Педагогика | Қазақ елінің қоғамдық ой-санасының даму сипаты

Тәуелсіздіктің көк туы желбірегелі бері тарих қойнауының талай қалтарыстары ашылып, халықтың рухани қазынасының пайдаланылмай келген талай жәдігер мұралары бүгінде кәдеге жарап жатыр. Сондай ұмыт қалған қазынамыздың бірі - ұлттық білім беру мен тәлім-тәрбие мәселесі. Бүгінгі таңда ғылымның қай саласына болсын, жаңаша көзқараспен қарайтын уақыт жетті.
Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды. Патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз мақсаттарына пайдалану үшін жанталасып жатты. Мұжықтарын лек-легімен әкеп төгіп, қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөлге, құмға, тау-тасқа қарай тықсырды. Шекараны нығайта түсу үшін бекіністер салды. Патша өкіметі осы әрекеттерімен ғана шектеліп қалған жоқ, іле-шала жергілікті халықтың тіліне, діліне, дініне шабуылын күшейтті. Халықты бірден үркітіп жібермеу үшін " бұл саясатын " аса сақтықпен жүргізді. Патша өкіметі ең бастысы халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты. "Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін" ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды. " Ислам дініне бой ұрады" деген ниетпен татарларды қазақтарға жолатпауға тырысады.
Патша өкіметі тек орыс мектептерін ғана ашып қойған жоқ, жер-жерлерде қазақ балаларын шоқындырып, оларға орысша ныспы беру рәсімдерін де жасады. Бұның бәрі бүгінгі күж ғана тұрғыдан айтылып отырған шындық.
Халықты тарихынан жаңылдыру үшін бірнеше рет жазу графикасы ауыстырылды. Бұның өзі бүгінге дейін ел тарихын зерттеуге үлкен қол байлау болып отырғанын жасырып, - жабудың қажеті жоқ.
Патша өкіметінің "жымысқы" саясатының нәтижесінде ашылған "орыс-қазақ" мектептерінде оқыған қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының арқасында көкірек көзін ашып, ХХ ғасырдың басында саяси аренаға шықға бастады. ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Қазақ елі қазақша сөйлеуі тиіс

Бір нәрсе көңілге көп үміт ұялатады. Ол Елбасының сөзі. «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» дейді Н.Назарбаев. Осының өз мемлекет басшысының қазақ тілінің орны мен мәнін жақсы түсінетінін аңғартады.
Жалпы, қай халықта да тілдің орны ерекше. Тілсіз халық болмайды. Тіл -халықтың жаны, демі, тынысы іспеттес. Тілдің арқасында ұлт адамы, оның мінез-құлқы, жан-жүрегі қалыптасатындай. Тілі жоғалған халықты ұлт, халық деп атау да артықтау.
Біздің халықтың тілге көзқарасы, оған беретін бағасы ғажап. Оны өмірге перзент әклуші, адам әкелуші, өмірдің нұры мен шуағы — Анаға теңейді. Бұл дүниеде Анадан құдіретті, Атадан қаснетті не бар екен? Ана қандай қымбат болса қазақ үшін қазақ тілі сондай қымбат. Иә, қымбат болуы тиіс. Бірақ, өкіншіке орай олай болмай тұр. Қазақтардың барлығының бойында «Менің тілім — ана тілім, ар-ұятым» деген құштарлық сезім жоқ.
Қазақ тілінің мәртебесі үшін күрес — бұл елдік үшін, тәуелсіздіктің баянды болуы , үшін күрес. Тіліміз арқылы ғана жүзіміз жарқын, еңсеміз биік.
Қазіргі күні бұқаралық ақпарат құралдарының, онда да электронды ақпарат құралдарының пәрмені ерен. Теледидар көрмейтін адам жоқ. Үлкен де, кіші де телміріп «көк сандықтың» алдында отарғаны. Әңгімеге тиек болып отырған мемлекеттік тілді орнықтыруда теледидардың да алатын орны ерекше. Өзіміз «қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» дейміз. Дұрыс талап. Бірақ, осылай дегенімізбен бір-бірімен орысша сөйлесіп отырған қазақтарды теледидардан жиі көріп қолымыз. Яғни, сөзіміз бен ісіміз бен бірлік жоқ. Әлгідей көріністердің теледидар бетіне жоламауына жоғарыдан да, төменнен де күш салынуы керек. Есесіне бірте-бірте орысша хабарлардың саны азая беруі тиіс. Мұны айтып отырғанымыз елімізде жергілікті халықтың саны жылдан-жылға өсіп келеді. ....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | ҚАЗАҚ ГОВОРЛАРЫНДАҒЫ КІРМЕ СӨЗДЕР

Қазақ говорлары тек көне замандағы ру, тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып калған байырғы, дәстүрлі сөздер мен тұлғалардан құралмайды. Оның ішінде кейінгі замандарда, тіпті кеше ғана, Ұлы Октябрь революциясынан кейін, пайда болған сөздер де бар. Осы кейінгі замандарда келіп қосылған диалектілік ерекшеліктердің бірсыпырасы — көрші тілдерден ауысып келген сөздер мен тұлғалар. Қазақстан жері бірнеше халықпен шекаралас жатыр. Олардың бірқатарының тілі туыстас та, кейбіреулері басқа типологиялық тілдер тобына жатады. Қазақ халқының көршілес елдермен ерте кезден-ақ тығыз қарым-қатынас жасап, олармен аралас-құралас отырғандығы белгілі. Бұл жағдай қазақ тілі құрамына әсер етпей қойған жоқ. Көрші халықтың тілі арқылы тілімізге ауысқан сөздер мен тұлғалар әсіресе Қазақстанның шет аймақтарында көп кездеседі. Мысалы, Өзбекстанмен шектес жаткан Шымкент облысы тұрғындарынын тілінде өзбек тілінен енген сөздер көп. Қырғызстанмен- шектес жатқан Жамбыл облысының оңтүстік аудандарында қырғыз тілінен енген сөздер бар. Жетісудын шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр сөзі араласса, батыс қазақтарының тіліне татар, ноғай, башқұрт сөздері қосылып кеткен.
Ал орыс, араб, иран тілдерінің әсері барлық говорларда да байқалады, бірақ әсер ету дәрежесі барлық жерде бірдей емес. Араб, иран тілдерінің элементтері солтүстік-батыс не шығыстан гөрі оңтүстік аймақтарда көбірек ұшырайды. Орыс тілінен енген сөздер әсіресе солтүстік-батыс және шығыс аймақтарды мекендеген тұрғындардың тілінде көбірек кездеседі.
Орыс тілінен енген сөздер. Орыс тілінен енген немесе орыс тілі арқылы говорларға енген сөздердің дыбыстық жағынан қабылдануы олардың әдеби тілдегі сипатымен бірдей емес. Егерде әдеби тілдегі орыс тілінен енген бәтеңке, сот, пұт сиякты бірен-саран сөздерді есепке алмағанда, айтылуы мен жазылуы жағынан орыс тіліндегі нұсқасын сақтаса, говорларда олар ауызекі тілдің дыбысталу ыңғайына сәйкес біраз өзгеріске түсіп айтылады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қазақ ағартушылары

Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда дүниеге келді. Бұл Батыс Еуропада феодалдық құрылым тоқырауға тіреліп, зиялы қауымның дамуға жаңа бағыт ціздеген кезі болатын. Ағартушылар мақсаты жоғарыда айтылғандай – сауат ашу, білім тарату. Әрине бұдан келіп Батыс елі ХҮІІІ ғасырда сауатсыз болды деген пікір тумаса керек. Ол кезде сауаттылар да, ғалымдар да болды. Бірақ олар тек үстем тап өкілдері еді. Олар мен қалың халық арасындағы алшақтық орасан болатын. Халық тегіс сауатсыз болғандықтан ағартушылар сол қалың елді, бұхараны сауаттандырып, көзін ашпақ болды. Сондықтан, олар қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына кезінде тиімді әсер етті. Егер ҮХІІІ ғасырдың аяғында Ұлы Франция революциясы «Бостандық, теңдік, бауырластық» деп ұранмен көтерілген болса, оның бірден-цбір түрткісі болған ағартушылар, француз философтары еді.
А) Қазақстан жеріндегі ағартушылық, негізінде, ХІХ ғасырда өріс алып, тарады. Бірақ, қазақ елінің Батыс елдерінен үлкен айырмашылықтары бар еді. Қазақ арасында үстем таптар мен кедейлер арасында сауаттылық жағынан айырмашылық аз болды. Бәрі дерлік бірдей сауаты кем болды. Бұл бір, екіншіден, қоғамдық санасы, бостандығы жағынан да айырмашылық күрделі болмады. Сөз бостандығы қазақ арасында күнделікті әдет еді. Дегенмен, қазақ елінің өзіндік проблемалары болды. Ол ел бірлігін сақтау, қазақ жеріне сырттан келіп, қол сұғушылыққа, отаршылдыққа халықтың наразылығын арттыру, көзін ашу, елді еңбекке, білімге шақыру. Сондықтан қазақ жеріндегі ағартушылықты екі бағытта алып қараған жөн. Біріншісі, бұл бір жағынан патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп-төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, ақшалы тауар қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды. Өкілдері: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкейұлы (1843-1906), Оларға дейінгі Бұқар жырау (1668-1781), Ақтамберді жырау (1675-1768) тағы басқалар.
Тоталитарлық тәртіп кезінде оларды патриархалдық өмірді көксеуші, Ресейге қарсы болған кертартпа идеология, «Зар заман» өкілдері деп қарады. «Зар заман» деген Шортанбайдың бір толғауы солай аталатын. Сондықтан, олардың аттары аталмайтын, толғаулары тарихтан сызылып тасталған еді. Байқап қарасақ, олардың елді кері тартпақ болған идеологиялары емес, қайта қазақ жерінің тағдырын ойлап, елге ұран тастап, А.И.Герценнің «Колокол» («Қоңырау») газеті сияқты халықтың санасын оятпақ болған екен. Олар екі жүзділік, зұлымдық, арамдық сияқты құбылыстар өмір салтына айналуда деп қынжылады. Екіншісі, Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық қозғалыс. Олар қазақ халқын оқуға, білімге, кәсіпкерлікке, еңбектенуге шақырды. Ескі зиян салттарды сынады. Сөйтіп, бұл бағыттың әдістері әрқилы болғанмен, түпкі мақсаттары бір – елді прогреске ұмтылдыру болды.
Дулат Қазақстан жеріне еніп жатқан тауарлы-ақша қатынастарының халық мінез-құлқына, салт-санасына тигізген керағар әсерін былай толғап сынады:
Мынау азған заманда,
Қарасы – антқор, ханы арам,
Батыры көксер, басы аман,
Бәйбіше – тантық, бай – сараң,
Боз баласы – бошалаң,
Қырсыға туды қыз балаң. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі

Бұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды. ....
Рефераттар
Толық

Дінтану | ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ

Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» /1/ — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады... /2/ ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Орыс шаруалардың Қазақстанға қоныс аудару

Осындай жағдайда Ресей үкіметі, біріншіден, ішкі губерниялардағы әлеуметтік тоқуларды әлсірету және жер мәселесін өзінше шешу үшін орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудартуға ұйғарды.
Екіншіден, шаруалардың бір бөлігін ұлттық аудандарға көшіре отырып, патша үкіметі өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.
Әуелгі кезде патша үкіметі қазақ өлкесін әскери, яғни казак – орыс отарлауымен шектелді. Ресейдің отарлық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту ХIX ғасырдың 60-жылдарының ортасында басталды. XIX ғасырдың 70-жылдарынан Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Сырдария, Торғай облыстарына орыс-украин шаруаларын қоныстандыру жаппай етек алды. Жетісу облысының губернаторы Г.А. Колпаковскийдің ұсынысына сай, 1868 жылы жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы жаңа ереже қабылданды. 1883 жылға дейін күшін сақтаған бұл құжатқа сәйкес жан басына 30 десятина мөлшерде жер берілді, бірқатар басқа да жеңілдіктер қарастырылды. ....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тілінің фразеологиясы

Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады.Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады.Екіншісі- бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды.Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім.Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар.
Олар: 1. даяр қалпында жұмсалу белгісі
2. мағына тұтастығы
3.тіркес тиянақтылығы
1.Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады.Оның сыртқы құрылым- құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де,сол қалпында сөйлемнің құрылымына енеді.Демек, фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз тіркестерінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі екенін көреміз. ....
Рефераттар
Толық

Философия | Қазақ философиясы

Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Зерттеу тақырыбы: «Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері» деп аталады. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде философтардың тарихи логикасына жету жолында пайда болды. Сонымен қатар сол кездегі қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін біздер үшін, үлкен сын сағат туғандай.
Тақырыптың өзектілігі:
Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында руханиет саласында орасан зор әрі қасиетті мақсат – халық рухын, оның өзегі – ұлттық философияны жаңғырту немесе қайтадан қалпына келтіру мақсаты тұрған еді. Қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен де, мәдени қайта өркендеусіз, Қазақстан өркениетті елдер қатарына еш қосыла алмайды. Біздер ауызша да, жазбаша да «рухы күшті халық», «рухани биік халық» деп бағалаймыз. Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға тікелей қатысы бар басқа да қасиеттер болуы мүмкін. Қалай болғанда да олардың қазақ халқының тұтастығынан туындайтындығына күмән келтіруге болмайды. Оны бейнелейтін, санасына сіңіретін адам.
Зерттеліп отырған тарихи кезеңдегі және алға қойылған мақсат негізінде төмендегідей міндеттер бейнеленеді:
- Зерттелмеген жақтарын ашу. Бүгін де осының дұұрыстығын анықтау;
- Деректемелер мен әдебиеттерді топтастыра отырып, әр әдебиеттерге сыни көзқарас тұрғысынан қарай отырып, қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету.
Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшыладардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері, көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, келелі ақын мен сезімге негізделген ойлары баршылық. Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне басқадай алғышарттардың бастысы болып, мифологияның, діннің халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізген әсерлері толыққанды да ерекше сипатталған. ....
Рефераттар
Толық

Философия | Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері

Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Зерттеу тақырыбы: «Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері» деп аталады. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде философтардың тарихи логикасына жету жолында пайда болды. Сонымен қатар сол кездегі қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін біздер үшін, үлкен сын сағат туғандай.
Тақырыптың өзектілігі:
Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында руханиет саласында орасан зор әрі қасиетті мақсат – халық рухын, оның өзегі – ұлттық философияны жаңғырту немесе қайтадан қалпына келтіру мақсаты тұрған еді. Қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен де, мәдени қайта өркендеусіз, Қазақстан өркениетті елдер қатарына еш қосыла алмайды. Біздер ауызша да, жазбаша да «рухы күшті халық», «рухани биік халық» деп бағалаймыз. Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға тікелей қатысы бар басқа да қасиеттер болуы мүмкін. Қалай болғанда да олардың қазақ халқының тұтастығынан туындайтындығына күмән келтіруге болмайды. Оны бейнелейтін, санасына сіңіретін адам.
Зерттеліп отырған тарихи кезеңдегі және алға қойылған мақсат негізінде төмендегідей міндеттер бейнеленеді:
- Зерттелмеген жақтарын ашу. Бүгін де осының дұұрыстығын анықтау;
- Деректемелер мен әдебиеттерді топтастыра отырып, әр әдебиеттерге сыни көзқарас тұрғысынан қарай отырып, қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету.
Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшыладардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері, көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, келелі ақын мен сезімге негізделген ойлары баршылық. Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне басқадай алғышарттардың бастысы болып, мифологияның, діннің халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізген әсерлері толыққанды да ерекше сипатталған.....
Рефераттар
Толық