Биязылық - ұлт құндылығы

Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше. Жастаймыздан жаттап өскен тіл, мәдениет, отаншылдық сияқты бірқатар ұлттық құндылықтарымыз бар. Алайда, мен білетін қазақы мінез - биязылық та біздің ұлттық құндылығымыз. Ия, ия. Биязылықты да маңызы жоғары құндылыққа жатқызуға болады деп ойлаймын. Тіптен, биязылық зиялылықпен үндес құбылыс. Зиялы қауымның біз жақсы білетін өкілдерін еске түсіріп көрейікші. Биязылық - ол қасындағылардың, жора-жолдастарының көңілінен оң орын алу, қоршаған адамдарды, бүкіл қауымды осы мінезімен баурап алу. Қазақ айтады ғой, “мінезге бай” деп. Қазақта ата-бабамыздан келе жатқан жақсы мінездің түрі де көп: өр мінезділік, жігерлілік, намысқойлық және тағысын тағылар. Өкінішке орай, кейінгі кезде осы бір қасиет көзге көрінбей, байқалмай елеусіз қалып бара жатқан сияқты.

Биязылық - қоғам үшін де құнды, қасиетті. Ол тіптен, адамды түрлі жаман әдеттерден сақтайды. Өрекпіп тұрған, мінезі ұр да жық адам өзін де, көпшілікті де жарға ұрындырары хақ. Ұлт қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» - деген жоқ па еді? Ал ұлы ақын Абай “Жүректен қозғайтын, әдептен озбайтын" деп, биязылықтың нормасын сақтауды адамдық парыз санаған. Биязылық – мәдениеттіліктің белгісі. Игі әдет, оның әдет-ғұрыпқа айналуы биязылықты қалыптастырады. Биязылық әлеуметтік ортаның талабына бейімделуге жетелейтін тұлғаның қасиеті.......
Шығармалар
Толық

Ұлттық құндылық - ұлт болмысы

Ұлытаудың ұлы көшінен басталатын ұлағатты елімнің ұлылығы мен қадірлілігіне қайран қаламын... Тәлкекке толы тағдырдың сан түрлі соқпақтарынан өту, қасиетті даласын қорғау жолында аянбай тер төгу, ұлттық һәм рухани құндылықтарымызды ұлықтау-асыл ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін айқындай түседі.Жарқын болашаққа басқан әрбір қадамымыз-болаттай шыңдалған халықтың ащы тарихы мен мәдени салт-санасын, әдет ғұрпын ұрпақтар бойына құюға үндейді.Қадірлі қазақтың ұлттық құндылықтары- аңызға айналған ішкі әлемі, жаһанды елтіткен ұлы мұрасы, тұғырлылыққа жетудің яки азаттықты нық ұстаудың биік үлгісі, қайталанбас бағалы қасиеттері.Халық болып қалыптасу үшін қажеттісі-кең-байтақ дала ғана емес, оның тереңге жайылған тағдыры, тарих сахнасынан ойып тұрып алар орны бар тұлғаларының игілігі мен көзсіз ерліктері, киелі санайтын мәдениеті, тіршіліктің әуенімен тыныстаған ұлылыққа толы тілі, ділі де ауадай керек.Сан ғасырлар бойы ұлттық құндылығымыздың өзіндік көрінісі ретінде сыр шертетін, байлыққа кенелген қойнауымыздың алтынға бергісіз қазынасы-халқымыздың руханилығы дер едім.Осы тұста сайын даламыздың аңсап өткен азаттығына қол жеткізуіне ерекше үлесін қосып, жарқын бастамаларды жүзеге асырып, қандастарын кіндік қаны тамған жерін шексіз сүюге шақырған арда азаматтардың бірегейі, тәуелсіз қазақ елінің алғашқы басшысы-Нұрсұлтан Әбішұлының да мерейін паш өткеніміз жөн болар.Осындай тұжырымға келуімнің де бірнеше себебі бар: елі сүйген Елбасымыз ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қайнар бұлақтың көзін тапты, баршамызды зеңгір көкте самғаған қыран іспеттес болашақты бағдарлай білуге үндеді, елі десе-егіліп, халқы десе-төгілетін өресі биік, ұсынақты әрі қағілез тұлғаларды қалыптастыру үшін аянып қалмайтындығын дәлелдеді.......
Шығармалар
Толық

Абай және ХХІ ғасыр

Өзі өмір сүрген заманның нағыз озық ойлысы, елден ерек туған еңселі ері, қараңғы қазақтың шам шырағы атанған ардақты Абайдан алар тағылым мен түйер ойлар орасан зор. Тыңғылықты тыңдаған мен терең түсінген жанға Абай айтқан асыл сөздер- адасқанда жолына жарық болса, сүрінгенде сүйенер сенімді серігіндей болатыны анық. Абайдың ой- тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады. Мысалы, жұп- жұмыр жалғыз ғана «Сегізаяқ» өлеңінің өзінде қазіргі кезде белең алып, етек жайған сан түрлі жағымсыз қасиеттерді қатты мінейді. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген ойлы- өнегелі сөзі қаншалық қастерлі, көп аузынан түспейтін халық мәтеліне айналып та кетті. Расымен-ақ көзіміз күнде жетіп жүр, еріншектік, масылдық, тойымсыздық, босаңдылықтың адам өмірінің астан- кестеңін шығарып, тіпті түбіне жетіп азғындалатыны өзегімізді өртей түседі. Нәпсі мен дүниеқоңыздық адамды адам санатынан хайуандай жиренішті әрі бишаралық күйге түсіріп жібереді. Ақынның кесек ақыл мен жетік білгірлігі соншалық мұншалық маңызды мәселелер мен түйткілді ойларды орамды тілмен, кестелі сөзбен, аз сөзге көп мағына сыйғыза білдіруі сөз ұққанға мол өнеге. Айтып ауыз жиғыза алмастай, бұдан өзге де ақын қырын жан- жақты дамытып, оқырман көңіліне кереметтей сергектік, әсіресе, жастарға жаңаша серпімділік пен жадына жақсы тұтар тәлім- тәрбие беретін дана ақынның ойлы туындылары есепсіз көп. Аз ғана мысалмен айтпағымды айқын жеткізгім келеді, яғни Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігін ақын шығармаларынан анық аңғарамыз. Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын қараңғы қазақты, қалың елді, қадірлі ұлтын білімділікке, кесел мінездер мен жат әдеттерден аулақ болуға, ғылымға бейіл бұруға шақырған үндеуі, үні, айтқан асыл сөздері естен мәңгі кетпестей қасиетті мұрамыз болып сақталып келеді......
Шығармалар
Толық

Біздің Тұңғыш Президент

Қазақ ұлтының қырық жаны бар екен... Мектеп сынды мекеннен білім алып жүрген оқушы деген атым бар, өз елімнің тарихи шежіресін білмесем, Тұңғыш Президенттің елі үшін жасаған ерен еңбегін білмесем, еңселі Елордамыздың жеткен жетістігін білмесем, біз үшін үлкен сын болады деп пайымдаймын. Ендеше, ұлтымыздың ұлы шежірелерін дәлел ретінде қолданып, қиялыма ерік берейін, қиял емес-ау, ішкі толғанысым болсын.

Иә, қиындығы мен қасіреті көп болған елдің, осы кезге дейін халқын Нұрсұлтандай данышпан басқарған өр халықтың ұрпағымын. Мен халқымның төзімділігі мен табандылығына қайранмын. Сұмдық аштық пен қайыршылықты, жаугершілікті, жойқын соғысты, қантөгісті, қанды оқиғалардың куәгері болды. Небір зобалаң заманды бастан кешкен қазақ халқы осы күнге де жетті. Ауыр күнді артымызға тастадық.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, Н.Ә.Назарбаев Тұңғыш Президент болды. Менің ойымша, ол өжеттік танытты. Қиын сәтте қиындықтан қашпады, туды ұстап тура жолға түсті, шалыс қадам баспады. Оған экономикамыздың қарыштап дамуы, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, бастысы, еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық куә......
Эсселер
Толық

Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейрімділік керек

Адам - жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалы дүние не дейсіз ғой? Қымбат көлік, бағалы дүние, кең сарайдай үй, ақша, өмір бойы қалталы азамат болып өту, мүмкін, мансап шығар...Жоқ, адам өміріндегі басты байлық – оның Өмірі мен Денсаулығы. Өміріңді қалдырып, денсаулығыңды алса, адам болудан қаласың. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Халық айтпай ма, «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деп.

Пенде болған соң ауырмай бола ма. Денсаулығың сыр беріп, басың ауырып, тісің сыздап дегендей түрлі ауруға шалдығасың.Жаның мұрныңның ұшына келіп қысылғаныңда, сол бір азаптан құтқаратын жан іздейсің. Ол- дәрігер. Науқастың жанына желеу болып, ем-домын жасап жататын – дәрігер. Ол – адам өмірінің сақшысы. Дәрігер ажалдан қорықпайды. Қорықпағаны сондай – онымен аяусыз күреседі, адамның қымбат жанын оған бермес үшін барын салады, адамға екінші өмір сыйлайды......
Эсселер
Толық

Ауылымды сағынып жүрмін

Бүгін тағы да түс көрдім. Таңғы арай. Мейірім толы бір таныс өлке өз-өзіне шақырады. Танауымды қарып өткен таңғы салқын ауа мұнша жылы сезілетінін кім білген? Жағасында сайран салып, құмнан соғылған қалашықтың ханшайымы сезінетін арғы беті көкжиекпен астасқан өзіміздің тып-тынық көл жағасында келе жатырмын. Менің балалық бал дәуренімнің бар естелігін, шад-шадыман күлкімді қойнауына сақтап қатпарлы жар әжімді қарт секілді күліп қарайды. Аяғы әсте тайып сонау басынан төменге дейін сырғанап құлап, сонан соң рахаттана күлетін балапан қыздың бойжетіп, өзіменен бой жарыстырып тұрғанына таңырқап қарайтын секілді. Қораздың ку-ка-ре--ку-лап шақырған жағына бет алдым.

Көтерілген күнмен таласа оянып, ауыл адамдары шаруасына кірісіп кеткелі қашан. Қой-ешкілерді шетеннен шығарып, көршілерімен шүйіркелесіп атам жүр. Немерелері көрпесін тартып алып, әдеттегідей әжем тоңып оянса да, "Нұрболым" (мінезі ер баланыкындей деп ер баланың атымен атайтын) деп ерекше махаббатпен иіскеп, шелегін сөмке секілді қолына іліп, мөңіреген бұзауларды енесімен табыстыруға бет алады. Жеңгем қайнатқан самауырдың кернеуінен будақтата шығып, масаханада тәтті ұйқыда жатқандарды түтін түрткілеп оятуда. Үйдегілер бірінен соң бірі сап салқын сумен бетін шайып үлкен дастархан басына жиналады......
Эсселер
Толық

Әкенің жақсысы жездедей-ақ

(Әкем туралы бір үзік сыр немесе мақалға қарсылық)

Әкем кітап жинағанды жаны сүйетін. Таңдап түскен мамандығы математика пәні мұғалімі болса да, әдебиетті пән мұғалімдерінен артық білуші еді десем қателеспегенім болар. Алыстан келе жатқанда адамның көзі еріксіз түсетін түр-сипаты келіскен, көп ой үстінде жүретін жан еді. Қанша қатал адам болғанымен жүзінде бір жымиыс ұшқыны жан баласын өзіне тартып тұратын. Өзге кісілер балаларына ойыншық әкеліп берсе, әкем әртүрлі баспадан шыққан мұқабасы көз тартарлық, қызықты жаңа кітаптарды сыйға тартып, өзі секілді әдебиет пен өнерді бағалайтын ұрпақ болып өскенімізді қалайтын. Егде жастағы қарттармен де, балалармен де тең сөйлесіп, терең ой иесі ретінде сұхбаттасатын. Ақыл-ойы әлі толыспаған, мектеп қабырғасында оқып жүрген менен де зор үміт күтіп, әр айтқан сөзіме мән беріп, мұқият тыңдап пікір қосатын еді. Бір күні әдеттегідей қызу талқы кезінде, ойымда жүрген сауалымды ортаға салдым.

- Көке, осы бізде «әкенің жақсысы жездедей» деген мақал бар емес пе? Не үшін олай айтқан, сонда әкелердің махаббаты әлсіз бе? – деп әкеме сұраулы жүзімді аударып, ренжи қарадым. Көкем болса, аз-кем ойланып, жымиып:.....
Шығармалар
Толық

Толғандырған ҰБТ

«ҰБТ - (Ұлттық Бірыңғай Тесттілеу) - жоғарғы оқу орынына, үлкен белестерге деген алғашқы қадам және шешуші сәт болмақ» - дейтіндер өте көп. Бірақ, өмір мұнымен тоқтап қалмайды. Бұл ҰБТ-дан сүрінгенмен, бәрібір сіздің өміріңіз әлі алда, тағдыр сіздің әлі де шыңдалғаныңызды қалайды, сіздің сәл кідіріп, бітпеген істер болса, соны аяқтағаныңызды немесе сізге берілген сынақ деп түсініңіз. Алайда кейбіреу бар: «Мен ҰБТ-дан құлап қалдым, енді барар жерім, басар тауым жоқ» десе, кейбірі: «Мен неге өте алмадым, мен не істеп қойдым сонша?»,-деп,абдырап, не істерін білмей қалса, енді біреуі: «Амал-нешік,осылай боларын білгем, ауылда қалам, ары қарай не болады екен?»,-деп, өмірге қол сілтей салатындары да бар. Енді біреуі өштеніп, ашуланып қызбалыққа салынады.Тіпті кейбір адамдар болады, әрбір жайтқа немқұрайлылықпен қарайды. Ең сорақысы, осы бір ҰБТ-ға жүректері шыдамай, өмірден түңіліп, қайғырып, өзіне-өзі қол жұмсайтындары да бар. Бұл айтқаным, қазіргі кезде көп белең алатын жағдайлардың бірі болып тұр.

«Керек емес бұл өмірге жылағаның,
Қайғырғаның, сүрініп-құлағаның.
Шыдау керек, төзу керек бұл күнге,
Келмейді ғой әркез сенің сұрағаның.

Не болды саған, сынды ма сағың?
Ойлайсың іштей: «Ашылмай бағым»,
Қателесесің, кеш емес әлі.....
Шығармалар
Толық

Жақсылық жасау әр адамның қолында

Әр пенденің керемет көзге көрінер қасиетті-жақсылық жасау. Ол адам сырт көзге сыпайы,мейрімді әрі өте керемет болып көрінеді онысы рас. Біреулер құмарлықпен,мастықпен өмірдің өлшеулі ғана уақыттын қызықты әрі пайдасыз өткізуде,біз бұл тараптың адамдары болмаумыз керек. Өз ойымды ашық айтайын күнделікті тіршілікте,қоғамда,адамдар арасында жақсылық жасауға тырысамын. Осы тұрғыда ойыма бір оқиға келіп тұр:

Күндердін бір күнінде кедей отбасы болған екен,әйелі жүн иіріп,ал күйеуі базарға апарып сатумен айналысады. Бір күні жіптерін сатып ,үйіне азық-түлік әкелер жолда,бір кісіні біреу ұрып жатқанын көреді. Жанына дереу барып арашалап ,себебін сұрайды сонда ұрған адам әлгі кісінің қарыз екенін айтады. Жомарт әлгі жіп сатушы:Қарызын мен төлейін қалтамдағы бар ақшамды ал деп,бір күндік табысын қолына ұстатады. Әлгі кісі бұл ақша аз ,бірвқ мейлі деп жөніне кетеді. Жақсылық жасаған әлгі кедей үйіне барып бар жағдайды жұбайына түсіндіреді. Әйелі,мейлі бір қайыры болар деп ертенгі күннің жібін иіреді. Ертеңіне тағы базарға шығып,жұмысын атқарады бірақ бұл күні ешқандай жібі өтпейді екен. Кеш батта үйіне келер жолда балық сатып тұрған кісіні көреді екеуінінде саудасы өтпегендіктен келісіммен ауыстырып алады......
Эсселер
Толық

Адам болып туған соң ...

Адамгершілік – ізгілікке бастар тура жол. Осы жолды келешек ұрпақ алдына мұраға қалдыру – қазіргі буын өкілдерінің басты міндеті. Бұл үрдіс ғасырдан ғасырға жалғаса бермек. Жалпы адамгершілік қасиетті бойына сіңірген жанның рухани байлығы жоғары дәрежеде болмақ. Бұл асыл қасиеттерге қарапайымдылық, сабырлылық....
Шығармалар
Толық