Ата-ананың қадірі

Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін білмес.
Ғ.Мұстафин

Шаңырақтың негізі-ата-ана.Адам бойындағы жақсы да жаман қасиеттердің бəрі ата-анадан.Оның ішінде тəрбие əкеден болғанымен,ана əрқашанда басым болып тұрады.Өйткені,ананың тілі,ананың мейірбандығы,ананың махаббат сезімі,ақ көңілі,толассыз мейірімділігі бəрі-бəрі адамға ана құрсағында жатқанда-ақ дарыды,ананың ақ уыз сүтімен бойға сіңіп,болмысымызға тарады.Тіпті бұны ең білікті ғылым салалары да,ақындарда сөзсіз дəлелдеп отыр.Бұрынғы ата-бабаларымыз өмір сүрген заманда ананың осы бір абзал қасиеттерін ертеден-ақ білген екен.Сондықтанда шығар қазіргі болашақ ұрпақтың сай тасындай салауатты,саңлақ болып өсуі.Батыр да,бағлан да,көсемде шешен де,данышпан да барлығы əке мен анадан жаралды.Бірақ ана емеспе? тоғыз ай құрсағында көтеріп,кейін төрт ұйқысын төрт бөліп,бесік жырымен əлпештеп, бізді үлкен адам ретінде мына бір өмірге қалыптастырған. Сондықтан да болар-ау,қазақ ана парызын əке парызынан əлдеқайда жоғары қояды.Біз əрқашанда ата-анамызға сол бір сəби қалпымызда қаламыз.Əке-шешеге деген біздің атқаратын парызымыз ешқашан бітпейді.《Ата-анаңды көтеріп,Меккеге үш барып,үш келсенде,перзенттік парызыңнан құтыла алмайсың》деудің өзі 《ата-анаға мəңгі бақи қарзызсың》дегенді аңғартпайма?! Сол үшінде ата-анаға жасаған істерімізді,көмектерімізді міндетсінбеуіміз керек.Ата-ана біз үшін қолдарынан келгенше бағып-қағып,қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Осы жолда біз үшін барын жұмсайды.Тіпті өзінің жаның беруге де даяр тұрады.Бірақ уақыт шіркін əрқашан озады емеспе?!Осы бір күйбең-тіршілік,бала-шағаның қамы,ата-ананы тез қартайтып,қауқарсыз күйге түсіреді.Кейінен əкеміз бен анамыздын қара шаштарының арасынан жаңа түскен қардай ақ басқанын,жүздерін əжім көлеңкелегенін байқап,ажарларын уақыт ұрлап бара жатқанын аңғарамыз... Еңсені езген,тағдырыдың ісіне сыр бермей,балаларына білдіртпей барынша бақытты да ұзақ өмір сүруге тырысады.Бірақ қазір адамдар ата-ананың қадірін білеме? Иə,көпке топырақ шашпаймын.Ата-анасын бағып қағып,бар қалған уақытын немере шөберелірімен өткіздіріп,жүздерін жадыратып,разылығын,алып жүрген ұл-қыздарда аз емес.Дүние кезек деген барғой,енді ата-анасы баласына сəби болып,Жаратушы иенің аманатын,арқалау міндеті перзентінің мойнына жүктеледі......
Шығармалар
Толық

Мемлекеттік тіл – ұлттық сапа негізі

Қазақ тілі – ғажап тіл.
Оның болашағы да ғажап.
Н.Ә.Назарбаев

Тіл қай елде, қай ұлтта болсын - қастерлі, қасиетті, құдіретті ұғым. Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен бойға сіңген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.Тіл – халықтың рухани, мәдени сапалық, байлығының дамуының құралы.

Ана тілдің қасиеті, сапасы туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Адамның қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл – тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Бүкіл әлемге белгілі Шекспир шығармашылық өмірінде он үш мың сөз қолданған болса, ал өзіміздің қазақ халқының жазушысы ұлы Мұхтар Әуезов бір ғана «Абай жолы» романында он алты мың сөзді керек еткен. Міне, осыдан қазақ тілінің қасиетті де қастерлі, асыл тіл екенін ұғамыз. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев: «Ал екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім,»-деп жырласа, Мағжан Жұмабаев: «Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың», - деп толғанады. Осы екі ақын да сол кездері тек тілдеріне ғана үміт артқан еді. Сол үміттің ар жағында бізге деген сенім де жатыр......
Шығармалар
Толық

Патриот болу - парызың

Патриот-Отанның мерейін үстем ету жолында , өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын,өмірін аямайтын адам.
М.Ф.Ахундов

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады:олар бір-бірін жатсынбайды, бір-бірін құрметтейді, қиын кезде көмектеседі, қол ұшын береді және қуанышына ортақтасады. Біз Қазақстанда еркін өмір сүріп жатырмыз. Ол біріншіден,найзаның ұшымен қорғаған,түн ұйқысын төрт бөлген ата-баба арқасы болса, екіншіден, елбасымыздың көрегендігінің жемісі. «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген мақал бар. Расында да, отан үшін жаныңды қисаң- ол үлкен абырой, нағыз ерлік. Тарихта мәңгі өшпейтін ерлік! Ал сол Отанды қорғау үшін патриот болу керек.

Патриот дегеніміз кім? Патриот дегеніміз- еліңді, жеріңді, халқыңды сүю, олармен мақтану, оларды үлгі тұту және кез келген ортада құрметтеу. Ал бұл отансүйгіштікке бізді тәрбиелейтін ата-анамыз және әрине ардақты ұстаздарымыз. Мектеп табалдырығын аттағанда алғаш рет әнұранды орындағанда, мен қолымды жүрегіме қойып, жауапкершілікті сезіндім және де қазақ мектебіне барып, қазақ тілінде сөйлеп, өз тілімізде білім алғаным үшін мақтанамын. Патриот болудың ең бастысы көзі де осында. Ал кітап оқу арқылы бұл қасиеттердің барлығын бойымызға дарытамыз......
Шығармалар
Толық

Отбасы - бақыт пен шаттықтың мекені

Отбасы... Отбасы деген нәзік те жүрек тебірентер сөзді естіген кезде көз алдыма асқар тау-әкем, аяулы-анам, бар бағым-бауырларым, бір сөзбен айтқанда жаныма жақын жандарым елестейді. «Жанұясыз адам-жеміссіз ағаш секілді» дегендей мен отбасымсыз өз өзімді елестете алмаймын да. Барым да нарым да-отбасым. Отбасымда төрт адам болса да,осы төрт адам менің аяулы да ардақты асылдарым. Осы төрт адамнан биік тұрар ешкім жоқ.

Әкем-асқар тауым. Мені мақтайтын да,бар еркеліктерімді көтеретін де, анда санда бір ұрсып алатын да-әкем. «Қыз бала әкесіне жақын болады» деген рас екен. Бір ағаттық жасасам да,бір зат қажет болса да ылғи әкеме айтамын. «Әкеден-ақыл,анадан-мейір» дегендей отбасымызда әкем әрқашан да өз ақылын айтып отырады.Отбасыда әке ерекше рөл атқарады. Себебі:әке отбасының бар ауыртпалығын көтеріп, барлық жағдайын жасап, балаға тәлім-тәрбие үйретіп отыратын адам. Қыз балалар көбінесе «әкемнің қызымын» деп мақтана айтады. Бұл әрине «Қыз бала әкеге жақын болады» деген сөзді растайды. Отбасыда ешкім әкенің орнын баса алмайды. Себебі: әкеміз біздің ақылшымыз да,қорғанымыз да, тірегіміз де.

Өмір жолдың болса да көп астары,

Әкелермен биік елдің аспаны.

Қашанда да құрмет тұтқан аналар

Шаңырақтың иесі олар,бастауы.

Солар жайлы болса кейде жыр басы,

Дейді ме әке ұрпаққа сыр тыңдашы......
Шығармалар
Толық

Өмір құндылықтары

Өмір – теңіз, тағдыр – кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек.

Халық нақылы

Өмір – әрбір адам баласы үшін бір рет берілетін сынақ. Өмір – сүру бәріне бірдей берілген мүмкіндік. Халық арасында «Өмірге адам болып келу – Алладан, ал өмірден адам болып өту – адамнан» деген тұжырым бар. Сондықтан әрбір адамның өмірінің мәнді болуы тікелей өзіне байланысты. Бірақ , өкінішке орай кейбір адамдар өз өмірлерін бағалай білмейді.

Өмір, ең алдыменен өз отбасымен құнды. Өзіңізге жақын: еркелетер мейірімді – анаңыз болса, асқартаудай арқа сүйер – әкеңіз болса, өз өсиетімен жөн сілтер – атаңыз болса, рухани адамгершілік тәрбиемен сусындататын ертегішіл – әжеңіз болса, әрдайым қол ұшын берер жанашыр – бауырларыңыз болса, - бұл өмірде сіз ең бақытты жансыз. Себебі,кей адамдар мен балалар үйіндегі балалар отбасының жылулығын сезбей де , білмей де өсіп келеді.

Өмір - жан-жағымызға жақсылық жасап, қуаныш сыйлауменен құнды. «Сыйлық алғаннан гөрі, сыйлықты өзгеге берген жақсы» демекші, бұл өмірде жақсылық жасаған сайын ол өзіңе Алладан екі есе болып қайтады. Бұл арқылы біз өмір – бумеранг екенін түсінеміз. Әйгілі психолог Виктор Франкл да өмір мәнін осылай түсіндіреді......
Шығармалар
Толық

Ана

Менің ойымша кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі деп ойлаймын.Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң. Менің анамның есімі- Гулмира. Менің ойымша, жер бетіндегі барлық балаға өзінің ақ жаулықты анасы қымбат және алтынға бергісіз. Анасының тірі болғанын немесе қайта келуін аңсап жүрген жас балалар қаншама?! Ал мен бақыттымын, себебі менің анам жанымда, әрдайым құшағына қысып өз махаббатын сыйлайды. Менің анам әлемде жоқ, өмірде жоқ ең мейірімді жан. Әрбір адам баласы өзінің анасын әрдайым және мәңгілік мақтан тұтары сөзсіз, тоғыз ай он күн көтеріп, тар құрсағын кеңітіп дүниеге әкелді. Қазақ халқы мақтан тұтатын батыр, әнші, дана ақ жаулықты аналарымыз да бар емес пе?! Мысалы: Күләш Байсейтова, Фариза Оңғарсынова т.б Өзінің есімін тарих сахнасына алтын әріппен жазып қалдырып кеткен аналарға біз әрқашан басымызды иеміз!

«Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Өзінің ғана емес сіздің де алдыңыздағы борышын атқарған анаға құрметсіздік жасау келсе тек хайуанның қолынан келер......
Эсселер
Толық

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін

Туған ел.... Туған жер... Осы екі сөзде ғана қаншама ой,мағына жатыр десеңізші? Туған жердің қадірін әркім әрқалай түсінетін шығар. Туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңді,өз шаңырағыңды қадірлеуден басталады. Отбасыңда бойыңа дарыған жақсы қасиеттер өсе келе туған жерге деген сүйіспеншілікке айналады. Ақындар жырға қосып жырлағандай,туған жер маған күш-қуат беріп,өз өлкемнің жанашыры болуына шақырады.

Мен өз балалық шағымды өткізген аяулы мекенім туған жерімді ыстық сезіммен,шын жүрегіммен сүйемін. Мен үшін туған жер дүниедегі ең ұлы деген нәрселермен пара-пар.Себебі-мені жылытып әлпештеп өсірген анам,аялап өсірген әкем,аға-әпкелерім,туған-туыстарым,достарым,маған білім беріп,білім жолына жетелеген ұстаздарым,дүниеге келген жерім. Менің отаным-аса үлкен болмаса да,мен үшін аса қымбат,әрі киелі жер-Орал қаласы.

Осы мекенде мен өзімнің бейкүнә,көңілді де шаттыққа толы,уайымсыз балалық шағымды өткіздім. Туған өлкем-Оралымның ауасы,алғаш балабақшаға келген күндерім,мектеп табалдырығын алғаш қадам басқан сәттерім,сыныптастарым мен достарыммен өткізген әр уақытым,таныстығым.. Бәрі де әлі есімде. Туған жердің ауасы да,суы,жайлаған жасыл желегі,күні мен түні,даласы ыстық болып келеді. Туған жерімізден жыраққа,алысқа кетсең туған жерімізді,үйімізді сағынып отырамыз......
Эсселер
Толық

Құндылық

Құндылық-сізге бір заттың. маңыздылығымен пайдалылығы.Ал сіз құндылықты қалай түсінесіз?Әрине құнды заттар,құнды мәліметтер деп ойлауыныз мүмкін.Ия әр адамнын өз құндылығы болады .сіщ сол құндылығынызды білуіңіз қажет!Ата -ананыз ,туыстарыңыз,туған жеріңіз міне осының бәрі сіздің құнлылығыңыз.Ал ана үшін ең құндысы баласы.
Құндылық мәдинетте.

Құндылық-мәдинеттің құрамдас бөлігі.Себебі:құндылық адамдардың өзін -өзі ұстауын реттейді.Мәдинет құндылықтары материялдық және рухани болып бөлінеді.Құнлылықтар мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шартастырылған.
Жалпы адамзат бойындағы құндылықтар......
Эсселер
Толық

Елбасы мұраты – ел бақыты

Қағаны – батыр, ақылгөйі кемеңгер болған елдің бағы жанады.
Тоныкөк

Арман... Арман таусылар ма?! Аты аңызға айналған Астананы көруге құштар едім... Игі жақсылардың арқасында жазғы каникулда жол түсіп, еліміздің шаңырақ қаласына бардым. Ғасырлар тоғысында жұлдызы жанған шаһар күлімдей қарсы алып, дем арасында баурап алды. Даңқы алысқа жайылған Бәйтерек жақындаған сайын ажарлана түсті... Астанада болған үш күнім ғажайыптарға толы түстей болды... «Бір кездері «Арқалық» атанған жазық далалы кең мекенді адам баласын қанаттандырар, мынадай көрікті шаһарға айналдыру кімнің ойына келді екен?» деп ойлайсың. Иә, жауабын да білесің. Ол – ата-баба басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерге қанық, білігі мен еңбекқорлығын серік еткен, талай сынға төзе білген, жүрегі «менің елім, менің жерім» деп жырлаған Елбасының идеясы, Елбасының ерлігі.

Біз тәуелсіздік алғанымызға аз уақыт өтсе де, әлем таңдай қағып, қызыға қарайтын елміз! Біз Туымыз көк аспанда желбіреп, Гимніміз асқақтай орындалып, ұрпағы бақытты балалық шағын өткізіп жатқан елміз! Бұл – үлкен құндылық. Мұндай бақыт қалай бұйырды? «Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер» демекші, бұл бақытқа қол жеткізген бірлігіміз бен көреген саясаты бар Елбасымыз деп ойлаймын......
Эсселер
Толық

Ата-ана қадірі

Дана халқымыз «Ата-анаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген. Ата-анаға құрмет көрсету – асыл парызымыз. Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығуы тиіс. Әсіресе, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. «Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені де қадір тұтқан. Ендеше адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның болашағына деген сенімділігі – баланың ата-анасын қадір тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында жатыр.

Әрқайсымыз үшін дүниедегі ең қымбат жандар ата-анамыз болуға тиіс. Олардан жақын адамдар бұл өмірде табыла қоймас. Өйткені, олар біздің туған кезімізден бастап жанымызда жүріп, қамқорлық жасап, қолындағы барын бізге береді. Оған қоса балаларым аш, қатарынан қалмасын деп «ішейін деп отырған астарын» біздерге сақтап отыратыны бәрімізге белгілі. Сондықтан ата-ананың алдындағы борышты өтеу өте қиынға түседі деп ойлаймын. Туған анамызды әлемдегі мұсылмандар зиярат қылатын Мекке, Мединеге үш рет арқалап алып барсақ та, анамыздың алдындағы борышымызды ақтай алмаймыз, анамыздың бізді тербетіп, бір түн ұйықтамаған кезіндегі борышынан ғана құтылады екенбіз. Себебі, олардың бізге сыйлаған баға жетпес сыйы – өмір. Сондықтан, ата-анаға не істесең, алдыңа өзіңнің балаларыңнан қайтады. Дүние кезек деген осы. Біз өмір бойы жас болып тұрмаймыз. Біз ата-анамызды сыйласақ, біздің балаларымыз да қартайған шағымызда өзімізді күтіп-баптап, бағып-қағатын болады......
Эсселер
Толық