Ауылымның тарихы

 Ауылымның тарихы

Салыкова Раухан
7 сынып, Қараағаш жалпы орта білім беру мектебі
Ертіс ауданы

Отан! Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекен. Қазақ елі – көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел! Бүгінгі шақта біз тәуелсіз, егеменді елде тұрамыз. Осы күнге жеткізген біздің ата-бабамызға мың алғысымызды білдіреміз! Бұл күн бізге оңай жолмен келмеді. Ата-бабаларымыз көптеген қиын қыстауды өткеріп, бізге ұланғайыр жерді мұра етіп қалдырды. Бұл жасаған ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек, біз, болашақтар өз еліміздің тарихын да біліп, құрметтеуіміз керекпіз. Сол мақсатта мен өз туған ауылым Қараағаш тарихы жайлы айтқым келеді.
«Қараағаш» ауылының жанындағы екі көлдің біріншісін «Ежеке», екіншісін «Ұлы көл» деп атайды . Кеңес дәуірінің гүрілдеп тұрған шағында бұл «Ұлы көлдің» жанына 5-ші бөлімшенің мал шаруашылығының сауын сиырлары орналасып, қара күзге дейін сол жерде жайлауда болатын. Ұлы Отан соғысынан кейін осы екі колхоз «Победа», «Чапай» қосылып, Северный совхозының 5-ші бөлімшесі (қазіргі кездегі Қарағаш ауылы ) деп нөмерленді. Шындығында, бұрынғы атау жұртшылық үшін өте маңызды, көкейге қонымды, тәрбиелік жағынан мәнді болатын.
1920 жылдары «Чапай» жерінде мешіт болған, ол мешітті Қанай деген әулет салған. Сол мешіттің молдасы Қанай ұлы Бәкен молда болған. Кейінен осы мешіттің орнына мектеп ашылған болатын.
Сол кезеңдерде, «Чапай» колхоздарындағы мектептерде Асылбеков Шәжән, Әлімов Жұман, Қисабеков Жәуке, Қожамуратов Ақбетей, Шәріпов Рашит деген мұғалімдер ұстаздық қызмет атқарып, ауыл балаларына ана тілінде білім берген. Кейіннен бұл қазақ мектептері толығымен жабылып, жоғарыдан келген бұйрықпен 1964 жылы орыс мектебіне айналдырылды. Мұғалімдері де, оқушылары да қазақ болса да, солай жасалынды. Бұның бәрі Кеңес заманының ағымы болатын.Бұл тарих. Ерліктерімен аты аңызға айналған бабаларымыздың тарихы. Тарихты ешқашанда ұмытуға болмайды.
Ең алғаш құрылған колхоздың алғашқы төрағасы Табаев Темірхан деген жергілікті азамат болды. Бұл кісінің немересі Олжабай – милиция полковнигі болған. Алматыда өте жауапты қызметтер атқарған адам.
1928-29 жылдары, ауылға аласапыран бұлты төніп, бай тұқымы деген адамдарды жазықсыздан, арғы аталары бай болған деп кейінгі ұрпақтарын тұтқындап, жапа шеккізіп, түрмеге жауып, одан хабарсыз кеткен біраз адам болған. Бұл теріс ағым кезі, ешкім ауыз ашпайтын қатал заман кезі еді.
Иә, сол кезде ата-бабамыз нендей қиындықтардан өтті? Бүгінгі заманға дейін қаншалықты өзгерістер орын алды? Бұл сұрақтардың жауабын іздесек тарих парақтары жетпес еді. Дегенмен, «Северный» аймағы туралы деректер қозғасақ...
Қазіргі «Северный» кеңшарының орнында, 1929 жылға дейін «Клинская» нефтебаза болған, осы жерде 1930 жылы «Северный» совхозы орнады. Бірінші бөлімшесінің бұрынғы атауы «Төбелес» болса, бертін келе ол атау біреулердің өзгертуімен жаңа атаумен «Жаңа төбелес» болып шыға келеді. Бұл «Төбелес» дегеннің өзі жай аталмаған, ол тарихи атаумен туған атау. Бір кезде шабындығы мол, малға жайлы жер болғандықтан, осы жерге халық арасында үлкен талас болып, ол төбелеспен жалғасып, ақыры үлкен төбелес болған жерді «Төбелес» деп атапты, бұл тарихта қалғаны жөн. Сондықтан бұл атауды өзгерудің де еш қажетті жоқ деп санайды ауыл тұрғындары.
Ал совхоздың 2-ші және 3-ші бөлімшелері бертін құралған. Атаулары болған жоқ. Совхоздың 4-ші бөлімшесінің бұрынғы атауы «Қызыл жыра» болған. Бөлімше нөмерленгеннен кейін ол атау ұмытыла бастады. Сөйтіп ,тарихи атауға қиянат жасалынды. Совхоздың 5-ші бөлімшесінің бұрынғы атауы «Табай жотасы» деп атаған. Бұл қалың ауыл болды. 1929 жылдары бұл жерде екі колхоз пайда болды. Олардың біріншісі - «Чапай» болса, екіншісі - «Победа» колхозы деп атайды
Ұлы Отан соғысына дейін Северный аймағында мынадай ауылдар болған:
1. «Қараағаш» ауылы
2. «Байжігіт» ауылы
3. «Табай жотасы» ауылы
4. «Қайынды» ауылы
5. «Қара тоқа» ауылы
6. «Саға» ауылы
7. «Құр»ауылы
8. «Балқаш» ауылы
9. «Қызыл жыра» ауылы
10. «Кіші төбелес»
11. «Әйткіл-жәдік» ауылы
12. «Төре» ауылы.
Осы ауылдардың мектептерінде қазақ тілінде балалар білім алған.
«Қара тоқа» деген ауылда Көшекбаев Салық деген болыс тұрған.
«Қараағаш» ауылының жанында «Ежеке» деген көл бар. Осы көлдің жанында мешіт болған. Бұл мешіттің иманы Құсайын дейтін молла болған.
Ал, енді қолдан жасаған зұлмат жылдар – 1931-32 жылғы аштықтан өлген біраз адам болды, бірақ ол адамдар қай жерде қаза болса сол жерде жерленген болатын. Ол жерлердің көбі «Чапай» жерінің маңында. Аштықтан қаза болғанның көбі Омбы облыс, Іш жақтан, міне сол жақтан аштықтан жосылған адамдар әлдері таусылып өліп жатқан болатын. Бұл да ата-бабамыздың өткерген бір қиыншылығы. Бұл қаза болған ата-бабаларымызды әр жыл сайын еске алып, құран бағыштап, ас беріледі.
«Чапай» колхозында 1938 жылдан бастап Жаңғозынов Шайқы деген кісі ел басшысы болған.
Сол соғыс кезіңде тек қана ауылдың ер азаматтарынан басқа бас көтерер деген балалардың да атын атауға болады. Қазіргі кезде олар ата болып , ол кезде бала дегендер, өмір толғауларынан өтіп қарттық шежіреге жетіп, ұрпақ қызығын көріп отыр.
Олар:Абенов Кенжебай, Әужанов Зәкуля , Шайхин Кәкен, Сүлбаев Зәйніш, Құзбаков Әннәй , Болатбаев Имаш. Бас есепші Ғандоллаев Омар болды. Болатбаев Имаш бас есепшінің көмекшісі болды. Абенов Кенжебай, Әужанов Зәкуля деген азаматтар бұғанасы қатпаса да «лабогрейка» деген шөп жинағышта жұмыс істеген.
Шайхин Кәкен, Сүлбаев Зәйніш екеуі де шөпте қолмен ауыр жұмыс істеген. Ахметов Зәкен бригадир болды. Жүсүпов Мүтәләп соғыс уақытында, есепшілік қызметте болған.Бұл ауыр жылдары Ұлы Отан соғысында ауылдың бас көтерер ер азаматтары от кешсе, ал ауылда қалған азамат, азаматшалар мен бала шағының еңбек майданында көрген бейнетін ұмытуға бола ма?
Жоқ, Ерлік ұмытылмайды,оны ұмытуға ешкімніңде құқығы да жоқ. Осы соғыс кезінде қиыншылыққа төзіп еңбек еткен адамдардың біразын атап өтсем деймін. Еңбек майданында жұмыс істеген адамдар Құрманбай, Әділбай, Серікбай, Балтабеков Зайырбай, Кәкіш, Есімбай, Сүлбаев Файзолла, Қасым, Июнов Қашкен, Сасықбаев Мағызым, Құрман, Әужан, Рамазан, Жұмаділ, Бекіш, Жансейіт, Жарасов Жұмабай, Жайықбай, Әрошке, Қайырбай, Уәли, Семен , Шөмей, Бакенов Мұқатай, Әкежанов Бек деген ер адамдар еңбек етсе, әйел адамдардан Үкіжанова Қайнел, Боранбаева Сәуен, Өртенбаева Рахима, Кенжебаева Дәме, Тұрымбаева Зейнеп, Рамазанова Бағила, Жаңғозынова Зейнеп, Құзбакова Бітәй, Елмуратова Мәнзура, Кәрімова Бәдиша қиыншылық пен ауырпашылық қасіретін көріп, бастарынан өткізген болатын.Осы азаматтар мен азаматшалардың сол кездегі өткен қол еңбектеріне біраз тоқталып кетейік.Семенов Құрманбай, Жаңғозынов Шайқы, Сүлбаев Файзолла елдің басын құрап халықты еңбек майданына ұйымдастырып, бірлікте ұстап, ел басқарған адамдар Жұмықов Қасым, Сасықбаев Мағзым 1942 жылдары соғыстан жараланып келсе де, елде еңбек майданына араласқан адамдар.Кенжебаев Құрман – бұл кісі де елді ұйымдастырып, басқарған.Рамазан, Әужан ұста болып темірден құрал-сайман соққан.Әділбай деген кісі де шаруашылықта жақсы жұмыс істеп, бірнеше рет сыйлықтар алған.Жұмаділ деген қарт адам ескіше білімді болған , азан шақырушы болған.Торайғыров Жансейіт деген қария, бұл кісіні дюана дейді, халық емшісі, керемет емші болды дейді.Жарасов Жұмабай – ол кісі озат қоюшы болған, колхоздың қойын соғыс жылдары бір қасқырға жегізбей, бір ит сатып алып, қойларды қырағылықпен баққан .Қожамурат, Елмурат деген азаматтарда мал шаруашылығында еңбек етіп, ол кісілердің де керемет малды емдеуші емшілік қасиеттері болған. Сол соғыс жылдары колхозға малды, колхоздағы әр үйден алып, колхоз малының басын құрап, бертінге дейін сол малдардан 1000 мал құралған болатын. Өткеннің білмеген, онан тәлім-тәрбие, ғибарат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі – тұрлаусыз.
Біздің қазақ халқы батыр халық.
Қазақ ата–бабасының мүрдесі жатқан жерді қатты қадірлеген, арғы түбіміз осы жерден шыққандықтан біздің тарихымыз да, өткеніміз де осы деп алатын болсақ, өзіміздің жер, атамекен, кең байтақ, өлкеміздің тарихын білу кімнің болсың парызы!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру