Биология | Асқазан ауруымен науқастарды жүргізу тәсілдері

Биология | Асқазан ауруымен науқастарды жүргізу тәсілдері

• Созылмалы гастриттің клиникалық көрінісі қандай?


Созылмалы гастриттің клиникалық көрінісі оның түріне, фазасына, асқазан секрециясының деңгейіне тәуелді.Көрінісіне мына жалпы белгілер тән:
• Эпигастрий аймағының тамақ ішкенге байланысты ауруы;
• Асқазандық диспепсия;
• Созылмалы гастриттің салдарынан жалпы күй бұзылыстарының, өзге ағзалардың екіншілік зақымдануының белгілері.
Созылмалы гастритке эпигастрий аймағы жай сыздап ауырады. Антральді гастритте секрецияның қалыпты немесе жоғары кезінде, ауырсынудың түрі жара ауруына өте ұқсайды – ашқарында, тамақтанғаннан 1,5-2 сағаттан кейін мазалайды, өйткені пилорикалық каналмен он екіелі ішектің қышқылды затпен тітіркенуінен, асқазанның қалтқысы түйіледі. Сондықтан ауырсыну эпигастрий аймағының оң жартысында орналасады. Ауырсыну синдромы тамақтанғаннан немесе спазмолитиктерді, сілтілі заттарды қабылдағаннан уақытша басылады.
Асқазанның секрециясы төмендегенде, мәселен аутоиммундық гастритте немесе В гастриттің атрофиялық пангастритке айналған кеш сатысында эпигастрий аймағы жайылма ауырады. Асқазанның атрофияланған кілегей қабығының тағаммен тітіркенуінен және керілуінен, ауырғандық тамақты іше бастағанда немесе одан көп кешікпей басталады.
Асқазандық диспепсия синдромының көрінісі секрецияның түріне тәуелді. Нормо- немесе гиперсекреция болса, мәселен антральді гастриттің алғашқы кезендерінде қыжылдау, қышқылмен кекіру жиі мазалайды.
Гипо-, анацидтік жағдай қалыптасқан атрофиялық пангастритте ахилия синдромының көрінісі орын алады: тәбет нашарлайды, жүрек айнуы, оқта-текте құсу, ауыздың темір татуы, құрғау пайда болады; ауамен ащы сұйықтықпен жиі кекіру және гастрогендік энтериттің белгілері- ішектің қорылдауы, метеоризм, іштің оқта-текте өтуі байқалады. Кекірік кейде шірік иісті. Диспепсиялық бұзылыстармен бірге, асқазан тонусының жойылуы симптомдары мазалайды- эпигастрийде салмақ сезіну, тамаққа тез тою сезімдері. Гастриттің басқа түрлеріне қарағанда, атрофиялық гастритте жалпы күйдің және жеке ағзалардың екіншілік бұзылыстары пайда болады. Осыдан келесі белгілер анықталуы мүмкін:
• Анемия қосылуынан тері жамылғыларының қуқылдануы;
• Гиповитаминоздан ауыздық түсуі, тырнақтардың сыңғыштығы;
• Тілдің ақ жабындымен қапталуы немесе В12 тапшылығынан кілегей қабықтың атрофиялануы, осыдан тіл ұшының ашып ауыруы және бетінің « жалаңаштануынан» тілдің таңқурай түсті қызаруы;
• Тонустың жойылуынан асқазанның төменгі шегінің төмен түсуі (кіндіктің деңгейіне немесе одан да төмен)
• Асқазанның барьерлік функциясының жойылуынан ішектің микробтық контаминациясының күшеюі, осыдан іштің құрылдауы, кейде өтуі және кебуі.

• Созылмалы гастриттің қосымша зерттеу әдістеріне не жатады?

1. Асқазанның гастринмен (0,005 мг/кг-0,024мг/кг дозада) немесе пентагастринмен 6 мг/кг дозада стимуляцияланған секрециясын зерттеу. Оның мәліметтері атрофия процесін шамалап бағалауға және ем жобасын тиімді түзуге қажет.
2. Асқазанның рентгеноскопиясы. Қазіргі кезде оның маңыздылығы жойылған. Оны асқазан рагынан күдіктенгенде науқасты нақты зерттеу үшін ғана қолданады. Рентгендік зерттеудегі гастритке тән белгілер: асқазан қалталарының әркелкі қалыңдауы, қиғаш орналасуы,; асқазан қабырғасының регидтілігі; тонусының күшеюі, перистальтикасының жойылуы.
3. Фиброгастродуеденоскопия- созылмалы гастрит диагностикасының басты әдісі. Визуальдік өзгерістер гастриттің түріне тәуелді. В типті гастритте антропилоробульбиттің көрінісі анықталады: аталған аймақтардың ала-құла қызаруы, ісінуі атрофиялануы; кілегей қабықтың жарақаттанғыштығы, қанағыштығы, жайпақ немесе төмпек эрозиялар. Кампилобактерлік гастриттің 20/ -на жара ауруы қосылады. Әдетте жаралар асқазанның шыға берісінде немесе онекі елі ішектің буылтығында орналасады. А типті гастритте асқазан түбінің, денесінің диффузды атрофиясы анықталады (қыртыстардың аласаруы, жойылуы, кілегей қабаттың ақшылданып жұқаруы, астындағы тамырлардың көрінуі). Ахилияға байланысты асқазанның қалтқысы кейде аңырайып ашық тұрады. Антральді бөлікте айтарлықтай өзгеріс болмайды, эрозиялар сирек кездеседі. Эрозиялар болса, онда аутоиммундық гастритке хеликобактериоздың қосылуынан күдіктенді- мұндайда биоптаттардан НР іздеу қажет.
4. Хеликобактерлік инфекцияны анықтау. Соңғы кезде НР анықтаудың көптеген әдістері табылған.
• Хеликобактерді анықтаудың негізгі әдістері қандай?

Зерттеу әдістері Сезімталдылығы% Дәлдігі% Мақсаты
Уреазалық экспресс тест 96 100 Эндоскопияны жасау кезінде зерттеу
Гистологиялық 94 94 Диагнозды анықтау
Себіндісін зерттеу 95 95 Антибиотиктерге сезімталдықты анықтау
Серологиялық 95 90,4 Скрининг және диагностика
Тыныстық уреазалық тест 95 95 Эрадикацияны анықтау
Полимеразалық тізбектік реакция 94,7 95 Диагнозды анықтау


• Созылмалы гастритті қалай емдейсіз?

Емі. Емнің салалары:
1. Этиологиялық ем.
2. Емдәммен емдеу.
3. Секрециялық бұзылыстарды реттеу.
4. Асқазанның маторлық функциясын қалпына келтіру.
5. Асқазан кілегей қабығының регенерациялық қасиетін жақсарту.

Этиологиялық ем созылмалы гастриттің түріне тәуелді жүргізіледі.
Аутоиммундық гастриттің себебі белгісіз болғандықтан емді жасау мүмкін емес, бірақ аурудың өршуін туғызатын себептерге – ішімдікті, дәрмектерді тиімсіз қолдануды, темекі тартуды тоқтату керек.
Этиологиялық ем хеликобактерлік гастритте ғана жүргізіледі. Бұл емнің негізгі мақсаты- НР жою, яғни эрадикацияны жүзеге асыру.
Эрадикациялық емнің жобалары:Үшқұрамдық ем. Ем курсы 1-2 апта.
1-схема
• Висмуттық дәрмек (де-нол немесе висмут субсалицилаты 120 мг 3 рет тамақтан 30 минут бұрын) және 4-ші рет жатар алдында, кешкі тамақтан 2 сағат кейін;
• Тетрациклин 250-500 мг тәулігіне 4 рет, тамақтан кейін;
• Метронидазол 250 мг тәулігіне 4 рет немесе тинидазол 500 мг тәулігіне 2 рет тамақтан кейін.
2- схема
• Денол 1 таб 4 рет
• Амоксициллин 500 мг 2 рет
• Клион 250 мг 4 рет
3- сема
• Бисмофальк 1 таб 4 рет
• Клацид 500 мг 2 рет
• Клион 500 мг 2 рет
4- схема
• Бисмофальк 1 таб 4 рет
• Клацид 500 мг 2 рет
• Фуразолидон 100 мг 4 рет

Үшқұрамдық емді арнайы дәрмек – гастростатпен жүргізуге болады. Оның құрамына висмут субцитраты (108), тетроциклин гидрохлориді (250 мг), метронидазол (200 мг) кіреді. Гастростат 3 таб күніне 5 рет (тең уақыт аралығымен) 10 күн ішкізіледі. Бұл емдегі эрадикацияның саны жоғары -98/.

Емдәм. Созылмалы гастриттің өршу кезінде науқастарды 2-3 күн №1а немесе №1б емдәмде ұстап, №1 емдәмге ауыстырады. Тағамдар сұйықтау, желе түрінде дайындалады. Дерттің өршуі басыла келе 15 емдәмге көшіреді. Тамақтану жиілігі күніне 4-5 рет. Қышқыл, тұзды, майлы, қуырылған және өткір тағамдарға тиім салынады.
Созылмалы гастриттің гиперсекрециялық түрінде , секрецияны қоздыратын тағамдар берілмейді. Сыра, газды сусындар, кофе, какао, қою шай, сорпа.
Рефлюкс- гастритте (С тип) демпинг синдромының белгілерін жеңілдету мақсатымен тағамды жатып ішуді ұсынады.

Секреция бұзылыстарын реттеу. Бұл емді секреция бұзылысының түріне қарап құрастырады. Секреция төмендеген, бірақ оның мүмкіндігі сақталма – стимулдаушы, ал серецияны қайтымсыз жетіспеушілігі қалыптасса- орынбасу емі жүргізіледі. Секрецияны күшейту мақсатымен лимонтар, пентагастрин, прозерин, инсулин, эуфиллин, кальций глюконаты т.б. қолданады.
Созылмалы гастриттің көрінісінде ауырсыну немесе асқазандық диспепсия синдромдары басым болса, онда асқазан сөлін, асқазанға өткен өт қышқылдарын байланыстыратын антицидтерді 5-6 күн қолданған тиімді: маалокс, фосфалюгель, гастал, антал, гастрин-гель, протаб т.б. Жүрек айнуы, құсу мазалағанда прокинетиктер тиімді әсер етеді: реглан (церукал) 5-10 мг күніне 3 рет тамақ алдында, мотилиум 10 мг күніне 3-4 рет.
Асқазанның кілегей қабығының регенерациясын тездету үшін трофиканы жақсартатын және белок синтезін күшейтетін дәрмектерді қолданады: облепиха майы, карнитин, бефунгин, рибоксин, ретоболил.
Асқазанның ойық жара ауруы.
Ойық жара ауруы- өршу кезінде жараның асқазанға, онекіелі ішекке қайталанып түсуімен өрбитін асқазан- онекіеліішек аймағының жара ауруы.

• Жара ауруының этиологиясы неге байланысты?

НР ашылғалы бері жара ауруы жұқпалы аурулардың қатарына жатқызылды. Асқазан жарасының 90/-да және енекіеліішек жарасының 100/-да НР табылды. Бұл негізінде хеликобактерлік гастриттің үстінде дамитын ауру. НР-дің үйреншікті мекендейтін жері – асқазанның антральдік бөлігі.
Жара ауруының дамуында НР- мен бірге өзге факторлардың да қатысатындығы сөзсіз, мәселен никотиннің, алкогольдің әсерлері, өткір тағамға әуес қойлық, гастропатиялық әсерлі дәрмектердің (аспирин, индометацин, резерпин, глюкокортикоидтар).
Сонымен қатар, жара ауруының дамуында тұқымға байланысты факторларға да көңіл бөлінуде.


• Жара ауруларының жіктемесін айт?
Аурудың түрі
А) алғаш анықталған;
Б) рецидивтеуші.
Жараның орналасуы
А) асқазанда:
• Кардийлік және субкардийлік;
• Медиогастральдік (денесінің, кіші және үлкен иінінің);
• Антральдік;
• Пилорикалық каналдың.
Б) онекіеліішектің (бульбарлық, постбульбарлық).
Процестің фазасы:
А) өршу (жаралы ойықтың және асқазанда немесе онекіеліішекте қабыну белгілерінің болуы)
Б) басыла келген өршу (жара жазылып бітелген, бірақ қабыну белгілері жойылмаған)
В) ремиссия жара жазылып бітелген және қабыну белгілері жойылған)
Аурудың ағымы:
А) ауыр (өршу жылына 3 рет немесе одан жиі)
Б) жеңілдеу (өршуі жылына 2 рет )
В) жеңіл (өршуі 1-2 жылда 1 рет немесеодан да сирек)
Г) латентті (клиникалық белгілері жоқ, кездейсоқ рентгенография немесе эндоскопия жасағанда анықталатын жара.).
Секрециялық функция:
А) жоғары;
Б) қалыпты;
В) төмен;
Г) ахлогидрия.
Асқынулары:
А) қан кету;
Б) пенетрация;
В) перфорация;
Г) тыртықтық деформация;
Д) пилородуеденальдік бөліктің стенозы:
• Компенсацияланған
• Субкомпенсацияланған
• Декомпенсацияланған;
Е) малигнизация.


Клиникалық көрінісі қандай?

Жараның клиникалық көрінісі оның фазасына, орналасу ерекшелігіне және асқынулардың болу- болмауына тәуелді. Жар ауруының өршу фазасына келесі синдромдар тән:
• Ауырсынулық (жара орналасуына байланысты ерекшеліктерімен)
• Асқазандық диспепсия
• Ішектік диспепсия
• Астеновегетативтік
• Жаралы кемістік синдромы
• Асқынулар синдромы.

Синдромдарға жеке-жеке сипаттама бер.

Ауырсыну синдромы- жара ауруы көрінісінің басты белгісі.
Ауырсынудың орналасуы. Асқазанның жарасында ауырсыну эпигастрий аймағының ортасында немесе оның сол жартысында орналасады. Асқазанның биік орналасқан жарасында (кардийдің немесе субкардийдің) төстің арты, жүректің тұсы ауырсынады.
Ауырсынудың тамақ ішкеннен кейін пайда болу уақыты. Ерте түрі- тамақтанғаннан 0,5-1 сағат кейін пайда болатын ауырсыну. Мұндай ауырсыну біртіндеп күшейіп, 1,5-2 сағатқа созылады және асқазан босатыла келе, біртіндеп басылады. Ауырсынудың ерте түрі асқазанның биік орналасқан жараларына тән. Ауырсынудың кеш түрі тамақтанғаннан 1,5-2 кейде 3 сағаттан кейін пайда болады. Науқастар ауырсынудың күшейуінен қорқып, тәбеті тартсада тамақты тоя ішуден бас тартады. Түңгі мезгілдегі ауырсыну- түңгі уақытта мазалайды, ал ашқарындық ауырсыну тамақтанғаннан 6-7 сағаттан кейін пайда болып, тамақ немесе сүт ішкеннен соң басылады.

Асқазандық диспепсия синдромы.
Қыжылдау- жара ауруында жиі байқалатын белгілердің бірі. Бұл асқазан өңештік рефлюкстің салдарынан өңештің асқазан сөлімен тітіркенуінен болатын белгі. Кейде жара ауруында қыжылдаудан басқа белгілер болмайды.

Кекіру- кардий шамасыздығының үстінде асқазанның антиперистальтикалық жиырылуынан болады, көбіне асқазан денесінің жарасынында байқалады.

Жүрек айну және құсу-.Бұл белгілер жара ауруының өршу кезінде болады. Жүректің айнуы асқазан денесінің және буылтықтан кейін орналасқан жараларда байқалады. Құсудың негізгі себебі: кезбе нерв тонусының жоғарлауы, асқазан маторикасының тезделуі, және асқазанның гиперсекрециясы.

Тәбеттің жағдайы. Жара ауруында тәбет төмендемейді, кейде жоғарлайды, бірақ науқастардың кейбіреулері ауырсынудан тамақтан бас тартып арықтайды.

Ішектік диспепсия синдромы.
Науқастардың көбінде айтарлықтай ішек диспепсиясы болмайды, бірақ кейбіреулерінде тамақты аз ішуінен және спазмолитиктер мен антацидтерді қолданудан іштің қатуы байқалады.


Астеновегетативті синдром.
Науқасты объективті тексергенде терінің мрамор тәрізді бозаруы, қол ұштарымен аяқ бастарының салқындығы мен ылғалдылығы, брадикардия бейімділік байқалады.

• Жараның орналасуына байланысты қандай ерекшеліктері бар?

Асқазанның кардиальдік және субкардиальдік бөліктерінің жарасы.
1. Жасы 45-тен асқан ер кісілерде жиілеу кездесуі;
2. ауырсынудың ерте пайда болуы- тамақ ішу кезінде немесе тамақтанғаннан 15-20 минуттан кейін;
3. ауырсынудың биік орналасуы- семсер тәрізді өсіндінің тұсында;
4. ауырсынумен бірге, кардиальді сфинктердің шамасыздығынан және асқазан -өңештік рефлюкстен, диспепсиялық бұзылыстардың болуы (қыжылдау, кекіру, құсу);
5. диафрагманың өңештік тесігінің жарығымен және рефлюкс эзофагитпен жиі жұптасуы;
6. қан кетумен жиі асқынуы, жар перфорациясының сиректігі.
• Асқазанның кіші иінінің жарасы кезіндегі ерекшеліктері қандай?

Асқазанның кіші иіні- жараның ең жиі орналасатын аймағы.
1. жиі қырықтан асқан шақта, кейде егде және кәрі жастағыларда дамиды;
2. ауырсыну эпигастрий аймағында, ортаңғы сызықтың сол жағында орналасады.
3. тамақтанғаннан 1-1,5 сағат кейін пайда болады және асқазан тамақтан босағаннан кейін басылады; кейде кеш, «түнгі мезгілдік» және «ашқарындық» ауырсынулар болып тұрады;
4. қыжылдау мен жүрек айнуы жиі мазалайды, бірақ құсу сирек байқалады;
5. асқазанның секрециясы көбінесе қалыпты болады;


• Асқазанның үлкен иінінің жарасы кезіндегі ерекшелігі қандай?

1. сирек кездесуі;
2. көбіне егде жастағы ер кісілерде пайда болады;
3. малигнизация қаупінің жоғарлылығы (50/- да жаралар ракқа айналады)

• Асқазанның антральді бөлігінің жарасы кезіндегі ерекшелігін айт

1. көбіне жас шақта пайда болады;
2. ауырсынудың кеш түрі, түнгі мезгілде, ашқарында мазалайтын; жүрек айнуы, құсу жиі болады;
3. асқазан сөлінің қышқылдығы биік;
4. эпигастрийдің оң жартысы ауырады.

• Лабораторлық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері қандай?

1. Қанның жалпы анализі. Жара ауруында эритроциттер және гемоглобиннің көбеюіне бейімділік анықталады.
2. Асқазанның секрециялық функциясы. Зерттеу мәліметтері нақты болу үшін стимуляцияны пентогастринмен жасаған тиімді.
3. Рентгенологиялық зерттеу. Рентгендік зерттеуде анықталатын жараның тікелей және жанама белгілерін айырады. Жараның тікелей белгісі- асқазанның қабырғасында анықталатын ойық. Ойықтың пішіні сопақша, дөңгелек, саңылау немесе конус тәрізді болады.
4. ФЭГДС- жараны анықтайтын ең нақты әдіс. Эндоскопиялық көріністердің түрінен жараның бірнеше күйлерін айырады: активті жара, тыртықталып келе жатқан жара және жара орнындағы тыртық. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру