Қоныс тойы құтты болсын! Іші тек құтқа толсын! Келін алып, қыз ұзатып Жаратқанның адамзат баласына сыйлаған барлық бақытын осы үйдің шаңырағында тойлай беріңдер! Отбасы деген Отандарың ортаймай, Кәрі болып қартаймай, ауырдым деп жантаймай, шуылдағана немере мен шөбереге айқайлай қуанышты ғұмыр кешіңдер!
Шаңыраққа байланысты жақсы баталар, тілектер
Шаңырақтарыңның шаттығы құтты болсын! Терезесінен нұр төгіліп, шаңырағынан жыр төгіліп, табылдырыққа жетпей мұң көміліп, ақ пейілді әкелер сыр сөгіліп тұрсын! Үйіңде тек той болсын! Баланың былдыры үзілмесін! Балалардың қос тірегі, мақтанышы болып ауырмай, сырқамай тек қана бақытты күндер өткізіп жүре беріңдер!