Зерттеудің көкейкестілігі: Табиғат анамыз бен адамзаттың ара қатынасына жiк түсiп, ол ұлғайып барады. Оған себеп, өндiргiш күштердiң тез қарқынмен дамуы, минералдық шикi зат қорларын орасан көп мөлшерде пайдалану, бұрын табиғатта белгiсiз көптеген жасанды заттар шығару айнала қоршаған ортаға қысымды шектен тыс күшейтiп, кейбiр аймақтарда экологиялық тепе-теңдiктi бұзды. Осы жағдайда еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы, халықтың хал-ахуалының жақсартуы табиғат байлығын тиiмдi пайдаланумен, оны сақтаумен тығыз байлынысты болып отыр. Олай дейтiнiмiз, шұрайлы жерсiз, құнарлы егiстiксiз, айдынды шалқар көлсiз, жайқалған саялы ормансыз, ну қалың тоғайсыз, түрлi жабайы хайуанаттарсыз, тағы да басқа асыл қазыналары болмайынша қоғамдық өрлеудiң өрiсi қысқа болары хақ. Суармалы жерлер аймағында Қазақстан халқының жартысына жуығы тұрады. Алайда, суармалы жерлер жалпы егiстiк алқаптардың 4%-iн құрайды. Солай болса да, оның үлесiнде өндiрiлген күрiш, мақта және қызылшаның барлығы, жемiс-жидек пен көкөнiстi 80%-i тиедi екен. Мал шаруашылығында қой отарларының басым бөлiгi осы өңiрде шоғырландырылған. Аса қатты қуаншылық болған жылдары азық-түлiк мол беретiн ең сенiмдi өңiр осы суармалы аймақ. Соның бiрi Сырдария аймағы. [31] ....
Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Каспий теңізі – тек Қазақстан аумағындағы ғана емес, дүние жүзі бойынша көлемі ең үлкен көл. Теңіздің жануарлар дүниесі мен минералды қорлары халық шаруашылығы үшін өте маңызды. Атап айтсақ, Каспийдің әлемге әйгілі бекіресі мен ең басты байлығы – мұнай Қазақстанмен қоса, жағалауында орналасқан басқа төрт мемлекетті қамтамасыз етіп отыр. Алайда мұнайды өнеркәсіпте ұқыпсыз пайдалану әсерінен Каспийдің био ресурстары мен суы, жағалауындағы табиғи кешендер ластанып, зардап шегуілде. Бұл бір проблема болса, Каспий балықтарын шектен тыс аулап отырған – балық шаруашылығының ысырапшыл әрекеті екінші бір проблеманы туғызып отыр. Бұл жағдай осы сарынмен жалғаса берсе, тиісті шаралар жүргізілмесе Каспийдің жағдайы мүшкіл болмақ. Көкейкесті мәселе ретінде осыны талдау талабы қойылып отыр Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Каспий теңізі мен оның биоресурстарын, минералды ресурстарын тиімді пайдалану және теңіздің қазіргі экологиялық ахуалын жақсарту бойынша экологиялық-экономикалық тұрғыдан кешенді зерттеу барысында: • Теңіздің физикалық-географиялық, экологиялық және қазіргі кездегі жағдайы анықталды; • Теңіз суы мен биоресурстарының негізінен мұнай өнімдерімен ластанғаны және балықтарының, балық шаруашылығының пайдалануынан ысырап болуы анықталды; • Каспий теңізіне халық шаруашылығының теріс әсерін жою немесе төмендету мақсатында жүргізілген іш шаралар айқындалды. ....
Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білімберудің ғылыми негіздері талқыланды. Академик В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде қоршаған ортаны ғылыми, жаратылыстану жағынан түсіндіріп, "адам -табиғат" жүйесіндегі өзара байланыстардың әдіснамалық негізін қалады. Осы теориялық ілім қоршаған ортаның проблемаларын кешенді қарастыруды үйретеді. Арнайы экологиялық білім мөн тәрбие беру ғаламдағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға шақырады. Ол экологиялық білімді жүйелеп меңгеруге кешенді пәнаралық байланыс тәсілін қалыптастырып, қоршаған орта жағдайлары мен олармен өзара тығыз мәселерді біріктіре қарастырудың әдістемесін жасайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды бұлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмөйтін өзекті мәселөрінің бірі болып табылады. ....
Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне келетін болсақ, облысымызда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, алайда проблемалар да бірінен соң бірі туындап отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Бұл мақалада ең өзекті деген үш проблемаға тоқталғанды жөн санадық.
Өңірдің басты экологиялық проблемасы ретінде «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын айтуға болады. Бір кездері мұнда Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинатының үш зауытынан барлығы 105 млн. тоннадан астам қалдықтары жиналған. Өз кезегінде бұл жиынтық белсендігі 11,2 мың кюри және 51,8 млн. тонна әлсіз радиоактивтік қалдықдың жиналуына әкеп соқты. Ойпаттың оңтүстік бөлігінде арнаулы жоба жасақталмастан 1994 жылға дейін химиялық-гидрометаллургиялық зауыттың қатты радиоактивті қалдықтары көмілген.
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сағынбаевтың айтуынша, күкірт қышқылы зауытының өндірістік қалдықтары «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының оңтүстік - шығыс бөлігінде, оның санитариялық аймағы шекарасынан тыс жерде. Жасыратыны жоқ, дәл қазіргі уақытта қалдық қоймасының және оның айналасындағы экологиялық жағдайы мәз емес. Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданы халқының табиғи ортасы «экологиялық қысымда» тұрғаны ешқандай күмән келтірмейді.
"Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары, қалдық қоймасының жақын жердегі елді мекендердің экожүйесіне әсерін зерттеу мен бақылау жасау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Яғни, бірінші кезекте «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасының жақын аумақтағы экожүйесіне әсері және қалдықтар қоймасының жақын аумақтағы тұрғындардың денсаулығына экологиялы-генетикалық әсерін бағалап көрген. «Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, санитариялық аймақ ішінде өмір сүретін кеміргіштердің дезоксирибонуклеиндік қышқылы мен хромосомдарына теріс әсері анықталған. Сондай-ақ, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне және генетикалық (тұқымдық) ауруларға минорлы генотиптерді тасушылар түсуі мүмкін деген болжам жасалып отыр», - дейді Серік Сағынбаев.
Бұл проблеманы кешенді шешу мақсатында «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына келтірудің техникалық-экономикалық негіздемесі және бірінші кезеңінің жұмыс жобасының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Нәтижесінде, «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтірудің І кезеңінің жұмыс жобасын іске асыру үшін, республикалық бюджеттен төрт күнтізбелік жылға 17 518,159 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 2017 жылдың II жартыжылдығына – 3 738,786 млн. теңге; 2018 жылы – 5 168,147 млн. теңге; 2019 жылы – 5 426,304 млн. теңге; 2020 жылы – 3 184,922 млн. теңге қаржыландыру жөнінде ұсыныс өтінім берілген. Сонымен қатар Мұнайлы аудандық сотының шешіміне сәйкес, «Қошқар-Ата» қалдық қоймасында орналасқан иесіз қауіпті қалдықтар республикалық меншікке берілді. Жасанды көлдің сұйық фазасын тұрақтандыру мақсатында Ақтау қаласындағы кәріздік тазарту имаратынан (КОС-1) жыл сайын тазаланған 8,4 млн. м3 су құйылады. Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылының санитарлық-гигиеналық, экологиялық жағдайын және микроклиматтын тұрақтандыру үшін «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының оңтүстік бөлігінде жалпы аумағы 8,2 га тәжірибелік жасыл қорғаныш аймағы құрылып жатыр. Сондай-ақ, осыған ұқсас ұзындығы 3 км жасыл қорғаныш аймағын құру жоспарлануда.
Шөлейттенуге қарсы атқарылған жұмыстарды да айтып өту қажет. Маңғыстау облысындағы көшпелі құмдармен күрес жұмыстары қалай жүріп жатырғанды, әрбір тұрғынды мазалайтындығы сөзсіз. Айта кету керек, өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өңіріміздің қарқынды игерілуі қоршаған ортаға түсетін антропогендік фактордың салмағын еселей түскендігі белгілі. Биологиялық алуан-түрліліктің кемуі соның бір көрінісі. Облысымыздың ірі құм массивтерінің жер асты су көздерінің игерілуі, құм массивтерінің қысы-жазы жайылым ретінде пайдаланылуы, және де жергілікті тұрғындардың орман ресурстарын отын ретінде пайдалануы құм сілімдерінің көшуіне әкелді. Мұндай жағдай Қарақия ауданындағы «Түйесу», Маңғыстау ауданындағы «Бостанқұм» және «Қызылқұм» құм массивтерінде көрініс алды. Аталған құм массивтерінің іргесінде орналасқан Сенек, Ұштаған, Тұщықұдық және Шебір ауылдарының тұрғындары табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылуының салдарларының куәсі болды.
2004 жылдан бастап Сенек, 2007 жылдан Ұштаған, 2012 жылдан Тұщықұдық және де 2016 жылдан бастап Шебір ауылын көшпелі құмнан қорғау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл уақыт арасында 2910 гектар аумақты алып жатқан территория қоршалып, фитомелиорация-механикалық жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде қоршалған аумақтың өсімдік жамылғысы толықтай қалпына келді деп қорытындылауға болады.
Елді мекендерді көшпелі құмдардан қорғау жұмыстары алдымен «Түйесу» құм массивінде (Сенек ауылы) 2004 жылдары басталды. 2008 жылға дейін жүргізілген жұмыстарды Алматы қаласының география институты атқарды. Аумақтағы 440 гектар жердегі құм қозғалысы тоқтатылды. 2009-2013 жылдары аумақта 300 гектар құм тоқтату іс шараларын іске асырды. «Бостанқұм» құм сілемінде (Ұштаған ауылы) 2007-2010 жылдар аралығында ауқымды құм тоқтату шаралары іске асырылды. Нәтижесінде тұрғылықты жер маңайындағы 530 гектар аумақтық құм массиві тұрақтанды. 2011-2013 жылдар аралығында 300 гектар аумақтың құм тоқтату іс шаралары іске асырылды. 2011 жылдың аяғында Қызылқұмда (Тұщықұдық ауылы) құм тоқтату жобасы басталды. Жоба 640 гектар жер аумағынын қамтиды. 2011-2013 жылдар аралығында 300 гектар аумақта Тұщықұдық елді мекенін көшпелі құмнан қорғау жұмыстарын іске асырды. 2016 жылы құм тоқтату жұмыстары Маңғыстау ауданының Шебір ауылында басталып жалғасын табуда.
Тағы бір өзекті мәселе, Каспий теңізінің экологиясын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар жайы. Теңізде мұнайдың төгiлуінiң алдын алу және оны жою жөнiндегi өңірлік жоспары әзірленіп облыс әкімдігінің 09.08.2016 жылығы № 249 қаулысымен бекітілді. Сонымен қатар, жер үсті өзен сулары облыс бойынша жоқ екені белгілі. Ал облыс аумағы жер асты су ресурстарымен және де Каспий теңізі айдынымен қамтылған.
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат ресурстарды пайдалануды реттеу басқармасы Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігін қорғау аясында біршама жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, 1399,5 қашықтықты құрайтын Түрікменстан шекарысынан Атырау облысының шекарасына дейін су қорғау аймақтары мен белдеулері орналастырылды. Жыл сайын Экологиялық зерттеу зертханасы Маңғыстау облысының теңіз портының және де мұнай кен орындарының Каспий теңізінің жағалауларына техногенді әсерлерін кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Осы жыл аясында Экологиялық зерттеу зертханасы Гидробиология бөлімімен толысып Каспий теңізінің гидрофлора және гидрофауна жағдайын зерттеуге мүмкіндік алды. Зерттеу жұмыстарының қорытынды есебі экология департаменті, геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы және де мамандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына анықталған экологиялық бұзушылықтарды жоюға шара қолдануға жіберіліп отырады.
Жылда халықаралық Каспий күні қарсаңына облыста мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, сонымен қатар Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің өкілдерімен және де халықаралық беделді ұйымдармен Каспий теңізінің биоресурстарын қорғау мәселесінің аясында түрлі шаралар өткізіліп келеді.
Әрине, экологиялық ахуалды жақсартуға құзырлы органдар барын салуда. Десе де, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жергілікті немесе республикалық бюджеттен қыруар қаржыны жұмсау арқылы шешіле бермейтіні айдан анық. Өкініштісі сол, қоршаған ортаны қорғаудың орнына, қазір қорлайтындар көбейген заман болып тұр. Бір ғана Каспий мәселесін айтатын болсақ, теңіз жағалауын ластануына адамдардың өздері жол беріп отыр. Демек, бұл ретте ең алдымен ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Мұны тек еститін құлақ, сезінтін жүрек болса жетіп жатыр.
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді. .....
Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген.......
1) Кіріспе ………………………………………………………………………3 2) Омыртқасыздардың балық тіршілігіндегі маңызы.………………………4-8 3) Бір клеткалы және көпклеткалы жануарлар өкілдеріне сипаттама…………………..9-12 4) Негізгі бөлім – сүліктер класы……………………………………………..13-19 5) Қорытынды…………………………………………………………………..20 6) Қолданылған әдебиеттер……………………………………………............21