Мәңгілік Ел- Мәңгілік тіл

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың
тақырыбы емес, ұлттың ұйтқысы ете білгеніміз жөн.
Н.Ә.Назарбаев
Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы.Ол атадан балаға мұра болып қалған баға жетпес мұра.
Менің ана тілім шексіз бай өте көркем тіл.Қандай ақын,жазушы болса да өз ана тілін жырлауға тиісті.Сол сияқты менде өз ана тілім туралы тебірене ой толғасам деймін.......
Шығармалар
Толық

Ер еісімі - ел есінде

«Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды»-демекші соғыс жылдары еліміз үшін де, бүкіл әлем халықтары үшін де, есте қаларлық кейінгі ұрпаққа үлгілі, өнегелі жыл. Бүкіл дүниежүзілік соғыстың аяқталуына биыл алпыс тоғыз жыл толып отыр.
Ардагер аталарымыздың, әкелеріміздің, ағаларымыз бен әпкелеріміз жастардың бойында Отанның абыройы мен бостандығын қорғаған ардагерлер үшін мақтаныш сезімін тудыратынына сенімдімін. Ардагерлерге ілтипат көрсету парызымыз.
Сол бір ел басына қайғылы бұлт үйірілген шақта қолына қару алып елін, жерін қорғауға аттанған жұрт есінде қаларлық ерлік жасамаса да, сол қырғынға қатысқанның өзі үлкен ерлік дер едім.......
Шығармалар
Толық

Елбасымен - болашақтың іргесін бірге қалаймыз!

Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Қазақстан өз тәуелсіздігін көптеген жастардың өмірлерінің құнымен алды. Кім біледі, егер сол ызғарлы желтоқсанда жастарымыз көтеріліске шықпаса, бүгінгі күніміз не болар еді. Мүмкін тағдырымызда солай жазылған шығар, жастар өз дегеніне жетті. Мемлекетіміздің кұрылуының бірінші сатысы осылай аяқталды. Уақыт өтіп, қазақ халқы тұңғыш рет өз Елбасын қолдады. Ел тәуелсіздігі мерекесінің қарсаңында Елбасы Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Бұл Жолдау Қазақстан халқының болашақтан күтетін нәтижелерін анықтаумен ерекшеленді. «Қазақстан – 2030» Стратегиясы отыз үш жылдың ішінде емес, он бес жылдың ішінде орындалғанына бүгін куә болып отырмыз. Елбасы атап өткендей, Қазақстан Республикасы әлемдік деңгейде қалыптасып үлгерді. Енді Елбасы дамыған 30 елдің қатарынан көрінетін Қазақстан қандай болуы керек, қандай басымдықтар жүзеге асырылуы тиіс деген сұрақтарға жауап іздеп, ел алдына жоғары міндеттер қойды. ......
Шығармалар
Толық

Үлгілі ұрпақ

Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде,еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің- ішкі – сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде аршаның міндеті – әдет - ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғарыт әрбиелі ұрпақты өсіру.
Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды .Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс -қимылынан танылып , сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.......
Шығармалар
Толық

Менің міндетім – Отанға қызмет ету және қорғау

«Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген»
деп Жұбан Молдағалиев айтқандай, біз не көрмеген қазақпыз? Әйтсе де, қуанғанда күлкімізден түн түрілген қазақпыз. Адамгершілігі, қонақжайлылығы, төзімділігі біздің халықтың мінезіндегі өзге жұрттан ерекше маржан - байлығы.
Бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді мирас қып қалдырған. Еңбегі еш кетпеді де. Үміті ақталып, кейінгі ұрпаққа саналы, дана адам билік басына отырды. Олардың арманы орындалып, көсегесі көгерген кезге жеттік. Ең алдымен, досқа адал, дұшпанға қатал болуды, сонан соң досқа күлкі, дұшпанға таба болмауды, рухы биік болып, намысты қолдан бермеуді әрқашан есте сақтаған ел басымыз осы қасиеттерді бізге де үлгі етті.......
Шығармалар
Толық

Арман жыры алаштың, азатық еді аңсаған.

Азабыңды шеккен ел,
Тозағыңнан өткен ел.
Батысыңда қар жатса,
Шығысында көктем ел.
Бір шеті мен бір шеті
Жеткізбейтін неткен ел?!
Қ. Мырза Әли
«Тәуелсіздік-барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық» - деп Елбасы бекерден-бекер айтпаған.Талай ғасырлар бойы осы жолда жан алысып жан берісіп, ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, ұлан ғайыр осынау атырапты көзінің қарашығындай сақтап ұрпаққа қалдырған баһадүр бабалармыздың арқасы. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, небір алмағайып қиын-қыстау, тар жол тайғақ кешулерді бастан кешіп, ұлттық рухымыздың сағын сындырған тарихи толқулар мен толғаныстарға толы болды.......
Шығармалар
Толық

Мен Қазақстанның патриотымын

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Ж. Молдағалиев
Бізге, иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол - өлең, ол - ән, ол – сұлулық , ол – асқақ арман, ол - шалқыған дәулет, көркейген сәулет!
Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында, жастарымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да жаршысы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.......
Шығармалар
Толық

Жарты жаңқам қалғанша, мен сенікі!

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
«Құдай деген кім десе, Отан дер ем!»
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
М.Мақатаев
Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін. Менің Отаным – Қазақстан, Азияның кіндік тұсындағы ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата жұрт.......
Шығармалар
Толық

Ұлылардың ұрпағы болғым келеді.

«Ұлы болу оңай, ұлылардың
ұрпағы болу одан да қиын»
Халық даналығы
Мен өз елімнің ұланымын. Апай бізге «Сендер егеменді еліміздің ертеңгі ұланысыңдар» десе, анам мені «ұланым» деп еркелетеді. Менің түсінгенім «ұлан» деген атқа лайық болу үшін өз еліңді шексіз жақсы көруің керек.......
Шығармалар
Толық

Ауылымның тарихы

Отан! Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекен. Қазақ елі – көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел! Бүгінгі шақта біз тәуелсіз, егеменді елде тұрамыз. Осы күнге жеткізген біздің ата-бабамызға мың алғысымызды білдіреміз! Бұл күн бізге оңай жолмен келмеді. Ата-бабаларымыз көптеген қиын қыстауды өткеріп, бізге ұланғайыр жерді мұра етіп қалдырды. Бұл жасаған ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек, біз, болашақтар өз еліміздің тарихын да біліп, құрметтеуіміз керекпіз. Сол мақсатта мен өз туған ауылым Қараағаш тарихы жайлы айтқым келеді.......
Шығармалар
Толық