ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Қылмыстың субъектвтік жағы бұл негізінен адамның психологиялық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.
Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.(Бұл жерден шығатын қорытынды қылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады.
Қылмыстың субъектвтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелей береді.
Аталып өткен қылмыстың субъективтік жағанын осы белгілерінің, заңдылық маңызы біркелкі емес, керісінше әр түрлі. Кінә кез келген қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі брлып табылады. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды. Мұньің өзі кінәсіз жағдайда қылмыстақ жау аптылық туралы сөз болуы мүмкін емес дегенді білдірді. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға қарағанда, кейбір құрамдар үшін заңда көрсетілген реттерде қажетті белгі болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс құрамының факультативті белгісі ғана болып саналады.
Ілестелмекші болған қылмыс жөніңдегі абыру, өкініш білдіру немесе жазадан қорқу психологаялық әрекеттің элементтері болып табылмайды, сондықтан ол қылмыстың субъективтік белгісіне жатпайды.
Қылмыстың субъективтік жағы
Нінә ниет мақсат
Қасақаналық абайсыздық
Қылмыстың субъективтік жағының белгілері — кінәні, ниет пен мақсапы дұрыс анықтаудың маңызы мынада:
Біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінің кұрамдас бөллігі ретінде ол қылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас құрамдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстың субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін анықтауга мүмкіндік береді.
§2. КІНӘНІҢ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық құкықтың ең маңызды қағидаларының бірі — қылмыстық жазаға және қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс істегенге кінәлі адамға ғана тартылатындығы болып табылады. Бұл қағидат Қылмыстық кодекстің арнаулы бабында атап көрсетілген. Онда адам қылмысқа қатысты кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жазаға тартылуы тиіс.
Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
Қасақана немес абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмыста кіналі деп танылады делінген (19-бап). Қылмыстық құқықта (белгілі бір қоғамға зиянды зардап орын алады немесе қоғамға зиянды іс-әрекет істеді екен деп кінәсізден-кінәсіз жауапқа таруға мүлдем жол берілмейді. Бұл—қылмыстық құқықтың табиғатына жат құбылыс.
Сонымен, кінә дегеніміз бқл адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғаамға зиянды зардабына деген көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші болып табылады.
Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы — объективті жиқат. Қылмыстың субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақтаған дәлелдемелер арқылы анықтайды.
Кінә екі түрлі—қасақаналық және абайсыздық нысанда болады.
Кінә туралы сөз қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті " іс-әрекеттерді, яғни қылмысты істеген жағдайда ғана болады. Қылмыс құрамы болмаса кінә туралы сөз де болмайды. Кінә психологиялық, сондай-ақ әлеуметгік ұғымдардың жиынтығы, адамның істеген әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зияндылығын және одан туатын зардапты сезінуі немесе сезінуге мүмкіндік болуы кінәнің психологиялық мазмұнын құрайды. Адамның өзінің істеген іс-әрекетінің және одан туындайтын зар-даптың, яғни оның қоғамға қауіпті мәнін сезінуі немесе сезінуге мүмкіндігі болуы кінәнің әлеуметтік мазмұнын құрайды. Сезіну және еріктілік—психикалық көзқарастарды құрайтын элементтер болып табылады. Сезіну (интеллектуалды кезең) және ерік (еріктілік кезең) өзара жиналып кінәнің мазмұнын құрамды. Сонымен, кінәнің өзі екі түрлі — сезіну және еріктілік кезендері арқылы сипатталады.
ҚАСАҚАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Қылмыстық занда және сот тергеу практикасында ең көп кездесегін кінәнің нысаны қасақаналық болып табылады. Кінәнің қасақаналық нысаның дәлме-дәл анықтаудың зандылық маңызы ерекше. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсанда қабылдаған «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулысында басқа да мән-жайларды анықтаумен бірге соттар жаза тағайындағанда қасақаналық түрін, істелген қылмыстың ниеті мен мақсатын ескеруге міндетті, деп көрсетілген. Қасақаналықтың мазмұны Қылмыстық кодекстін 20-бабының; 1-бөлігінде көрсетілген. Мұнда «тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады» делінген. Қылмысты қасақана істеу тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қасақаналықтың ұғымы негізінен екі түрлі элементтен — интеллектуалдық және еріктілік кезеңнен құралады.
Задаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезіну қасақаналықтың қажетті элементі болып табылады, мұңдай элементтің болмауың өзі кінәліліктің, болмағандығын дәлелдейді.
Ісәрекеттің қоғамға қауіпті мәнін сезіну деп сол әрекет немесе әрекетсіздіктен тікелей туындайтын зардаптың мәнісін және мазмұнын түсінуді айтамыз.
Адам өзі белгілі бір қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеу кезінде өзінің қылмыстық заң қорғайтын қандай объектіге қол сұғатынын, одан келтірілегін зиянды, сондай-ақ осы іс-әрекеттін жүзеге асырылу уақытта, орны, тәсілі, жағдайы сияқты мән-жайларды ой елегінен өткізіп, елестетеді.
Әрбір адам өзінің саналы ойына, өмірлік тәжірибесіне, біліміне, құқылық мәдениетіне сәйкес өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезінуге қабілетті болып табылады.
Қасақана қылмыс істегендердің басым көпшілігі өзінің іс-әрекетінің қылмыстық заңға қайшы екенін сезеді.
Мысалы, түзеу мекемелерінде, тергеу изолягорларында, тәрбиелеу және емдеу профилакторийлерінде ұстайтын адамдар ішімдіктерін, дәрілік немесе есірткі заттарды, сондай-ақ беруге тыйым салынған басқа да бұйымдарды қарап тексеруден жасырып беру немесе кез келген әдіспен беруге әрекеттенудің қылмыстық заң тыйым салған, жазалайтын әрекет екенін әркім біле бермейді. Соған қарамастан адамның мұндай әрекеті қасақана қылмыс істегеңдік болып есептелінеді.
Өйткені, іс-әрекетгің қылмыстық заңға қайшылығын сезінуді заң шығарушы қасақаналықтың белгісі ретінде арнайы көрсетпеген. Дегенмен де кейбір реттерде заң шығарушы іс-әрекеттің қасақана қылмыс құрамына жатқызылуы үшін қылмыстық жауаптылықтың шарты ретінде кінәлінің өзінің іс-әрекетінің қылмыстық заңға қайшы екендігін сезінуін тиісті қылмыстық құқылық нормада тікелей атап көрсетеді. Мысалы, біреуді біле тұра заңсыз тұтқынға немесе қамауға алу, анықтама, тергеу, прокуратура не-месе сот органдарының біреуді біле тұра заңсыз қылмыстық жауапқа тартуы, әкімшілік шараларды қолданғаннан кейін тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде тыйым салынған мерзімде зансыз аң аулау.
Қасақаналықтың интеллектуалдық элементін сипаттайтын бір қажетті белгісі, қылмыс субъектісінің өзінін әрекетінен немесе әрекетсіздігінен болатын зиянды зардабын болжау болып табылады. Егер айыпкер мұндай зардаптың болуын болжамаса және болжауға мүмкіндігі болмаса, ол қылмыстық жазалауға тартылмайды. Қоғамға зиянды зардапың тууын болжау деп кінәлінін өзінің іс-әрекетінен туындайтын, қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға келтірілетін зиянды оймен елестету болып табылады. Тікелей қасақаналықта болжаудың мазмұнын іс-әрекеті арқылы келтірілген зардаптың нақты түрлері, оның қоғамға зияндылығы, сондай-ақ осы іс-әрекеттен келтірілген зардаптың арасындағы себепті байланыстың өрбуі сияқты белгілер құрайды.
Тікелей қасақаналықта қоғамға қауіпті зардаптың тууының болмай қалматындығы болжанады. Белгілі бір зардап келтіруге ниет еткен адам өзінің ниетінің сөзсіз іске асатындығына кәміл сенеді және туындайтын зардапты ой-сана арқылы елестетіп, оның сөз жоқ болмай қалмайтындығына көз жеткізеді. Кейбір реттерде ғана тікелей қасақаналықпен қылмыс істегенде қоғамға қауіпті зардап сөзсіз болатын түрде емес, тек қана нақты мүмкін болатын зардап ретінде болжануы мүмкін. Мысалы, жүріп келе жат-қан поездан жәбірленушіні лақтырған адам өзінің қылмысының нәтижесі—құрбанының өлуі немесе оның кез келген дәрежедегі дене жарақатын алатындығын сезеді. Мұндай жағдайда істелген әрекеттің нәтижесінен кісі өлімің тілеу занды құбылыс болғанымен, кісі өлімінің орын алуы сөзсіз түрде емес, бірақ та әйтеу ір жүзеге асатындай болып елестейді немесе кінәлі адам өзінен біршама қашықтықта тұрған адамды әдейілеп көздеп атқанда, ол жәбірленушінің өлуінің нақты мүмкін болатынын ғана болжайды.
Қоғамға зиянды зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру тікелей қасақаналықтың еріктілік элементін құрайды.
Тілеу — бұл белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету деген ерік білдірушілік болып табылады. Тікелей касақаналықта қоғамға зиянды зардаптың болуып тілеу, әртүрлі нысанда керінуі мүмкін.
а) Қоғамға зиянды зардап келтіру кінәлінің түпкі мақсаты немесе қоғамға зиянды зардап түпкі максатқа жетудің қажетті құралы болса я болмаса, б) қоғамға зиянды зардап кінәлі адам үшінтүпкі мақсатқа жетудің белгілі бір сатысы болуы мүмкіи. Қылмыстық заңда қасақаналықтын, анықтамасы материалдық құрамдағы қылмыстарға арналып берілген. Формальдық кұрамдағы қылмыс үшін қасақаналықгың мазмұнын осы тұрғыда қылмыстардың объективтік жағынын белгісі болып табылатын істелген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығын сезу ғана жеткілікті больш табылады. Қылмыстың зардабы формальдық құрамдағы қылмыстардың объективтік жағының міндетгі белгісі болмайтындықтан, кінәлі адамнан мұндай жағдайда қоғамға зиянды зардаптың болуын болжауды талап етуге болмайды.
Егер адам өз іс-әрекетінің (өрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардапгары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әреқетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса қылмыс жаңша ниетпен жасалған деп танылады (20-бап)
Тікелей және жанама қасақаналықтағы іс-әрекеттің қоғамға қауіпті мәнін білудің айырмашылығы жоқ, екеуінде де бірдей. Жанама қасақаналықта қоғамға зиянды зардапты болжаудың тікелей қасақаналықпен болжауға қарағанда айырмашылығы бар.
Тікелей қасақаналықта адам зиянды зардаптың болуын біледі. Жанама қасақаналықта, тікелей қасақаналыққа қарағанда кінәлі адам зардаптың болуын тілемегенімен, бірақ оның болуына саналы немесе немқұрайды түрде жол береді.
Қоғамға зиянды зардапқа саналы, немқұрайды түрде жол беру деп кінәлінің сол зардаптың болу мүмкіндігін болжауын және оны тойтаруды ойланбауын, яғни жүзеге асуынша немкұрайлылықпен парықсыз қарауды айтамыз. Мәліков облыстық соттың үкімімен кісі өлтіруге (КК — 24, 96-бап, 2-бөлік, «б» тармағы) оқталғандығы үшін төмендегі жағдайда сотталған. Жәбірленуші Шәріпов сотталған Мәліковтен түнде ұрланған екі қап жемді әкеліп қоймасына әкеліп қоюды ұсынады. Осы үшін кек алуды көздеген Мәліков фермаға келіп, Шәріповтың желке тұсынан пышақ салып, екінші рет пышақ кезеген, бірақ жәбірленушінің қарсылық көрсетуі нәтижесінде соңғы соққы жеңілдеу тиген. Мәліковтың өз әрекегін одан ары жалғастыруына сол жерде тұрған біраз адамдар жол бермеген. Мәліковтың әрекетін Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер қарайтын алқасы 24,96-бап П бөлігі «б» тармағы-нан 103-баптың 3-бөлігіне (денеге қасақана ауыр зиян келтіру) жатқызып, қайта саралаған. Сот үкімінде Мәліков жәбірленушінің желкесіне пышақ салып, екінші мәрте ұруға ұмтыла отырып, өзінің іс-әрекетінің қоғамға зиянды зардабын сезеді, жәбірленушінің өлетінін болжайды және оған саналы түрде жол береді, яғни жанама қасақаналықпен әрекет жасаған деп керсетілген. Мұндай қорытындымен келіспеген Жоғарғы Соттың Президиумы кассациялық ұйғаруды бұзып, облыстық соттың үкімін күшінде қалдыра отырып өз қаулысында кінәлінің қасақаналығының мазмұнын анықтауда сот істелген қылмыстың барлық мән-жайлар жиынтығын, сондай-ақ қылмыстық тәсілін және қолданылған қаруын, дене жарақатының адам өміріне маңызды органына келтірілуі сипатын, санын, кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себептерін еске алуы қажет деп көрсетті. Осы іс бойынша қьымыстың нақтылы істелу жағдайлары: пышақпен адамның өміріне қауіпті жері — желкесіне пышақ салуы, ол әрекетті екінші рет істеуге әрекет жасау, бірақ жәбірленушінің белсенді түрдегі қарсылығына байланысты, сондай-ақ бетен адамдардың кінәлінің қылмысты әрекетін тыюға байланысты, дер кезіңде дәрігерлік көмектің нәтижесінде ауыр зардапты тойтарудың өзі Мәліковтың өз әрекетінен жәбірленушінің өлуін тілегенін және ондай зардаптың сөз жоқ болатындығың болжағанын және соның тілегенін, яғни тікелей қасақаналықпен әрекет істегенін көрсетеді.
Тағы бір мысал: қатардағы Әбенов мас болып әзі күзетіп тұрған постының жанынан қараңғы кезде өтіп бара жатқан Сәрсенов жаққа қаратып, бұзақылық ниетпен автоматтан оқ жаудырған. Сәрсеновтыңм қолы және аяғы жарақатганған. Республика Жоғарғы Сотының әскери коллегиясы Әбеновты жанама қасақаналықпен кісі өлтіруге бұзақылық ниетпен оқталғандығы үшін кінәлі деп тапқан. Себебі, ол Сәрсеновке қаратып оқ атқанымен, оны өлтіруді немесе оған ауыр зардап тілемегенімен, бірақ оның болуына саналы түрде жол берген.
Жанама қасақаналықта қылмыс құрамьша тән қоғамға зиянды зардапты болғызу кінәлінің іс-әрекетінің түпкі немесе аралық я болмаса басқа мақсатқа жету құралы болып табылады. Бұлар кінәлінің іс-әрекегінен туындаған бөгде нәтиже болып табылады. Жанама қасақаналыкпен істелтен қылмыстар үшін қоғамға зиянды зардаптың қажеті жоқ, мұндай жолмен істелген іс-әрекетте зардап келтіру туралы ниетте болмайды. Бірақ алға қойған максатына жету үшін адам осындай зардаптың болу мүмкіндігін теріске шығармайды ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Кукык жоспарымен, казакша реферат жоспар, ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ