Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды......
Құрметті отағасы! Ердің жасы – 50 жасқа келген мерейлі сәтің құтты болсын!
Өмір көшін біз бірге бастап едік, қалыпсың сен де 50 жасқа келіп, - ұл-қыз тәрбиелеп, жарыңды аялап, ата-анаңды қастерлеп, әкелік, жұбайлық, перзенттік парызыңды адал атқарып....
70 жасқа толған мерейтойыңыз қайырлы-құтты болсын. Сіз елу жылға жуық отасқан жұбайыңыз Клара Уәхитқызымен өнегелі өмір сүріп, бақыттың бағында ұл-қыздарыңыздың қызығы мен қуанышына, немере, жиендеріңіздің сүйіспеншілігіне бөленіп, ағайын-туыс ортасындағы алтын көпірдей қадірлі қалыптарыңызды сақтап келесіз. Еңбекте де қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып-ақ жүрсіз. Жүрегіңізге Алланың нұры құйылып, зор денсаулықпен жасай беріңіз.
Сізді бүгінгі есте қаларлық ереулі мерекеңізбен – өте әдемі әрі мәнді 55 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Осындай қиын әрі қызық қызмет-міндетіңізде Сізге қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын, сондай-ақ ............ жұмысын ең жоғары дәрежеге.....
Барлық ғалымдар сияқты лингвистика ғылымының негізін оның ұғымдар жүйесі қалайды. Сондықтан тіл дамыту сол тілдік ұғымдардың қалыптасуына байланысты. Оқыту үрдісіне ұғымдардың пайда болуы мен құрылысы, олардың материалдық дүниесінің заттарымен, құбылыстармен байланыстарын ашу – мұғалімнің бірден-бір міндеті. Тіл білімінигертудің мақсатын оқу бағдарламасында "...тіл ұстарту, тіл дамыту, тіл ширату, логикалық ойды кеңейту, дамыту жұмыстарында тілден алған теориялық материалды дұрыс пайдаланады", - деп атап көрсетеді. Қандай да болмасын білімді игеру, тынымын кеңейту, соның ішінде лингвистикалық білімді игеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастырып, тілін дамыту ойлау амалдары негізінде қалыптасады. Сол себепті тілді оқып үйрену грамматикалық ұғымды қалыптастыру мен оны терең танымдық дәрежеге жеткізуден, тіл заңдарын, анықтама, тұжырым, нормаларды түсініп, дәлелдей білуге үйретуден және оны нақтылы іс-әрекетке, жаттығу, орындауға қолдана білуден тұрады. Оқушы айнала қоршаған шындықты сөз ұғымы арқылы бейнелейді. Ұғымды қалыптастыру арқылы ой әрекетін жүргізеді де, оны тіл арқылы жеткізеді. Олай болса, баланың тілін дамыту үшін, ең алдымен, тілдік ұғымдар қалаптастырылады. Табиғатты кез-келген зат, құбылыс, заңдылық болсын ол оқушыға дұрыс жетуі және түсіндірілуі үшін мұғалімнің өзі олармен жете таныс әрі оның қасиеттерінен жан-жақты хабардар болуы керек. Сонда ғана шындық дүниенің заттары мен құбылыстары туралы бала дұрыс түсініктер алып, ол туралы ой түзеді. Мұның өзі бала ойының жетілуі мен тілінің дамуына игі әсер етіп, алған таным білімдерін әрі қарай толықтырып, ұштап жол ашады. Әр-бір оқу пәні бір-бірімен өзара байланысты ғылыми ұғымдар жүйесін қамтиды. Оқушылыардың жалпы сан бойынша білімдерінің сапасы олардың ұғымдар жүйесін меңгертуіне байланысты. Ал тілдік ұғымдар жүйесін меңгеру – тілдік қарым-қатынас құралы ретінде игерудің негізі. Ұғым деп қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың қасиеттері мен маңызды белгілерінің жалпыланған логикалық сипаттамасын түсінеміз. Н.И.Кондаковтығ "Логикалық сөздігіне" ұғымды былай анықтайды. "Ұғым зерттелінетін нысанның жалпы, сонымен бірге, мәнді белгілері, негізгі игі түйіні болатынбарлық айрықша сипаттары туралы түсінік, мәліметтердің тұтастай жиынтығы туралы пайымдар" Ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен теорияларды саналы түрде білу мүмкін емес, өйткені олардың өзі ұғымдар арасындағы байланыстарды білдіреді. Сондықтан ұғым–материалдық шындықты бейнелейтін ойлау нұсқаларының бірі болып табылады. Сөйлеу ұғымдар негізінде жүзеге асады. Дәлірек айтқанда ұғымдар жүйесі сөйлеудің материалы болып табылады. Сондықтан сөйлеуді дамыту дегеніміз ұғымдар жүйесін меңгерту болып шығады.....
Бір нәрсе көңілге көп үміт ұялатады. Ол Елбасының сөзі. «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» дейді Н.Назарбаев. Осының өз мемлекет басшысының қазақ тілінің орны мен мәнін жақсы түсінетінін аңғартады. Жалпы, қай халықта да тілдің орны ерекше. Тілсіз халық болмайды. Тіл -халықтың жаны, демі, тынысы іспеттес. Тілдің арқасында ұлт адамы, оның мінез-құлқы, жан-жүрегі қалыптасатындай. Тілі жоғалған халықты ұлт, халық деп атау да артықтау. Біздің халықтың тілге көзқарасы, оған беретін бағасы ғажап. Оны өмірге перзент әклуші, адам әкелуші, өмірдің нұры мен шуағы — Анаға теңейді. Бұл дүниеде Анадан құдіретті, Атадан қаснетті не бар екен? Ана қандай қымбат болса қазақ үшін қазақ тілі сондай қымбат. Иә, қымбат болуы тиіс. Бірақ, өкіншіке орай олай болмай тұр. Қазақтардың барлығының бойында «Менің тілім — ана тілім, ар-ұятым» деген құштарлық сезім жоқ. Қазақ тілінің мәртебесі үшін күрес — бұл елдік үшін, тәуелсіздіктің баянды болуы , үшін күрес. Тіліміз арқылы ғана жүзіміз жарқын, еңсеміз биік. Қазіргі күні бұқаралық ақпарат құралдарының, онда да электронды ақпарат құралдарының пәрмені ерен. Теледидар көрмейтін адам жоқ. Үлкен де, кіші де телміріп «көк сандықтың» алдында отарғаны. Әңгімеге тиек болып отырған мемлекеттік тілді орнықтыруда теледидардың да алатын орны ерекше. Өзіміз «қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» дейміз. Дұрыс талап. Бірақ, осылай дегенімізбен бір-бірімен орысша сөйлесіп отырған қазақтарды теледидардан жиі көріп қолымыз. Яғни, сөзіміз бен ісіміз бен бірлік жоқ. Әлгідей көріністердің теледидар бетіне жоламауына жоғарыдан да, төменнен де күш салынуы керек. Есесіне бірте-бірте орысша хабарлардың саны азая беруі тиіс. Мұны айтып отырғанымыз елімізде жергілікті халықтың саны жылдан-жылға өсіп келеді. ....
Күнделікті өмірде дене шынықтыруды сүйетін жандар өте көп. Әлемде және елімізде болып жатқан спорт жаңалықтарын асыға күтіп, қазақстан спортшыларының тілеуін тілеп, спортқа байланысты кез келген ақпаратқа елеңдей жүретін жанкүйер оқушылар қауымы мектебімізде жылдан — жылға артып келеді. Осыншама халықты ұлты....