Әлеуметтану | Қала мен ауыл село адамзат мекенжайының тарихи түрлері

Адамдардың бүкіл қоғамдық өмірі мен іс-әрекеттері белгілі бір әлеуметтік-территориялық қауымдастықтар шеңберінде өтеді. Ол қауымдастықтар – жеке адам өмірінің басты формасы мен шарты. Адамзат қауымдастықтарының ру-тайпалық, халықтық, ұлттық және таптық сияқты тарихи формаларынынң бәрінен негізгі бір белгісі әлеуметтік–территориялық бірлестік болып келді, өйткені ол қауымдастықтардағы адамдардың экономикалық, әлеуметтік-саяси, тарихи және рухани-идеологиялық қарым-қатынастары белігілі бір мекенжайларда, яғни географиялық ортада ғана іске асады. Сондықтан адамдардың түрліше мекенжайларының қоғамдық мәнін ашып көрсетудің маңызы зор.
Тарихи мәліметтерге қарағанда, адамдардың алғашқы тұрақты мекенжайлары егіншіліктің шығыумен байланысты болған көрінеді, ал одан бұрынғы аң аулаушылық, мал өсірушілік шаруашылықтарымен, т.б. айналысқан кезде көшіп-қонып жүруге байланысты тұрақты мекенжай болмаған. Ірі мекенжай ретінде қала сауда-саттық және қолөнер кәсіптерінің шығуына байланысты пайда болды. Демек, адамзаттың өз мекенжайларын тіршілік қажеттеріне қарай орналастыруын табиғи–тарихи заңдылық процесінің нәтижесі деп қарастыру қажет: алғашқы кездерде мекенжайлардың сипаты мен орналасуы табиғи-географиялық жағдайлармен анықталған болса, ал уақыт озған сайын әлеуметтік-экономикалық факторлармен анықталатын болды. Мекенжай адамның тұрақты өмір сүру орнына айналған сайын оның бұл мекенжайымен екі арадағы тәуелділік механизмі де: жұмыс, жанұя, денсаулық, т.б. жағдайлары да күшейе түсті, ал қоғам дамыған сайын бұл тіршілік механизмдерінің тәуелділік байланысының кейбіреулері нығая түссе, енді берулері әлсіреді.
Қазіргі қоғамда мекенжайлардың жоғарыда айтқан негізгі екі түрінен (қала мен ауыл-селодан) басқа түрлері де пайда болды. Атап айтқанда, қала мен ауыл-селодан басқа тағы да қала типтес селолар (поселкалар), қала маңындағы ауыл-селолар дегендер пайда болды. Бұлар өнеркәсіптің дамуының салдары болып табылады. Кейде ондай ауыл-селоларды қаладан айыру қиынға соғады, өйткені олардағы әлеуметтік тұрмыс жағдайлары өте ұқсас болып келеді. Дегенмен, олардың арасында адамдардың тұрмыстық қажеттеріне және объективтік сақсат-мүдделеріне байланысты елеулі айырмашылықтар бар екенің көреміз. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қаңлылар

Б.з.б. ІІ ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Усун, Янцай, Кангюй мемлекеттер қалыптасты. Соңғысы Қазақстан тарихында ереулі рөл атқарады. Тарихынаманың ауқымды болғанына қарамастан, кангюйлердің зерттелуі әлі де қанағаттандырылмайды. Оның үстіне деректер үзік-созық және қарама-қайшы, мұның өзі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұлан-байтақ жерді Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуандария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың оңтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фулю, Юйни, Цзу, Юйцзнь, сияқты бес «Шағын иелік» бағынды. «Кангюй» бұл Қытай жазбаларында осылай аталған қаңлы мемлекеті. Қытайдың тарихи храникалары деректерінің ерекшелігі мынадай: тек соларға қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасының Битянь қаласының қайда екенін, тәуелді бес иеліктің (Сусе, Фулю, Юйни, Юйцзнь) қалай орналасқаны және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес. Алайда, жазбаша деректемелер тобын едәуір кеңейтпейінше және оларды түсіндірмей, археология деректерін қарастырмайынша, тегінде, тарихи-саяси, этникалық мәселелерді шешу мүмкін емес. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ҚАРАХАНДАР ӘУЛЕТI

Қарахандар әулетi 10-ғасырдың орта шенiнде қалыптасты. 12-ғасырдың басында ыдырай бастады. Олардың территориясы қазiргi Шинжаң өлкесi мен Жетiсу өңiрiн және Мауараннахрды (қос өзен аралығын) қамтыды. Қарахандар елiнiң екi орталығы болды. Оның бiрi Шу өзенi бойындағы Баласағұн қаласында, ендi бiрi Қашқар қаласында едi.
Қарахандар әулетiнiң шығу тегi мен бастапқы кезеңi жөнiнде нақтылы жазба дерек жоқтың қасы. Бұл туралы тарихшылар арасында алуан түрлi пiкiрлер айтылған. Олардың едәуiр бөлегi қарахандар әулетiнiң тегi ұйғырлар арасынан шыққан десе, ендi бiр бөлегi қарлықтар арасынан шықкан дейдi. Кейбiрi қарахандар хандығын ұйғырлар мен қарлықтар бiрлесiп құрған десе, тағы бiрi яғмалар мен шығылдар бiрлесiп құрған дейдi. Қарахандар әулетi бұрынғы түрiктiң ашына тайпасынан шыққан деушiлер де бар. Сөйтiп, қарахандар әулетiнiң шығу тегi туралы жоғарыдағыдай бес түрлi пiкiр айтылып келедi. Бұлардың бәрi қарахан мемлекетiн билеген әулеттiң шығу тегi туралы пiкiрлер. Қарахандар әулетi билеген мемлекеттегi халықтың этникалық құрамы едәуiр күрделi едi. Бұл ұлан-байтақ өңiрдi Гың Шымын «Қараханилар тарихына шолу», Шинжаң коғамдық ғылымы, 2-сан, 1982 ж қамтыған елде жоғарыда айтылған ұйғыр, қарлық, яғма. шығыл тайпаларынан басқа да көптеген тайпалар болды. Қараханилар мемлекетiнiң құрамына кiрген бiзге мәлiм тай¬палар: үйсiндер, қаңлылар, дулұлар (дулаттар), телi, қыр-ғыз, қыпшақ, арғұ (арғын), яғма, оғыздар (ақшар), букриз. салғыр, бектелi, баяндұз, балт және баскалар1. Демек, қараханилар мемлекетiнiң негiзгi халқы: ұйғыр, қазақ, қыр-ғыз, өзбек, оғыз ұлттары едi. Қарахандар мемлекетiнiң құра-мында түркi тiлдес халықтарымен қатар иран тiлдес ха-лықтар^ да болған. Оның қарамағындағы ұлыстар мен ха-лықтардың әрқайсысы өзiне тән өңiрлердеЧэаз баяғы қал-пында тiршiлiк өткiзiп отыра берген, қарахандар әулетi оларды жергiлiктi басшылар арқылы билеген.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қасым хан

Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518) – қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі.
Қасым әуелгі кезінде Бұрындық ханның атты әскерін басқарады. Ол осылай жүріп, қан майдандағы ерлігімен, ел басқаруға қосар ақылымен, көрші елмен байланыста қиыннан жол табар саясаткерлігімен, жұртты соңынан ертіп әкетер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмай, ел бірлігіне жарықшақ түсірмей, Бұрындық ханның дегеніне көніп, оған қалтқысыз бағынады. Сол кездің куәгері, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: «Ол (Қасым) әкесінің үлгісі бойынша барлық жағдайда Бұрындыққа бағынды, соған тәуелді болды» деп жазады. Бірақ Қасымның тәуелділігі Бұрындықтың ел басқарудағы қабілетсіздігіне араша түсе алмайды. Ақыры ол хандығын тастап, Самарқандағы қызына кетуге мәжбүр болады. Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым билікті өз қолына алады.
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтеріледі. Ол қауіпті көршісі Мұхаммед Шайбаниді талқандап, оның мемлекетінің құлауына себепші болады. Моғолстанның ханы Сұлтан Саид ханмен достық қатынас орнатады. Сондай ақ ол таяу көршілерімен ғана емес, сырт елдермен, мысалы, Мәскеу мемлекетімен терезесі тең дәрежеде дипломатиялық қатынас орнатып, орыстың сол кездегі кінәзі ІІІ Василиймен байланыста болған.
Қасым ханның ел басқарудағы кемеңгерлігіне, қол астындағы халқының қамын ойлар даналығына тәніт болған көрші елдердің тынымсыз қақтығыстан мезі болған ру-тайпа көсемдері әр кезеңде ақырын жылысып, мұның қарамағына еніп жатқан. «Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшілік сүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік сүйгіштігімен Қасым хан халықтар араснда ерекше әйгілі болды» деп жазады ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қасымұлы Кенесары хан

Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) – Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Бабасы – қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғыс ханның Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген нойанының қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы.

1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті әкімшілігіне, сонымен қатар патшаның тікелей өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі Кенесарының талаптарын орындаудан бас тартады. Сондықтан да ол өз мақсатын күшпен жүзеге асыруға кіріседі.

Кенесары көтерілісін жер жерден қолдаушылар көбейеді. Өйткені патша әкімшілігі қазақтардың жерін тартып алып, әскери бекіністер сала бастайды. Көшпелі ел ата қонысынан айырылып, мал жаятын жаңа жер іздеуге мәжбүр болды.Оның үстінен патша үкіметінің алым салығының ауыртпалығы да оларды діңкелетіп біткен еді. Осының бәрі қазақ қауымының наразылығын күшейтіп, оларды Кенесары бастаған көтерілісті жан жақты қолдауға итермеледі. Көпшіліктің қолдауымен Кенесары 1841 жылы Қазақ хандығының ханы болып сайланды.

Патша өкіметі кесіп алған жерлерді заңды иесіне қайтару жолындағы күресте Кенесары әскери күштерді ұйымдастыру барысында Орта Азия хандықтарының тәжірибесіне сүйенеді. Ол өз әскерін жүзге, мыңға бөліп жүзбасылар мен мыңбасыларды тағайындады. Әскер тәртібін бұзғандар қатал жазаланды.

Кенесарының сыртқы саясатының басты мақсаты Тәуелсіз Қазақ хандығын құру болатын. Ол осы мақсатын жүзеге асыру үшін Орта Азия хандықтарынан өзіне сүйеу іздейді, олардың ішкі ісіне араласып, билеушілерін өз жағына тартуға күш салады. Хиуа ханы мен Бұқар әміріне өз елшілерін жіберіп, байланыс орнатады. Орта Азия мемлекеттерімен сауда көлемін ұлғайтып, олардан өздеріне қажетті қару жарақ, оқ дәрі алып тұрады.

Кенесары өз хандығын нығайту үшін біраз экономикалық және саяси шараларды жүзеге асырады. Оның алым-салық саясаты шариғатқа негізделіп, мал өсіретін аудандарда зекетті, егіншілікті аудандарда ұшырды енгізеді. Халықтан алым-салық жинауды арнайы жасауылдар жүзеге асырды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақтың ұлттық саз аспаптары мен ұлттық киімдері


Адырна
Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.

Аса таяқ
Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.

Домбыра
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақтың киіз үйі

Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік қүрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
Шаңырақ
Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi.

Шанырақ
Киiз үй — ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады.
Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз.
Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген.
Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты........
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақтың зергерлік бұйымдары

Тұмарша (Бойтұмар)
Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.

Жүзік, сақина
Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.


Шолпы, шаш теңге
Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.

Шашбау
Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақтың жүздері

Балқаш, яғни Теңіз көліне құятұғын Қаратал өзенінен Сырдария һәм Шыршық өзеніне шейін Қаңлы, Дулат нәсілі. Бұл Дулат бұрыңғы Чуйский нәсілінен. Арғы түбі Қара қырғыздан шыққан. Ғайса пайғамбардан 150 жыл бұрын күнбатыстағы Алатауға келген. Сол Дулаттың оң тұс күнбатысына келген көп Қаңлы және Қаңлының Шанышқылы деген табы ұлы жүздің ең көбі Дулат болған. Оның ішінде ботбай, шымыр, сиқым, жаныс, албан, суан. Албаннан шыққандары: қызыл бөрік, қоңыр бөрік, айт бозым, сегіз сары, құрман,әлжан, қиыстық және Іле өзенінің сол тұс жағында ескі үйсін нәсілінен сары үйсін бар. Оның рулары – құттымбет, жанай, жолай, танай, жан досай, құлүке, қырық деген.
Ұлы жүздің Дулаттан соңғы көбі Жалайыр болған. Оның рулары: андас, мырза, қара шапан, орақты, Сыпатай.
Жалайыр бұрыңғы уақытта бек көп ел болған және ұлы жүздің Шапырашты, Ысты дегендері Алматыға қарайды. Сіргелі мен Ошақты Сырдарияға жақын. Бұл төртеуі Қаңлыдан шыққан.
Ұлы жүздің энциклопедиялық анықтамасы – қазақ халқының этгикалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі.

Ұраны: Қауға беріп қойға қой
Таңба: Нәл таңбасы Ω ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары

Олар көбіне-көп тарих қойнауының шырғалаң шатқалдарында шырмалып, цивилизация дамуының сарабдал жолдарының түрлі себептермен тыс қалып қойды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранында жазылғандай:
«Жаралған намыстан қаһарман халықпыз
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз».
Ол мыңжылдық тарихымен ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы Далада, көшпелі цивилизацияның негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен ролінің құлдырамауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың «еркіндік» қабілетінің сақталуымен «оқшау» орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де, ортағасырлық қазақ даласындағы мәдени-шаруашылық тоқыраудың белең алуы, өркендеп өскен басқа елдерден көш-құрым артта қалуы қоғам дамуына да әсерін тигізбей қоймады. Ұланбайтақ Орталық-Азия аумағы тарих сахнасының соңғы шебіне ысырылып тасталды да, ұзақ ұақыт бойына ұмыт қалды. Жат елдердің көшпелілер даласына отарлау саясатының іске асуымен байланысты қазақ қоғамы тарих бетіне қайта ене бастады. Бұл өзгерістер қазақ құқығының кейінгі тағдырында да және оған баға беруден де көрініс тапты.
Ол жоқтан бар етіп, біреулердің ойдан шығара салған қиялы болған жоқ. Сондықтан да халық арасында: «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген түсінік қалыптасқан.....
Рефераттар
Толық