Физика | Жер асты суларының құрылу процестері құрамы және қасиеттері
Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. Сондықтан грунт сулары деңгейінің маусымдық, жылдық және көпжылдық ауытқулары және тұмалардың өнімі жерге сіңген жауын-шашын мөлшерінің шамасына байланысты болады. Сондықтан инфильтрациялық қоректенудің шамасы тек түскен жауын-шашын мөлшері мен олардың жыл маусымдарына қарай бөлінуінен ғана емес, сонымен қатар буланудың, су өткізгіштіктің, аэрация аймағы қалыңдығы мен оның температуралық режиміне байланысты болу себебінен грунт сулары деңгейінің ауытқу сипаттары да түрліше болуы мүмкін Оңтүстіктің далалық, шөлдік, шөлейттік аймақтарда буланудың төмендеген жағдайларында түскен жауын-шашын және еріген қар мен мұз суларының инфильтрациясы нәтижесінде грунт суларының деңгейі ақпан, наурыз айларында жоғарылайды. Бұдан кейінгі уақытта (күзге дейін) күшейе түскен булану мен транспирация әсерінен су деңгейі төмендейді, тек ерекше мол жауын-шашын түскенде су деңгейі жоғарылай бастайды. Аталған аймақтарда жазғы жауын-шашын грунт суларының деңгейіне дейін барып жетпейді деуге болады. Тау жыныстары тоңының жібуі мен температуралық жоғарылауы едәуір кеш басталатын солтүстік аймақтардың дала, орманды дала, орманды аймақтарында грунт сулары өздерінің ең жоғары деңгейіне тек мамыр мен маусымда, ал көпжылдық тоң дамыған аудандарда шілдеде жетеді. Жазғы жауын-шашын су деңгейін жоғарылатады. Инфильтрацияның тоқтауына байланысты су деңгейі төменде жатады. Ылғал субтропиктер аймағында грунт сулары деңгейінің ауытқулары бүкіл жыл бойы түскен жауын-шашынға сәйкес өзгеріп отырады. Грунт суларының жатыс тереңдігі неғұрлым аз аэрация аймағының су өткізгіштігі жоғары болса, соғұрлым түскен жауын-шашынның көбі су деңгейіне барып жетеді де, су деңгейі шапшаң жоғарылайды. Грунт сулары қозғалысының жылдамдығы артқан сайын инфильтрация кезіндегі су деңгейінің көтерілу шамасы төмендейді. Аэрация аймағылдағы тау жыныстары қанығуының жетімсіздік коэффнциенті неғұрлым аз болған сайын жауын-шашын түскен кезде грунт суларының деңгейі соғұрлым жоғарылайды.
Климаттық режим суайрық өңірлердің, аллювийлік кең жазықтықтардың, тау массивтерінің және көптеген басқа аудардардың грунт суларына тән. Климаттық режимге өз ретінше күн активтігінің өзгерулеріне сәйкес келетін климаттық факторлардық өзгерулері мен грунт сулары деңгейінің көпжылдық ауытқуларының арасындағы байланыс жатады.
Гидрологиялық режим жер бетінің ағын сулары мен су қоймаларының тигізетін ықпалына байланысты. Гидрологиялық факторлар жер асты суларының режиміне тек олардың теңбе-теңдігін өзгерту жолынан ғана емес, сонымен қатарларынды гидростатикалық жолмен беру арқылы да әсер етеді.
Жер асты суларының режиміне тигізген өзендер ықпалының түрлері де айрықша. Грунт сулары мен жер беті суларының арасында гидравликалық байланыс болған жағдайда, егер өзен террасалары кәріздейтін болса, онда өзен суы горизонттарының көтерілуі кезінде грунт суларына қосымша арын беріледі де, олардың декгейі жоғарылайды. Өзен суы горизонттарының төмендеуі грунт суларының деңгейін төмендетеді. Грунт суларын өзен сулары қоректендірген жағдайда өзеннен берілетін гидростатикалық, арынға байланысты грунт суларының деңгейі өзендегі су шығынының өзгерістеріне сәйкес өзгеріп отырады. Грунт суларынық режиміне өзеннің ықпал ету аймағының кеңдігі өзен шығынына, оның горизонттарының өзгеру амплитудасына, өзен жағасының геологиялық құрылысына, пластардың параметрлеріне байланысты. Ірі өзендердің аңғарларында ықпал аймағының кеңдігі бірнеше километрге жетеді. Өзеннен алыстаған сайын аймақ ықпалы кеми береді. Өзендер мен грунт сулары режимінің ерекше тығыз байланысы жайылмалық террасаларда байқалады.
Өзендер грунт суларымен гидравликалық баланыспаған, бірақ грунт суларын сүзу жолымен қоректендіретін аудандарда (мысалы, ысырынды конустардың жоғары бөлігінде) грунт суларының деңгейі айтарлықтай кешеуілдей отырып (2—3 ай, кейде одан да көп), өзендер шығындарының өзгерістеріне сәйкес ауытқиды. Сонымен, мұндай аудандарда өзендер тек грунт суларын ғана емес, сонымен бірге арынды суларды да қоректендіретіндіктен, олардың пьезометриялық деңгейі түрлі мерзімге кешеуілдеп өзен шығындарының ауытқуларын қайталайды. Өзендердің ықпалымен анықталатын грунт сулары денгейінің маусымдық ауытқуларының сипаты көп жағдайда өзендердің қоректену типіне байланысты. Бұл ауытқулар жаңбырдан, қардан, мұздықтан және аралас қоректенетін өзендердің бассейндерінде түрліше келеді. Көлдер мен гидравликалық байланыстағы грунт суларының режиміне көлдердің тигізетін ықпалы (көл маңындағы жер танабында) өзендердің ықпалына ұқсас.
Сулы қабат жүктемесін (су шамасын) өзгертетін теңіздің тасулары мен қайтулары теңізге таяу аудандардағы грунт және арынды сулар деңгейлерінің ауытқуларына айтарлықтай әсер етеді. Теңіз тасулары 200—300 м-дей тереңдікте жатқан артезиан суларының деңгейін тез жоғарылатады, сонымен бірге оның ықпалы жағадан құрлық ішіне қарай 10—15 км-ге жетеді, не одан да алыс кетеді. Теңіздің қайтуы кезінде су деңгейі төмендейді.
Жер асты үстеме ағысының режимі қоректену аймағынан ағып келіп қосылған судың ықпалын көрсететін жер асты сулары орналасқан аудандарға сәйкес келеді. Қоректену аймағындағы өзендер шығындарының кешеуілдей бір уақытта (синхронды) қайталайтын грунт және арынды сулар орын алған тау алды жаймалары мен ысырынды конустардың шеткі бөліктеріне ерекше тән болып келеді.
Кешенді режимдер. Грунт сулары тайызда жатқанда гидрологиялық факторлар мен жер астының үстеме ағысынан басқа климаттың және биологиялық факторлардың да (жауын-шашын, булану, транспирация) әсер ететінін атау қажет. Шамамен қарастырылған факторлардың ықпалы бірдей болғанда деңгей ауытқуларының пішіндері тым алуан түрлі келетін грунт суларының кешенді режимдері қалыптасады.
Геологиялық процестер де жер асты суларының режиміне ықпалын тигізеді. Мысалы, жер сілкіну кезінде көбінесе құдықтардағы судың деңгейі, тұмалар мен қайнарлардың өнімі өзгереді. Бұдан бар бұлақтар жоғалып жаңа бұлақтар пайда болады. Грунт суларының химиялық құрамының режимі күрделірек жолмен қалыптасады және деңгейдін режимінен гөрі жеткіліксіздеу зерттелген. Химиялық құрамының режимдері түрлі климаттық, аймақтар мен кәріздену жағдайларында түрліше болады. Табиғи жағдайлардағы грунт суларының химиялық құрамы мен минералдануы деңгейге қарағанда өзгермелі келеді. Арынды сулардың химиялық құрамы көп жағдайда тұрақты болады.
Жер асты суларының мөлшері мен сапасының өзгеруін болжау
Жер асты суларының, табиғи режимдері шаруашылық факторларының әсерінен бұзылуы мүмкін.
Бөгендер ауданындағы жер асты суларының режимі. Бөгендер салынуға дейін өзен грунт суларын кәріздеген аңғарлардың учаскелерінде үстеме арын (қосымша арын) жасайды немесе грунт суларының өзен есебінен қоректенуін күшентеді. Осының нәтижесінде грунт суларының деңгейі көтеріледі, ал нақты гидрогеологиялық жағдайларда арынды сулардың пьезометрлік деңгейің жоғарылатады. Жер асты сулары деңгейінің көтерілуі бегенге таяу арада өзінің жоғары мәніне жетеді де, бөгеннен алыстаған сайын кеми түседі. Ірі бөгендердің ықпалы кейде ондаған километрге дейін тарауы мүмкін. Үстеме арынның қисық сызығышын (депрессиялық беттің) тұрақтану кезеңі кейде көптеген жылға созылады. Құрылыс салынған жерлерді су басуына, батпақтануына, тұздануына қарсы күрес шараларын жүргізу үшін бөгендерді жобалағанда гидрогеологиялық зерттеулер негізінде грунт суларының үстеме арынының (қосымша арынның) болжамын жасайды.
Жер асты сулары пайдаланылатын аумақтардағы режим. Сумен қамтамасыз ету және жер суару үшін жер асты суларын пайдалану пластағы су қорының азаюына душар етеді. Су алу нәтижесінде жер асты суы деңгейінде депрессиялық шұқырлар пайда болады. Арынды сулар жағдайында бұл шұқырлардың радиусы бірнеше ондаған километрге жетуі мүмкін. Су деңгейінің ерекше көп төмендеуі үлкен қалалар аумағында байқалады. Мысалы, Мәскеуде өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап сумен қамтамасыз ету мақсатында карбон әктастарына жеткізіле 1000-нан астам артезиан скважиналары бұрғыланды. Қазір бұлардың жиынтық өнімі тәулігіне 500 мың шаршы метрден артады. Пайдалану уақыты ішінде пьезометрлік деңгей айтарлықтай төмендеді. Мысалы, 1946—І964 жылдар аралығында төменгі карбон горизонтындағы деңгейлердің биіктігі 48 м төмендеді. Париж артезиан алабында пайдалану басталғаннан бері (1841) 1935 жылға дейін арын 80—100 м-ге төмендеді. Лондон артезиан алабында да арын деңгейі осындай шамаға төмендеді.
Жасанды түрде толығатын алаңдардағы жер асты суларының режимі. Жер асты суларының сарқылуымен күресу шараларының бірі — олардың қорын жер беті суларын ұстау арқылы толықтыру және бұл сулардың инфильтрациясын (сіңіуін) күшейту. Бұл шараларды іске асырудың ең тиімді аудандары — малтатасты бөліктері жер астының қолайлы су бөгендері болып табылатын ысырынды конустар. Бұл аудандардың ағындарын ысырынды конустық шеткі бөліктеріндегі саздақты шөгінділер ұстап қалады. Жер бетінің ағынды суын жиып үйіруді аллювийлік террасаларда және бұл үшін қолайлы жағдайлары бар өзге аудандарда да жүргізеді. Жер беті суларының бөгелуі және жұтылуы үшін арнаулы инфильтрациялық бассейндерді, орларды, траншеяларды, тілімдерді жүргізеді, уақытша су тасқынының арналары мен су жұтушы скважнналарын да пайдаланады.
Климат және климат құрушы факторлар
Климаты. Кең байтақ Казақстан жерiнде оның геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негiзгi көзi — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi.
Радиация. Қазақстан аумағы үстiнде бүкiл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдiк етедi, ал оған көршiлес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келедi. Жалпы республика аумағының көпшiлiк бөлiгiнде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағатқа дейiн артып отырады. Жылына солтүстікте 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиiсiнше 60 күннен 10 күнге дейiн (Балқаш ойысында) кемидi. Мiне, осылардың нәтижесiнде жиынтық радиация мөлшерi де солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейiн бiртiндеп артады. Сол сияқты төсенiш беттiң (жер бетiнiң) сәуле қайтару қабiлетiне байланысты сiңiрiлетiн радиация мөлшерi де оңт-ке қарай бiрқалыпты көбейедi. Сәуле қайтару қабiлетiн қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәнiне 70 — 80%-ға жетiп, жазда көпшiлiк жерде 20 — 30%-ке дейiн төмендейдi. Радиацияның жылдық тиiмдi сәулелену мәнi солтүстікте 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейiн өзгередi. Терiс мәндi радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солтүстікте 3,5 — 4,5 ай (қараша — наурыз), оңтүстікте — 1 ай.
Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлш. солтүстіктен оңтүстікке қарай 630-дан 420 МДж/м2-ге кемидi. Шөлдi өңiрдiң қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлш. турбуленттi жылу алмасуға кетедi. Тек топырақтың көктемгi ылғалға қаныққан кезiнде, сол сияқты көгалды жерлерде буландыруға кететiн жылу мөлшерi ауаны турбуленттi жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни булану есебiнен күндiзгi ауа температурасының қала төңiрегiне қарағанда төменiрек болуы Алматыда жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансының өзгерiсi ауа темп-расын өзгертедi. Қаңтар айының орташа темп-расы Қазақстанның солт. және шығыс С-қа дейiн көтерiледi. ШiлденiңС-тан оңт. аудандарында 3аудандарындағы — 18 С-қа дейiн.С-тан 28 —30орташа темп-расы бұл аудандарда тиiсiнше 19 Қазақстанның солт.-шығысында климаттың континенттiгi тым жоғары, бұл өңiрде С-қа жетедi. Оңт.қаңтар мен шiлденiң орташа темп-расының айырмашылығы 41 С-тан жоғарырақ болады.аудандарда 10 ай бойы орташа тәулiктiк темп-ра 0 С-танРеспубликаның солт-нде қыс ұзақ, қарлы әрi суық, аяз кей уақыттарда –45 С-қаС-тан 45С-қа жетедi. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа темп-расы 35–50 дейiн қызуы мүмкiн. Көктемнiң соңғы үсiгi шiлдеде, ал күздiң ерте үсiгi тамыздың аяғында түсуi мүмкiн.
Қазақстанның оңтүстік аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңiрдiң қыс айларында жиi-жиi қайталанатын жылымық құбылысы кезiнде ауа темп-расының ең С-қа дейiн көтерiледi. Соған қарамастан мұнда кейбiржоғ. деңгейi 15 — 20 С-тан да төмен аяздар байқалады. Алматыда абс.С, тiптi –40күндерi –30—35 С-қа жеткен (26 ақпан, 1951). Республиканың қиыр оңт-нде көктемгiминимум –42 соңғы үсiк сәуiрдiң аяғында, алғашқы үсiк қыркүйектiң 2-жартысында түсуi ықтимал. Оңт. Қазақстанның таулы өңiрiнен тыс бөлiгiнде жаз тым ыстық әрi ұзақ. С-қа жәнеС-қа, топырақтың беткi қабаты 70Кейбiр жылдары ауа темп-расы 45 — 47 одан да жоғары қызуы мүмкiн. Күн энергиясының мұншама көп қоры Қазақстан аумағында гелиоэнергетиканы дамытуға мүмкiндiк бередi.
Атмосфера айналымы. Қазақстан жерi қыс маусымында Сiбiр антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ыкпалына жиi ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солт-нде оңтүстік-батыс және батыс, ал жазда солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел басым келедi. Қазақстандағы атмосф. процестер Солт. жарты шардың Атлантика — Еуразия секторының 3 iрi аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендiк бағытпен өтсе, онда ол ендiк бағыттағы айналым делiнедi. Ендiк бағыттағы айналым кезiнде Қазақстанның көпшiлiк бөлiгiнде жауын-шашынның мөлш. кемiп, ауа темп-расы жоғарылайды. Еур. айналым кезiнде республикаға суық ауа массаларының енуi жиiлейдi, темп-ра шұғыл төмендейдi, жауын-шашын молаяды, жел күшейедi. Сiбiрлiк айналымда — оңт-тен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа темп-расы жоғарылайды, жауын-шашын кемидi. Республика климатының қалыптасуына оның жер бетiнiң әр тектiлiгiнiң де әсерi болады.
Қазақстандағы атмосф. циркуляциялық процестерге оңт. және оңт.-шығыстағы тау жүйелерi (биiкт. 4000 — 5000 м-лiк) мен Каспий және Арал т-дерi сияқты су айдындары да ықпалын тигiзедi. Табиғи кедергi саналатын тау жүйелерi атмосферадағы ендiк бағыттағы шептiк белдемiн солт.-шығыс бағытқа қарай ойыстырып, ауа массасының заулама ағынын күшейтедi. Осы ауа массасы сонымен бiрге тау бөктерiндегi жергiлiктi климатты қалыптастырушы тау аңғарлық ауа айналымын тудырады. Қазақстанның таулық және тау етегiндегi өңiрлерiнiң термиялық режимi жапсарлас жатқан жазықтар жағдайына қарағанда мүлдем басқаша келедi. Таудағы темп-ра жазық жердегiден төмен келедi. Тау беткейлерi төңiрегiндегi ауа қабатының радиациялық салқындауынан және беткеймен төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан таулы аудандарда темп-раның ауытқу амплитудасы кемiп, темп-ра инверсиясы (жалпы биiктiкке байланысты ауа темп-расының көтерiлуi) қалыптасады. Инверсия қыс маусымында неғұрлым күштiрек қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған сайын тiк бағыттағы ауа ағыны күшейiп, жауын-шашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. жазықта 100—200 мм болса, тау бөктерiнде 500—600 мм-ге дейiн артады. Жазық өңiрлерде жылдық жауын-шашынның максимумы жаз айларында, ал тау бөктерiнде жылына 2 рет (наурыз — сәуiр және қараша — желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздiк айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған километрге ғана таралады. Орта ендiк бойындағы су айдындарының солт.-шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдiк етсе оңт.-батыс жағында атмосф. суық серпiлiс пайда болады. Бұл құбылысты Арал т. мен Каспийдiң солт.-шығыс бөлiгiнен жиi-жиi байқауға болады. Су айдындарының оңт.-батыс бөлiгiне қарағанда солт.-шығысында жауын-шашын 2—3 есе көбiрек түседi. Аумақты Каспий айдыны климаттың қалыптасуына қыста ғана ыкпал жасайды. Керiсiнше, Арал т. атмосфера айналымына жаз айларында ғана катысады. Көлемi шағын Балқаш к-нiң де атмосфера айналымына және бұлттылыққа тигiзетiн әсерi мол. Қазақстан жерiндегi соғатын желдiң орташа жылд. 4—4,5 м/с, Каспий т-нiң жағалауында 6 м/с-тен астам, ал Жетiсу қақпасында соғатын Ебi желiнiң жылд. 70 м/с-ке жетедi.
Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.
Орманды дала климаттық белдемi республиканың ылғалы ең мол бөлiгi. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 — 315 мм-ге дейiн, оның 80%-ы жылдың С-тан жоғары орташа тәулiктiк ауа темп-расының жылдықжылы мезгiлiнде жауады. 10 С. Вегетациялық өсiп-өну кезеңiнiң ұзақт. 160—170 тәулiк. Еңжиынтық мөлш. 2100 қысқа жыл маусымы — көктем, ұзақт. 1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуiрдiң соңына дейiн. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 37 күн, кейбiр жылдары 110 — 113 күнге дейiн созылады. Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегi бiраз аймақты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 — 300 мм, оның 70 — 80%-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140—160 күнге созылады, қардың орташа қалыңд. 30 см-дей. Дүлей желдi күндер көп және эрозиялық процестер күштi С-тан жоғары ауаның орташа тәулiктiк темп-расының жылдық жиынтықдамыған. 10 С. Вегетациялық өсiп-өну кезеңiнiң ұзақт. 170—180 тәулiк.мөлш. 2100 — 2300 Қуаңшылықтықтың орташа жылдық мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық белдемiне қарағанда қысы және көктемi қысқа, жазы ұзағырақ, күзi 1 айға жуық (қыркүйектен басталады). Шөлейт (шөлейттi дала) климаттық белдем, немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлiгiндегi жазық өңiрдi алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейiн кемидi, оның 43—27%-ы жылдың суық маусымында түседi. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңд. батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейiн артады. Ауаның орташа С-тан жоғарғысы — 10—20С-тан жоғары күндер саны 30—45, 35тәул. темп-расы 25 күн. Вегетациялық өсiп-өну кезеңiнiң ұзақт. 170—200 тәулiк. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келедi, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлш. тым жоғары. Аңызақ лебi кейбiр жылдары айына 27—29 күнге созылады.
Шөл климаттық белдемi Қазақстанның жазық өңiрiнiң көп бөлiгiн қамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. С, жылдық жауын-шашын мөлш. 81— 84 мм. Кейде жылынаОрташа жылдық темп-расы 3—13 20—30 күндей қар жауады. Жазы ұзақ, ыстық, қысы салқын, ауасы тым құрғақ келедi. Қар жамылғысы тұрақсыз. Жалпы жылына қар белдемiнiң оңт-нде 31, солт.-шығысында 120 күндей жатады. Желi баяу, аязды маусымның ұзақт. 100—170 күндей. Вегетациялық өсiп-өну кезеңi 180—260 тәулiк. Қысы құбылмалы: қарашада түсiп, С-қаС-қа, ал солт-нде –32наурыздың аяғына дейiн созылады. Аяз кейде –15—20 дейiн жетедi. Жазы мамырдың басында басталып, қыркүйектiң 2-жартысына дейiн С-қа дейiнС, кей күндерi 41 — 46созылады. Шiлденiң орташа темп-расы 23 — 30 көтерiлуi мүмкiн. Көктемнiң тым қысқа маусымында жылдық ылғалдың 14—25%-ы түсiп үлгiредi, соның нәтижесiнде топырақ ылғалға қанығып, эфемерлiк өсiмдiктер қаулап өседi.
Қазақстанның қиыр оңт. бөлiгi жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т.б. метеорол. сипаттамалар ерекшелiктерiне қарай жеке оңт. шөл белдем аралығын құрайды. Ерекшелiгi: жауын-шашынның негiзгi мөлшерi (62—67%) наурыз айында түседi, жыл бойына 40 күндей қар қылауы байқалады, бiрақ та қар жамылғысы қалыптаспайды. Вегетациялық өсiп-өну кезеңiнiң ұзақт. 245—260 тәулiк, С-тан жоғары ауаның орташа тәул. темп-расының жылдық жиынтық мөлш.10 С. Жыл маусымдары айқын ажыратылады. Қысы қысқа, 90 күндей. Жазы ұзақ,4300—4600 160—170 күнге дейiн созылады.
Су қоры. Қазақстан жерiнде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлiк ерекшелiктсрi ең алдымен климат факторларына, жер бетiне түсетiн жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелдi. Су қорларының iшiнде, әсiресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күштi. Бiрақ көпшiлiк өзен-көлдердiң деңгейлерi үнемi күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2—4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтiк аймақта жайласқан Қ-ның маңызды табиғи қорларының бiрi — жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта бiркелкi таралмаған.
Мұздық. Қазақстандағы жер бетi ағын суы қорының негiзгi көзi — мұздықтар суы. Таулық өңiрлерден жалпы ауд. 2033,3 км2-лiк 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км2-ден астам) Жетiсу Алатауында (мұздық аум. 1369 км2), қалғаны Iле мен Күнгей (610,7 км2), Терiскей (144,9 км2) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км2), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км2). Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жiктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлiк мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжiле тегiстелген шыңдарда). Осылардың iшiнде көбiрек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшiлiгi Қазақстан табиғатын (әсiресе таулы өңiрлерiн) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерiнiң есiмдерiмен аталған. Iле Алатауындағы Талғар массивiмен байланысты күрделi аңғарлық Корженевский мұздығы — Қазақстандағы аса iрi мұздық болып саналады: ұз. 11,7 км, ауд. 38,0 км2, мұзының жалпы көл. 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшiлiгiнiң қалыңд. 50 — 100 м, ал таудың жоғары беткейлерiндегi мұздықтардiкi 10—30 м.
Мұздықтардағы мұздың жалпы көл. 100 км3. Мұз басудың төм. шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюi кезiндегi жоғ. және ерiп азаюы кезiндегi төм. бөлiктерi арасындағы шегi) абс. биiктiгi солт-тен оңт-ке және батыстан шығысқа карай арта түседi. Егер де Алтайда бұл көрсеткiш 2500—2800 м болса, Тянь-Шань тауында 3500—3800 м. Бұның өзiнде оңт. беткейлерге қарағанда солт. беткейлердiң шекарасы 200—250 м төменiрек жатады. Қазақстан мұздықтары негiзiнен тым төмен темп-ралы келедi. Әсiресе, мұздың үстiңгi 12—15 м қабаты қыс кезiнде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейiнгi беткi С-ка дейiн ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, темп-расыныңқабаты 0 төмендiгiне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуiне байланысты мұздықтар жылына 50—70 м-ге дейiн төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесiнiң) маусымы қалыпты жағдайларда 2—2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлш. 1 м шамасында. Мұздық суы — тау өзендерiнiң толығу көзi. Әр тау өзенi ағынының басталар жерiндегi суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлiгiндегiнiң 35%-ы мұздық суының үлесiне тиедi.
Республика мұздықтары тартылуда. Кейбiреуiнiң ұз. жылына 5—20 м-ге, ауд. 1000 м2, мұз қоры 0,05— 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлiгiнде ауд. 20000 км2-дей көп жылдық тоң белдемi қалыптасқан; оның төм. шегi Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетiсу Алатауында 2800 м және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейiн төмендейдi.
Өзен. Қазақстан өзендерiн ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннiң iшiнде 84 694-i шағын (ұз. 100 км-ге дейiн), 305-i орташа (500 км-ге дейiн) және 23-i iрi (500—1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңт.-шығысындағы Жетiсу және Iле Алатаулары ылғалы мол таулы өңiрлердегi өзен торының жиiлiгi (барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңiрлерге қарағанда жоғары, 0,4—1,8 км/км2 шамасында. Шағын өзендердiң көбi Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлдi өңiрлерiнде өзен торының жиiлiгi тым сирек (0,03 км/км2-ге дейiн) келедi. Өзендердiң басым көпшiлiгi Каспий, Арал т-дерiнiң, Балқаш, Алакөл және Теңiз сияқты көлдердiң тұйық алаптарына жатады. Тек Ертiс, Есiл және Тобылға кұятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара т. алабына қарайды. Қазақстандағы ең суы мол өзен — Ертiс. Оның республика жерiндегi ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Жоғ. бөлiгiндегi ағыны 2 iрi су электр ст-ларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының бiраз бөлiгi Ертiс-Қарағанды каналы арқылы Орт. Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнiнен республикадағы екiншi өзен — Сырдария. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Жер асты суларының құрылу процестері құрамы және қасиеттері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Физика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жер асты суларының құрылу процестері құрамы және қасиеттері