Патриот болу - парызың

 Патриот болу - парызың

Патриот-Отанның мерейін үстем ету жолында , өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын,өмірін аямайтын адам.
М.Ф.Ахундов

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады:олар бір-бірін жатсынбайды, бір-бірін құрметтейді, қиын кезде көмектеседі, қол ұшын береді және қуанышына ортақтасады. Біз Қазақстанда еркін өмір сүріп жатырмыз. Ол біріншіден,найзаның ұшымен қорғаған,түн ұйқысын төрт бөлген ата-баба арқасы болса, екіншіден, елбасымыздың көрегендігінің жемісі. «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген мақал бар. Расында да, отан үшін жаныңды қисаң- ол үлкен абырой, нағыз ерлік. Тарихта мәңгі өшпейтін ерлік! Ал сол Отанды қорғау үшін патриот болу керек.

Патриот дегеніміз кім? Патриот дегеніміз- еліңді, жеріңді, халқыңды сүю, олармен мақтану, оларды үлгі тұту және кез келген ортада құрметтеу. Ал бұл отансүйгіштікке бізді тәрбиелейтін ата-анамыз және әрине ардақты ұстаздарымыз. Мектеп табалдырығын аттағанда алғаш рет әнұранды орындағанда, мен қолымды жүрегіме қойып, жауапкершілікті сезіндім және де қазақ мектебіне барып, қазақ тілінде сөйлеп, өз тілімізде білім алғаным үшін мақтанамын. Патриот болудың ең бастысы көзі де осында. Ал кітап оқу арқылы бұл қасиеттердің барлығын бойымызға дарытамыз.

Биыл Тәуелсіздікке 28 жыл... Осы 28 жылда ата-бабаларымыз қандай қиыншылық көрді десеңші! Бірақ қанша азапты жылдар өтсе де, оған мойыған жоқ, тек алға ұмтылды. Теледидардан тәуелсіздік жылдарындағы қазақтардың жағдайын көргенде жаным ашыды, кішкентай болсам да, жұдырықтай жүрегім шымырлап қоя берді. Су, отын, жарық жоқ:қаншама балалар ата-анасыз қалды, қаншама аналарымыз көз жасын төкті. Бір айта кетерлігі,кейде біз өзіміздің асыл құндылықтарымызды бағалай алмайтын сияқтымыз. Төрімізде желбіреген көк туымыз бар, қазақтың қара домбырасымен қоса қымызы,шұбаты бар, киіз үй, ұлттық ою-өрнектермен безендірілген көрпелеріміз...айта берсе толып жатыр, біз осыларды бағалап, көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Қазақтың осы байлықтарына өзге ұлт өкілдері қызыға да, таңдана да қарайды.

Әр қазақстандықтың жүрегінде мынадай сөздер жаңғырып тұруы керек: «Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, Отанымды сүйемін! Мен тілімді, дінімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының туын, елтаңбасын, әнұранын құрметтеймін.»

М.Мақатаев айтқандай: Ең бірінші бақытым-халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін...

Ал екінші бақытым-тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім...

Бақытым бар үшінші-Отан деген,

Құдай деген кім десе-Отан дер ем...

Қазақстан – мәңгілік ел. Көреген көшбасшымыздың арқасында еліміз одан сайын өркендеп дами бермек, жасай бермек, өрлей бермек. Ана тіліміз де мәңгілік, алдына қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік еліміз де мәңгілік, елбасы салған сара жолымызда мәңгілік болып жасай берсін! Бұл шығарманы жаза отырып мен мынадай қорытындыға келдім: Жаңа ұрпақ,келер ұрпақ сіздер бақыттысыздар! Бізге бейбіт өмір, бақытты балалық шақ сыйлаған батырларымызға бас иіп алғыс айтсақ та, артық емес. Ал бұл елде әрі қарай тату-тәтті өмір сүргіміз келсе, бәріміз бірігіп бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару керекпіз. Еліміз үшін көп жақсылық жасау біздің міндетіміз, әрқашанда патриот болып, өз еліміздің көркеюіне үлес қосайық!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру