Әрбір халықтың тарихы бар. Тарихта адамзат тағдыры мен тылсын дүниеміздің бастауын аламыз. «Қазақ» атты ұлы халқымыздың орта ғасырдағы мәдениетін бізге жеткізген де сарқылмас деректер. Орта ғасырдағы Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, т.б. өмірі мен өнерін осы жұмыста ашып айтылған. Сан ғасырлар бойы сақталып, асыл қазына болып қалған ол ұлы ұлы ғұламалар бізге болашаққа бағыт-бағдар беретін сөзсіз. Сол заманмен бүгінді байланыстыратын – тарих.....
Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдсгі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалык, (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. ; Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндегі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды Қазақ халқы мәдениетінің ерекшеліктерін анықтаудың басты шартының бірі оның әлемдегі орнын айқындаумен қатысты. ....
Кредиттік оқу жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысына аса көңіл бөлінеді. Сондықтан оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етудің, дәрістерді белсенді және аса белсенді жүйеде жүргізудің маңызы өте зор. Бұл студенттердің жаңа оқу материалдарын игеру дәрежесін жоғарылатады. Және болашақ мамандардың қабілеттерін дамытады. Осы мақсатпен «ПИК-05-8к2» тобының студенті «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен «Орта Азиядағы архетиктуралық ескерткіштер» тақырыбы бойынша кейс зерттеп даярлаған. Кейс әдісілекция сабақты оқытушы қойған нақтылы проблемалық жағдайды жеке топшаларда зерттеп талқылап, содан кейін топ бойынша жалпы шешім қабылдауға және жұмыс нәтижелерін топтың жалпы сөз сайысында презентациялауға негізделген. Сабақты кейіс үрдісімен жүргізу үшін студенттер лекцияның бастауына дейін кейстің тақырыбы мен әне мазмұнымен танысуы керек. Студенттердің алдына қойылған проблемалық жағдайлар пәннің жұмыстық оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес құрастырылған. Оқытушы студенттердің жұмысын бағалаған кезде әрбір студенттің белсенділігін, топта жұмыс орындау қабілеттерін, шешімдерін техникалық рәсімдеу сауаттылығын, проблемалық жағдайды шешудегі жаңа көзқарастарын, жағдайды талдай білу қабілеттерін, альтернативті шешімдерді бағалай білу және өз шешімдерін қорғай білу қабілеттерін ескереді. Бұл кейсті орындау бір лекциялық сабаққа есептелген.....
Мемлекет деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері қалыптасады. Мем¬лекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мем¬лекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді: 1.Формациялық; 2. Өркениеттік. Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типолгия негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда — мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды. ....
Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүниежүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз – бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс. Бұл даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференциациялау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы мемлекет қай топтардың мүдесін қорғайды, халықтың қандай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданатынын көрсетуге тиіс.....
Адамзаттың даму сатысының ең алғашқы құрылымы алғашқы қауымдық құрылыс болып саналады. Дүние жүзіндегі барлық халықтар осы сатыны бастарынан кешірді. Жалпы адамның пайда болуы туралы ғылымда осы күнге дейін екі пікір қалыптасқан. Біріншісі — креационизм, екіншісі эволюция теориясы. Креационизм (латын сөзі- create — жасау) бүкіл әлемнің барлығын, соның ішінде адамды да аяқталған күйінде құдайдың жаратуымен түсіндіреді. Құран, Библия сияқты қасиетті кітаптар осы теорияны уағыздайды. Мысалы, қасиетті Құран-кәрім былай дейді: «Ол: «Бол» деген күні бола кетті. Оның сөзі шын» (әнғам сүресі, 73-аят). «Көктер мен жердің кілттері Оның иелігінде... жер бүтіндей Онын уысында» (зүмәр сүресі, 63, 67 аяттар). Эволюция теориясы жалпы әлемнің жердің пайда болуын Үлкен Жарылыс теориясымен түсіндіреді. Эволюционистердің пайымдауы бойынша әлемдік кеңістікте осыдан 9-18 миллиард жыл бұрын тығыз массалы, температурасы триллион градус болған әлемдік дүниедегі материяның үлкен Жарылысы болған. Соның нәтижесінде ұзақ уақыт аралығында шашыраған атомдар мен молекулалар планеталар мен жерді қалыптастырды. Келе-келе дамудың барысында молекулалар бір-бірімен қосылып, қарапайым өмірдің пайда болуына себепші болды. Миллион жылдар өте олар күрделі өмірдің формаларын қалыптастырды. Бірақ, жарылыс жасап, басқа күрделі зат немесе өмір пайда болады дегенге сену киын. Осыған байланысты жер бетінде адамдардың пайда болуы туралы мәліметтер де бір-біріне қарама-қайшы келеді. Көптеген тарихи әдебиеттерде адамзаттың тарихы осыдан 2,6 миллион жыл бұрын бастағаны тілге тиек етіледі.....
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының алғы шарттары. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте томен денгейімен ерекшеленетін алғашқы қауым¬дық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін «өсуі» керек, Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінін алдында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінін іс-әрекеті мен қылығының аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың жетілмеген, дерекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осында қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады: ол қалдықсыз пайдаланылды.....
Алғашқы қауымдық қоғам – адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды. ....
Алғашқы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің, дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесіңде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды....
Адамзат тарихи әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты үлкен кезеңдерге бөлінеді. Археологияда адамзат тарихы өзіндік кезеңдерге бөлінген, олар: тас ғасыры, қола және темір ғасырлары. Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені адамның күшті тістері мен тырнақтары жоқ. Оның есесіне алғашқы Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін білдірмеді. Алғашқы құралдар — сүйек сынықтары, өткір таяқтар, дөрекі өңделген тастар болды. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан 2,5 млн. жылдан бұрын б.з.д. 5 мың. дейін адамзат техникасында басты орын алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі — Палеолит (ерте тас ғ.) және Неолит (жаңа тас ғ.). Олардың арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта т.ғ.) деп атады. Өз кезегінде палеолит те екіге бөлінеді: төменгі (б.з.д. 2 млн. — б.з.д. 40 мың) және жоғарғы (б.з.д. 40 — б.з.д. 12 мың). Ең, көне бастапқы замандардағы адамдардың өмірі туралы түсінікке сүйене отырып, олардың тіршілігін зерттеу арқылы, олардың мекеніне, тұрақтарына қарағанда, тау үңгірлерінде сақталған қалдықтарын, яғни тастан жасалған еңбек құралдарын, тамақ қалдықтарын, жануарлардың сүйек қаңқаларын зерттеп білу қажет болды. Сондай-ақ, қоғамдық дамуда кешеуілдеп қалған қазіргі замандағы халықтардың өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де мәні зор. Ол мәліметтер ең көне замандардағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір қырларын тура түсінуге мүмкіндік туғызады. Дегенмен, негізгі мәліметті, бастапқы адамдық қоғамның жалпыға ортақ материалы – тастан жасалған еңбек құралдары береді. Тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – адамзат қоғамының даму тарихын кезеңдерге бөлу. Кезеңдер – бұл қоғамдық даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырған дәуірлерді анықтау. Дәуірлерді анықтауда, қоғамдағы негізгі – үдемелі өзгерістерді қамтамасыз ете алатын факторлар алынады. Тарих ғылымының қалыптасу барысында, тарихшы-ғалымдар кезеңдердің бірнеше, яғни айналым теориясы (Пифагор, б.э.б. VІғ.), формациялық (К.Маркс, ХІХғ.), өркениеттік (А.Тойнби ж.б. батыс ғалымдары, ХХғ.) және басқа варианттарын ұсынды. Өркениеттің басталу мезгілін зерттеп тануда ғылымда кең қолдау тапқан археологиялық кезеңдер. Ол еңбек құралдарын жасауда пайдаланылған материалдар және жасау техникасындағы айырмашылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, ең көне дәуірді үш кезеңгі бөлуге болады: тас ғасыры (адамның пайда болуынан б.э.б. ІІІ мың жылдыққа дейін), қола ғасыры (б.э.б. IV мың. б.э.б. І мың жылдыққа дейін), темір ғасыры (б.э.б. І мың жылдықтан бері). ....