Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. Сондықтан грунт сулары деңгейінің маусымдық, жылдық және көпжылдық ауытқулары және тұмалардың өнімі жерге сіңген жауын-шашын мөлшерінің шамасына байланысты болады. Сондықтан инфильтрациялық қоректенудің шамасы тек түскен жауын-шашын мөлшері мен олардың жыл маусымдарына қарай бөлінуінен ғана емес, сонымен қатар буланудың, су өткізгіштіктің, аэрация аймағы қалыңдығы мен оның температуралық режиміне байланысты болу себебінен грунт сулары деңгейінің ауытқу сипаттары да түрліше болуы мүмкін Оңтүстіктің далалық, шөлдік, шөлейттік аймақтарда буланудың төмендеген жағдайларында түскен жауын-шашын және еріген қар мен мұз суларының инфильтрациясы нәтижесінде грунт суларының деңгейі ақпан, наурыз айларында жоғарылайды. Бұдан кейінгі уақытта (күзге дейін) күшейе түскен булану мен транспирация әсерінен су деңгейі төмендейді, тек ерекше мол жауын-шашын түскенде су деңгейі жоғарылай бастайды. Аталған аймақтарда жазғы жауын-шашын грунт суларының деңгейіне дейін барып жетпейді деуге болады. ....
Табиғаттың сырына үңілген сайын, қоршаған орта туралы неғұрлым көбірек білген сайын, олардың ғажаптығы бізді бұрынғыдан да таңдандыра, тамсандыра түседі. Қоғамдағы адамның мәнін ашуға көмектесетін ұғымдар бар. Олардың негізгілеріне даралык, жеке адам (индивид), тұлға ұғымдары жатады. Даралықтың сипаты. Даралық (лат. indivituum — бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңестіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге "даралықтан" мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз. Бұл қағида адамдарға да қатысты. Бірін-бірі барлық жағынан толық қайталайтын, бірі екіншісінен айнымайтын адамдар да болмайды. Тіпті егіздердің өздері бір-біріне ұқсас болып көрінгенімен, ата-анасы немесе достары оларды оңай ажырата алады. Даралық қарастырылып отырған дербес өмір сүруші организмнің ата тегінен иеленген және даму жолында қабылданған қасиеттерінін өзінше үйлесіл келген,, өзіне тән нышандарын сипаттайды. Даралық — генотиптік және фенотиптік ерекшеліктерден көрінетін онтогенездің нәтижесі. Психологияда даралық проблемасы, ең алдымен, жеке адамның тұтас мінездемесімен — оның барлық қасиеттерінің, ойларының, сезімдерінің, еркінің, құлшынысының, зауқының, қажеттіліктерінің, уәждерінің, мүдделерінің, көңіл ауанының, мұңының, әрекетінің, қылықтарының, әдеттерінің, икемділіктерінің, қабілеттерінің т.б. ерекшеліктерінің төлтума көптүрлілігімен байланысты қойылады. Осылардың нақты қабысып келуі әрекет үстіндегі "Мен"-нің бірегей тұтас құрылымын түзеді. Осыған байланысты даралық қарастырылып отырған адамға тән белгілердің жиынтығы ретінде сипатталады. Даралану адамның қарым-қатынас кезіндегі тәртібі арқылы, сол сияқты олардың іс-әрекет үстінде қабілеттерін керсетуі арқылы жүзеге асырылады.....
Кейбір ауруларда жалпы билирубин мөлшерінің артуы, тікелей және тікелей емес билирубин арасындағы қатынас өзгеруі мүмкін. Сондықтан қандағы жалпы билирубиннің, бос және тікелей билирубиннің мөлшерін анықтаудың диагностикалық маңызы бар. Қандағы билирубин мөлшерінің артуы оның тіндерде жиналуына, соның ішінде тері мен кілегей қабаттарында жиналып, тіндердің сары түске боялуын туғызады. Бұл күй сарғыштану деп аталады, оның әр түрлі себептері бар. Сарғыштанудың бірнеше түрлері бар: 1. Механикалық (обтурациялық) 2.Гемолиздік (бауыр үсті) сарғыштану 3.Жаңа туған балаларда физиологиялық сарғыштану 4.Паренхиматоздық (бауырлық) сарғыштану Бауырлық сарғыштану. Этиологиясы: — жұқпалардың (А, В, С, Е, Б — гепатиттерінің вирустары, сепсис, іш сүзегі); — улы заттардың (саңырауқұлақ уы, химиялық улы заттар, ішімдік, кейбір дәрі-дәрмектер) әсерлерінен бауыр жасушаларының тікелей бүліністері; — ұзақ мерзім өттің бауырда іркіліп тұрып қалуы; — тура емес билирубиннің қаннан бауыр жасушаларының қабықтары арқылы тасымалдануын, олардың ішінде глюкурон қышқылымен байланысуын және тура билирубиннің бауыр жасушаларынан өт қылтамырларына шығарылуын қамтамасыз ететін ферменттердің тектік ақаулары - бауырлық сарғыштану дамуын туыңдатады. Бауыр жасушаларының бүліністері нөтижесінде өт жоддары мен қан және лимфалық тамырлардың арасында тікелей байланыстар пайда болады. Осы байланыстар арқылы өттің бір бөлшегі өт шығаратын озектерге, екінші бөлшегі қанға түседі. Қабынудың нәтижесіңде ісінген бауыр жасушалары өт өзектерін қысып, оның ішекке қарай етуін бүзады, қанға кері сіңірілуін үлғайтады. Бауырлық сарғыштану үш сатыда өтеді: — сарғыштану алды сатысы. Бауыр жасушалары бүліністерінің ең бірінші көрінісі болып қаңда және зәрде уробилиногеннің пайда болуьі ссептеледі. Ойткені: бүлінген бауыр жасушалары уробилиногенді өздерінің ферменттерімен ыдырата алмайды. Сонымен бірге, аспартатаминотрансферазаның, аланинаминотрасферазаның, ү-глутамилтранпептидазаның т.б. жасуша ішінде болатын ферменттердің қанда деңгейі көтерілуі де бауыр жасушаларының бүліністерін көрсетеді; — сарғыштану сатысы. Бауыр жасушаларында тура емес билирубиннің глюкурон қышқылымен байланысуы бүзылады. Бүл кезде уридиндифосфат-глюкуронилтрансфераза ферментінің белсенділігі төмендеген болады; Бауыр жасушалары бүліністерінен, кан және өт қылтамьфларыньщ түтастығы бүзылудан сау жасушаларда өңдірілген өт қан тамырларьша түсіп, онда өт қьшіқылдары мей тура билирубиннің деңгейін көтереді. Тура билирубин бүйрек арқылы зәрге шығады, содан зәрдің түсі қою қоңыр болады. Холемия синдромы дамиды (жоғарыдан қараңыз). Бауырдьщ нәруыздар түзу қабілеті бүзылғандықтан қаңда әлбуминнің деңгейі азаяды; — кома-алды сатысы. Бауыр жасушалары тура емес билирубинді тура билирубинге айналдыру қабілетін мүлде жоғалтады. Осыдан қанда тура емес билирубиннің деңгейі көтеріледі, тура билирубин азаяды, уробилиноген толық жоғалады. Артынан бауырлық кома дамиды (жоғарыдан қараңыз). Бауырлық сарғыштану кезінде өттің ішекке түсуі азаяды, гипохо-лия дамиды. Гипохолия, ахолияға қарағанда, ас қорытылудың шамалы бүзылыстарына өкеледі. Бірақ, бүл кезде бауыр жасушаларының қабынулық, бүліністік өзгерістері нәтижесінде бауырдың барлық қызметтері соның ішінде өсіресе майлардың, нәруыздардың, көмірсуларының, витаминдердің аралық алмасуы, қорғаныстық, усыздандыру қызметтері жене қанның үю үрдістері бүзылады.....
Республикамызда нарықтың қарым – қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан, тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру ен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты . Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып, оларды акционерлік, кооперативтік және тағы басқа кәсіпорындарға айналдыруда қажет етеді. Қазақстан Республикасының “Меншік туралы заңының” біршама ерекшеліктері бар. Сөз болып отырған заң – алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді. Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктік алуан түрлілігіне тұңғыш рет заң жүзінде рұқсат берілді. Сондай-ақ осы құжатта меншіктің бір түрін екінші бір түріне өзгерту мүмкіндігі және оның аралас түрлерінің болатындығы да ескерілген. Сол себепті бұл Заңда отбасы мен шаруа қожалығына, кооперативке, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге, қоғамдық ұйымдар мен қорларға, діни ұйымдардың меншіктеріне аранлған арнайы баптар бар.....
Жеке тұлға туралы түсінік. Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жай жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен калыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспсктілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан.....
Педагогика "жеке тұлға" деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер). Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда "адам", "жеке тұлға" деген ұғымдардың қатары "даралық" деген ұғыммен толықтырылуы қажет? Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.....
Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Мысалы, еңбек пәніне 51 сағат бөлінсе,оқушылардың жас шамасына қарай қолөнер бөлімін де ұтымды пайдалана білуге болады. Егер кітаби жоспарды құру менің үлесіме тисе, бұл сағаттарды мен мына түрде жүзеге асырар едім, мәселен, 7-сыныптың сабақ жоспарын төмендегідей ұйымдастырған тиімді деген сенімдемін: Сұраныс бар жерде, қолөнердің өріс алып, өркен жаятыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алғалы қолөнер біршама еленіп, өз беделіне ие бола бастады. Қазақ өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, байытушы, жаңғыртушы. Қорыта айтқанда нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның эстетикалық сезімін оятып, ізгілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастырады.....
Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады. Қоғам мүшеі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады. Жеке адам сондай- ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма- осылардың бәр- бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады. ....
Жасушаның атомдық және молекулалық құрылымы. Д, И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі кездесетін 110 элементтің 80-ге жуығы тірі жасушаның құрамында болатындығы дәлелденді. Олар жасушадағы мөлшеріне қарай үш топқа белінеді. Бірінші топқа: оттек, сутек, көміртек және азот сияқты органикалық және бейорганикалық заттардың молекулаларының негізін құрайтын элементтер жатады. Бұлардың жасушадағы мөлшері 98%-ға жуық болғандықтан, олар макроэлементтер деп аталады. Сонымен қатар бұл топқа нәруыз (белок) бен нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін күкірт пен фосфор да кіреді. Бұларды биоэлементтер деп атайды. ....