Балаға туған күнге тілектер, құттықтаулар
Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!
Қылығымен күлдіретін апасын,
Туған күнің құтты болсын, балашым.
Елің сыйлар азамат боп келешек,
Қуантарлық мамасы мен папасын.
Ақылды боп немересі атаңның,
Бақыты бол шөбересі әжеңнің,
Тілің менен қылығыңды қызықтап
Еркелетсін деп өзіңді «Тентегім».
Алмастай жүзі өткір бол қайратты,
Лайықты өз атыңа бол сымбатты.
Мамаңның ақ сүтін ақтағаның,
Ақылды боп өсіп сүйсең адалдықты.
Саған айтқан тілек орындалар,
Құлағына шалынып періштенің.
Әкеңнің артындағы ат шығарар,
Шаңырақтың иесі болып өзің.
.............. пен ........... қызығысың
Икемді боп әр нәрсеге өсе берсін.
Рахатыңа бөленіп әке-шешең,
Ата-әжең қызығыңды көре берсін.
Сен едің арманы бәрінің де,
Бала деген бауыр ет әлі күнге
Інің болсын артыңда арқа сүйер,
Риза болып қызықтасын әке-шеше.
...... жылы жайлы болсын келген міне
............ үй алыңдар өздеріңе
Сәлемі ағаңның қабыл болып,
Шалынсын құлағына періштенің.
Қажетті сілтемелер:
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: бала, туған күнге тілектер, туған күн, тілек, құттықтау