Мемлекеттік басқару | Кеден органдарының Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі

КІРІСПЕ
Мемлекеттің қауіпсіздігін және елдің қорғана алушылық мүмкіндігін қамтамасыз ету барлық уақытта да дамыған экономиканы талап етеді. Ал дамыған экономикаға мемлекетпен тиімді экономикалық саясат жүргізіліп, экономикалық қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда ғана қол жеткізуге болады. /1/
ҚР-ң президентінің «2030-шы жылға дейінгі Қазақстан – 2030 жолдауында: «… қарқынды экономика болмайынша біз мемлекеттер мен аурханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де ертен де және алдағы отыз жылдың ішінд де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.» - деген болатын. БҰҰ-ның «Адамның дамуы жөніндегі » берген есебінің үш негізгі көрсеткіштерден тұратын (өмір сүру ұзақтығы, халықтың білімділігі мен білімге қол жетімділігі және жан басына шаққандағы ЖҰӨ) адамның даму индексі бойынша Қазақстан 1997 жылы – 93-ші орынды, 2001 жылы 79-шы орынды әлемдік рангтер табелінде иемденген. Бұдан көретініміздей, елде әлеуметтік қиыншылықтың сақталып отыруы, қылмыстылық, капиталдың шетелдерге ағып кетуі және үлкен көлемдегі жемқорлық мемлекеттігімізге тікелей қауіп төндіреді, сол үшінде «ҚР-ның ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жыл 28-маусымдағы заңның 18 бабында ұлттық, қоғамдық, экологиялық, ақпараттық, әскери қауіпсіздіктермен қауіпсіздіктің Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: «Білім » 2001 ж. 60 бет.
ең басты түрі ретінде экономикалық қауіпсіздікті тану қажеттілігі туды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық - құқықтық формалары

КІРІСПЕ
Елбасы Н.Назарбаев елімізді таяудағы он жылда дүние жүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енгізу міндетін қойып, оған жетудің алғы шарттары мен жолын саралап айтып, белгілеп берді. Оның бірден-бір және басты жолы - өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игі істер де баршылық. Солардың бірі - кластерлік жүйе.
Президент Н.Назарбаев осыдан екі жыл бұрын Республикалық алқалы жиындардың бірінде: "Кластер дегеніміз - тізбектелген технология арқылы соңғы нәтижеге қол жеткізу" деген тұжырым жасаған болатын. Кейінгі кезде кластер ұғымына ғалымдар мен экономист мамандары әрқалай ғылыми түсініктер беріп келе жатқанымен оның түпкі мағынасы бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді. Ал, ғылыми сипаттамаларына үңілсек, кластер дегеніміз - қосымша құнды құру үрдісі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін жеткізімшілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу институтының біртұтас желісі болып табылады. Демек, кластер - тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өңделген өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіптік топ екенін аңғаруға болады.
Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған.
Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай – ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік – логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары.
Кластер – өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі.
Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер – жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз.
Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң “кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер – экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек.
“Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы рыноктар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп рынокта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды рынокта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi.
Қазақстандағы кластерлердiң сараланбаған әдiсi олардың көлемi, қуаты, даму кезеңдерi негiзiндегi өзгешелiктерiн ескермейдi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, кластерлер шағын және орта фирмалардан да, сондай-ақ шағын және iрi фирмалардан да құралуы мүмкiн. Университет базасында қалыптасқан, ғылыми орталықтармен байланысы жоқ, өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы және жоғары технологиялы салалар кластерлерi бар. Сонымен қатар жаңадан пайда болған, жаңа, дамыған және құлдырауға дайын кластер түрлерi де баршылық. Сәтсiздiкке ұшыраған кластерлер туралы да деректер бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Жетісу аймағының табиғат-райы және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктері

Кіріспе.
Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды.
Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар,онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Классикалық экономикалық теорияның негіздері қосымша құн және пайда теориясы

Экономикалық ғылым - ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «экономия» («ойкономия») термині біздің дәуірімізге дейін III-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 жж.) және Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) еңбектерінде пайда болды.
«Ойкономия» (экономия) сөзі ретінде - (үй, шаруашылық) Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген. Кейінірек, осы бір талаптарға сүйене отырып, феодалдық иелікті жүргізу үшін ұсыныстар жиынтығы жасалды.
Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекетгің пайда болуына әсер етті. Сол кездері жеке иеліктерді жүргізумен шектелмеді және мемлекеттегі (мемлекет грекше — «полис», «политейя» деген сөз) барлық шаруашылықты жүргізудің жалпы ұлттық ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстары пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атқа ие болды. Алғашқы рет «саяси экономия» деген ұғымды француз сарай қызметкері Антуан Мокретьен қолданды. Ол «Саяси экономия трактаты» (1615 ж.) кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан басқарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны ғылым деп айтуға ерте болатын. Экономикалық теория ғылым ретінде ХVІ-ХVІІ-ші ғасырлар тоғысында пайда болды. Осы кезде тауарлы - ақша қатынастары кең дамыды. Оның өзі экономиканың даму заңдылыктарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылды.
«Меркантилизм» (итальян сөзі «мерканте» - саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экоиомикалық ілім болып табылады. Осы ілімінің негізгі мазмұны мында: меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы, материалдык игіліктер өндірісіңде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамының әл-ауқаттылығына, сыртқы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталының (алтын, күміс) жинақталуы арқасында қол жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздеді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері - Вильям Стаффорд (1554-1612 жж.) және Томас Мен (1571-1641 жж.) болып табылады.
Қоғам байлығы саудада емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идеяны алғашқы рет физиократтар («физиократ» гректің: «физис» — табиғат, «кратос» - өкімет деген екі сөзінен шыққан) мектебінің еңбектерінде пайда болды ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның өнім сапасын көтерудің экономикалық тиімділігі

Нарықтық қатынастарға өтуде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құраушысы оның сапасы болып табылады. Өнімнің жоғарғы сапасы – кәсіпорын қызметінің ең маңызды нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның барлық артықшылығын, оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Соңғы кездері бұл мәселенің өткірлігі елеулі дәрежеде өсті. Бұл нарықтағы көптеген кәсіпорындардың монополиясн жоюмен, өнімнің тұтыну қасиетіне қоғамдық сұраныстардың үнемі өсуімен, ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде өнімнің рухани ескіруінің жеделдеуімен байланысты. Өнім сапасын үздіксіз көтеру, оның номенклатурасын жаңарту, өнімнің ғылыми сыйымдылығын арттыру әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы барлық озат фирмалар қызметтерінің басты мақсаты болып табылады.
Өнімнің жоғары сапасы фирмаға бағалы емес бәсекеде жеңіске жетуді, яғни, өнім сапасының жоғарырақ параметрлеріндегі артықшылық пен ерекшелігі арқасында тұтынушы үшін бәсекелес-фирмалар арасындағы экономикалық жарыста жеңіске жетуді қамтамасыз етеді. Ел басымыз Н.Назарбаевтың жолдауында айтылғандай: “Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық серпілісті әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, төмендегі бағттарға баса назар аудару керек деп санаймын: Ел экономикасындағы тұрлаулы, әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті”.[8]
Қазақстан үшін бәсекеге қабілетті өнім өндірудің басты нәтижесі ішкі нарықпен жалпы ішкі өнім көресткіштерін арттыру, экспортты ұлғайту мен валюталық түсімдерді көбейту; бюджетке салық түсімдерін қалыптастыру; халықты еңбекпен қамту; саяси-әлеуметтік тұрақтылық болуы тиіс.
Бүгінгі күні басты мақсат тек қана өндірісті жандандыруға бағытталып қоймай, өндіріс мекемелерінің инновациялық белсендігін көтеруге, өнім сапасын арттыруға, өндіріске жаңа жаңа технологияларды ендіруге, сол арқылы қолдағы бар ресурстарды тиімді пайдалануға аз щығын щығарып, сапалы әрі мол өнім өнідіруге, өнімнің өзіндік құнын арзандатып, еңбек өнімділігін арттыруға да бағытталуы тиіс.
Айта кеткен жөн, бүгінгі күнде еліміздің көптеген компаниялары өз операцияларын елімізден тыс жерлерде жүргізеді, бұл Қазақстанда трансұлттық компаниялар тобы қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұдан, Қазақстан тауар өндірушілер арасында да бәсекелестік пен өндірілген өнім сапасын жақсартуға арналған тиімді шаралардың жүзеге асырылуы жөн.
Өнімге, өнім сапасына, бағасы мен бәсекелестігіне кеткен шығындар мен тиімділігіне, өндірістің барлық құрылымдары мен материалдық-техникалық базасына тынғылықты талдау жасалыну арқылы, кәсіпорын экономикасының негізін түсінуге ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарлады экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау-тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға сату; импорттау-тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорыннның сыртқы экономикалық қызметінің есебін ұйымдастыруды зерттеу. Осы мақсатты орындау үшін курстық жұмыста келесі мәселелер қарастырылған:
- Шетелдік валюта операцияларының есебі.
- Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операцияның есебі.
- Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі.
- Толлингтік операциялардың есебі.
Сыртқы экономикалық мәміле контрактымен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірлеген Халықаралық сауда терминін («Инкотермс») пайдалануды ұсынады.
Қазақстан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауарлардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:
-кедендік баж салығы; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігін талдау

Еліміз экономикалық дамудың жаңа кезеңіне көшті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан “Егемен Қазақстан 2004 ж 19 наурыз”: «Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарық экономикасы бар».
Сонымен қатар Отандық нарықта импорттық тауарларын қорғау, халықаралық тұтыну нарығында үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер шығару мәселелері күн тәртібінде тұр. Міне, осының барлығы да еліміздегі өндірістік кәсіпорынға ішкі және сыртқы нарықтарды игеруге бағытталған тауарлық стратегиясын қалыптастыруды жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді қажет етеді. Бұл мәселелер өнімнің сапасын арттыру арқылы, бәсекеге қабілетті өнімді қалыптастыру арқылы және де өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы шешімін табуы тиіс. Аталған мәселе, мемлекеттің негізгі стратегияларымен бағдарламаларында айтылып жүр. Мәселен, Президенттің Қазақстан халқына жолдаған сөзінде төмендегі жағдайларға назар аудару керектігін ескертті: “Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді.”
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз.
Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан – инфрақұрылымда жасау және белді салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін.
Қазақстан Республикасының ашық нарықтық экономикаға өту жағдайларында ішкі және сыртқы нарықта тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсекеге қабілетті тауарлар жасауды және көптеп өндіруді талап етеді. Осыған байланысты бәсекеге қабілетті тауарларды және оларды өндіруге жұмсалатын шығындардың экономикалық жағынан тиімді деңгейлерін іздестіру мәселесі (проблемасы) туындайды. Бұл міндеттің одағай шешілуі көп жағдайда кез-келген кәсіпорынды тұтас алғанда, Республикалық экономикалық және әлеуметтік өміріне байланысты. Дипломдық жұмысымның тақырыбы көкейкесті болатыны сондықтан.
Алайда, кейбір кәсіпорындардың дүние жүзілік нарыққа шығуға мүмкіндігі жоқ, сондықтан кәсіпорынның негізгі мақсаты ішкі нарыққа жаңа технологияларды енгізу жолымен бәсекеге қабілетті өнім шығару болып табылады. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі, міне, осы....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорында шикізатты кешенді пайдалдану мен қалдықсыз технологияларды қолданудың экономикалық тиімділігі

Қалдықсыз технологиыларды құрудағы негізгі қағидалар да шикізатты кешенді пайдалану түбегейлі және жұмыс жасап тұрған технологияларды жаңарту, тұйықталған су және газ айналым циклондарын құру, кәсіпорындарды кооперациялау және аумақтық өнірісті құру жатады.
Шикізатты кешенді пайдалану. Өндіріс қалдықтарына белгілі бір себептерге байланысты қолданбаған немесе қолданып бітпеген шикізаттың бір бөлігі жатады. Сондықтан да шикізатты кешенді пайдалану проблемасы экология жағынан да, экономика жағынан да маңызды мәселе болып табылады. Табиғи ресурстарды кешенді пайдалану қажеттілігі, біріншіден, қоршаған ортаны ластап жатқан өндірістік кәсіпорындардың көлемінің өсуіне, екіншіден,оны тиімді жұмсауына тығыз байланысты болады. Өйткені минералды шикізаттар қоры шектелген. Қазіргі кезде шикізаттар бағасы тоқтаусыз өсуде. өз кезегінде бағалардың өсуі қалдықсыз технологияның тез дамуына әкеледі.
Қалдықтардың негізгі көздеріне мыналар жатады:
- шикізат қоспалары, яғни дайын өнім алу үшін осы өндірісте қолданылмайтын компоненттері;
- үрдістің толық жүрмеуі;
- қолданбайтын заттарды қалыптастыратын химиялық реакциялардың пайда болуы.
Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылатын санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бұрін қалдықта кеткен шикізат бөлігінен жаңа өнім щшығаруға ықпал етеді. Мысалы, түсті метеллургияда әрқашанда минералды шүикізаттан алынатын элементтер саны өсіп отырады. Құрамында мысы бар рудаға – 25 элемент кіреді, оның ішінен 21 – элементі алынады. Полиметаллургиялық шикізаттардан 18 элемент алынады және 40 – тан аса өнімдер алынады.
Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылатын санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бұрін қалдықта кеткен шикізат бөлігінен жаңа өнім шығаруға ықпал етеді.
Қалдықтарды өңдеу қалдықсыз ресурс үнемдеуші технологиялар қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік жасайды. Бірақ та, істеп тұрған кәсіпорындардың көпшілігі тез арада қалдықсыз технология жүйесіне көшіріле салмайды. Олардағы істеп тұрған технологияның қалдықтары жоғары болып келеді. Сондықтан, олардан шығатын газ тәрізді, сұйық, қатты қалдықтарды ауаға жібермей ұстап, қайтадан өңдеп және оны пайдалану міндеттері қолданылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктері

Кіріспе
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таңыды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұңы жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілгенжүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Еркін экономикалық аймақтардың түрлері

Кіріспе
Еркін экономикалық аймақтар дуние жүзінің көптеген
елдерінде өрістеп отыр. 90 – жылдардың ортасына қарай дүние жүзінде төрт мыңнан астам әр түрлі еркін экономикалық аймақтар болды. Олардың қатарына кедендік одақ аймақтары , техно – парктер , еркін сауда аймақтары тағы басқалар жатады. Батыс мамандарының пікірінше , 2000 – жылға дейін еркін экономикалық аймақтар арқылы дүние жүзілік тауар айналымының 30 % өтетін болды. Өз қызметі үшін тиімді мүмкіндіктерді қамти алатын халықаралық карпорациялар , еркін экономикалық аймақтарды қолайлы құрылымдар қатарына жатқызады. Олардың өз өндірістерін еркін экономикалық аймақтарда мейлінше кеңейтуге мүдделі болып отыр. Еркін экономикалық аймақтар дегеніміз – ерекшке жеңілдіктер мен ынталандыру жүйелерін пайдаланатын ұлттық экономикалық кеңістіктің бір бөлігі. Қандайда бір нысанда болмасын еркін экономикалық аймақтың ерекшелігі – ол оңашаланған географиялық территория.
Еркін экономикалық аймақ термині халықаралық аймақтық ұйымдар қабылдаған термин. Бұл термин еркін экономикалық аймақтың мәнін толық ашып бере алмайды , себебі аталған аймақтарда қолданылатын экономикалық тәртіп оларды мемлекеттің құқықтық және шаруашылық жүргізу заңдарын , ережелерін орындаудан босатпайды. Мемлекет тек қана жүріп жатқан экономикалық процестерге араласу дәрежесін қысқартады. Бірқатар дамушы елдер үшін еркін экономикалық аймақтар территориясының оңашалығы , ондағы өмір сүру деңгейі мен өндірістік мүмкіндіктердің шоғырлануы жағынан арнайы экономикалық аймақ болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық