Педагогика | Қазақ елі қазақша сөйлеуі тиіс

Педагогика | Қазақ елі қазақша сөйлеуі тиіс

Қазақ елі қазақша сөйлеуі тиіс

Бір нәрсе көңілге көп үміт ұялатады. Ол Елбасының сөзі. «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» дейді Н.Назарбаев. Осының өз мемлекет басшысының қазақ тілінің орны мен мәнін жақсы түсінетінін аңғартады.
Жалпы, қай халықта да тілдің орны ерекше. Тілсіз халық болмайды. Тіл -халықтың жаны, демі, тынысы іспеттес. Тілдің арқасында ұлт адамы, оның мінез-құлқы, жан-жүрегі қалыптасатындай. Тілі жоғалған халықты ұлт, халық деп атау да артықтау.
Біздің халықтың тілге көзқарасы, оған беретін бағасы ғажап. Оны өмірге перзент әклуші, адам әкелуші, өмірдің нұры мен шуағы — Анаға теңейді. Бұл дүниеде Анадан құдіретті, Атадан қаснетті не бар екен? Ана қандай қымбат болса қазақ үшін қазақ тілі сондай қымбат. Иә, қымбат болуы тиіс. Бірақ, өкіншіке орай олай болмай тұр. Қазақтардың барлығының бойында «Менің тілім — ана тілім, ар-ұятым» деген құштарлық сезім жоқ.
Қазақ тілінің мәртебесі үшін күрес — бұл елдік үшін, тәуелсіздіктің баянды болуы , үшін күрес. Тіліміз арқылы ғана жүзіміз жарқын, еңсеміз биік.
Қазіргі күні бұқаралық ақпарат құралдарының, онда да электронды ақпарат құралдарының пәрмені ерен. Теледидар көрмейтін адам жоқ. Үлкен де, кіші де телміріп «көк сандықтың» алдында отарғаны. Әңгімеге тиек болып отырған мемлекеттік тілді орнықтыруда теледидардың да алатын орны ерекше. Өзіміз «қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» дейміз. Дұрыс талап. Бірақ, осылай дегенімізбен бір-бірімен орысша сөйлесіп отырған қазақтарды теледидардан жиі көріп қолымыз. Яғни, сөзіміз бен ісіміз бен бірлік жоқ. Әлгідей көріністердің теледидар бетіне жоламауына жоғарыдан да, төменнен де күш салынуы керек. Есесіне бірте-бірте орысша хабарлардың саны азая беруі тиіс. Мұны айтып отырғанымыз елімізде жергілікті халықтың саны жылдан-жылға өсіп келеді. Қазақ мектептерінде оқитын балалардың саны да орысшасына қарағанда әлдеқайда көп. Теледидарда қабарлар ұйымдастырылғанда осы жағдаяттардың да ескерілгені дұрыс. Қазақ айтпай ма: «дүние кезек» деп. Сол айтылғандай елде кешегі уақыттары орыс тілінің екпіні басым болса, енді тәуелсіздік арқасында әр мемлекеттегі Ұлттардың ара салмағына сәйкес қазақ тілінің үні басымырақ Шығатан уақыт келді. Осы сәтті жіберіп алмау — қазққа сын.
Қазақ тілінің бойы мейірімге, жылыдыққа толы. Мұны өмірден көріп жүрміз. Қазақ мектебін бітірген баланың ата-ананы, үлкенді сыйлауы, жалпы тербиесі орыс мектебін тамамдаған құрбы-құрдасына қарағанда ішін жылитындай. Баласын орыс мектебінде оқытқан кейбір ата-аналардың өкінішін естіп жүрміз. «Қаталдау, тік, бірбеткей өседі екен. Бекер орыс мектебіне беріппін дейді аһ ұрып. Бүгінгідей техниканың технологияның дамыған заманында орыс тілін, басқа да тілдерді үйрену ешқандай қиық емес. Сондықтан қазақ ата-анасы баласының қазақ тілінде білім, тәрбие алуына, ана тілінде сусындауына кеңіл бөлгені абзал болар еді.
Мемлекеттің қолында күш мол. Мемлекет қазақ тілін нығайту жайлы біле түре, шыңдап қолға аласа көп жетістіктерге жетуге болады. Тілге байланысты біздің елде қолға алынған оңды бір іс бар. Ол тиіп кесте бойынша облыстардағы ісқағаздарының мемлекеттік тілге көшірілуі. Өте құптарлық-ақ. Дегенмен, осы мемлекеттік маңызы бар іс мемлекет тарапынан қатаң қадағаланып, бақыланып отырғанына күдік келтіре бересің. Бұлай дейгінінің, ісқағаздары қазақшаға көшірілген жерлердің өзінде мемлеттік тілдегі құжат айналымының үлес салмағы 100 пайызды құрап отырған жоқ. Кейбір облыстарда 30-37 пайыз көлемінде ғана. Сонда қалай, біз өзімізді өзіміз алдарқатып жүргеніміз бе?
«Заңға ғана бағынып өмір сүрейік» деп жүрміз. Жөн-ақ далік Ал, егер сол заңыңыз мемлекеттік тілдік адымын аштырмау жағында болса ше? Мұндай заңға қолдау білдіре аламыз ба? Әрине, жоқ. Мәселен Ата Заңымызда ұлтаралық қатынас тілі дейтін орыс тілін мемлекеттік тілмен қатар қолданады деп шегелеп тастадық. Осы тіркес алынып тасталуы, Мемлекеттік тілдің жанына әлдебір тілді әкеліп, қосақтап қойғанымыз жарамайды. Мемлекеттік тілдің өз биігінде, өз шыңында тұлғаланып тұрғаны – қазаққа абырой.
Қазақ тілінің көсегесін көгертетін екінші күш — Бұл халықтың өзі. Баланы қазақша оқыту керек. Қазақ пен қазақ қазақша сөйлеуі қажет. Біз басқа халықтан кем бе едік?» дейтіндей ұлтта намыс, ұят болғаны жөн.
Қазақ-тілінің жер бетіндігі қандай да тілдерден еш кемдігі жоқ. Қайта артық жақтары болмаса. Өмірге келген қандай да ұлт өз тілінің биік болуын, қор болмауын қалайды. Себебі, адам өмірге бір-ақ рет келеді. Екі қайтып келмейді. Бір рет келетін ғұмырда өз жерінде өмір сүру, өз тіліңмен өмір сүру бақыт емес пе? Егер осы жолда біреулер кедергі жасағысы келіп, жолына кесе-көлденең тұрып алса ондайлармен күресу, берілмеу міндет емес пе? Жоқ, әлде қарсылық танытпай, әлдекімдердің айдауында жүре бересіз бе? Бұлай істесек сонда біздің кім болғанымыз? Әркімдер домалатып, теуіп кете беретін ала доп болудан сақтасын.
Халық үшін ең қасиеттінің бірі — жер. Біздің бабаларымыз осал емес. Артына, ұрпағына ұланғайыр жер қалдырып кетті. Өмірде жер иемденуден артық иемденуден қиын шаруа болмас. Тілді игеру жер иемденуден гөрі жеңіл. Дүниежүзі бойынша жерінің көлемі жағынан тоғызыншы мемлекет екенбіз. Мұндай басты Алла Тағала әр халыққа бұйырта бермеген. Қазақтың маңдайына жазған. Осы байтақ жеріңізде өз тілімізде сөйлеп, өз әдет-ғұрпынызбен өз тәрбиемізбен өмір сүрсек бізге біреу қой дей ме? Қазақстан атты шаңырағымыздың шаттыққа иенелуі, адамдарының жүзі жарқын тіршілік етуі—бәрі де өз қолымызда. Мемлекет тілі шын мәнінде өз тұғырына көтерілмей жатса оған кінәлі өзіміз. Өзіңді өзің қорғамасаң, өзіңе өзің жанашырлық танытпасаң басқа сені қайтсін. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру