Достық

Жүргенде көп достық атын малданып
Алайда тек қалма оған алданып
Әл-Фараби

Өзіңе қарай дос таңда,
Күшіңе қарай жүк көтер
Жүсіп Баласағұни
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

Құттықтау - Тілек: Жаңа жыл

Жаңа жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын!
Ұлы жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты....
Құттықтау, тілектер
Толық

Маргарет Тэтчер

Британияның экс-премьері Маргарэт Тэтчер басынан сөз асырмайтындығымен де ерекшеленетін. 1979 жылдан бастап 1990 жылға дейін билік басында болды. Осы уақыт ішінде ол өз жақтастарын да, қарсыластарын да сөзбен жеңуден дес бермеді. ВВС телерадиокешінінің журналистері оның ең үздік деген қанатты сөздерін жиып-теріп, көпшілік назарына ұсыныпты. Сөз қадірін ұғатын ұлттың өкілі ретінде біз де аударып, өз оқырмандарымызға ұсынуды жөн көрдік.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

30 тамыз - Конституция күні

Қымбатты достар!

Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның.....

Құттықтау, тілектер
Толық

Ұстаздар күні, мұғалімдер күні құтты болсын

Талабыңмен танып білген ілімді
Қолдандың да, ұстаз болдың бүгінгі.
Жүрегіңді білім-нұрға билетіп.
Жүрсің-дағы шәкіртке сыр үйретіп.

Жалқаулық пен еріншектік танытпай,
Жауһар білім іздетесің жалықпай.
Жетелетіп ізгілікке....

Құттықтау, тілектер
Толық

Құдалық, құда, құдағи

Құрметті құда...., құдағи....!
Таудан аққан тасбұлақтың суы қандай мөлдір, қандай таза! Сәт сайын жаңарып жатқан ағын суда мін бар ма? Біз үшін сіздердің жандарыңыз да дәл осындай – сәт сайын жаңарып жататын кірсіз әлем! Баламыздың көңілі құлапты, қызымыздың жаны ұнатты – екі асыл қосылды! Бақ ауысады, ырыс жұғысады деген, жұрнағымыздың жапырағы жайылып, тамыры тереңдегей! Сіздерге ұқсаған елдің қамын ойлайтын аптал азаматтар болсын, құдалар!
Екі үкіміз теңін тапты деп менің жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр. Тең-теңімен деген емес пе! Осы қуаныш тілегімді «Бәрін сәтімен орайластырған Жаратушы баянды бақыт берсін» деп аяқтағым келеді.
Дәмнен, сусыннан, тағамнан алыңыздар!
Құттықтау, тілектер
Толық

Абай Құнанбайұлы

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып.....
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

Зейнеткерлік

Талай кезең бір басыңнан өткіздің,
Ұрпағыңды өсірдіңіз, жеткіздің.
Әкеміздің аманатын арқалап,
Куәсісің артта қалған көп күздің.
Қашанда құптаймыз.....
Құттықтау, тілектер
Толық

Мұхтар Әуезов

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.

Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.

Адам көркі – ақыл.

Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық