Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқаруды қайта қарау, нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа тұрпатты шенеуніктерді қалыптастыру туралы. Мемлекеттік қызмет және басқару пәнінің жаңа тұрпатты заң кадрларын даярлауда атқаратын рөлі мен алатын орны. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мәселелерінің теориясын мен тәжрибесін жаңа ғылыми тәсілдер арқылы зерделеу (функциональды, жүйелі, тарихи, нақты-социологиялық және т.б.). Мемлекеттік қызмет және басқару курсының пәні және құрылымы. Осы пәннің басқа құқық салаларының арасында алатын орны (саясаттану, социология, құқық және т.б.). Мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасында ғылым ретінде қалыптасуы және оның негізгі даму кезеңдері ....
Мен бұл жұмысты бастап қолға алуымы бірнеше себептер бар. Егеменді ел болып, тэуелсіздіктің көк байрағын желбіреткенімзге де біршама жылдың жүзі болды. Осы жылдар ішінде ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолдары, тарихы зерттеліп жатыр. Дегенмен тарих қойнауында бұғып жатқан қүлия сырлар аз емес. Елеусіздеу қалып жатқан дүниелер де жетерлік. Сондықтан қазіргі аға буын зерттеуші тарихшы ғалам үстаздарға кішкентайда болса үлес көмегімді тигізсем деп ойлаймын. Менің басты мақсаттарымның бірі осы деп есептеймін. Осы бағытта жүмыстар жүргізе отырып мектеп шэкірттеріне тың деректер үсына алсам деген ниетім бар. Сонымен қатар оқушыларға отанымыздың тарихы жайлы бар білгенімше бойына сіңіре білсем деген ойдамын. Әрине біз тарих қүпияларын зерттеу үшін көне ежелгі дэуірлердегі тарихты оқып білуіміз керек. Бүл орта білім беру ошақтары мен мектеп қабырғасында бесінші сныптан бастау алады. Демек Қазақстанның ежелгі дэуірлердегі тарихы мен таныспыз. Онда жерімізде алғашқы адамдардың қалай пайда болғандығы туралы білеміз. Олар алғашқы кезде тас құралдарды пайдаланса, одан біртіндеп дамудың нэтижесінде қола, темір сияқты металдардан құрал - сайман, қару-жарақ жасап үйренді. Грек, парсы, қытай сияқты елдердің жазба деректерінің хабары бойынша темір дэуірі кезеңінде жерімізде сақ, ғүн, үйсін, қаңлы, сармат тайпаларының өмір сүргендігі белгілі. Бұл тайпалар біздің жерімізде өмір сүруді одан эрі қарай жалгастырды. Олардың ұрпақтары да, бастарынан талай тарихи оқиғаларды өткізді. Сол тарихи оқиғалар мен олардың элеуметтік экономикалық мэдени даму жолдары жайлы осы жұмыста нақты көрсетіледі. Сонымен қатар хронологиялық мерзімі жағынан біздің заманымыздың УІ-ХУІІ - ғасырлар аралығын қамтиды.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы негізінен бір-біріне жалғасқан үш кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдерді орта ғасырлар дэуірі деп те атауға болады. Біріншісі -Қазақстьанның ерте орта ғасырлық кезеңі./УІ-ІХ ғ./ Екіншісі - Қазақстанның орта ғасырлық дамыған кезеңі / Х-ХІУғ./. Үшіншісі -біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі. /XV-XVII ғ./. ....
Мектепте мұғалімдер ұжымы кәсіптік бағдар беру ісінде негізгі күштерді (мектеп, үйелмен, жұрттылық) біріктіру бағытында жұмыс істейді. А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теореманың қатарында «үш күш одағы»—мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл, педагагикалық ұжым. ....
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда. Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз. Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды. Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан. Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады. Бірақ бәсекеге қабілетті болу міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім шығаруды ғана білдіре бермейді. Сапа деңгейі халықтың анықталған деңгейіне арналып, әртүрлі болу мүмкін. «Мерседеспен» барлық адамдар жүре бермейді, бірақ барлық машиналар эксплуатацияда сенімді және қауіпсіз болу керек. Мұның бәрі сапаны оперативті және икемді басқаруды талап етеді. Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты, өйткені оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар қойылған стандарттар болып табылады. Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. ....
Адамдар мен қоғамның салауаттылығы - бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен. «Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді»( П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру – тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша мән береміз. Олай болса «Салауатты өмір салты» деп нені айтамыз? Ол үшін «салауаттылық» пен «өмір салты» деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн. «Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» –Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Дененің саулығы» – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы. «Өмір салты» – адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» – деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді. Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын»: -ең жақсы үйлесімді тәртіп; -иммунитетті және денені шынықтыру; -дұрыс тамақтану; -орнықты өмір сүру әдеті ; -зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да - әдет қалмайды»); -жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді. Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың саулығы. Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім саласына, ұстанымға қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз. ....
Гондвана жекелеген материктерге бөлінгеннен кейін Оңтүстік Америка ұзақ уақыт басқа континенттерден оқшау қалды. Сондықтан мұнда тек Оңтүстік Америкаға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың түрлері пайда болды. Африка мен Австралияда өсетін өсімдіктермен, мысалы, пальма, қараған, бөтелке ағашымен бірге Оңтүстік Американың өз түрлері — каучукты гевея, какао ағашы, хина ағашы бар. Хина ағашының ңабығынан дәрі жасалады. Оңтүстік Америка — көптеген екпе өсімдіктердің отаны (117-суретті қараңдар). Жануарлар дүниесінің де өзіндік ерекшелігі бар. Кейбір жануарлар (құмырсқа жегіштер, сауыттылар, пума) бүкіл материкте кездеседі. Экваторлың ормандар зонасы. Бұл зона, Африкадағыдай, экватордың екі жағында орналасқан. Оңтүстік Америкада оны сельва деп атайды, бұл португал тілінен аударғанда «орман» дегенді білдіреді. Оңтүстік Америкада бұл зона Африкадағыдан гөрі едәуір көлемді жерді алып жатыр. Сельва Африкадағы ормандарға қарағанда ылғалдылау, өсімдіктер мен жануарлар түрі де көбірек. Мұнда биіктігі 80 м-ге жететін сейба ағашы өседі, пальманың алуан түрлері, қауын ағашы, какао, гевея өседі. Орманның ірі өсімдіктерін лианалар шырмаған. Ағаштардың діңінде әдемі гүлдейтін орхидейлер көп. Көптеген өсімдіктерден бағалы ағаш сүрегі ғана емес, сонымен бірге жемістер, шырын, техника мен медицинада қолданылатын қабық алынады. Орман шетіндегі топырақ — қызыл-сары ферралитті, ол Африка ормандарындағыдай түзіледі. Сельваның жануарлар дүниесі ерекше бай. Мұнда ағаштың басында тіршілік етуге бейімделген жануарлар: ілмек құйрықты маймылдар, жалңауаң мекендейді. Тіпті, бақалар мен кесірткелер де ағаштың басында тіршілік етеді. Өзендер мен батпақты жерлерде тұяқты жануарлар — тапир мең Жер бетіндегі ең ірі кеміруші су шошқасы — капибара мекендейді. Оның салмағы 50 кг-ға дейін жетеді. Жыртқыштар аз, олардың ішіндегі көбірек белгілісі — ягуар.....
2006 жылдың алғашқы айлары республиканың зейнетақы жүйесінің жұмысына бірқатар өзгерістер әкелді. Ең алдымен, бұл өзгерістер қолданыстағы зейнетақы төлеу жүйесін қамтыды, дегенмен олардың бір бөлігі зейнетақы қорлары салымшыларының мүдделеріне тікелей немесе жанама болса да, негізінен жағымды жағынан қатысты болып отыр. Атап айтар болсақ, оның ең негізгісі: бұдан әрі жұмыс беруші де, не басқа тұлға да зейнетақы қорының салымшысының таңдауына ықпал ете алмайды. Зейнетақы қорларының жұмысындағы осы соңғы өзгерістер жайында “Ұлар Үміт” жинақтаушы зейнетақы қорының” президенті Дабыр Тұрсынғазыұлы Медетбеков әңгімелеп береді. Салым¬шының зейнетақы қорын өз еркімен таңдауы жөнінде әңгіме, сонау бір жыл¬дары, елімізде зейнетақы рефор¬ма¬лары басталған тұста, яғни “Қа¬зақ¬стан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заң қабыл¬данбас бұрын-ақ айтылған болатын. Заң шығарушылардың арада сегіз жыл өткеннен кейін осы мәселеге қайта оралуына не себеп болды? МД: Өткенді еске түсіретін бол¬сақ, Елбасы “Қазақстан Республика-сындағы зейнетақымен қамсыздан¬дыру туралы” Заңға қол қойып, Қазақстанның зейнетақы жүйесі тұңғыш рет кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте зейнетақымен қам¬тамасыз етудің жылдар бойы қалыптасқан мемлекеттік ынты¬мақтастық жүйесі оның барлық олқылық-кемшілік¬тері-мен жинақтаушы жүйеге өте бастаған сәттен бері сегіз жыл өтті. Осы жылдардың ішінде жинақ¬тау¬шы зейнетақы жүйе¬сінде 5 миллиард¬қа жуық АҚШ доллары жинақталып, на¬рықта 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп келеді. Жуырда Қазақстан қаржыгерлері¬нің V конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Қазақстанның қаржы секторы бү¬гін¬де кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте жалғыз-дара болып отырған жинақтаушы зейнетақы жүйесімен мақтана алады деп атап көрсетті. Дегенмен, бұл жерде Қазақстан¬ның зейнетақы саласын қайта құру үдерісі аз уақыт ішінде тез жүріп өт¬кен¬дігін де ұмытпауымыз керек. Сон-дықтан 90-шы жылдардың аяғында қабылданып, өзінің маңыздылығын жоғалтқан бірқатар ережелер мен нормалардың түрлі өзгерістерге ұшырауына таңданудың қажеті жоқ. Бұған зейнетақы туралы заң¬дар¬да¬ғы салымшылардың жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау еркін қам¬титын нормаларды жетілдіру қажеттігі мысал бола алады. Өкінішке орай, соңғы жылдарға дейін бұл қағидат үстірт түрде орындалып келді, шынын айтқанда – тіптен орындалмай келді: көп жағдайда жұмысшының зейнет¬ақы қорын таңдауы жұмыс берушінің еркіне байланысты болды. Алайда, 2006 жылдың 1 қаң¬тары¬нан бастап Қазақстан Республика-сының 2005 жылғы 16 маусымдағы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” №58-ІІІ ҚРЗ-на сәйкес жағдай жақсы жағына өзгеруі тиіс. ....
Қылмыстың субъектвтік жағы бұл негізінен адамның психологиялық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады. Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.(Бұл жерден шығатын қорытынды қылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Қылмыстың субъектвтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелей береді. Аталып өткен қылмыстың субъективтік жағанын осы белгілерінің, заңдылық маңызы біркелкі емес, керісінше әр түрлі. Кінә кез келген қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі брлып табылады. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды. Мұньің өзі кінәсіз жағдайда қылмыстақ жау аптылық туралы сөз болуы мүмкін емес дегенді білдірді. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға қарағанда, кейбір құрамдар үшін заңда көрсетілген реттерде қажетті белгі болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс құрамының факультативті белгісі ғана болып саналады. Ілестелмекші болған қылмыс жөніңдегі абыру, өкініш білдіру немесе жазадан қорқу психологаялық әрекеттің элементтері болып табылмайды, сондықтан ол қылмыстың субъективтік белгісіне жатпайды.....
Өмір сүру деңгейі- елде тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің орташа саны мен сапасын сипаттайтын көрсеткіш Өмір сүру сапасы- өмір сүру деңгейіне қарағандағы аса кең ұғым. Мұнда жағдайларды қамту сипаты мен еңбек шарты, білім деңгейі; тұрғын үймен қамтылу, әлеуметтік қорғау жүйесі және тағы да басқаларда кіреді. Өмір сапасының деңгейін өлшеу көрсеткіштердің толық жүйесі негізінде жүргізіледі. 20 ғасырдың 70 жылдарында Дж. Форрестер өмір сапасын 5 глобальды параметрлермен сипаттауды ұсынған: халық саны, жинақталған капитал, ауыл шаруашылығының капитал үлесі, табиғи ресурстардың мөлшері, қоршаған ортаның ластануы. Адам дамуы туралы 1-халықаралық баяндама адам дамуын «Адам таңдауының кеңеюі мен халықтың қол жеткізген тұрмыс деңгейі» деп анықтаған. Баяндамаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық программа өлшеудің жаңа құралы енгізілді: Адам дамуының индексі(ИЧР), ол-өмір сүру ұзақтығын, білім деңгейін және кірісті қамтитын интегралды көрсеткіш. Әртүрлі әлеуметтік топтардағы тұрмыс деңгейін талдауды статистикалық зерттеу институты жүргізді: «Халықтың белгілі топтарының өмір құндылықтарын таңдамалы бақылау әдістемесі», 1994 жыл; «Әртүрлі әлеуметтік топтар бойынша өмір құнының өзгеру есептерін жүргізу үшін тауарлар, қызметтердің құрылымы мен жиынын анықтау және нұсқаулар әдістемесі», 1996 жыл. Экономикалық зерттеу институтында 1995-2001 жылдар аралығында халықтың тұрмыс деңгейін, кедейшілік мәселелерін зерттеулер жүргізіліп, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасын, стратегиясын, болжамдарын, концепцияларын жасау жүзеге асырылады. Тұрмыс деңгейін талдаудың Ресейлік тәжірибесін зерттеу Қазақстан және Ресей халықтарының тұрмыс жағдайы мәселелерінің біртектілігін көрсетті: -күнелту минимумының нақты көрсеткішінің болмауы. -минималды жалақыны арттыру жолымен халықтың негізгі бөлігінің кірісін жоғарылату қажеттігі. -бюджеттік сферада жалақыны арттыру қажеттілігі. -жалақыны ашық төлеу қажеттілігі (эксперттердің бағалаулары бойынша коммерциялық секторда 30-50% жалақы жасырын төленеді). Қазақстанда өтпелі кезеңде тұрмыс деңгейін талдаудың ақпараттық базасы және әдістері өзгеріске ұшыраған. Оның төмендегідей себептері бар: -нарықтық экономикаға көшу және тұрмыс деңгейін сәйкес «координаттық жүйеде» көрсету қажеттігінің болуы. -Қазақстанның халықаралық ақпараттық кеңістікке енуі және тұрмыс деңгейін мемлекетаралық салыстыруды қамтамасыз ету қажеттігі. -сәйкес ақпараттық қамтамасыздықты қажет ететін әлеуметтік мәселелер мен міндеттердің пайда болуы. Тұрмыс деңгейін талдауды жетілдірудегі негізгі міндет- статистикалық мәліметтерді өңдеу және шынайылық деңгейін арттыру. Сонымен қатар, алынатын мәліметтерді толықтыру қажет. Тұрмыс деңгейінің қазіргі халықаралық сипаттамалары жаңа аспектілерді де қамтиды: салауатты өмір сүру, аймақтық және әлеуметтік қозғалысты қамтамасыз ету, ақпарат алмасу және қоғам өміріне араласу т.б. Бірақ, мұндай факторларды есепке алу туралы ақпарат жоқ немесе жеткіліксіз, сол себепті зерттеудің бұл аспектісі кең таралмаған. ....
Қоғамдағы индивидтердің, адамдардың мінез-құлықтары арнайы нормалар шеңберімен шектелген. Қоғамда қабылданған тәртіп пен өмірдің қатынастары адамды бір қалыпта, тәртіп, талаптар көлемінде, өзінің мінез-құлқын қалыптастыруды талап етеді. Әр индивид, қоғамның мүшесі қоғам қабылдаған нормаларға өзінің қимыл-әрекетін бейімдейді. Керісінше, қоғамның санасына, оның тыныс-тіршілігіне жат талаптар мен ережелерді индивид қоғамның мүшесі ретінде қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Жеке адамның мінез-құлықтары қоғамдық қатынастарда пайда болып, қалыптасқан нормаларға сай қалыптасуы қажет. Сондықтан қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлықтарының жиынтығы, ережелері әлеуметтік нормалардың өмірі мен қызметі сан алуан әрекеттерді қалыптастырады. Әрекеттер құқық талаптарына сай, немесе қарсы болуы мүмкін. Ал, әлеуметтік нормалар адам санасына жат, оның табиғаты қабылдамайтын әрекеттерді жасауға тыйым салады, айыптайды. Жеке адамның санасы қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде сол орта қабылдаған тәртіп пен нормаларға тәуелді. Қоғамдық сана әрбір индивидтің санасының жиынтығынан қалыптасады. Әлеуметтік нормалар дегеніміз қоғамдық маңызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін, қабылданған және бекітілген норма¬лардың жиынтығы. Әлеуметтік нормалардың өзіне тән ерекшеліктері бар: 1. Әлеуметтік нормалар қоғамдық сана деңгейімен қабылданады, бірақ бәріне бірдей міндетті емес. Мысалы, әдет-ғұрып нормаларындағы қалыңмал төлеу, кит кигізу, автобуста қарт адамдарға орын беру және т.б. 2. Тарихи дамудың сатысымен бағаланады немесе айқындалады. Мысалы, жасы үлкенді сыйлауды қазақ қоғамында ең жоғарғы құлықтылықты қасиеттеріне жатқызған болса, қазір дағдарсқа ұшырауда. 3. Қоғамдық қатынастардың барлық салаларын реттейтін нормалардан қалыптасады.....