Экономика | Бюджетпен есеп айырысу есебі салық бойынша

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар--- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Мемлекеттік бюджет─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.
Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді:
Корпоративтік табыс салығы;
Жеке табыс салығы;
Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
Әлеуметтік салық;
Жер салығы;
Көлік құралдарына салынатын салық;
Мүліктерге салынатын салық;
ҚҚС;
Акциздер.....
Рефераттар
Толық

Тарих | ХVІ ҒАСЫРДАҒЫ ЖЕТІСУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

Бұл мақалада Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихымен тығыз байланыста болған Жетісу аймағының қазіргі таңда тарихи деректер мен ғылыми зерттеулерде зерттелу деңгейіне тарихнамалық шолулар жасалынған.
ХVІ-ғасырдың басындағы бірінші онжылдықта да қазақтың ханы Керей ханның баласы Бұрындық өзінің хандық билігін жалғастырған. Алайда оның Жетісу жерінде ешбір билік жүргізген әрекеттері жазба деректерде кездеспейді. М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда бұл кезде хан Бұрындық еді, бірақта хандық билік Қасым ханның қолында еді дейді [1]. Ал екінші бір жерінде Қасым ханның билігінің зор, беделінің күшті болғандығын жазса, ал Бұрындық ханды ешкім де хан деп ауызға алмайтынын жазады. Сондай ой тууы мүмкін неге Бұрындық ханның беделі төмен түсіп кетті. Ол неге қазақ хандығының ата жауымен (Мұхамед Шайбани) құда болып М.Шайбани ханның інісіне бір қызын, баласына екінші қызын беріп достасып кетті? Мұның түбі келешек хандық билікке таласта жатыр еді. Біріншіден Бұрындық хан Жәнібек ханның Қасымнан бастап балаларының беделінің өсіп келе жатқандығын көріп олардың ұлыстық жерінің кеңейіп бара жатқандығын байқап оларға қолайлы болса ылғида кедергі жасауға тырысты. Сондықтан да ол Жәнібектің балалары Таныш пен Жаныш сұлтандарды Шайбани хан шауып талқандап жатқанда оларға көмек берудің орнына тайқап Сыр бойынан Солтүстікке қарай жылжып кетуі. Ал қыздарын М.Шайбани ханға берудегі мақсаты да соның әскер күшімен Жәнібек ханның ұлдарын әлсірету еді. Алайда Қасым әлі хандық дәрежеде болмаса да өзінің бауырлары Жиренше, Қамбар, Махмұт,, Әдік сұлтандармен бірге отырып Шайбани ханға бірнеше рет соққы беріп Түркістан аймағындағы қалаларды өздеріне қаратып алған. Міне осындай жағдайды көріп отырған қазақ халқының алдында Бұрындық ханның ешбір беделі қалмаған еді ....
Рефераттар
Толық

География | Биосфера және оның ресурстары

Күн системасының (жүйесінің) ерекше планетасы Жердің су (гидросфера), жер (литосфера) және ауа (атмосфера) сияқты бөлімдері бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын жұқа қабатында тірі ағзалар мекендейді. Бұл қабат биосфера (грекше биос — тіршілік, сфера - шар) деп аталады.
Биосфера (В.И.Вернадский бойынша) — тіршілік бар немесе қандай да бір кезеңде тіршілік болған және үнемі тірі ағзалардың әсер етуіне ұшырайтын немесе ұшыраған планета аймағы.
Бірінші рет «Биосфера» түсінігі ұлы француз натуралисті Жан Батиста Ламарктің (1744-1829) жұмыстарында кездессді. Биосфераны тіршілік иелерінің мекен ету сферасы немесе тіршілік орын алған сфера ретінде түсінуді 1875 жылы австриялық ғалым Э.Зюсс ұсынды, бірақ бұл түсінік кейін ұмытылып кетті. Биосфера туралы жалпы ілімді жасаған (тарихта үшінші рет) белгілі орыс (совет) геолог-ғалымы В.И.Вернадский (1863-1945) болды. Ілімнің негіздері оның «Биосфсра» кітабында (1926) баяндалған.
В.И.Вернадский планеталық тірі заттардың планетаның бет-әлпетін өзгертуге және оның дамуына қолайлы экожүйелерді қалыыптастыруға қабілетті аса қуатты геологиялық фактор екенін дәлелдеді. В.И.Вернадский бойынша тірі заттар күн энергиясын қабылдай алады және ыдырауы ксзінде химиялық жәнс физикалық жұмысқа жұмсалатын энергия бөліп шығаратын химиялық қосылыстарды жасайды. ....
Рефераттар
Толық

Биография | Биогеография ғылымының қалыптасу тарихы

Биогеография –бўл тірі организмдердіѕ географиялыќ, экологиялыќ таралуы, аудандасуы,орналасуы туралы єылым саласы. Дјлірек айтсаќ,биогеграфия (биология-жјне география) екі саланыѕ ќосындысы, ол жалпы јр тїрлі биоцноздардыѕ, фауна мен флораныѕ (тїлердіѕ таксондыќ категориялардыѕ) таралуын єылыми тїрде ќарастыруын айтамыз. Биогеография ґз саласында мына тїрлерге бґлінеді: организмдер гоеграфиясы оныѕ ќўрамына: микроорганизмдер географиясы,ґсімдіктер географиясы, жануарлар географиясы,организмдердіѕ жалпы георафиясы, ал оныѕ ќўрамына: микробеоценоз гоеграфиясы, биоценоз географиясы, фитоценоз жјне зооценоз географиялары кіреді.
Кейбір авторлар (француз єалымы Э. Мартонн,советтік єалым В.Г.Гептнер, финдік зерттеушілері Л.Аарио жјне Х. Янус) олардыѕ ойынша, Б зоогеорафия мен ботаниќалыќ географиялардыѕ жиынтыєы,ал (В.Б.Сочава совет єалымы) оныѕ пікірі, бўл географияныѕ жалпылама жер шары бойынша органикалыќ зерттелуі.....
Рефераттар
Толық

4 цифрымен танысу

Мақсаты: 4 цифрін 4 санының таңбасы ретінде таныстыру; 4 цифрінің сандық қатардағы орнын анықтау; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету; баланың зейінін дамыту.
Әдіс - тәсілі: әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: үлкен, кішкентай заттардың салыстыруға арналған суреттері, цифрлар карточкасы, шарлар, ойыншықтар, геометриялық пішіндер, асық, кубиктер.
Барысы:
Тәрбиеші: Жұмбақ.
! Әйгерім өз себетіне,
Үш саңырауқұлақ салды.
Қарап жүрмей тағы да,
Тап қасынан біреуін алды.
Жоғалтпайық уақытты,
Бізге тек санау ғана қалды.
Балалар: - 4 саңырауқұлақ.
Тәрбиеші: - Балалар, көңіл - күйлерің қалай?
Балалар: - Тамаша. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Оқушыларға қазақ халқының бейнелеу өнері туралы түсіндіру

САБАҚ: №29
Қазақ бейнелеу өнеріндегі портреттік жанр Мектеп: Тексерілді:

Күні: Оқытушы:
СЫНЫП: 5 сынып Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушыларға қазақ халқының бейнелеу өнері туралы түсіндіру
Ашық сабақтар
Толық

Драма сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы

Бүгінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына жан - жақты жетілген, ұлттық сана - сезімі, ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан, рухани байлығы дамыған ертеңгі еліміздің болашағы, бүгінгі бүлдіршіндерімізді тәрбиелеу — мектепке дейінгі мекемелердің басты міндеті болып табылады. Еліміздің айқын мақсатының бірі - бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан - жақты жетілген парасатты азамат етіп тәрбиелеу. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай, тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс. Тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт - дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашан да жарық болары сөзсіз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қожа Ахмет Ясауиге арнау

Өзіңсің ғой жаршысы жаңалықтың,
Даралықтың символы даналықтың.
Түркінің төл баласы өзіңізсіз,
Бастауысыз атақты сан алыптың!

Түркінің мақтан тұтар ардағысың,
Кешегі Арыстан баб жалғауысың.
Хикметпен ақыл...
Өлеңдер
Толық

ГҮЛДЕРДІ СУҒАРУ

Мақсаты: Бақша гүлдері мен бөлме гүлдерін ажырата білуге меңгерту. Гүлдерге деген қамқорлық қарым-қатынасын дамыту. Балаларды табиғатқа қамқорлық көрсетуге және аялай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бақша гүлдері, бөлме гүлдерінің суреттері. Сөздік жұмыс: раушан, бөртегүл, қалампыр, геран. Билингвизм сыңары: гүлдер-цветы. Алдын-ала жасалатын жұмыстар: су құйғыш, тас, құм, топырақ, су, гүлдің көшеті.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Армысың, мейірімді – Аспан ата, Армысың, қайыпымды – Жер ана, Армысың, шұғылалы-Нұрлы күн. Армысың, балабақша- дос жаран. Балалар қимыл қозғалыспен шаттана жасайды. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Балабақшамен қоштасу

Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық қарым – қатынас қалыптастыру.

Жүргізуші: Армысыздар қымбатты ата - аналар балабақша ұжымы! Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті міне бойларың,
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларын – деп,
Сүйікті балабақшасымен, қимастықпен қоштасатын балаларымызды құрметпен қарсы алайық.

Балалар музыкамен кіреді.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар
Қазақстан Гимн орындалады (хормен)
Жүргізуші: Мектеп ана шақырады бізді алдан,
Алдымызда әлі талай сан арман.
Қоштассақ та балабақшам сенімен,
Санамызда өзің берген өнегең – деп,
Бүлдіршіндеріміз мектепке баруға дайын екендігін дәрігер апайдан сұрап көрейікші.
Дәрігер апай келеді.
Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе дәрігер апай.
Жүргізуші: Дәрігер жолдас .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық