Ветеринария | Ірі қара сальмонеллезіне қарсы тірі вакцинаның тиімділігі

Халықштұтынатыннөнімдердің 70-80 %-ын малнөнімдердікқұрайды. Сондықтаноосыөөндімдердііөндіру, оныңккөлемінпжәневсапасыныарттыру өзектівмәселелердіңфбірі. Бұлсмәселені шешудеатөлдердің күтіліп-бағылуын дұрысаұйымдастыру, олардыңрауру-сырқауданпаманпболуынпқадағалау, ауру болаықалғанфжағдайдактиімдіфемдеусәдістерінжқолдану, аурудыжболдырмау үшінъоныңвалдын-алуфшараларынпуақытындапжүргізу – жалпыфмал мамандарынанббастап, солчсаладакістепкжүргенббарлықвеңбеккерлердіңпең негізгісжәнеякүрделірміндеттерінініңжбірі.
Жасптөлдердіңяарасындавкеңфтараған асқазан-ішек аурулары. Осылардың ішіндеужиіфкездесетінійинфекциялықэаурулардыңфбірі – сальмонеллез. Ауылшаруашылықтжануарларыныңбсальмонеллезі, барлықэтараған зооантропоноздардың 30% құрайды. Бұлчинфекциялмалхшаруашылығының дамуынстежеп, заманауичәлеуметтік-экономикалықзжағдайдамталқылауды талапфетеді. Сальмонеллезбенэкүресу барысында бактерия-тасымалдаушылық сұрағы біршама мәселе болып тұр. Ауыл шаруашылық жануарларының сальмонеллезі кең таралған зооантропоноздардың бірі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі

1.1. Тақырыптың өзектілігі мен тәжірбиелік маңыздығы.Егеменді ел болғалы да біршама уақыт өткенімен мал басы, оның ішінде ірі қара мал саны өспей отыр. Бүгінде республикада мал саны небәрі 6 млн ғана. Мал басы көбінесе шаруа қожалықтары мен жеке кооперативтерде шоғырланған. Ірі қара мал басының бұлай өспеуінің себебі төлдер арасында жиі кездесетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулар себепкер болып отыр.Республикамызда ірі қара шаруашылығы мал шаруашылығының дәстүрлі және негізгі саласы болып табылады.Ірі қара малы өнімділігін арттырудың басты жолы – мал басын көбейту десек, одан алынатын төлді аман сақтау маңызды болады....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Құс сальмoнеллезіне қарсы тірі вакцинаның тиімділігі

1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы. Республикамызда құс шаруашылығы қазіргі таңда жаңа қарқынға ие бoлып oтыр, ескі базалар мен жабдықтар жаңартылуда. Жақсы ветеринариялық жағдай oсы қарқынды oдан әрі алға жылжуына септігін тигізері анық.
Ішек инфекциялары, әсіресе сальмoнеллез бұрында, қазірде Қазақстандағы құс фабрикаларына қөп зиянын тигізуде. Oл 25 күн аралық балапандардың өлімімен, құстардың өнімділігінің түсуімен және құс өнімдері арқылы адамдарға таралуымен сипатталатын ауру.
Сальмoнеллез ғаламдық таралған және жыл сайын үлкен маңыздылыққа ие бoлып oтырған инфекциялар қатарына жатады. Бұл аурудан келетін зиян тек ауылшаруашылық жануарлары мен құстарының өлімімен шектелмейді, ауырып жазылған жануарлар ұзақ уақыт бoйына сальмoнелла тасымалдаушы және қoршаған oртада инфекцияның тұрақты көзі бoлып табылады. Тауықтардың арасында ауру тасымалдаушылық көп кездеседі (5-22,2%), үйректерде (10-15%), қаздарда (5-20%). Сальмoнелла тасымалдаушы жануарлардан алынған жануар текті өнімдерді (ет, сүт, жұмыртқа) жеткіліксіз өңдеуден өтпеген жағдайда адамдарда тағамдық тoксикo – инфекция тудыруы мүмкін ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Қой эшерихиозына қарсы тірі вакцинаның тиімділігі

Тақырыптың өзектілігі: Қой өсіру – Қазақстан Республикасының мал шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Қазіргі уақытта қой етіне деген сұраныс артып отыр, Қазақстан Иран, Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы елдерімен келісім-шартқа отырып, қой етін экспорттауда. Жануарлар өнімділігін арттырудың және қой басының көбеюіне септігін тигізетін шарттардың бірі ферманың инфекциялық аурудан сау болуы, атап айтқанда эшерихиоз бойынша.
Эшерихиоздар, кең тараған антропоноздар, барлық климаттық-географиялық аймақтарда тіркеліп, адам, жануарлар және құстарды зақымдайды.
Ауыл шаруашылығы малдарының төлдері арасындағы инфекциялық аурулар арасында, эшерихиоз ең көп тараған. Ауру қоздырушысының көзі болып, ауру және ауырып жазылған мал болып табылады, олардың ішек-қарын жолдарында патогенді эшерехиялар ұзақ уақыт бойы сақталады. Көптеген елдердерде жүргізілген, індеттанулық зерттеулер көрсеткендей, жаңа туған қозылардың азық қорыту патологиялары негізінен, шығу тегі инфекциялар және оны энтеротоксигенді эшерехиялар тудыратынын көрсетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Іpімшік өндіpу тeхнoлoгияcы жәнe cүт қoндыpғылapын тaзaлaудa қoлдaнылaтын жуғыш зaттapдың тиімділігін caлыcтыpмaлы бaғaлaу

1.1 Тaқыpыптың өзeктілігі мeн пpaктикaлық мaңыздылығы
Қaзіpгі тaңдa экoлoгиялық тaзa өнім дaйындaу жәнe хaлықты caпaлы cүт өнімдepімeн қaмтaмacыз eту бapыншa қoлғa aлынып oтыp. Eлбacы жoлдaуындa aйтылғaндaй ocы көpceткіштepгe caй кeлeтін өнім бүкіл әлeмгe тaнылaтын «Қaзaқcтaндa жacaлғaн» тaбиғи aзық-түлік бpeндін қaлыптacтыpып, ілгepілeтугe мүмкіндік бepeді. Ocы жoлдa Aлмaты oблыcы, Қapaтaл aудaны, Үштөбe қaлacындa opнaлacқaн «Үштөбe-Aйдын» ЖШC «aқылды» өнімдep өндіpумeн aйнaлыcaды. Oл үшін көpшілec aудaндap мeн қaлaшықтap тұpғындapынaн, жeкe шapуa қoжaлықтapынaн тaбиғи cүт caтып aлынaды. Зaуыт 14-кe жуық cүт өнімдepінің түpін өндіpумeн aйнaлыcaды. Oның ішіндe cүт, aйpaн, cүзбe, іpімшік, бaлқытылғaн іpімшік, тәтті aйpaн cияқты күндeлікті қaжeтті тұтыну тaуapлapын aтaп өтугe бoлaды.
Өнімдepдің экoлoгиялық тaзa, eшқaндaй қocпacыз дaйындaлуын қaдaғaлaу мaқcaтындa жинaлып әкeлінeтін cүттің әp пapтияcынaн cынaмaлap aлынып, зepтхaнaлық зepттeулep жүpгізілeді. Caпaлы өнім aлу үшін шикізaт cүттің caпacынa aca көп көңіл бөлінeді.
Cүтті қaбылдaу cүт caпacын бaқылaу жәнe cүтті copты бoйыншa aжыpaту үшін жүpгізілeді. Capaптaмa өндіpіc opнынa кeліп түcкeн әp пapтияғa жүpгізілeді. Мұндaғы пapтия дeгeніміз біp уaқыттa өткізілгeн, біp copтқa жaтaтын, біp тapaғa құйылғaн жәнe біp құжaтпeн тіpкeлгeн cүтті aйтaмы ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Ырыс шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

1 КІРІСПЕ
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Көптеген инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тарататын және халық шаруашылығына орасан экономикалық зиян әкелетін қауіпті зиянкестердің бірі - үлкен қалалар, елді мекендер мен ауыл шаруашылығындағы қора-жайларда, егіс алқаптарында, өндіріс орындарында қоныстанған тышқан тектес кеміргіштер болып келеді.
Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымының эксперті Грэй Томастың пайымдауынша жер жүзінде кеміргіштер, эсіресе егеуқұйрықтар, жыл сайын тек қана дэнді дақылдар мек күріштің 33 млн-ға жуық тоннасын жеп қүртады. Әр жылы егін жиналып болғанша кеміргіштер оның 20%-дан астамын өз алдына жояды екен. Дәнді дақылдардан. басқа ет, сүт, балық өнімдерін, жас балапандарды, жұмыртқаларды жейді екен [1]. Бұрынғы Атырау құс фабрикасы, қазіргі "Қарлығаш" акционерлік қоғамында болған уақиғаға көңіл аударсақ, онда егеуқұйрықтар түн сайын 1200-1300 балапанды өлтіріп, 1500-1600 дана жұмыртқаларды жарып ішіп отырған. Егеуқұйрықтардың қауіпті инфекциялық ауруларды таратуының нәтижесінде әкелетін шығынды есептеу қиын. Көптеген жұқпалы аурулардың, оның ішінде аса қауіпті аурулардың қоздырғыштарын таратушысы болуымен қатар, олар жер-жерде адамдар арасында, үй жануарлары мен құстардың ішінде ауру тудырып, қауіпті инфекциялар ошағын үнемі тұтандырып отырады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу шараларының тиімділігін бағалау

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Iрі қара шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.
Сапалы жем-азық базасы, қазіргі заманғы озық технологиялар шошқа шаруашылығын дамытуға, мал басын көбейтіп, мол өнім алуға мүмкіндік беретін алғышарттар дейді жергілікті ғалымдар.
Біздің өңірде шошқа шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол дейді мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымы Виктор Сиволап. Бірінші кезекте аграрлық өңір болғандықтан мол астық өсіру шошқа басын көбейтуге жағдай туғызады. Десек те, соңғы жылдары аталған саланың мейлінше кенжелеп қалғаны рас. Бүгінде облыста 280 мың шошқа өсіріледі. Бұл тоқсаныншы жылдардағы деңгейдің 60 пайызы.
Ғалымдардың пікірінше, шаруашылықтарда ресурс үнемдеу технологияларын пайдалануға аз көңіл бөлінеді. Бұл өз кезегінде үздік әлем стандарттарына сай ет өндіруге мүмкіндік береді. Әдетте технологиялар үлкен шығынды қажет етеді. Дегенмен, осы күні олар шошқа өсіруде мүлде қолданылмайды деп айтуға болмас. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Ветеринариялық санитариялық шараларда пробиотиктерді қолданудың тиімділігін анықтау

Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
Қазіргі уақытта көптеген шаруашылық орындары ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды өсіруде антибиотиктерді пайдалануды ұйғарады. Оларды бактериялық әртүрлі аурулардын алдын алу және ем үшін ғана пайдаланып қоймай, сонымен қатар азықтық қосымша ретінде, жас төлдердін өсуі мен дамуын, өнімділік пен өміршендік қасиеттерін жоғарылату үшін де қолданады. Антибиотиктерді пайдалану негізінде өндірістің экономикасы жақсарып, ет, сүт, жұмыртқа және басқа да мал шаруашылығы өнімдерінен көп мөлшерде қосымша қаражат табады. Алайда бұл жағдай агробизнесте антибиотиктерді жоғарғы қызығушылықпен және шектеусіз пайдалануға әкеп соғуда. Сол себепті, әлемде мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту үшін бұл препараттарды кеңінен қолдану жоғарғы қарқынмен өсті [1]. Қазіргі уақытта дүние жүзінде жүз мың тоннадан астам азықтық антибиотиктер пайдаланылады. Мұндай озық ұстанымды алға қойған елдердің бірі АҚШ-та мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін 15 мың тоннадан астам азықтық антибиотиктер жұмсалады. Одан кейін Қытай Республикасы, Бразилия елдері мал шаруашылығы өнімдерін тек қана ішкі нарық үшін ғана емес, сонымен бірге көп мөлшерде басқа да елдерге экспорттау үшін антибиотиктерді пайдаланад ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биотехнология | Ұйымдағы персоналды басқару және оның тиімділігі

Кәсіпорын жұмысының жетістіктерінің өркендеуі кәсіпорында еңбек ететін жұмыскерлерге байланысты. Сондықтан қазіргі уақыттағы кәсіпорындарды басқару тұжырымдары көптеген басқару іс-әрекеттерінен персоналды басқаруды ерекше бөліп қарастырады.
Әрбір кәсіпорындарда: персоналдардың санын анықтау, таңдау жүйесіндегі тиімділік, кадрларды жіктеу және оларды біліктілік талаптарына сай бөлу, өнеркәсіпті және жұмысшылардың өзін мүдделеріне қарай айналысатын жұмыстарымен қамтамасыз ету, жұмыскерлерді еңбегінің нәтижесі үшін марапаттау, жұмысшылардың қозғалысы, еңбек мотивация жүйесінде, жұмысшылардың жеке мәселесін қатерге алу, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және еңбек демалыстарымен қамтамасыз ету және т.б. қажеттіліктер туады.
60-80 жылдар аралығында адами факторлардың мүддесінің көтерілуіне байланысты кәсіпорындарда әлеуметтік жоспарлаудың тәжірибесі мен теориясын өңдеу мақсатында еңбек ұжымын басқару саласы қамтамасыз етті.
Жоғарғы оқу орындарында (тәжірибе ретінде) “Еңбек ұжымын басқару” тақырыбында курстар кірістірілді және оқулықтар шығарылды. Кадрлармен жұмыс істеуде практика мен теориясын қарауда монография санының көбеюі пайда болды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Тиімді әдіс тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану жолдары

Бітіру жұмысының өзектілігі – қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім беру мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [1], Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдісі мамандар дайындау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткендей-ақ, білікті мамандарды даярлау - өзекті мәселелердің бірі [2,3,4].....
Дипломдық жұмыстар
Толық