Дене шынықтыру | 3х10 метрге қайталал жүгіру

Сабақтың тақырыбы: 3х10 метрге қайталал жүгіру.
Сабақтың мақсаты: 1) Жүгіру әдістерін үйрету.
2) Жылдамдық сапасын және қимыл-қозғалыс ойынында ептілік қабілеттерін жетілдіру.
3) Ұстамдылыққа, жігерлілікке және төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың өтетін орны: Мектеп спорт кешені.
Керек құрал-жабдықтар: Баскетбол доптары, ысқырық, кубиктер.
Ашық сабақтар
Толық

12 сәуір - Ғарыш күні

Ашық сабақ тақырыбы: 12 сәуір – ғарыш күні.
Ашық сабақ мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.
Ашық сабақ жоспары:
І бөлім: Ғылыми космонавтика туралы мағлұмат. ( слайдтар )
ІІ бөлім: Білім сайысы.
І - жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі 12 сәуір - ғарышкерлер күнімен құттықтаймыз!
ІІ - жүргізуші.
ХХ – ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи – қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттарымен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар: Оның біріншісі – қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы....
Ашық сабақтар
Толық

Қадыр Мырзалиев "Кәрі Қыран" өлеңі

Ашық сабақтың тақырыбы : Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңі
Ашық сабақ мақсаты : Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңінің мазмұны мен идеясын жете меңгереді.
Ашық сабақ міндеттері :
Мазмұнға байланысты :
1.Қадыр өмірі мен шығармашылығынан мәлімет алады.
2.Өлеңнің тақырыбы мен идеясын түсіне отырып, мазмұнын меңгереді.
3. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту : Нақыштай оқуға бейімделеді. Шығарманың эстетикалық мәнін түсіне отырып, шығармашылықпен жұмыстанады.
4. Топтық жұмыс : Бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды жасайды, алған білімін бекітеді.
Ашық сабақтар
Толық

Қанағат қарын тойғызар

Сабақтың тақырыбы: Қанағат қарын тойғызар  Спандияр Ақаев.

Сабақтың мақсаты:

  1. Спандияр Ақаев туралы түсінік бере отырып, оның «Қанағат – қарын тойғызар» мәтінінің мазмұнын толық меңгерту.                          
  2. Оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту, рольдік мақамдап оқу қабілеттерін қаллыптастыру, шығармашылыққа баулу.
  3. Адамгершілікке тәрбиелеу, кішіпейіл,қарапайым, қанағатшыл, шыдамды болуға,  адам бойындағы асыл қасиеттерді айыра білуге, жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге үйрету.
Тәрбие сағаттар
Толық

Қанағат – асыл қасиет

Тақырыбы: Қанағат – асыл қасиет
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды танымдық қабілетін жетілдіре отырып, кейіпкерлерге сын көзбен қарауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушы бойына адамгершілік, қарапайымдылық, қанағаттылық, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.
Дамытушылық: өз ойын мақал - мәтел жүйелілігін пайдалана отырып дәлелдеуін, ізденушілік белсенділігін, қабілетін арттыру, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру; әдеби теориялық ұғымдарын тереңдете меңгерту.
Сабақтың түрі: сабақты қорыту, білімді жүйелеу
Тәрбие сағаттар
Толық

Қазақ тілі | Жұрнақ пен жалғау (2 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты: оқушылардың қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы алған білімдерін кеңейту, пысықтау. Түбір сөзге жұрнақ жалғатып, жаңа сөз жасату, сол сөздермен сөйлемдер құрату. Оқушылардың сөздік қорын байыту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың жұрнақ пен жалғау жайында алған білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: қисынды ойлау, алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз, сөздердің жазылуы туралы алған білімдерін дамыту;
Ашық сабақтар
Толық

Биология | Аралар мен құмырсқалар – қоғамдық бунақденелілер

Тақырыбы: Аралар мен құмырсқалар – қоғамдық бунақденелілер.
Сабақтың мақсаты: 1. Аралар мен құмырсқалардың тіршілігі мен отбасы құру ерекшеліктерін және мінез - құлықтары мен түйсігі жайлы мәлімет алу.
2. Пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылық тарын іздену, құру және салыстыруға тапсырмалар беру арқылы дамыту.
3. Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайлы білу, өмірде қолдана білуге үйрету және оларды қорғауға тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Толық

Аққу - киелі құс

Сабақтың тақырыбы: «Аққу - киелі құс»
Мақсаты: 1) Білімділік. Оқушыларға киелі құс - аққу, оның түрлері, көбеюі, тыныс тіршілігі туралы мағлұмат беру.
2) Тәрбиелік. Жойылып бара жатқан аққулардың түрлерін сақтап қалу, оларды аялауға тәрбиелеу. Балаларды әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.
3) Дамытушылық. Балалардың әртістік, шығармашылық қабілетін дамыту, қоршаған ортаны қорғау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, Аққудың түрлері салынған суреттер үлгілері. Слайд үлгісі..
(Оқушыларға бір апта бұрын аққулар туралы материалдар жинақтау тапсырылды.)
Тәрбие сағаттар
Толық

Математика | Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді ықшамдау

Ашық сабақ тақырыбы: Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді ықшамдау
Сыныбы: 6-сынып
Пәні: Математика
Сабақтың мақсаты: Оқушылар теңбе-тең өрнектердің анықтамасын; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып алгебралық өрнектерді оған теңбе-тең өрнектерге түрлендіруге болатындығын; өрнектің алғашқы түрі мен ықшамдалған түрінің теңбе-тең өрнектер екендігін білу;
Ашық сабақтар
Толық

Қазақ әдебиеті | Иса Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтарын кеңейтіп «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясын ашу, кейіпкерлер бейнесін талдау.
Дамытушылық: Өз пікірін қорғай білуге, ойын еркін әрі әдеби жеткізуге баулу, шығармашылық ізденістерін дамыту
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүйетін адал да жанашыр адам болуға тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Толық