Музыка | Қазанғап күйші

Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.
Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады.
Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» - деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | КІШІ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ

“Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол — саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын. 1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі — “Кіші Қазан” науқаны болды. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам салды. Голощекин мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс өктемдік етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір сүруде деп көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың негізгі байлығы мал болып есептелетін. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі талабы жайылымдықтарға ие болу еді. Малы жоқтарға жайылым да қажет емес, керісінше, малы барларға ғана жайылым керек болды. Сондықтан да байлар рулық меншік деп есептелетін жайылымдар мен шабындықтардың иесі болатын. Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны түсінуге өресі жетпеген Голощекин мен оның жандайшаптары қазақ байларына қарсы күресті малды бөліп беруден емес, жерді қайта бөлуден бастады. Бұл қате науқан 1926 ж. 20 мамырда қабылданған “Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы негізінде басталды.
Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың маусым және шілде айларында басталды. 1927 жылы өткен VІ Бүкілқазақтық партия конференциясындағы баяндамасында Голощекин бұл науқан барысында 319.516 қожалықтың 2387.384 десятина жері бөліске салынғанын айтты. Дәл осы конференцияда былай деді: “Біз маңызын әлі өзіміз де ұға қоймаған орасан зор науқанды өткердік — бұл жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлу. Жайылымдық жерлерді қайта бөлу дегеніміз не? Бұл дегенің Кіші Қазан болып табылады. Бұл 2-ші пленумда Сәдуақасов қарсы айқай көтерген нәрсе, бұл Кіші Қазанның дәл өзі. Біз шын мәнінде, іс жүзінде жерге мүдделілік негізінде кедейді байдың жерін тартып алуға зорлай және көмектесе келе, кедейді баймен қақтығыстырдық. Бұл ауылдағы тап күресінің нағыз өзі”. Байқап отырғанымыздай Голощекин 1926—1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” деп атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды. Оны біз мына ресми мәліметтен де айқын көреміз: “Қайта бөлуді өткізу бірқатар қиыншылықтарға кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді — олар көзбен, доңғалақтардың айналымымен, адамдардың және аттардың адымдарымен, арқанмен және т.с.с өлшенді; байлар оған қарсыласып, әр түрлі өсек-аяңдар таратты, уәкілдерді және жасырылған жайылымдарды көрсеткен кедейлерді соққыға жығып тастаудың бірқатар жағдайлары болды ....
Рефераттар
Толық

Биология | Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

Жара ауруы - өршу кезінде жараның асқазанға, он екі елі ішекке қайталанып түсуімен өрбитін асқазан – он екі елі ішек аймағының ауруы.
Этиологиясы: Асқазан жарасының 90%- да және он екі елі ішек жарасының 100%- да НР табылады. НР- дің үйреншікті мекендейтін жері- асқазанның антральдік бөлігі. Ұлтабарды мекендеген НР жүре келе жараның, эрозиялардың дамуына әкеледі. НР-ді емдеп жойса, асқазан мен он екі елі ішектің моторикалық бұзылыстары азаяды, гастринемия төмендейді, қабыну процесі жойылып, жаралар тез жазылады және оның қайталануы тоқтайды.
Жара ауруының дамуында НР- мен бірге өзге факторлардың да қатысы бар, мәселен никотиннің, алкогольдің әсерлері, өткір тағамға әуесқойлықтың, гастропатиялық әсерлі дәрмектердің (аспирин, индометацин, резерпин).
Соңғы кезде жара ауруының дамуына бейімдейтін тұқым қуалайтын факторларда әсер етеді. Бұл факторлар:
- қанның О (I) тобы, мұндай адамдардың асқазанның кілегей қабығында НР- ге рецепторлардың саны көп болады деген пікір айтылуда; қаны I топты адамдарда жара ауруы 35%-ға жиі кездесетіні анықталған.
- Асқазанның кілегей қабығында агрессиялық факторлардан қорғайтын заттардың тапшылығы: а1- антитрипсиннің, фукогликопротеиндердің т.б;
- Париетальды және тыстаушы жасушалар санының көптігі және соған байланысты тұз қышқылы мен пепсин секрециясының жоғарылығы;
- Гастриннің тамақ ішуге байланысты секрециясының шамадан артық жоғарылау ерекшелігі;
- Дерматоглификаның жара ауруында кездесетін ерекшеліктері.
Патогенезі. Жара ауруы- бір емес, бірнеше агрессиялық факторлардың бірлесуінен және кілегей қабықтың қорғаныс қасиетінің төмендеуінен дамиды.
Жара ауруының дамуында басты роль атқаратын- НР. Асқазанға түскен НР антральдік бөлікті мекендеп, созылмалы қабыну процесін қоздырады және кілегей қабықтың қорғаныс қасиетін төмендетеді.Осы процестердің салдарынан асқазан моторикасы тездетіліп, ішіндегі қышқыл зат ұлтабарға тез түсіп, ұлтабарды қышқылмен тітіркендіреді. Сонымен қатар гипергастринемияны туындатып, асқазан сөлінің агрессиялық қуатын күшейтеді.
Пилородуоденальдік жаралардың дамуында маңызды роль атқаратындар- гиперсекрецияның әсерінен кілегей қабықтың тұз қышқылымен және пепсинмен үнемі зақымдануы. Мұндай жағдай гиперваготонияда, гипергастринемияда, асқазанның басты бездерінің гиперплазиясында және ұлтабардың қуысында сілтілендіру механизмнің жетіспеушілігінде болады.
Ұлтабар қуысында қышқылдықтың артуынан жүре бара ішектің қабырғасында асқазандық метаплазия қалыптасады. Сондықтан ұлтабардың қабырғасы НР- дің тіршілігіне жарамды болып, аталмыш микробтық процесс ұлтабардың қабырғасына таралады.....
Рефераттар
Толық

Биология | Асқазан ауруымен науқастарды жүргізу тәсілдері

• Созылмалы гастритке анықтама бер.

Созылмалы гастрит- асқазан клегейлі қабығының жасушалық инфильтрациясымен, регенерациясының бұзылысымен жүретін және үнемі меңдеуімен бездік эпителийдің атрофиясына, кілегей қабықтың іштік метоплазиясына алып келіп, асқазанның секрециялық моторикалық инрекциялық функцияларының жетіспеушілігін туғызатын, асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы.

• Созылмалы гастриттің эпидемиологиясы қандай?

Асқазанның барлық ауруларының 85% құрайтын, кең тараған аурулардың бірі, ересек жастағы адамдардың 50% -да анықталады және адамның жасы ұлғая келе осы ауруға шалдығу мүмкіндігі жоғарлай түседі. Бірақ науқастардың көбі ауруына мән бермеуінен дәрігерге қаралатындардың саны 10-15%-тен аспайды.


• Созылмалы гастриттің этиологиясы қандай?

Созылмалы гастрит – полиэтиологиялық ауру. Дамуына алып келетін себептер:
• Хеликобактерлік инфекция (95% )
• Аутоиммундық факторлар (15-18% )
• Дуеденогастральдік рефлюкс
• Ұзақ қолданған дәрі дәрмек әсері, мәселен стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектердің, калий хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы дәрмектердің т.б.
• Алиментарлы факторлар ( уақтылы тамақтанбау; тамақты шайнамастан асығыс жұту; аса өткір , ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық.
• Зиянды әдеттер (ішімдікке салыну, темекі тарту)
• Өзге ағзалардың аурулары: анемия, өкпенің, жүректің, бүйректің жетіспеушілігі; созылмалы холецистит, панкреатит, дуеденит т.б.).

Созылмалы гатриттің дамуының ең басты себебі- хеликобактерлік инфекция 90-95% , ал қалған 5-10% өзге себептерден болады.
• Созылмалы гастриттің патогенезін түсіндір?
Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителийінің регенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процессі дамиды, жүре келе қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында атрофиялық және ішектік метоплазия процестері туындайды. Кілегей қабықтың атрофиясы ақырында асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 25 қазан Республика күні

Тәуелсіз мемлекеттің барлық тыныс-тіршілігін, оның мемлекеттік құрылымын әлеуметтік, экономикалық дамуы мен саяси жүйесін қалыптастырып, оны нығайтуға ат салысқан, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған заңдардың қабылдануы да осы заң шығарушы орган – Парламенттің үлесіне тиесілі. Осы жолда депутаттар құрамы, яғни жалпы Парламент – парламентаризмнің қалыптасу, даму кезеңдерін басынан өткерді. Парламентаризм, президенттік, сот билігі, одан да басқа қоғамдық қатынастарды реттей¬тін көптеген институттардың пайда болуын Кеңестер Одағы кезеңінен бастау алады деп келте жауап қайтаратындардың кездесіп қала¬тыны жасырын емес. Ал шындығына келетін болсақ, қазақ қоғамында да дала демокра¬тия¬сының ертеден бастау ала¬ты¬нын, ондағы мем¬ле¬кетті құру, қалыптас¬ты¬ру, даму институт¬тары¬ның сол қоғамға, сол ке¬зең¬дерге сәйкес болғандығы туралы көп ай¬ты¬ла бермейді. Қа¬зір¬гі уақыттағы шынайы демо¬кра¬тия элемент¬терінің бірі болып саналатын президенттік институттың көрінісін қазақ қоғамындағы хандық биліктен көруімізге болады.
Республика күні, 25 қа¬занда Қазақстанның мұқым хал¬қының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүд¬десі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын фак¬торлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын.
Тәуелсіздік декла¬ра¬циясын жарияладық, Конститу¬ция¬мызды қабылдадық, ұлттық стратегиялық мүдделерімізді анық¬тадық. Сондықтан бұл құжат¬тың маңызын кетіруге болмайды. Оны бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл күн тәуелсіздігіміздің күні болуы тиіс. Нақтырақ айт¬қанда, 25 қазан Тәуелсіз Респуб¬ли¬ка декларациясы қабылданған мейрам күні болуы керек.
Ал 16 желтоқсанда ыңғайсыз жағ¬дайға тап боламыз. Бір жағы¬нан, мейрам, бір жағынан, траге¬дия. Бұл күні қуанайын десең, қанды оқиға есіңізге түсіп, көңілі¬ңіз жа¬бырқайды. Сондықтан ме¬ніңше, 16 желтоқсан – Желтоқ-сан кө¬терілісі күні ретінде аталып өтілетін болса.
Ал Республика күнін тойлау мәселесіне келер болсақ, бұл саяси мейрам ғой. Сондықтан осы күні Қазақстан елі, жері, рәміздері, Президент жайлы, президенттік басқару туралы қысқаша деректер БАҚ арқылы беріліп жатуы керек. Ірі тұлғалар, қоғам қайраткерлері қалың бұқараға тәуелсіздіктің мәнісін, осы ұғымды тереңнен та¬рихи тұрғыда талдап беруі қажет. Патриоттық шаралар – әскеріміз, Қарулы күштер жайлы мәлімет-тер¬мен халық кеңінен таныс бола алуы керек. Ал кешке эстрада ада쬬-дарының концерті берілуі тиіс. Онда да Қазақстан аспанын¬да біздің менталитетімізге жақын, жүрегімізді тербетіп, жылу беретін ән-әуездер қалықтаса деп тілеймін.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы Өлкедегі азамат соғысы (1917-1920 жж.)

1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.
Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.
Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.
Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.
Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.
Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді
Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан Қазан ревалюциясы Азамат соғысы

1917 жыл Ресей тарихындағы түбірлі бетбұрыс жылы болды. Ел дамудың реформалық және революциялық жолдарының біреуін таңдауға тиісті болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс кезінде қалыптасқан жағдайлар елді революция жолына түсірді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресейдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларды әбден шиеленістірді. Кәсіпорындардың көпшілігі тоқтап қалды, баға өсті, алыпсатарлық кең.өріс алды, халықтың жағдайы әбден нашарлады. Ресей қоғамында елді күйзелістен шығаруға дәрменсіз болып отырған патша өкіметіне деген наразылық күшейді. Наразылық қоғамның барлық әлеуметтік топтары мен жіктерін қамтыды. 1915 ж. Мемлекеттік Думаның құрамындағы алты партияның өкілдерінен Прогресшіл одақ құрылды. Прогресшіл Одақ елдің ең беделді адамдары-нан біріккен үкімет құруды талап етті. Патша үкіметіне қарсы күресте барлық саяси партиялардың келісімге келуі осылайша басталды. Прогресшіл одакқа меньшевиктер мен еңбек тобы кірген жоқ, бірақ олар да партиялардың ынтымақтық әрекетін қолдады.
Патша өкіметі 1916 жыддың басында үкімет кұрамында өзгеріс жасады: премьер-министр болып ерекше қабілеті байқалмаған, көптің көзіне түспеген Б.Штюрмер тағайындалды. Үкіметке жақын топтар бұл шешімді патша Григорий Распутиннің ықпалымен қабылдады деген ойда болды. (Шаруа Г.Распутин халық емшілігінен хабары және табиғи экстрасенсорлық кабілеті бар болғандықган, патша сарайында елеулі ықпалға ие болған адам еді. 1916 жылдың аяғында жоғары дәрежедегі ақсүйектер тобы Распутинді өлтіртті).....
Рефераттар
Толық

Асқазан өт жолдарын үй жағдайында емдеу

✅ Ең алдымен, шылымнан бас тартыңыз. Никотин - асқазанның жауы. Шылым асқазан жарасының пайда болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ ішімдіктің де зиянды екенін естен шығармаңыз.

✅ Асқазан жарасынан арылу үшін ағзаңызға жасұнықтың көп мөлшерін жіберіңіз. Неғұрлым көп болған сайын, соншалықты жақсы. Жасұнық алмұрттың, шабдалының, алманың құрамында өте көп. Және де фасоль мен бұршақ тұқымдастар да сізге жақсы әсер етеді.

✅ Пиязды жақсы көріп жесеңіз, асқазаныңыз рақмет айтатын болады. Тым болмағанда күніне жарты пиязды жеуге тырысып бағыңыз. Немесе пияздың көп мөлшері бар салаттар мен жеңіл тағамдарды серік етіңіз. ......
Кеңестер
Толық

Дәрі дәрмексіз асқазан жұмысын жақсартудың жолы

Асқазан-ішек жолдарының біздің өміріміздегі маңыздылығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Алдымен тамақтану, сонан кейін сіңдіру, артынан дәрумендерді және пайдалы заттарды токсиндерден бөліп алу... Және күн сайын осылай. Өкінішке орай, біздің қоғамды фаст-фуд, кока-кола сынды тағамдар жаулап алды. Ал бұл асқазан үшін адам айтқысыз ауырлық әкеледі. Сондықтан болар, асқазан-ішек жолдарының қиындықтарынан зардап шегіп, дәрігер көмегіне сүйенетіндердің қатары күн өткен сайын артып келеді. Бүгінде ғылымда онға жуық асқазан-ішек ауруы белгілі болған. Ғалымдардың айтуынша, адам жүйесі мен басқа ағзалары асқазанның жағдайымен тығыз байланысты екен. Дұрыс жұмыс істейтін асқазан әдемі тері, дені сау шаш, белсенді зат алмасудың кепілі.

Оқырмандарымыздың арасында да майлы немесе тез дайындалатын тағамдарды жиі пайдаланып, асқазан-ішек жолдары ауруларына тап болып жүргендер бар болар. Ендеше, пайдалы кеңестер легі сіз үшін. Асқазанға қалай көмектесеміз? Қандай ережелерді ұстану керек? Іш қату, іштің кебуі сынды ішек аймақтарындағы жағымсыз сезімдердің алдын алуға бола ма? ......
Кеңестер
Толық

Аспап жасау | ТЭЦ булы қазандығының автоматикалық жүйесін өндірістік контроллерде әзірлеу

Кіріспе
Бүгінгі күнде ғылыми-техникалық прогресс адамдардың қалада өздерін
жайлы және ыңғайлы сезінуіне жағдай жасайды. Өткен ғасырға қарағанда,
қазіргі кезде көптеген адамдарға қолжетімді болып келетін - су құбыры,
жылумен қамтамасыз ету, жарықтандырудың орталықтандырылған қызметі
деген сияқты жайлылықтың түрлері көп кездеседі. Біздің өмірімізге тұтастай
сіңісіп кеткен өркениеттің осындай оңтайлылықтарынсыз күнделікті
тіршілігімізді елестету мүмкін емес.
Электр станциясы – табиғи энергияны элекр энергиясына айналдыратын
энергетикалық құрылғы болып табылады. Электр станциясының түрі табиғи
энергияның түрімен анықталады. Органикалық отынды (көмір, мұнай, газ,
т.б.) жандыру кезінде бөлінетін жылу энергиясы пайдаланылатын жылу
электр станциялары (ЖЭС) қазіргі кезде ең көп қолданылатындардың
қатарына жатады.
ЖЭО – жылу элекр орталығы, жандырылатын органикалық отынның
химиялық энергиясын пайдалану арқылы электрлік және жылу энергияларын
араласып өндіруге арналған орталық. Электр станцияларының жұмыс жасау
ерекшелігіне олардың уақыттың әрбір мезетінде бөлінетін электр
энергиясының жалпы көлемі тұтынылатын энергияның мөлшеріне толықтай
сәйкес келетіні жатады. Жоғары температуралы су буын өндіретін құрылғы
бу қазаны болып табылады. Бұл кезде қазанның ішінде бу түрінде б олатын
судың қысымы атмосфералық қысымнан әлдеқайда жоғары болып келеді.
Судың қызуы қандай да бір отынды жағу кезінде жылу энергиясының бөлінуі
негізінде жүзеге асады. Бұл құбылыс қазіргі кезде бу қазандарының құрылысы
әр түрлі болғандығына және өндірістік те, тұрмыстық жағдайларда да
қолданылуына қарамастан да жүзеге асып жатыр.
Дипломдық жобамның мақсаты: Siemens өнеркәсіптік контроллерді
қолдана отырып ЖЭО - дағы бу қазанының автоматты басқару жүйесін
жетілдіру.
Барлық бу қазандары өздерінің құрылысына байланысты бірдей қағида
бойынша жұмыс жасайды:
- қазанның жоғарғы бөлігінде орналасқан барабан типтес резервуарға
электрсорабын пайдалану арқылы су жіберіледі;
- бұл резервуардан су арнайы ағызып апаратын құбырлар арқылы
құрылғының төменгі жағында орналасқан коллекторға ағады;
- коллектордан жоғарғы резервуарға тағы да бір құбырлар жалғасады,
олар отынның жану кеңістігінде орналасқан.
1 бөлім. Технологиялық бөлім
ЖЭО-дағы бу қазанының
негізгі функцияларының технологиялық сызбасы
Бу қазаны - органикалық отынның жануы кезінде бөлінетін жылуды
пайдалану жолымен оған тоқтаусыз ағылатын судан бу алу үшін қажетті қызу
беті бар құрылғы болып табылады. Заманауи бу қазандарында камералық
пештегі жанудың факелдық әдісі қолданылады, ол призмалық тіке шахта
түрінде келеді. Жанудың факелдік әдісі отын камерасында отынның ауамен
бірге толассыз қимылдары арқылы жүзеге асады. ЖЭО-ның бу қазаны
сызбасы 1.1 суретте көрсетілген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық