Мен елімнің ертеңімін

Алыстағы атыраптан мұнарлана көз тартатын асқар таулары мен белдері, сылдырап аққан өзен-көлдері, жусаны мен изені тербеле өскен сахарадай сары даласы бар, қойнауы толған кең қазынаға толы кең байтақ Қазақстан кез келген адам баласын тебірентпей қоймас. Бұл менің Отаным! Менің Тәуелсіз Қазақстаным! Әрине, бүгінгі жас ұрпақ , біз бақыттымыз!
Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен еркіндікке қол жеткізген, тәуелсіздік үшін күрескен асыр ерлеріміз бен аналарымызға мәңгілік қарыздармыз. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.........
Шығармалар
Толық

Елге саяхат

Жадырап жаз келгенде, жылда отбасымызбен елге жинала бастаймыз... Бұл дәстүрге айналған.Ата-анамыз елдегі тума-туыспен араласып, елден алшақтап кетпей, түп тамырымызды біліп жүру үшін осы саяхатты үлкен мән бере ұйымдастырады. Біздер балалар қуана жолға шығамыз.
Әкемнің туған жері – киелі Түркістан шаһарынан 30 шақырым жерде, Қаратаудың күнгей бетінде орналасқан Игілік, тарихта жергілікті халық «Мес-Ата» атап кеткен кішкене ауыл. Табиғаты сұлу ауыл. Бұл - менің бабаларымның мекен еткен жері. Осы мекенге жеткенше , қазақтың сұлу да көркем жерлерін тамсана да, таңғала да, қызыға да, қызғана да тамашалаймын. ......
Шығармалар
Толық

Ұлттық рухтың қайнары- патриоттық сезім, тұғырлы тарихпен мемлекеттік рәміздер

«Патриот - Отанға қызмет етуші адам,ал Отан дегеніміз,ең алдымен,
халық». Бұл кемелді пікірді данқты бабамыз,ел қорғаны Бауыржан Момышұлы айтқан екен. Шынымен де,Отанға қызмет ету,оны сүйіп,ардақтау Қазақстан Республикасында туған әр азаматтың ел алдындағы парызы мен азаматтығының белгісі.
Қазіргі таңда біз ата-салтымызды,рухани құндылық пен сан ғасырлық тарихымызды сақтап қалған кемелді,зайырлы мемлекетпіз.Тұғыры биік тәуелсіздігімізге қол жеткізгеннен кейін,осы аз ғана жиырма жылдың ішінде еңсемізді тік көтеріп,мемлекеттігімізді мақтан тұтып,тарих сахнасына беделді қазақ халқын таныттық.......
Шығармалар
Толық

Менің Қарағандым!

Қарағанды маған өзінің шежірелі тарихымен, береке –байлығымен өте қымбат.
Қарағанды - өзіндік табиғи бітім-болмысымен дараланатын, кесек тарихы, оқшау ерекшелігі бар, уақытпен бірге жаңғырып-жасарған мекеннің бірі. "Өткеніңді ұмытсаң, өшкеніңнің белгісі, Өткеніңді еске алсаң, өскеніңнің белгісі!" - деп халық даналығы айтқандай, әлем таныған қаламыздың көне тарихын, мәдениеті мен өнерін біліп, күн санап қанат жайып, көркейіп келе жатқан әсем қаланың бүгінгісіне қуанып, келешегін оймен барлаймын.......
Шығармалар
Толық

Жетім көрсең жебей жүр

Иә, перзент-Алланың адам баласына сыйға тартқан періштесі. Қазақ - өз баласын жетіге дейін патшасындай сыйлаған, он беске дейін шаруаға салып жұмсаған, он бестен кейін ең жақын досындай сырласа білген. Жетімін жаутаңдатып көп қолына қаратпаған, жесірін қаңғыртпаған, тастамаған ел едік, қазіргі жайтпен салыстыра отырып, көне, сүрлеуі кеткен дара жолдан адаса бастағанымызға куәлік ету неткен қасірет десеңізші!......
Шығармалар
Толық

Дархан елім- Қазақстан !

Мен бақыттымын! Себебі, мен ынтымағы жарасқан, бірлігі ұласқан елде тұрамын. Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады екен. Демек, мен бақытты жерде туған елімнің бақытты перзентімін. Достығы дархан елімнің аты – Қазақстан!
Отан...Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным -......
Шығармалар
Толық

Менің отаным – Қазақстан

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің туып-өскен жерім - Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.......
Шығармалар
Толық

Бабалар мекені

Көгілдір кеңістік! Керемет ғажап дүние. Сиқырлы әлем! Самал желі сыбырлай ескен сырбаз дала! Ақ шаңқан қазбауыр бұлттар жүзген көк аспан! Бабаларымның шөгерген түйелеріндей мәңгілік ұйқыға кеткен өркеш-өркеш маңғаз таулар! Сылдырлай ағып, сыңғырлай күлген тұңғиық тұнығына ғасырлар сырын түйген күміс бұлақтар. Сымбатты қайық , құба тал, кәрі емендер осының бәрі жиылып келіп, менің көркем өлкемнің тірі картинасын құрайды.......
Шығармалар
Толық

Бауыржан Момышұлы - әйгілі батыр

Адамзат баласы жер бетінде пайда болғалы бері көптеген оқиғаларды басынан кешті. Қазіргі біздің өмір сүріп отырған заманымызға дейін жер бетіндегі халық қалыптасу процесін басынан кешірді. Міне, осы оқиғаларды мен 5 сыныпта тарих пәнінен оқып білдім. Тарихтан қазақ елінің көптеген соғыстарды бастарынан кешкендерін білдік. Сонда мен өз Отанына, еліне адал ......
Шығармалар
Толық

Гүлдей жайнаған мектеп ауласы

Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпақты өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін сезінуге тазалығын сақтауға қоршаған ортаға мейірімділікпен жанашырылықпен қамқор болуға тәрбиелеу.
Осы бағдарлама аясында мектептебімізде «Жасыл мектеп» бағдарламасы арқылы мектеп іші мен ауласын көгалдандыру, гүл мәдениетін дамыту арқылы оқушыларды табиғатты аялап, қастерлеуге үйрету, жауапкершілікті қалыптастыру міндеті қойылған.......
Шығармалар
Толық