияларын қолдану арқылы жаппай интерактивті түрде өтілетін оқыту курсы. Оқытудың видео, ауызша оқыту, үй тапсырмасын беру сияқты дәстүрлі оқытуға қосымша ретінде студенттер, мұғалімдер бірлестігін құру мен қолдауға септігін тигізетін жаппай ашық онлайн-курстар пайдаланушылардың интерактивті форумдарын пайдалануға мүмкіндік тудырады.
Көптеген оқу орындарының дәрістерінің бейнежазбасы Интернет желісінде 1990 жылдың аяғында пайда бола бастады, алайда 2010 жылдың басында көрсетіле бастаған жаппай ашық онлайн-курстар студенттер мен оқытушыларға интерактивті түрде байланысуға, сонымен қатар, онлайн режимде емтихан тапсыруға мүмкіндік тудырды. Мұндай сайттар жаңадан бастаушылар мен мамандар сияқты әр түрлі деңгейдегі тыңдаушыларға арналған. Ең танымал жаппай онлайн-курстар мыңдаған студенттерді жинайды.
Open Educational Resourees (OER). Ашық оқыту ресуртары – оқыту, оқу мен зерттеуге қайтадан пайдалануға болатын сандық ақпараттар. Бұл ресурстар авторлық құқық арқылы рұқсат етілмеген ақпараттарды ашық лицензияның көмегімен пайдалануға болады. Контентті жасау мен тарату құралы ретінде тек ашық оқыту ресурстары ғана диплом беру мен студенттерді академиялық және әкімшілік қолдау көрсете алмайды. Дегенмен, ашық оқыту ресурстарының материалдары ашық және қашықтан оқытуға біріктіріледі. Кейбір ашық оқыту ресурстарын таратушылар өздерінің контентінің ашықтығы мен деңгейін жоғарылату үшін әлеуметтік БАҚ-қа қосылуда.
Ашық оқыту ресуртары сандық ресурстардың көптеген түрлерін қамтиды. Оқыту контентіне курстар, курс материалдары, модульдер мазмұны, оқыту объектілері мен журналдар кіреді.
Мұның құралы ретінде ашық оқыту контентін құру, жеткізу, пайдалану мен жақсартуды, қамтамасыз ететін бағдарламалық жасақтамадан тұрады. Жүзеге асыру ресурстарына материалдарды ашық баспаға шығару, контентті өңдейтін интеллектуалды жеке меншікке лицензияны қамтиды. Сонымен қатар, оның құрамына ертегі, баспа материалдары, әдіс-тәсілдерді қамтиды.
Қашықтықтан оқытудағы онлайн ресурстардың түрлері:
- Coursera (www.coursera.org)
- Udacity (www.udacity.com)
- Академия Хана (www.khanacademy.org)
- Открытые курсы MIT ( www.ocw.mit.edu)
- UC Berkley Extention (extension.berkeley.edu/online/)
- Academic Earth (www.academicearth.org)
- Yale Online (www. oyc.yale.edu)
Бұқаралық ашық онлайн курс - жаппай интерактивті түрде өтетін электронды оқыту мен интернет арқылы қолжетімді технологияларды пайдаланатын оқыту курсы қашықтан оқытудың бір формасы болып табылады. Видео, оқу мен үй тапсырмасы сияқты дәстүрлі оқытуғы қосымша ретінде бұқаралық ашық онлайн курстар студенттер, оқытушылар мен ассистенттер ұйымын құру мен қолдауға септігін тигізетін пайдаланушылардың интерактивті форумдарын пайдалануға мүмкіндік тудырады.
Әр түрлі оқу орындарының дәрістерінің бейне жазбасы интернет желісінде 1990 жылдың аяғында пайда бола бастады. Алайда, тек 2010 жылдың басында алғаш рет пайда болған бұқаралық ашық онлайн курстар оқытушылар мен студенттерге интерактвті түрде қарым-қатынас жасап, онлайн түрінде емтихан тапсыруға мүмкіндік туғызды. Мұндай сайттар жаңадан бастағандарға және тәжірибелі мамандарға арналған. Ең танымал бұқаралық курстар мыңдаған студенттерді жинайды.
Батыстың баспасөзі алғаш рет бұқаралық ашық онлайн курстарына 2011 жылы Стэнфорд Университетінің профессоры Себастьян Трун жасанды интеллект туралы тегін курсын табысты оқыған соң назар аударды. 190 мемлекеттің 160 мың азаматы Трунның студенттері атанды. Трунның артынан АҚШ университеттері бірінен соң бірі пайда табу мақсатымен бұқаралық ашық онлайн курстарын өткізуді бастады. Бұқаралық ашық онлайн курстар сандық технологиялардың сәні емес, білім беру жүйесінің құрылымдық өзгерістерінің негізі. Осы күнге дейін бұқаралық ашық онлайн курстар университеттердің дәстүрлі курстарының мұқабасы ретінде, оқытушы мен білім алушылардың аз санынан тұратын қызметіне ақша алып, қайтарымына курсты өткенін растайтын біліктілік сертификатын беретін курс болды. Кейбір жоғары оқу орындары мұндай бағдарламаның негізінде артылай виртуалды кампустарды ұйымдастырды. Мысал ретінде, Ұлыбритания осындай курстарды «Ашық Лондон университетіне» біріктірді. Мұның негізінде Лондон экономика мектебі сияқты дүниежүзіне танымал университеттері жұмыс істейді. Бұл мекемеде орташа бағада бір курсты немесе бірнеше жылын арнап, бакалавр немесе магистр біліктілігін алуға болады. Бұл жүйенің басты жетістігі – студенттер оқу мерзімінің барлық уақытында кез-келген жерде бола алу мүмкіндігі.
Жоғары білім беруде бұқаралық ашық онлайн курстар МІТ өзінің бұқаралық ашық онлайн курстарын өткен соң былтырғы жылдың басты жаңалығы болды. «Сызбатехника және электроника» деп аталатын қатысушылардан ештеңе талап етілмейтін онлайн курс әлемнің кез келген жерінде мекендейтін тілек білдірушілерге ашық болды. Оған 160 елден 155 мың адам тіркелді. Бірақ, оның 7157-сі ғана курсты толығымен аяқтады. Бағдарлама жетекшісі Анант Агравал тыңдаушылардың 5% -ы ғана курсты аяқтағандығы туралы сынға «емтиханның күрделілігі» мен 40 жыл ішінде бұл курсты өтетін студенттердің санына сәйкес келетіндігін атап өтті. МІТ өзінің алған бұқаралық ашық онлайн курсын ұсынған соң АҚШ-тың басұа да университеттері осындай әдісті жүзеге асыру амалдарын жасады. Университтерге бұқаралық ашық онлайн курстарын ұйымдастыруға көмектесетін Coursera коммерциялық компаниясы 2 млн-дай тіркелушілері барын айтып, 30 серіктес-институттармен 200 –ден астам курстарын ұсынды.
Бұқаралық ашық онлайн курстарының болашағы туралы күмәндар бар, сонымен қатар, мүмкіндікері де бар. Бұқаралық ашық онлайн курстарын ұсынатын көптеген университеттер – бұл американдық танымал жоғары оқу орындары, сондықтан университеттің беделі оқыту сапасының кепілі болып табылады. Бірақ, бұл университеттер өздерінің беделін ғылыми-зерттеу институттары ретінде қалыптастырды. Олар білім беру саласында әсіресе, онлайн режимінде оқытуда арнайы тәжірибесі жоқ.
Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ететін елдерде, аудиторлардың тексеруінің бір өлшемі – курс бойынша үлгерімі мен оны аяқтау дәрежесі. Олардың пікірінше, білім алушылар білімге ғана емес, сонымен қатар, оқу орнының беделі үшін тырысады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Полат Е. С. Петров А.Е. Дистанционное обучение: каким ему быть? // Педагогика. - 1999. -№7. -С. 29-34.
- Пидкасистый П.И. Тыщенко О.Б. Компьютерные технологии в системе дистанционного обучения // Педагогика. -2000. -№5. -С. 7-12.
- Околесов О. П. Системный подход к построению электронного курса для дистанционного обучения // Педагогика. -1999. -№ 6. -С. 50-56.
- Полат Е. С. Петров А.Е. Дистанционное обучение: каким ему быть? // Педагогика. - 1999. -№7. -С. 29-34.
- Пидкасистый П.И. Тыщенко О.Б. Компьютерные технологии в системе дистанционного обучения // Педагогика. -2000. -№5. -С. 7-12
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: онлайн, оқыту, білім, мүмкіндік, Moodle, ақпараттық, болады, оқытуда, конференцияны, қашықтықтан, ретінде, бұқаралық, бойынша, қашықтан, курстар, қатар, ұйымдастыруды, зерттеу, Көбейсін, Қашықтықтан