Тауық еті мен күріштен дайындалған тағам

Тауық еті мен күріштен дайындалған тағам

Тауық еті мен күріштен дайындалған тағам

Қажетті өнімдер:
▪ 300 гр. тауық еті
▪ 150 гр. күріш
▪ азырақ ұн
▪ 100 гр. ірімшік
▪ 120 мл су
▪ Дәміне қарай тұз, бұрыш
▪ 1 шай қасық қызыл бұрыш (паприка)

Дайындалуы:
1. Тауық етін ірі етіп тураймыз.
2. Күрішті тұзды суға салып, 10 минуттай қайнатамыз.
3. Кейіннен күрішті дуршлагқа салып суын сорғытамыз. Күрішті салқын суға жумауға да болады. Содан соң күріш пен тауық етін формаға салып араластырыңыз.
4. Енді соусын дайындап алайық. Ол үшін қаймақ, паприка, тұз, бұрыш және ұнды араластырамыз.
5. Осы тұздыққа қайнаған суды құйып, жақсылап араластыру керек. Сонда ешқандай іртік қалмауы тиіс.
6. Қаймақ пен су басқа да дәмдеуіштер араласқан тұздықты енді формаға құямыз. Бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелейміз.
7. Пешті 200 градусқа дейін қыздырып, пешке форманы саламыз. Бетіне фольга қағазын жабуға немесе қақпағын пайдалануға болады. Кейіннен фольганы ашып тағы да 15 - 20 минуттай пісіреміз. Сонда пісірмеміз де дайын болады.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу