Ұлттық құндылық - ұлт болмысы

 Ұлттық құндылық - ұлт болмысы

Ұлытаудың ұлы көшінен басталатын ұлағатты елімнің ұлылығы мен қадірлілігіне қайран қаламын... Тәлкекке толы тағдырдың сан түрлі соқпақтарынан өту, қасиетті даласын қорғау жолында аянбай тер төгу, ұлттық һәм рухани құндылықтарымызды ұлықтау-асыл ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін айқындай түседі.Жарқын болашаққа басқан әрбір қадамымыз-болаттай шыңдалған халықтың ащы тарихы мен мәдени салт-санасын, әдет ғұрпын ұрпақтар бойына құюға үндейді.Қадірлі қазақтың ұлттық құндылықтары- аңызға айналған ішкі әлемі, жаһанды елтіткен ұлы мұрасы, тұғырлылыққа жетудің яки азаттықты нық ұстаудың биік үлгісі, қайталанбас бағалы қасиеттері.Халық болып қалыптасу үшін қажеттісі-кең-байтақ дала ғана емес, оның тереңге жайылған тағдыры, тарих сахнасынан ойып тұрып алар орны бар тұлғаларының игілігі мен көзсіз ерліктері, киелі санайтын мәдениеті, тіршіліктің әуенімен тыныстаған ұлылыққа толы тілі, ділі де ауадай керек.Сан ғасырлар бойы ұлттық құндылығымыздың өзіндік көрінісі ретінде сыр шертетін, байлыққа кенелген қойнауымыздың алтынға бергісіз қазынасы-халқымыздың руханилығы дер едім.Осы тұста сайын даламыздың аңсап өткен азаттығына қол жеткізуіне ерекше үлесін қосып, жарқын бастамаларды жүзеге асырып, қандастарын кіндік қаны тамған жерін шексіз сүюге шақырған арда азаматтардың бірегейі, тәуелсіз қазақ елінің алғашқы басшысы-Нұрсұлтан Әбішұлының да мерейін паш өткеніміз жөн болар.Осындай тұжырымға келуімнің де бірнеше себебі бар: елі сүйген Елбасымыз ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қайнар бұлақтың көзін тапты, баршамызды зеңгір көкте самғаған қыран іспеттес болашақты бағдарлай білуге үндеді, елі десе-егіліп, халқы десе-төгілетін өресі биік, ұсынақты әрі қағілез тұлғаларды қалыптастыру үшін аянып қалмайтындығын дәлелдеді.Жақын арада жарық көрген "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" жобасы да ұлт болашығын күйттеп, төл мәдениетімізді қадірлеуге, қазақ тарихын жұдырықтай жүректе мәңгілікке сақтауға үндейді.Бұл бастаманың аясында қадірлі елде туған қырандар бабалар үніне жаңашылдық енгізді, ерек тұлғалардың салып кеткен сара жолын жалғастыру мақсатында күрес жүргізуге білек сыбана кірісті.Әрине, осындай ұлт қадірлілерінің өнегелі әрекеті көңілімді көктемдей жадыратып, кешегі өткен ызғарлы жылдардың өшпес жалынын толастатады.Бұл-тарихы терең, алайда әлемдік деңгейге көтеріліп, қазыналы құндылықтарын таныту үшін тәй-тәй басып келе жатқан қадірлі халықтың ыждағаты.

Ұлттық құндылық-халықтың мәдени өмірі.Кез-келген жанды әсемденген табиғатымен тамсандырып, таңдай қақтыратын бағасы биік, батырларымыз қасық қаны қалғанша қорғаған өлкеміздің тау мен тасы, мәдени ошақтарының өзі-тұнып тұрған тарих.Ерте дәуірде көшпелілер ұлықтаған жылқы малы мен "Аң стилі"- мәдениеттің алғашқы сатысы емес пе?! Олар-ежелгілердің рухани байлығы мен жарқын болмысы.Ал, біздердің ең басты құндылықтарымыз-егемен елдің көк байрағы, мән мен мағынаға толы, халықтың санасының деңгейін көрсететін дәстүр, ғұрпымыз.Ел ертеңін ойлайтын жандар рухани дағдысын дүйім жұртқа әйгілі етіп, ұрпақ бойына ұлтжандылықтың қайталанбас үлгісін көрсетеді.

Ұлттық құндылықардың бірі әрі бірегейі-қазақ тілі деп білер едім.Алпыс екі тамырынан қазақ ұлтының қаны ағып жатқан ұлы дала перзенттері ардақты ана тілін өз ғұмырынан артық бағалайды.Себебі, ана тіліміз-ұлттық құндылығымыздың биік бастамасы.Қазақ тілін шарықтату үшін оның бағасын білу шарт.Халық қазынасы да, жақсылыққа толы өзекті өмірдің жарқын белесі де-қара қазағымның тілінде.Іңгәлап дүние есігін аттағаннан бастап, аяулы анамыздың қоңыр үнімен әсем әуезін естіп, бойға құю-ана тілінің бағасын биіктетеді.Халқымыз сол себепті де оны қадірлі санап, әспеттейді.Күллі қазақ жұрты егемен елдің тумасы болғанын кеуде кере мақтаныш тұтып, ана сүтінен дарыған киелі қазақ тілін өз өмірінен бір саты жоғары қоюға міндетті.Әрбір қазақ есте тұтқаны жөн:ұлтымыздың қасиетті ана тілі жойылса-құндылықтарымыз бен кең даланың азаттығынан айрылуымыз бек мүмкін.Себебі, қазақтың тілі-ұлттың нағыз болмысы, ертеңгі күннің көрінісі.Қазақ хандығы пайда болып, өркендеу кезеңінде отаншылдықты ту еткен қазақ халқының ұлы мұрасы, ұлттық және рухани құндылықтары, жүрек түкпірінде сақталған бағаланбас тарихы, елдікке бастаған белестері, асыл ана тілі ешқашан жойылмайды, жойылмақ та емес.Сондықтан әрбір азамат егемен еліміздің сарқылмас қазынасы-қазақ тілін көзінің қарашығындай сақтап, қадірін арттырса, бағамыздың биік болары сөзсіз.Біздер, елдің ертеңі , жалындаған жастар рухани жаңғырып, Мәңгілік ел болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды ғұмырымыздың соңына дейін дәріптеп, енді ғана бүршік атып келе жатқан ұлы елдің ұрпақтарына табыс етуге тиістіміз.Себебі, ұлттық құндылықтар-ақиық ақындарымыз толғаныспен жырлаған қазақ елінің қазынасы.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру