Келінге туған күнге тілек, құттықтау
Ғұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол болғай. Өмір Сізді тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Тек ұана ибалы келін атанып, сол ауылдың алтын босағасында аман-есен жүре беріңіз.
Ғұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол болғай. Өмір Сізді тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Тек ұана ибалы келін атанып, сол ауылдың алтын босағасында аман-есен жүре беріңіз.
Ғасырмен ғасыр тоғысқан,
Тай-төбе киелі жер еді.
Киесінен нәр алған,
Тәрбиеленген бұл елі еді.
Асыл туған атадан,
Айбыны күшті қаһарман.
Рейхстаққа ту тігем деп,
Ант беріп еліне аттанған.
Қазағымның рухын көтерген,
Халқы үшін туған азамат.
Рақымжан тіккен көк туы
Ұрпақтарына аманат.
Аманатын ақта ұландарым,
Намысы жоғары қырандарым.
Бүкіл әлем бас иген
Мәңгілік ел ұрандарың.
Рақымжандай ер туған,
Ел үміті ақталсын.
Мәңгі өшпей есімі,
Тарихында қазағымның сақталсын.
Бүгінгі күн, Рақымжан,
Қазағымның туын тіккен күн.
Отпен, оқпен алысып,
Арманына жеткен күн.
Жаным менің жадырайды келсе мұнда,
Келмеске кетсе, мәңгі болса құлда.
Кетсем егер шалғайға,алысқа мен
Тартып тұрар туған жерде таста,құмда.
Туған жер алтын бесік, асыл анам.Әлемнің жеті кереметінен де асып түсерлік кіндік қаным тамған Қазақстаным-мына менің сәби жүрегімнен ойып тұрып орын алған.Өзге елде мекен етіп жатқан қандастарыма арман болған елімнің қадірін мен жақсы түсінемін.Сол үшін де қадірлеймін..жақсы көремін..
Шыр етіп дүние есігін ашқан кезде туған жер деген ұғымды мен бірден түсіне қойғам жоқ.Еліңді сүй деп те ешкім құлағыма құя қоймады.Тарихтың қойнауынан сыр шерте жүріп рухани бай әрі қайырымды халқы бар Отанымның құндылығын ұға бастадым.Өз отанымды сүюді үйрендім.Өз елін менсінбей қарайтын бауырларымды мен түсінбеймін.Туған жеріміз кеше ғана есін жиып,аяққа тұрса да АҚШ пен Қытайдан кем түспейді!Дарынды ,кемел ұрпақ керек болса небір вундеркинд балалар өз елімізде бар.Ресейдің кең байтақ жерін айтсаңыз, Қазақстанның пайдалы қазбаларын сөзге тиек етемін.Біздің елдің байлығына Ресей тең бола алады ма? Швейцариядың табиғатын айтсаңыз, Көкшетауға билет сатып әперейін!Бурабайдың сұлулығын көріп,өз еліңізге қалай тамсанбас екенсіз?Әлем әдебиетін ауыз толтыра мақтамас бұрын «Абай жолын» оқып шығуыңызды сұрар едім.
Бабалардан қалған асыл мұраның,Сәтпаев ашып кеткен мол қазынаның байбына жете қоймаған ұрпаққа Елбасымыз бастаған «Рухани Жаңғыру» мен «Мәдени мұра» бір серпіліс әкелгендей болды.Бұл жобалар шын мәнінде жастардың ізденуіне жол ашты.Осы жолда Отанын жақсы тани түскен жандар сөзсіз өз елінің патриоты атанды......