Тойға кеңес: Тойхана, Құдалық, Көрпе-төсек, Ұзату той
Той дегенде көпшілігіміздің құлағымыз елең ете қалады. Тойшыл халықпыз, бір күндік тойымыз кем дегенде бір аптаға созылып кететін кездер де бар. Ақзеренің блогындағы тойға қатысты жазбаны оқып, өзімнің той жайлы білетіндерімді осында жазсам деп едім.
Маслихат (кеңес), басқаларды білмедім, біздің әулетте үлкен жиын боларда міндетті түрде жақын ағайын-туыстарды шақырып, кеңесіп (ет тартылып, шәй ішіліп) тойдың қалай болатынын, шақырылатын қонақтың тізімі жасалып, басты жауапкерлер (етке, складқа, тойбастарға) тағайындалып, құдалыққа кім барады, қандай кит қойылады, т.т осындай мәлелелер шешіледі.
Тойхана, тойды үйге жасау бір азап, келім-кетім адамың бар, стол тола ыдыс-аяқ, баяғыдай бір пәтнүске бәрін сала салатын емес, пішінәй үшін бір, кәмпит үшін бір, ет үшін бір, балық үшін бір, т.б. үшін бас-басына бір тарелкадан қойсаңыз, ыдыс-аяқты жуатын келіндерді аяп кетесіз. Аш құлақтан тыныш құлақ демекші тойхананың арендасын төлеп қойып, той басталғанда өз тойыңа қонақтар сияқты сәнденіп барғанға не жетсін. (Алдын-ала екі-үш апта әбіржіп, дайындықпен жүгіріп жүріп тырнаққа, қасыңа мән бермейсің, тіпті «әртіс» көйлегіңді кигенде бірәқ негр болып қарайып кеткеніңді байқайсың. Алба-жұлбаң шығып тойға барған тағы ыңғайсыз, той жасап жатқан жалғыз өзің сияқты, осы елдер әбіржімей де жасай береді ғой ұлан асыр тойын дейсің).
Құдалық, тойдың өзінен гөрі құдалық қатты ұнайды маған. (Өйткені тойда көршілес столда отырып, бір-біріңе мән бермейсің, ал құдалықта табақтас, стақандас болуың да ғажап емес. Барлық жекжаттық қатынастар осы құдалықтан басталады.)
Құда күтудің де өзіндік қыр-сыры, ерекшелігі бар. Атап айтсам, құдалыққа барлық туған туыстар келіп, абыр-сабыр дайындық болады. Аулаға барынша дауыспен бақыртып Заттыбектің «ақ маржаны» не болмаса «құдалар» деген әнді қоясың (басқаны қайдам, біз жақта бұл үрдіс әбизәтельні). Құда келе жатыр дегенде, жеңгем шығып беттеріне ұн жағып, шашу шашылады (шашудың ішінде кәмпит ғана болады, кейбір жерлерде тас болып қатқан құртты шашып адамды талдырып жатады). Бір-екі өлеңге билетіп, терлетіп, ентіктіріп үйге кіргізесің. Күйеу баланы табалдырықтан аттарда отқа май тамызу салтымен ғана өткізесің (отқа май-кәдуілгі шоқ, оның үстінде адыраспан шөбі бықсып тұрады, осының үстіне бір қасық май тамызады). От пен майды ұсынған жеңгемнің қалтасы бүгін аз болса да ақшаға толады. Күйеу бала үйге кіргеннен сырт киімі шешіліп, «қалта қарау» үрдісі басталады. Әдетте қалтасына ақша, әшекей бұйымдар салынады. Құдалар столға жайғасып, бір екі самауыр шәй ішіліп, жеңіл-желпі ас қуырдақ келеді. Гуде-гу, ығы-жығы адам, қанға жынды градустар әсер ете ме, жоқ құдалардың буы ма, бір кезде ауылдың алты ауызынан да жіберіп отырады. Осы кезде «құйрық-бауыр» салынған табақты көтеріп жеңгем келеді. Бұл да тегін табақ емес, жеңгелердің шала байып қалатын күні тура бүгін дерсің. Бірінші астан соң, қонақтарды сыртқа шығарып демалдырып аласың. Содан алып-берім салттар басталады, қыздың құлағына сырға тағылып, қыздың артынан апаратын киімді (үйге киетін сүйретпе тәпішкеден бастап, шубаға дейінгі киімдер)жиналған әйелдер көреді. Осыдан кейін құдалардың ығырын шығаратын тағы би, шаршады-ау дегенде, екінші асқа кіреді. Екінші асқа астың үлкені ет тартылады. Құдаларға бас, жамбастан, күйеуге төс тартылады. Төс салынған табақты тағы бір жеңгем күйеудің алдына қояды, оған да табақты аларда қомақты болмаса да ақша салынады. Тойдырып, ішкізіп, құдалардың қол-құлағына алтын, иықтарына шапан-камзол-дубленкі-шубі-орамал жауып үйіңнен шығарып саласың. Екінші аялдама ағайын туысыңның үйі не болмаса, кафеде күтеді құдаларды.
Ал ер жігіттің үйіндегі құдалықта кит-кәдеден басқа, қыздың әке-шешесіне «ата күші», «ана сүті» деген ақшалай жұбату сыйы беріледі.
Көрпе-төсек, қыздың жасауына міндетті түрде кем дегенде қолдан тігілген 6 көрпе, 5 құрақ көрпеше, махаббат көрпесі, құрақталған кішкене көпшіктер, екі жастық қосылады. Қалғанын сатып алып қосады, екі адамдық кереует, зал мен спальниге арналған кілем, екі сандық (бірі үлкен) бірінде ыдыс-аяқ салынған, екіншісінде (бірі кіші) көрпе жабындары салынады, жасауға тұрмыста керек үтіктен бастап, компьютерге дейін қосу әркімнің қалтасының қалыңдығы мен тереңдігіне байланысты.
Ұзату той, тойдың атын естігеннен-ақ көбіміз, бетімізді тыржитып жылататын той ғой дейміз. Бірәқ өзіңіз толқып сөз сөйлеп, жылап қиналмау үшін актерлерді жалдап театрландырылған қойылымдар жасасаңыз болады. Тойға келген халық орындарына жайғасқан соң, қыздың үш жеңгесі күймемен қызды залдың ортасына алып кіреді де күйеу баламен қосып орындарына отыруға рұқсат береді. Тойхананың ішінде қағаздан фейрверк атылып, дүркіреп той басталады. Тосттар өз кезегімен беріліп жатады, арасында «қыз бен жігіттің қалай танысқаны», «бірін бір еркелетуі», «бір-біріне сезімдерін әнмен жеткізу деген қойылымдар» болады. Тойдың соңына қарай жалданған актерлер әке мен қыздың қоштасу көрінісін қояды. (Айтпақшы қызды түнгі 12 дейін алып кеткені дұрыс деп жатады, қыр-сырын біле алмадым). Осыдан соң жолға ақ мата төселіп, раушан гүлімен безендіріліп, қыздың екі жеңгесі қызды қолтықтан демеп, ақ жаймамен есікке қарай жетелейді. Есіктің алдында қыздың әкесі қызға бата беріп, күйеу қыздың аяғын жерге тигізбестен көтеріп алып кетеді.

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: той қалай өтеді, құдалық күту сценарий, құда күту дәстүрі, той жасау, тойхана, ұзату той қалай өтеді, қыз ұзату тойы қалай өтеді, қыз ұзату тойы сценарий, той өткізу сценарийі, той өткізу тәртібі, ана сүті ақысы, арқан тарту, бауыр асату, келін таныстыру, күйеу бала сыбағасы, қалың мал, қоржын ашу, қыз ұзату, қыз ұзату дәстүрі, Қыз ұзату кезіндегі салт-дәстүрлер мен рәсімдер, қыз ұзату салттары, Қызды үйінен ұзатып салу, Қызды ұзату кезіндегі салт-дәстүрлер мен рәсімдер, Қыздың өлі тірісі, отқа май құю, сыңсыма айту, сырға салу, қыз ұзату дәстүрі сценарий, қыз ұзату рәсімі сценарий, кыз узату сценарий казакша, кыз узату сценарий на казахском языке, проводы невесты у казахов сценарий на казахском, сценарий проведения кыз узату на казахском, қыз ұзату сценарий қазақша