Тарих | 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан Қазан ревалюциясы Азамат соғысы

Тарих | 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан Қазан ревалюциясы Азамат соғысы

Революция қарсаңында. 1917 жыл Ресей тарихындағы түбірлі бетбұрыс жылы болды. Ел дамудың реформалық және революциялық жолдарының біреуін таңдауға тиісті болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс кезінде қалыптасқан жағдайлар елді революция жолына түсірді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресейдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларды әбден шиеленістірді. Кәсіпорындардың көпшілігі тоқтап қалды, баға өсті, алыпсатарлық кең.өріс алды, халықтың жағдайы әбден нашарлады. Ресей қоғамында елді күйзелістен шығаруға дәрменсіз болып отырған патша өкіметіне деген наразылық күшейді. Наразылық қоғамның барлық әлеуметтік топтары мен жіктерін қамтыды. 1915 ж. Мемлекеттік Думаның құрамындағы алты партияның өкілдерінен Прогресшіл одақ құрылды. Прогресшіл Одақ елдің ең беделді адамдары-нан біріккен үкімет құруды талап етті. Патша үкіметіне қарсы күресте барлық саяси партиялардың келісімге келуі осылайша басталды. Прогресшіл одакқа меньшевиктер мен еңбек тобы кірген жоқ, бірақ олар да партиялардың ынтымақтық әрекетін қолдады.
Патша өкіметі 1916 жыддың басында үкімет кұрамында өзгеріс жасады: премьер-министр болып ерекше қабілеті байқалмаған, көптің көзіне түспеген Б.Штюрмер тағайындалды. Үкіметке жақын топтар бұл шешімді патша Григорий Распутиннің ықпалымен қабылдады деген ойда болды. (Шаруа Г.Распутин халық емшілігінен хабары және табиғи экстрасенсорлық кабілеті бар болғандықган, патша сарайында елеулі ықпалға ие болған адам еді. 1916 жылдың аяғында жоғары дәрежедегі ақсүйектер тобы Распутинді өлтіртті).
Штюрмердің үкіметін оппозиция бірден-ақ қатаң сынға алды. 1916 ж. 1 қарашада кадеттердің жетекшісі П.Милюков Думаның мәжілісінде үкімет елді қиыншылықтан шығаруға ешқандай әрекет жасамай отырғанын айта келіп, "бұл не — ақымақтық па әлде сатқындық па?" деген сұрақ қойды. Патша өкіметі Штюрмерді орнынан алды. Жалпы, соғыстың үш жылында Ресейде 4 премьер-министр ауысты. Бұл өкіметтің дағдарысқа ұшырауының көрінісі болды.
Оппозиция монархиялық тәртіпті жою, елді демо-кратияландыру мақсатымен мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалды. Алайда төңкеріс төменнен басталып кетті.
1917 жылғы ақпан оқиғалары. Революцияның басталуы.
23 ақпанда Выборгта мыңдаған жүмысшы әйелдер Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге арналған жиындарында бүкіл қала жұмысшыларын қымбатшылық пен жоқшылыққа қарсы наразылық ереуілдерін жасауға шақырды. Сол күні Петроградтың көптеген кәсіпорындарында ереуіл басталды. Шеру жасаған жұмысшылар қаланың орталығына қарай бағыт алды. Алайда полиция мен қазактар орталықты шерушілерден жылдам тазартты. Бірде-бір саяси партия және оппозиция бұл оқиғаларды революцияның басталуы деп ойлаған жоқ.
24 ақпанда жүмысшылар шеруі тағы да орталыққа бағыт алды. Оларға университет студенттері қосылды. Қала гарнизонының орталықтағы қоршауын бүзып, шерушілер Иева даңғылына шықты. Келесі күні ереуілшілердің қатары көбейе түсті. Петроград әскери округінің қолбасшысы генерал С.Хабалов Могилевтегі патшаға желедхат жіберді.
II Николай Хабаловқа: "Ертең жедел түрде астанадағы бейбастақ тәртіпсіздік тоқтатылсын", — деген бұйрық берді. Бұл қару күшін қолдануға рұқсат беру еді.
25 ақпанда қаланың орталығына әскер бөлімдері топтастырылды. Шерулер мен жиындар өткізуге тыйым салған бұйрықтар шығарылды. Алайда халықтағы да көшеге шықты. Жиында сөйленген сөздерде "Патша өкіметі жойылсын!" "Соғыс тоқтатылсын!", "Нан мен бітім!" деген ұрандар көтерілді. Шеруге қатысушылар өткен күндердегідей әскер оқ атпайды деп ойлады. Алайда кешке қарай шерушілерге қарсы оқ атыла бастады. Кейбір әскери бөлімдер халыққа оқ атудан бас тартты. Бұл қарулы күштердің халық
жағына шығуы мүмкін екендігін көрсетті.
26 ақпанның кешінде социалистік партиялардың, серлердің, меньшевиктердің, большевиктердің өкілдерінің біріккен отырысы болды. Онда бірлесіп әрекет жүргізу мәселелері талқыланды. Жаппай ереуіл жасау және қажет болған жағдайда қарулы көтеріліске және уақытша революциялық үкімет құруға дайын болу туралы шешім қабылданды.
27 ақпанда Волын полкінің сарбаздары наразылық қозғалысын бастады. Аз уақытта ереуілші сарбаздардың саны 70 мыңға жетті. Сарбаздар мен жұмысшылар бірігіп, жиындар өткізіп, онда саяси талаптар дайындап, өз өкілдерін Таврия сарайына жіберді. Мұнда Думаның депутаттары бір жерде, саяси партиялардың өкілдері екінші жерде жиналыс өткізіп жатқан болатын. Социалистердің ұсынысымен жұмысшы депутаттары кеңесінің уақытша атқару комитеті құрылды. Оған белгілі социал-демократтар мен эсерлер кірді. Комитеттің 15 мүшесінің екеуі ғана большевик болды.
Дума депутаттары М.Родзянко бастаған Уақытша комитет
құрды, оған прогресшіл одақтың жетекшілері кірді. Мень-
шевик Н.Чхеизде мен еңбек тобының өкілі А.Керенский
екі Комитетке де мүше болды.
Могилевтегі патшаға Петроградта болып жатқан оқиғалардың қаншалықты қауіпті екендігі жеткізілген жоқ. Сондықтан 28 ақпанда патша Петроградқа аттанды. Бұл кезде Петроградта үлкен оқиғалар болды. Үкімет қызметтен кетті, министрлердің бірқатары тұтқындалды. Елде революция жүріп жатты. 1 наурыздың кешінде Думаның Уақытша комитеті мен жұмысшы депутаттары Кеңесінің атқару Комитеті өзара келісіп, князь Г.Е.Львов бастаған Уақытша үкіметті құрды. II Николайға тақтан бас тарту туралы ұсыныс жасалды. 2 наурызда II Николай інісі Михаилдың пайдасына тақтан бас тартты. Келесі күні Михаил таққа отырудан бас тартып, бүкіл билікті Уақытша үкіметке берді. Осылайша Ресейде монархия іс жүзінде жойылды ресми түрде республика 1917 ж. 1 қыркүйекте жарияланды.
Революциялық өкіметтің құрылуы.
Елдің саяси құрылысын белгілеу, аграрлық реформа жасау, езілген ұлттарға тәуелсіздік беру сияқты түбірлі мәселелерді Құрылтай жиналысы шешуге тиісті еді. Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін елді Уақытша үкімет басқаратын болды. Уақытша үкімет 3 наурызда өзінің бірінші кезекте іске асыратын шаралары туралы мәлімдеме жариялады. Бұл құжатта саяси және діни көзқарасы бойынша тұтқын болғандарды босату, сөз, баспасөз, жиналыс бостандығын беру, сословиелік тіркеуді жою, халық милициясын құру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау жүргізу міндеттері белгіленді. Уақытша үкімет жоғарғы заң шығару және атқару билігін іске асырды. Алғашқы кезде оны барлық саяси партиялар қолдады.
Социалистік партиялар Ресейде монархия құлаған соң бірінші кезекте жалпы демократиялық міндеттерді іске асыру қажет деп есептеді. Сондықтан революцияны олар буржуазиялық-демократиялық сипаттағы революция деп бағалады. Социалистер Уақытша үкіметке Жұмысшы депутаттарының кеңестері арқылы қысым жасап, демократиялық шешімдерді іске асыруға итермелеу мақсатын көздеді. Кеңестер ресми өкімет органы болған жоқ. Оларды Уақытша үкімет конституция қабылданғанға дейін әрекет жасайтын уақытша қоғамдық ұйымдар деп қарады. Алайда іс жүзінде Кеңестер маңызды мемлекеттік міндеттерді іске асырды: жұмысшы милициясына басшылық жасады, экономикаға бақылау қойды. Жұмысшы милициялары (қызыл гвардия) тек Кеңестерге бағынды және куатты қарулы күшке айналды. Сондықтан Уақытша үкімет Кеңестермен санасуға мәжбүр болды. Осылайша қос өкімет жүйесі қалыптасты. Әрине, бұл жағдай ұзаққа созылмайтын еді, екі өкіметтің біреуі түбіңде толық билікке ие болып, ал екіншісі жойылуға тиісті болатын....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру