«Құдағи сырғаның» сырын білесіз бе?

Өзімнің ай десе аузы, күн десе көзі бар жалғыз қайынсіңлім бар. Қазақтың салт-дәстүріне сай есімін атамай, оған «Еркем» деп ат қойып алғанмын. Бойжетіп отырған сол қайынсіңлім бір күні тұрмысқа шықты. Келін етіп түсіріп алған жеріне қуғыншылардың бірі болып қайттым. Сонда құдалар жағы арада ай өтпей жатып, той жасайтындарын айтты. Мұны ата-енем естіген соң, бар бала-шағасын жинады.
Сөзді бастаған қайынатам: «Өздерің білесіңдер, бүгінгі уақытта жетісіп отырған ешкім жоқ. Ағайынның бірінде бар, бірінде жоқ. Кейбірі жай сыртқы жүнін қомпайтып жүргеннің....
Кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Қыз ұзату салт-дәстүрлері мен рәсімдері (арқан тарту, отқа май құйғызу, келін таныстыру, сырға салу, «ана сүтінің» ақысы, қалың мал, сыңсыма)

Қызды үйінен ұзатып салу ата-ана үшін өте үлкен бақыт. Себебі кез-келген ата-ана өз қызын таңдаған жары мен құда-құдағиларына аманатпен шығарып салғысы келеді. Сондықтан да қандай ата-ана болмаса да бұл күнге өте мұқият дайындалады.

Жігіт пен қыз келіскесін бір-бірінің ата-анасымен танысып алғаны дұрыс. Той кезінде түсініспеушіліктер.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Тойға кеңес: Тойхана, Құдалық, Көрпе-төсек, Ұзату той

Той дегенде көпшілігіміздің құлағымыз елең ете қалады. Тойшыл халықпыз, бір күндік тойымыз кем дегенде бір аптаға созылып кететін кездер де бар. Ақзеренің блогындағы тойға қатысты жазбаны оқып, өзімнің той жайлы білетіндерімді осында жазсам деп едім.

Маслихат (кеңес), басқаларды білмедім, біздің әулетте үлкен жиын боларда міндетті түрде жақын ағайын-туыстарды шақырып....
Кеңестер | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Сырға салу (видео)

Тіршілікке ойларым жүр маталып,
Келмей қойған көптен түк жырға шабыт.
Тосындау жаңалықты жария қылдың:
«Кетті – деп – құлағыма сырға салып…»

Қарашы ол «пысықтың» жол тапқышын,
Тым ерекше сый екен....
Өлеңдер
Толық

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын Мысырға сапарға шықпауға үндеді

Мысырдағы жағдай күннен-күнге ушығып барады. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын аталмыш елге сапарға шығуға асықпауға үндеді.

Мекеменің ресми өкілі Жанболат Үсеновтың айтуынша, кеше Каирде болған қақтығыстан зардап шеккен отандастарымыздың бар-жоғы туралы мәлімет әзірге түспеген.

Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын Мұхаммед Мүрси жақтастары мен Мысыр әскери күштері арасында болған қақтығыста 287 адам қаза тапқан. 2 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандардың 43-і полиция қызметкерлері екендігі анықталды.

Ақпараттық агенттіктердің мәлімдеуінше, оқиға барысында әскерилер Мүрсидің қолдаушылары орналасқан 2 шатырды бұзып, көтеріліске қатысушыларды таратуға кіріскен.

Ал, оппозицияның айтуынша, тәртіп сақшылары ереуілшілерді жаппай қырып жойған. Енді елдің 11 провинциясында коменданттық тәртіп енгізілді.

Жаңалықтар
Толық