Туған жер айналдым сенен
Туған жер туралы эссе
Туған жер алтын бесік, асыл анам.Әлемнің жеті кереметінен де асып түсерлік кіндік қаным тамған Қазақстаным-мына менің сәби жүрегімнен ойып тұрып орын алған.Өзге елде мекен етіп жатқан қандастарыма арман болған елімнің қадірін мен жақсы түсінемін.Сол үшін де қадірлеймін..жақсы көремін..
Шыр етіп дүние есігін ашқан кезде туған жер деген ұғымды мен бірден түсіне қойғам жоқ.Еліңді сүй деп те ешкім құлағыма құя қоймады.Тарихтың қойнауынан сыр шерте жүріп рухани бай әрі қайырымды халқы бар Отанымның құндылығын ұға бастадым.Өз отанымды сүюді үйрендім.Өз елін менсінбей қарайтын бауырларымды мен түсінбеймін.Туған жеріміз кеше ғана есін жиып,аяққа тұрса да АҚШ пен Қытайдан кем түспейді!Дарынды ,кемел ұрпақ керек болса небір вундеркинд балалар өз елімізде бар.Ресейдің кең байтақ жерін айтсаңыз, Қазақстанның пайдалы қазбаларын сөзге тиек етемін.Біздің елдің байлығына Ресей тең бола алады ма? Швейцариядың табиғатын айтсаңыз, Көкшетауға билет сатып әперейін!Бурабайдың сұлулығын көріп,өз еліңізге қалай тамсанбас екенсіз?Әлем әдебиетін ауыз толтыра мақтамас бұрын «Абай жолын» оқып шығуыңызды сұрар едім.
Бабалардан қалған асыл мұраның,Сәтпаев ашып кеткен мол қазынаның байбына жете қоймаған ұрпаққа Елбасымыз бастаған «Рухани Жаңғыру» мен «Мәдени мұра» бір серпіліс әкелгендей болды.Бұл жобалар шын мәнінде жастардың ізденуіне жол ашты.Осы жолда Отанын жақсы тани түскен жандар сөзсіз өз елінің патриоты атанды.
Туған жердің топырағы да киелі ғой шіркін..Талай жанға шипа болған киелі топырақты қастерлемеу бізге сын.Туған жердің тау-тасын,сылдырап аққан бұлағын,ән салған құстарын, атқан әрбір таңы мен сұлу кешін бақылай қарасаңыз бір тебіренесіз.Туған жердің өмірден өз жолын таппай мотивация іздеген жандардың ойларындағы бос кеңістікті толтыруға жетерлік күші бар.
Мен туған жерімді шексіз сүйем!Бұл аз сөз- үлкен мағына.Туған жерімнің әр қаракөз қыздарын,әрбір рухты жігітін, әрбір күміс-көмей жез таңдай әншісін, әрбір шабыт іздеген қаламгерін,барша байлығын сүйемін.Өйткені ,барлығымызда Отан жалғыз.Өзге елдің абыройын асқақтатқанша,туған жерімде өзімді патриот сезінгенім жақсы емес пе? Патриоттық сезімді қарапайым сөзбен сипаттау шын мәнінде қиын.Бойыңды үлкен мақтаныш сезімі кернейді.Отанды сүю де өнер,бірақ баршаға міндет.Елбасымыз айтқандай Отанды сүю - өркениеттіліктің бірінші белгісі.
Туған жер-асыл сөз.Қазақ тілінде бұл сөзді айырбастауға боларлық бірнеше мағыналас сөздер бар.Ел,Отан,Атамекен,туған жер қайсысы болмасын жүрек тебірентіп , ойға шомдырары анық.Алайда өзге тілден мен дәл мұндай сөзді кезіктірмедім.Мен өзіңмен мақтанамын туған жерім!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Туған жер айналдым сенен