Туған жер!

 Туған жер!

Джимбаева Зарина
10 сынып, № 25 қазақ қыздар гимназия
Екібастұз қаласы

Әр адам баласында алтынмен, ақшамен өлшенбейтін бір түсініктер бар. Отан, ата-ана, ар-ұждан, махаббат, - деген ұғымдар ешқашанда өлшенбеген және олар туралы түсінік мәңгі өзгермек емес. Отан дегеніміз – туып -өскен жерің, білім алған ордаң, туған –туыс екенін, бала кезден құлағымызға құйып келеміз. Мен осындай жаны жайсаң, жүздері жарқын ұлттың өкілі болғаныма қатты қуанып жүремін. Осындай қонақжай халықтың, жерінің де қонақжай, бай екеніне таң қаламын.
Жусан исі аңқыған даланы, бетегелі белдерді қай жерде жүрсем де, жадымнан шығарған емеспін.
Туған жер қандай адамға болсын өте ыстық болатынын, алысқа сапар шеккенде, не болмаса, алыс бір жаққа кеткенде, сезінетін кездер жиі болып тұрады. Сол туған жердегі туған – туыстарды, құрбы-құрдастарды сағынып, құстай ұшып келетін сәттер, туған жерге деген махаббаттан туындап жатады ғой,- деп, ойлаймын. Сол жердің ауасы да, ағашы, тіпті тасы да көзіңе ыстық болып көрінеді. Басқа жерлерде де әдемі таулар, айдын көлдер болса да, өзіңнің балалық шағың өткен жерден, ыстық жер болмайтын сияқты.
Осындай жырды, қаламының ұшына қыдыр дарыған, ақиық ақын - Қасым-аға Аманжоловқа, туған жері шабыт бермесе, нәзік те лирикалы жыр тумас еді ғой.
Білім алған мектебің, әріп үйреткен ұстаздарың да, біздер есейгенде, туған жерге келіп, бір жақсы игілікті іс істесе, қажет кетікке кірпіш болып қаланса, - деп, тілейді. Сондықтан да, сол сенімдерді ақтау үшін туған еліңе, жеріңе деген сүйіспеншілік болу керек. Сонда ғана, Отан деген ұғымның қадірін білетін боламыз.
Шет елдерде тұрған талай адамдар, туған жеріне келе алмай жүргенін
естігенде, туған жерге деген - құрмет тіпті арта түседі. Адам баласы қуанса да,
қайғырса да,
туған жерінен, туған – туыстарын жасырған емес.
Тіпті, мәңгілікке сапар шегер болса да, туған жерден бір уыс топырақ бұйырса екен,- деп, армандайды екен. Қытайдан, Ресейден, Монғолия, Түркиядан келген қандастарымыз, елдеріне қайтарда, бір уыс топырақты орамалдарына түйіп алғанын көргеніміз бар еді. Ия, туған жерінен топырақ бұйырмай, шетте қалған адамдар қаншама десеңізші!!!
Ұрпақ үшін туған жерді қорғаймыз,- деп, бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, Атырау мен Алтайдың алпыс күндік арасын атпен қорғап, бізге аманат етіп тастап кетті емес пе? Қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбайдай бабаларымыз қорғанған жерді, қастерлей аламыз ба, деген ойлар, кейде маза бермейтіні шындық. Егемен болып , ел болғанда , көк байрақтың астында туған жерде, туған тілде шығарма жазуым да сол бабалардың еңбегі емес пе? Туған жерін анасын сыйлағандай сыйлайтын, аталардың өнегесін жалғастыру үшін, ұлтты жанындай сүйетін азамат болу керек.
Олай дейтінім, көк бөрінің тұқымдары, көк байрағымызды олимпиада ойындарында көкке көтергенде, жүрегіміз жарылардай қуанатынымызды жасырмаймын.
«Әркімнің туған жері – Мысыр шәрісі» - дегендей, жер жәннаты - Жетісу, қойны кенге толы - Қарағанды, энергия қуатының орталығы аталған – Екібастұз, Алатаудың баурайында орналасқан әсем - Алматы, екінші Швейцария атанған – Бурабай , ертегі еліндей еркеп елжіреген Баянауылдай жерлеріміз туралы айтып тауыса алмаймыз. Міне, осындай сұлу жерлерді қадірлей алмасақ, онда елдігімізге сын болар еді.
Туған жерімізде Кеңес үкіметі орнағанда, қой бастайтын серкелерді атып, болмаса, Сібірге айдағанын тарихтан оқып, біліп жүрміз. Коммунистер қолдан жасаған аштықтан, халқымыздың жартысынан көбі қырылғаны туралы, қазақ ғалымдары мен тарихшыларының оқығаным бар еді.
Сондай замандарда ұрпағын аман сақтап қалу үшін, туған жерін тастап, шет елдерге кеткен қандастарымыз көп-ақ болатын. Кейін Отанына оралып, туған жердің топырағында жатуды аңсаған бабалардың арманы да орындалды.
Туған жерге деген сағынышын қара сөзбен жеткізе алмаған, Қытайдан келген атамның бір өлеңінен үзінді келтіруді жөн санадым.
Жоғарыда атамыз айтқандай, текті атаның тұқымы, туған жерге деген махаббатын, ешқашан да естен шығармайды. Соңғы демің біткенше, Отаныңа қызмет істегеннен артық бақыт та, баракат та бола қоймас. Көне көз қариялардан естіген әңгімелерден ғибрат ала отырып, туған жердің қандай ыстық болатынын білдім.
«Отан үшін отқа түссең күймейсің», - деп, Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан екен. Туған жерден қанат қағып ұшсақ та, ертең бәрімізді де сол жердің ұрпағы екенімізді ұмытпай жүргеніміз, Отанға деген сүйінпешілікпен астарласып жатқанын көрсетеді. «Өзге жерде сұлтан болғанша , өз еліңде ұлтан бол»,- деген қанатты сөздер біздің жадымыздан шықпай, өз елімізге құрмет жасауға шақырады. Өз- өзіңді сыйласаң жат жанынан түңіледі,- деген аталардың сөзі де текке айтылмаса керек.
Сондықтан да, барлық жастарға туған жерге деген сүйіспеншілікті жастайынан сіңіре берген абзал болар деген ойлар келеді. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адасқан дұрыс,- дегендей, көпшіліктен ажыраған адамдар, бақыттың не екенін білмейді. Туған елмен ғана тұғырлы болатынымызды, - жадымызда сақтағанымыз абзал шығар, құрметті менің замандастарым!
Әрине, біз өзімізді бақытты жастармыз,- деп мақтанышпен айта аламыз. Себебі, туған жердің топырағында, туған тілімізде сөйлеуімізді мақтан тұтуымыз керек.
«Қазақстан–2050» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асырудағы 10 ілкімді идеяны қамтиды. ХХІ ғасырды Қазақстанның алтын ғасырына айналдыру мақсатында еліміздің жарқын жолы-Мәңгілік ел болу үшін қазақстандық патриотизмді, сонын ішінде Қазақ тілі-ортақ құндылығымыз. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,- деп, Қ . Мырза - Әли атамыз айтқандай, басқа тілге құрмет көрсете отырып, ана тілімізде сөйлесек, басқаларға да үлгі болады ғой деп ойлаймын. Осылай, туған елге, жерге деген сүйіспеншілігімді сөзбен айтып жеткізе алдым ба, жоқ па, оған төреші – сіздерсіз, оқырман қауым,- дей отыра , шығармамды жүрек жарды өлең шумақтарыммен аяқтаймын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру