Тіл ұлттың рухы, баға жетпес байлығы

 Тіл ұлттың рухы, баға жетпес байлығы

Жұмабай Нұрболат
8 сынып , Парамоновка орта мектеп
Ақсу қаласы

Туған тіліміз бен әдебиетіміз тарихи болмысымыздағы баға жетпес байлығымыз, рухани кеніміздің нәр алар бастау болып саналады. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»-деп Бауыржан Момышұлы тегін айтпаған.
Ғұмырымыздың тірегі, санамыздың жүрегі болар тынысы деуге де болады. Себебі әдет-ғұрымыз, салт-санамыздың барлығы туған тіліміздің көкжиегі арқылы шынайы өмірдің шындығына айналған. Біз қазақ болып туылған, мынау топырақтың киесі мен иесі, қанымыз бен жанымыздың, сөйлеу тіліміз бен діліміздің өшіп қалмауына жол бермейді. Мұнда жаратылысымыздың маңдайға берген несібелі ырыздығы, баға жетпес құндылығы қолдан шығармайтын парызы мен қарызы жатыр. Бұл талай ұрпақтың алдында тұрған аманат атты сүрлеу жолдың үкілі үмітіне-сын. Әрбір
қазақ болып туылған адам, өз ана тілінің уызына жарып мәйектенбесе, мәнді өмәрдің сәнді көрнісі қаланбауы сөзсіз. Жазушының мына айтқан ойлары дәлел деуге болады. «Ана тілідегеніміз-сол тілді жасаған, жасап келе жатқан мәңгілігінің мәңгілік мәселесі . Ана тілін өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады» (Ғ. Мүсірепов)
Тіл ананың ақ сүті арқылы бойымызды өсіру мен қатар ойымыздың көзін ашып, сана-сезімнің шығуына түрткі боларлық құдіреттің ерекше қуат күші деп түсінемін. Тіл біздің жанымызды ана құрсағында бесікте жатқанымыздан бастап мазалап іштегі талпынысымызды сыртқа шығаруға итермелейді. Бұл дегеніміз қауызын жарған гүлдей, өте нәзік, тартымды адам қызығарлық былдырлап сөйлейтін бал бұлақтың суындай мөлдіреген тазалығымен таңғалдырады. Баланың тілі бал, ананың сүті бал деп бекер айтылмаған. Бір сөзге семіріп бір сөзге арыған арда қазақтың сөз құдіретіне деген түсінігі теңіздей тұңғиық.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, сөзді сүйектен өткізетін ар-намыс пен ұятыңды оятатын жаныңды түршіктіріп , жабырқататын қайран қасиетті ана тілге бас имеу ауыр күнә деп ойлаймын. Бұл менің анамның тілі, бұл менің бабамның тілі ұлттық болмысымнан алпыс екі тамырымда қанымды қайнатқан жаратылыс топырағымның тілі. Сондықтан да киелі де қасиетті Атамекеннің әрбір тау тасы, қазақ болып күңіренеді. Қазақ болып тербеледі. Қазақ болып туда бақыт, қазақ болып өлу оданда бақыт. Тілімнің қазақ болып қалықтауы, елімнің азат болып шарықтауы ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Бақыттың да байлықтың да тұрағы ұлт болып қалыптасуымызда. Сондықтан да тілдің тынысын кеңге жайып, өрісін кеңейту өз қолдан келетін шаруа. Әрбір қазақ болып туылған азамат қазақ болып туғанына мақтануы керек.
«Мен-қазақпын»-деп жырлаған Жұбан ағамыздың жыры бойыңа қайрат пен сенімді ұялатады. Даладай дархан қазақтың тірегі де, жүрегіде қаракөз қандастың тұла бойына лайықты тілі мен ділі өз тұғырына келгенге не жетеді. Өткен шақтың өкінішін өзекке жағып өртегенімізбен келер шақтың келешегін отбасы, ошаққасы, бала-бақша мектеп қабырғасында қаланар тәрбиенің ара-жігін, ата-ана дұрыс ойланғаны абзал.
Өкінішке орай, кері тартпа енжарлық пен жалтақойлық, жасқаншақ, жасампаз буынды кері қарай келемеждікпен көткейін тартып жатқаны жасырын емес. «Тәрбие басы тілден» басталатынын ескеріп жұмыстану мектеп өмірінің басты қағидасына айналған жөн. Ол үшін берілетін білім теориялық және практикалық жағынан бір-бірімен тығыз, тиянақты байланысу арқылы оқушының ішкі жан-дүниесін қызықтырарлық жаңа технологиядағы, әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланғаны дұрыс.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру