file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қожа Ахмет Ясауиге арнау

 Қожа Ахмет Ясауиге арнау

Өзіңсің ғой жаршысы жаңалықтың,
Даралықтың символы даналықтың.
Түркінің төл баласы өзіңізсіз,
Бастауысыз атақты сан алыптың!

Түркінің мақтан тұтар ардағысың,
Кешегі Арыстан баб жалғауысың.
Хикметпен ақыл айттың төгілдіріп,
Ұрпағың санасыз боп қалмау үшін.

Өзіңізбен біздерде мақтанамыз,
Ғұмырыңда сан түрлі жатқан аңыз.
Сіздер айтқан хикмет,өсиеттен,
Біздерде бар бәледен сақтанамыз.

Қалдырған хикметпен өссе деңіз,
Бой көтеріп тұр әне кесенеңіз.
Қожа Ахмет Яссауи деген атты,
Ұрпағыңның үнімен еселеңіз!

Заманмен тарихты біз суытпаймыз,
Сіздердей даналарды ұмытпаймыз!
Дәл бүгінгі бұл кешті сізге арнап,
Ұлы бабам атыңды ұлықтаймыз!

Аружан

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру