Үлгілі ұрпақ

Алдымен сүй,ардақты-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады.
Отбасы тәрбиесінде ата-ананың мінез-құлқы, тіршілік ортасы үлкен маңызға ие. Ұрпақ адамгершілік , әдептілік, инабат үлгісін өскен ортасынан, отбасынан алады. «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз», «Шешесін көріп қызын ал,ыдыс-аяғын көріп асын іш» деген мақалдар тегін айтылмаған. Әйелді отбасының құты деп, әспеттеп-құрметтеген. Қазақ ежелден ақылына келбеті сай аналарды ардақтап, басына көтерген, баланың ғана емес , елдің анасы болған ана-апалардың мысалы аз болмағаны да сондықтан. Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» повесіндегі Ұлпан ана ел басқарған ақылды, сыпайы, мейірімді, ибалы, ізетті , қарапайым жан. Ыбырай Алтынсарин «Ананың сүюі» деген өлеңінде ананың балаға деген шексіз махаббатын, ынтызарлығын паш етеді.......
Шығармалар
Толық

Тіл ұлттың рухы, баға жетпес байлығы

Туған тіліміз бен әдебиетіміз тарихи болмысымыздағы баға жетпес байлығымыз, рухани кеніміздің нәр алар бастау болып саналады. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»-деп Бауыржан Момышұлы тегін айтпаған.
Ғұмырымыздың тірегі, санамыздың жүрегі болар тынысы деуге де болады. Себебі әдет-ғұрымыз, салт-санамыздың барлығы туған тіліміздің көкжиегі арқылы шынайы өмірдің шындығына айналған. Біз қазақ болып туылған, мынау топырақтың киесі мен иесі, қанымыз бен жанымыздың, сөйлеу тіліміз бен діліміздің өшіп қалмауына жол бермейді. Мұнда жаратылысымыздың маңдайға берген несібелі ырыздығы,......
Шығармалар
Толық

Мен елімнің патриотымын!

Мен – қазақ,
Қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі,
Өзім қазақ.
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Ер түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды тітіренткен.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркі тілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады.......
Шығармалар
Толық

Мен - өз елімнің патриотымын

Мен тәуелсіз Қазақстанның қыранымын, өз елімнің аман -сау алып қалу үшін өз өмірлерін қиған ағаларымыздың үкілген үмітін ақтап, туған халқымызға адал қызмет етуге уәде беремін.«Тамшы телегей теңізге айналады» деген сөзді қазақ атам тауып айтқан сияқты. Сонау XV ғасырдағы жер көлемі алақандай ғана қазақ елі бүгінде телегей теңізге, әлем мойындаған патшалыққа айналды. Ел басып ,еңсемізді көтеріп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өркениетке қанат жаю үшін әлемдік табыстарға қол созып , дамыған елдер қатарына көріндік, тәуелсіздік жалауын жалтаң өмірдің атжал айдынында асқақ биікке көтеріп , айбынымызды жаһанға таныттық.......
Шығармалар
Толық

Ел азаматы болу - парыз

Ежелден ел жайлаған-Атамекен,
Жаз жайлау, қыста қыстақ мекен еткен,
Барымталы, жортуыл замандарда,
Қан төгіп, қорғап қалған жұмақ екен...
Еркебуланов. Қ .Қ.
Менің елім – менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиеттіқазақ топырағында өсіп -өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз.......
Шығармалар
Толық

Туған жер!

Әр адам баласында алтынмен, ақшамен өлшенбейтін бір түсініктер бар. Отан, ата-ана, ар-ұждан, махаббат, - деген ұғымдар ешқашанда өлшенбеген және олар туралы түсінік мәңгі өзгермек емес. Отан дегеніміз – туып -өскен жерің, білім алған ордаң, туған –туыс екенін, бала кезден құлағымызға құйып келеміз. Мен осындай жаны жайсаң, жүздері жарқын ұлттың өкілі болғаныма қатты қуанып жүремін. Осындай қонақжай халықтың, жерінің де қонақжай, бай екеніне таң қаламын.
Жусан исі аңқыған даланы, бетегелі белдерді қай жерде жүрсем де, жадымнан шығарған емеспін.
Туған жер қандай адамға болсын өте ыстық болатынын,......
Шығармалар
Толық

Мен Қазақстанның патриотымын

«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз. Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді.
Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Әрине, тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.......
Шығармалар
Толық

Есірткі – ел қауіпсіздігі, әлем қауіпсіздігіне төнген қатер

Адам баласы дүние есігін етіп ашқаннан бастап, оның денсаулығы әрбір жақын адамды толғандырады. Бала өсе келе оның тәрбиесін қатал түрде қолға алу ата – анасының атқаратын басты бір рөлі болып табылады.
Қазіргі жасөспірімдердің болашағы бізді алаңдатуда. Басты қауіп «есірткі» болып отыр.
Есірткі - ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем күресуда. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайыншырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да оның жарасы асқынып бара жатқан секілді.......
Шығармалар
Толық

Мен – Қазақстанның патриотымын

Әр адамда өз анасынан басқа да,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,
Тағдырына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама,
Ауыр әрі қасиетті болса да...
«Патриот» деген сөз туған жер , туған тіл, туған дәстүр, туған тарихтың ажырамас бөлігі іспетті. Мен үшін жоғарыда айтылған құдіретті төрт ана адамның бойында патриоттық сезімді қалыптастыратын ең негізгі бөліктер. Патриот – өз Отанын, оның халқын сүйе біліп, сол халқының тілін, дінін, салт-дәстүрін қастерлей білетін, еліміздің болашағы, мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын нағыз ұлтжанды адам.......
Шығармалар
Толық

Менің Отаным - менің мақтанышым

Уа, туған жер, неткен байтақ, ұлы едің,
Дүние есігін өзіңмен ашып, өзіңде өсіп келемін...
Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұлдың үні мен аққудың қикулаған даусы құлағыма келеді......
Отан... Бұл сөз әр адамның жанына жақын , жүрегіне жылы тиер сөз. Кімге де болсын қымбат ұғым. Қазақ жері жүрегі қазақ деп соққан әр азамат үшін қастерлі. Ұлы мекенімізді бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғады . Ғасырлар бойы ұрпағына мұра болған жер.......
Шығармалар
Толық