Тұрмысқа шығуды қаламаған үнділік зағип қыз далада қалып қойды. Некені емес, оқуды таңдаған аруды ата-анасы үйінен қуып жіберген. Бұл туралы NUR.KZ порталы tuko.co.ke сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының топ-менеджерлері Әзірбайжан халықаралық банкіне қыруар қаржыны құйып тастады. Ал жақында аталмыш банк соттан өзін банкрот деп тануды өтінген. Енді қазақстандықтардың 70 млрд жинағы шетелден қайтпай қалуы мүмкін. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Желіде қазақ тойында стриптиз билеп, елдің жағасын ұстатқан бойжеткеннің видеосы таралып кетті. Тыр жалаңаш шешініп тастап билеп, жігітті де шешіндіре бастаған бойжеткенді көрген жұрт жағасын ұстады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Парадеш штатындағы Самбхале ауылында 18 жастағы Руби үш жыл ауылдасы Ибрагиммен жасырын жүрген. Бұл жайлы оның 52 жастағы әкесі мен 32 жастағы ағасы Самеран біліп қойып, қызды өлтірмек болған деп хабарлайды lazetime.net сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
Energyprom.kz сараптама агенттігінің мәліметінше, 99 мыңға жетіп жығылатын мемлекеттік қызметкердің айлығына осы жылы қазынадан 1 трлн 32 млрд теңге жұмсалады деп хабарлайды NUR.KZ, КТК арнасы сілтеме жасап.
Астана тұрғыны Несіпкүл Ұябаевалар үйінің сыртына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін жапсырып тастаған. Кейуана бұл қадамға үйін бұздырмау үшін барған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі енді тойға оққағарларымен келетін болған. Алматыда өткен тойлардың бірінде олар бір емес бірнеше оққағар ертіп келіп, жұртты таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.
Қазақстан қалаларының бірінде болып жатқан той кортежінде жастар мінген көлікті атқа мініп, ұлттық киім киген екі жігіт бастап жүрді деп хабарлайды NUR.KZ.