Елбасымен - болашақтың іргесін бірге қалаймыз!

 Елбасымен - болашақтың іргесін бірге қалаймыз!

Тастемір Жанболат
10 сынып, әскери мектеп-интернат
Павлодар қаласы
Мұғалімі: Смағұлова Г.Т.

Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Қазақстан өз тәуелсіздігін көптеген жастардың өмірлерінің құнымен алды. Кім біледі, егер сол ызғарлы желтоқсанда жастарымыз көтеріліске шықпаса, бүгінгі күніміз не болар еді. Мүмкін тағдырымызда солай жазылған шығар, жастар өз дегеніне жетті. Мемлекетіміздің кұрылуының бірінші сатысы осылай аяқталды. Уақыт өтіп, қазақ халқы тұңғыш рет өз Елбасын қолдады. Ел тәуелсіздігі мерекесінің қарсаңында Елбасы Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Бұл Жолдау Қазақстан халқының болашақтан күтетін нәтижелерін анықтаумен ерекшеленді. «Қазақстан – 2030» Стратегиясы отыз үш жылдың ішінде емес, он бес жылдың ішінде орындалғанына бүгін куә болып отырмыз. Елбасы атап өткендей, Қазақстан Республикасы әлемдік деңгейде қалыптасып үлгерді. Енді Елбасы дамыған 30 елдің қатарынан көрінетін Қазақстан қандай болуы керек, қандай басымдықтар жүзеге асырылуы тиіс деген сұрақтарға жауап іздеп, ел алдына жоғары міндеттер қойды. Бұл міндеттердің орындалуына, Қазақ елінің тыныштығының сақталуына, экономикасының күшеюіне әрбір қазақ азаматы мүдделі екеніне тоқталды.
Осы ретте Елбасы Қазақ елінің барлық азаматтарына алты үлкен міндет артты. Біріншіден, артымыздан еріп келе жатқан ұрпақтың жат жұртта емес, өз елінде өсіп, өмір сүруге құмартуын арттыру, соған жағдайлар жасау, туған жерінің иесі екендігін сіңдіру. Екіншіден , барлық этностар құқықтарының теңдігін сақтау. Үшіншіден, қазақ тілі мен үштұғырлы тіл саясаты. Елбасы қазақ тілі біздің рухани негізіміз екенін, еліміздің болашағы қазақ тілінде екенін, қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ мемлекеті» деп атай алатынымызды атап өтті. Мұндай сөздер көпшіліктің күткені еді. Төртіншіден, мәдениет, дәстүр және даралық. Елбасы қазақтың күрделі мәселелерін ашық айтып, ішкі тұтастықты бұзуға дәмеленген рушылдық, жершілдік секілді алып-қашпа әңгімеден бойды алыс ұстауға шақырды. Қарға тамырлы қазақтың түбі бір екенін әрқашан есте ұстау керек. Бесіншіден, ұлттық интеллигенцияның рөлі. Алтыншыдан, ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін туралы ойлану керек. Өйткені қазіргі кезде дін мәселесі ушығып кетейін деп тұр. Жастар дәстүрімізде жоқ діни ағымға салынуды әдетке айналдырып барады.
Халық қолдаған Елбасы тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақ елі – аз уақыт ішінде көп табыстарға қол жеткізді. Жазық жерде мемлекет құрып, астана орнату әрбіреудің қолынан келмейді. Көптеген жылдар бойы елімізді басқарып, қамымызды жеп, жеріміздің шекарасын тыныштықта сақтап келе жатыр. Алға аршындап ұмтылу үшін бізді ұлы мақсаттар мен ауқымды міндеттер жетелеп тұруы тиіс. Елбасымыз қазақ еліне сондай қанатты идеяны ұсына білді. Президентіміздің сөзі мен ісінің арасында алшақтық болмайтынын жақсы білетін халқымыз бұл идеяға үлкен үміт артады және абыроймен жүзеге асатындығына берік сеніммен қарайды. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. Ал жастар бұл асқақ ойды ісімен дәлелдемек. Біздің Елбасымызға қолғанат керек. Сондықтан, жоғары білім алуға үміт күтіп жүрген жастарға қол ұшын беруден Елбасымыз аянбайды. Себебі, жастар - жаңа көзқарастың бағыттаушысы. Біз - жас ұрпақ-Қазақстанды әлемнің биік шыңдарына көтере аламыз. Біздің мақсатымыз — білімімізді нығайтып, келешекте өз еліне жаны ашитын, азаматтық намысы бар, қазақтың мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан терін сығып жүріп еңбек ететін мемлекетіміздің нағыз азаматы болу.
Менің қазіргі уақытта жан- жақты білім алып, рухани өрісімнің кеңеюіне ықпал етіп отырған – әскери мектеп. Мен осы мектептің табалдырығын аттап, білім нәрін сусындап жүргенімді зор мақтаныш тұтамын. Бұл мектепте оқып жүргеніме екі жыл толып қалды. Біз мектептің табалдырығын алғаш әскери Ант қабылдаудан бастадық. Өмірдің жаңа сатысын енді басқандаймын. Осы курсанттармен бірге тез есейіп кеткенімді байқамай қалдым. Бұл мектептің өмірі барлығынан да өзгеше. Бізді «офицерге лайық бол» деп тәрбиелейді. Адалдық пен адамгершіліктің ақ жолына салады. «Адалдық», «Ар», «Адал еңбек», «Батылдық» деген сөздер жанымызға жақын, үйреншікті. Ал сол алдымызға қойған міндеттерді бұлжытпай орындау –біздің парыз. Мектеп дарынды балаларға арналған болғандықтан, бұл жерде ең білімді , білікті, күшті, озат курсанттар оқиды. Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған балалар осы мектепке келіп, аңсаған армандарын жүзеге асыруда.
Біз бәріміз бір атаның ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін.
Мен - Қазақстанның патриотымын, сондықтан туған жерімнің жарқын да баянды болашағы үшін аянбай еңбек етемін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру