Құрбыма тілек: үйлену той, қыз ұзату, тұрмысқа шыққан

Бір-бірлеріңе бағынышты, сағынышты сезімдерің мәңгі сөнбесін, сыйластықтарың, қимастықтарың ешқашан таусылмасын, махаббат әлемінің нұрлы аспанында жұптарың жазылмай, қанаттарың талмай самғай беріңдер!
Өмірде қалса екен жарқын іздер, Жарасып, қол ұстасып өтіңіздер. Жұптарың жазылмасын өмір бойы, Арманға – алтын тойға жетіңіздер.

Құттықтау, тілектер
Толық

Тілашар: Мектепке барған балаға тілек пен құттықтау

Әулетіміздің кішкентайын мектеп табалдырығын аттаған қуанышты күнімен құттықтаймыз. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шық» дей отырып, сабағың «4» пен «5»-ке оқуын тілейміз.


Ата-анаңның мейірім-шапағатына бөленіп, жарқыраған алтыны, еркетай елігі, ақ сәуле шашқан арайы болып, аман-есен жүрсін. Барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің де білікті Азаматы болып өсе берсін.

Құттықтау, тілектер
Толық

Алғыс айту күні - 1 наурыз

Құрметті оқырмандар! Қазақстанда 1 наурызда болатын мейрамға арналған рахмет, ризашылық, алғыс айту күніне байланысты құттықтау, тілектер мен алғыс сөздер жарияланды!


Досыңызды, ағаңызды, анаңызды, ғашығыңызды, ініңізді, ұстазыңызды, әпкеңізді құттықтап алғыс айтыңыз, тағы да өмірге, еліңізге алғыс сөздер бар. 1 наурыз алғыс айту күні құтты болсын, Қазақстандықтар!

Құттықтау, тілектер
Толық

40 жасқа құттықтау, тілек

40 жастың бағында Қыдыр қонып, бақ дарып отырған жандарға өмірдің тек қана жақсылығын тілейміз. Бал күндерге толы жақсы күндерде ағайынның ортасында гүл – гүл жайнап, аман – есен жүре беріңіз.

Құттықтау, тілектер
Толық

Қыз ұзату тойы: Қызға құттықтау, тілектер

Құрметті тойға жиналған ағайын-жұрт, достарымыз бен жолдастарымыз!

Шынымды айтсам, сіздердің алдарыңызда шаңырағымыздан ұшырғалы отырған ақ көгершіндей аяулы қызыма қандай ақ жол, сәт сапарлық тілек тілерімді білмей толқып тұрмын. Ең дұрысы, негізгі сөзімді қызыма арнағаным жөн сияқты…. Үйіміздің сәні, әкең екеуіміздің аялап өсірген қызғалдағымыз, сүйікті де сүйкімді қызым менің! Кеше ғана «іңгәлап» өмірге келгенің де,тұлымшағың желбіреп жүгіріп жүргенің де, шашыңа ақ бантик тағып алғаш мектеп табалдырығын аттағаның да, жоғарғы оқу орнына түскенде «Мама, Папа! Мен студент атандым!» деп қуаныштан жүрегің жарыла сүйінші....

Құттықтау, тілектер
Толық

Шаңыраққа байланысты жақсы баталар, тілектер

Қоныс тойы құтты болсын!  Іші тек құтқа толсын!  Келін алып, қыз ұзатып Жаратқанның адамзат баласына сыйлаған барлық бақытын осы үйдің шаңырағында тойлай беріңдер! Отбасы деген Отандарың ортаймай, Кәрі болып қартаймай, ауырдым деп жантаймай, шуылдағана немере мен шөбереге айқайлай қуанышты ғұмыр кешіңдер!



Шаңырақтарыңның шаттығы құтты болсын! Терезесінен нұр төгіліп, шаңырағынан жыр төгіліп, табылдырыққа жетпей мұң көміліп, ақ пейілді әкелер сыр сөгіліп тұрсын! Үйіңде тек той болсын! Баланың былдыры үзілмесін!  Балалардың қос тірегі, мақтанышы болып ауырмай, сырқамай тек қана бақытты күндер өткізіп жүре беріңдер!

Баталар | Құттықтау, тілектер
Толық

Алғыс ризалық сөздер

Құрметті оқырман, алғыс және ризалық сөздерді ұсынамыз! Тағы да жазылмаған сөздерді білсеңіз, астына жазыңыз...

Құттықтау, тілектер
Толық